Әкімшілік құқытың пәні мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 21:47, контрольная работа

Описание работы

Азаматтық құқық пәні. Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады. Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін және қалыптастын құқықтық нормалардан тұрады.
Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да әсер ете алады. Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе әуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу және т.б. қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажетіде жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. ҚР-дағы әкімшілік құқық жүйесіндегі орны.
2. Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.
3. Әкімшілік – құқықтық нормалар мен қатынастар.
4. Әкімшілік –құқықтық нормалардың түрлері мен мазмұны.
5. Әкімшілік –құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері, олардың құрамы және қайнар көздері

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

КР Акимшилик кукык.doc

— 107.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

Кіріспе  

Негізгі бөлім 

1. ҚР-дағы әкімшілік құқық жүйесіндегі орны.

2. Әкімшілік  құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.

3. Әкімшілік – құқықтық нормалар мен  қатынастар.

4. Әкімшілік –құқықтық нормалардың түрлері мен мазмұны.

5. Әкімшілік –құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері, олардың құрамы және қайнар көздері 
 

Қорытынды  

Әдебиеттер  тізімі

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

   Азаматтық құқық пәні. Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты  жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады. Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

   Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта  қоғамдық қатынастарды реттейтін және қалыптастын құқықтық нормалардан  тұрады. 

   Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың  барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да әсер ете алады. Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе әуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу және т.б. қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.

   Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту  мүмкін емес. Бұны істеудің қажетіде жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚР-дағы әкімшілік құқық жүйесіндегі орны. 

     Әкімшілік құқық ең тығыз конституциялық құқықпен байланысты.  Құқықтың жетекші саласы бола тұра,конституциялык құқық тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарын,атқару, билікті ұйымдастыру мен үәзіптенудің принциптерін, басқару субъектілердің орны мен биліктің басқа тараулары субъектілерімен арақатынасын бекітеді. Ал әкімшілік құқық конституциялық құқықтың нормаларын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жузеге асыру тетігін,  атқару билік жүйесінің әр түрлі буындарының құзыретін нақтылайды, басқару қоғамдық қатынастардағы қатысушылардың құқықтық статусын, мемлекеттік –басқару іс-әрекеттің нысандары мен әдістерін, оның салалық, салааралық және регионалды ұйымдастыру негіздерін белгілейді.

            Азаматтық құқық  пен әкімшілік құқық сыртқы жақтан ұқсас мүліктік сипаттағы қатынастарды реттеп отырады.

Олардың арасында айырмашылық неден тұрады ?  Азаматтық кодексте бір тараптың екінші тарапқа әкімшілік немесе өзге де өктем бағынышытылығына негізделген мүліктік қатынастар оның нормаларымен  реттелмейді деп анықталған. Бағыныштылыққа негізделген мүліктік қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі. Демек, реттеудің заты бірдей болған жағдайда бұл екі құқықтық  саланы өзара құқықтық реттеу әдісінің ол немесе басқа элементтері (шартты бастаулардың немесе әкімшілік өкімдердің) басымдылығына қарай ажыратуға мүмкін. Атқару билік органдарының құқықтық актілерінен азаматтык құқықтар мен міндеттер туындау мүмкіндігі де азаматтық кодексте ескерілген. 

            Әкімшілік құқық  басқа құқықтың салаларымен: еңбек, қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу  құқықтарымен тығыз байланысты. Мысал, еңбек құқығы пәніне байланысты қоғамдық қатынастардың туындауы немесе олардың  қысқартылуы, жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату туралы әкімшілік актілердің шығарылуынан тәүелді болады. Жалпы айтқанда, жаңа құқықтық салалардың қалыптасуында, оларға тиісті қоғамдық қатынастрадың реттелуінде әкімшілік құқықтың маңызы ерекше және үстемдікке ие болады. Әкімшілік құқықтың осы сипаттары оның Қ Р-сының құқықтық жүйесіндегі жетекші тұрғыға ие болғанын көрсетіп отырады. 

Әкімшілік  құқықтың пәні, әдісі  және жүйесі. 

     Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару  өрісіндегі қоғамдық қатынастар тұрады. Бұл жалпы түсініктемені нақтылап айтатын болсақ, әкімшілік құқық пәніне:

            -атқару билік  органдарын ұйымдастырумен байланысты;

            -әкімшілік билік  органдарының азаматтармен, мемлекеттік   пен мемлекеттік емес ұйымдармен  басқару және әректесуі барысында әкімшілік-өктем өкілеттіктерін пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

            Реттеші функциясын жүзеге асырған кезде әкімшілік  құқық бұл мақсатта басқару қоғамдық қатынастарға, яғни, оларда катысушы тұлғалардың  мінез-құлқына реттеуші ықпал етудің белгілі құқықтық құралдары мен тәссілдердің жиынтығын пайдаланады.  Осыған сүйене,  оларды қоғамдық қатынастарды  құқықтық реттеудің әдістері дейміз.

            Ол әдістерге  төмендегілер кіреді:

            А)  міндеттеу-  нормамен белгіленген шарттарда әрекет оның талаптарына толық сәйкес етілуін тікелей міндеттілігін жүктеу;

            Б)  тыйым салу- қайбір белгілі құқықтың тұрғысынан жол беруге болмайтын әрекеттерді  жасаудан бас тартуды талап ету;

            В)  руқсат ету  – тұлғаларға қалаганын істеуге  емес, бәлкім нақты нормамен белгіленген шарттардың шеңберінен шыға алмайтын, онымен алдын ала ескерілген  жүріс-тұрыс варианттардан біреуін дербес таңдаудың мумкіндігін беру .

            Демек, Қ Р-сының  әкімшілік құқығы бұл нормативтік- құқықтық актілерде, басқа да мемлекет мойындаған қайнар көздерде (бастауларда) бекітілген, субъектілерінің заңды руқсат етілген немесе құқыққа қайшы жүріс-тұрыстарының  мемлекеттік -өктем өлшемі болатын, жалпыға міндетті әкімшілік –құқықтық нормалардың жүйесі. 

            Әкімшілік құқықтың жалпы және ерекше бөлімдері ажыратылады.

            Жалпы бөлімінде:  әкімшілік құқықтың негізгі институттары (белгілі бір қоғамдық ережелерді қамтитын құқық нормаларының жиынтығы) оқытылады. Оларға әкімшілік құқығына кіріспе, әкімшілік-құқықтық нормалары  мен қатынастары, әкімшілік құқықтың субъектілері, атқару билік органдары, мемлекеттік қызмет, басқарудың нысандары мен әдістері, т.б. жатады. Бұнымен бірдей, осы құқықтық саланың мәні мен орны, атқару билік органдарының статусы анықталады, Қ Р –сының заңдарын орындауды ұйымдастыру, әкімшілік процес пен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданудың шарттары, әкімшілік іс-әрекет тегі заңдылық белгіленеді.

            Ерекше бөлімінде:  әкімшілік құқық инстуттары мен  мемлекеттік өмірдің жекелеген  өрістеріндегі (мемелекеттік меншікпен, ағартумен, тағы басқалармен басқарудағы) институттарды бірлестірүші нормалар оқытылады. 

Әкімшілік – құқықтық нормалар мен  қатынастар. 

      Құқықтың  кез келген саласындай әкімшілік  құқық та заң нормаларынан тұрады. Өз пәнімен және әдісімен бірлестірілген реттеуші нормалардан тұратын құқықтың институттары құрылады. Өз кезегінде, құқықтық институттардан бүтін құқықтық  саланың жүйесі құрылады.

      Әкімшілік-құқықтық нормалар атқару билікті жүзеге асыру  процесімен байланысты болады. Әдебиетте  “билік” түсінігі дегенде, басқа  субъектілердің еркін өзіне бағындыру құқығы мен мумкіндігі танылады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл басқа субъектілерден белгілі әрекет етуді немесе құқық бұзушы  әркеттерді тоқтатылуын талап ету құқығы мен мумкіндік.

      Өктем субъектінің (атқару билік органының) өз еркін басқаға зорлап міндеттеуі құқықтық катынастарда жүзеге асырылады. Дәл осы қатынастардың түрі әкімшілік-құқықтық нормалармен реттеледі. Егер осындай реттеуші нормалар болмаса, бұл билік органдарының  зорлық-зомбылығына әкеп соқтырған болар еді.

      Әкімшілік құқық нормаларының күші тек олардың  мемлекет жағынан өктем сүйеінде  ғана емес, бәлкім осы нормалардың  мақсатқа сәйкестігінде де болады. Олардың осы қасиеті жария  мүдделерді заңды приоритет есебінде сақтауға және қоғамдағы әлеуметтік сүйеуге ие болуға мумкіндік береді.

      Атқару  билікті жүзеге асыру тиісті нормалармен  реттелетін құқық саласындағы бағынышты  адамдардың еркі иесіздендірілүіне  әкеп соғады. Мысал, әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің шығарылуы осы  кодекспен реттелетін іс-әрекет пен  қатынастардағы азаматтардың еркін шектеп кояды. Делік, азаматтардың (физикалық тұлға ретінде) мүдделерін қорғау, олардың кәүіпсіздігін және құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері жөнінде мемлекет өз еркін білдіруі нәтижесінде (тиісті нормаларды шығаруы арқылы) азаматтар өздерінің күш мүмкіндіктеріне және жеке сенімдеріне сәйкес өздерін қорғау еркі иесіздендіріледі. Бірақ, дәл осы нормаларды шығаруымен адамның және азаматтың сол құқық саласындағы құқықтырын қорғау міндетін мемлекеттік билік өзіне жүктейді.

      Солай етіп, мемлекеттік билік әкімшілік-құқықтық нормалары арқылы азаматтарды субъективтік құқықтарынан иесіздендіргені өмірде пайда болатын тартысулар мен соғылысуларды цивилизациялық нысанда шешуге бағытталғанын білдіреді.

      Әкімшілік-құқықтық норма –бұл мемлекеттің өктем (заңшығару, атқару) органдары жағынан орнатылған және атқару билік саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуші, тиісті, заңды рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері.

      Әкімшілік-құқықтық нормалар төмендегі талаптарға жауап  беру тиіс:

      -заңшығару мен атқару органдардың өктем еркін білдіру нәтижесі болу;

      -мемлекет  мүдделерін заң приоритеті есебінде  белгілей отырып, тиісті жүріс-тұрыс  ережелерді анықтау;

      -жалпы  міндетті сипатта болу;

     -мемлекет  мойындайтын қайнар көздерде  шығу. 

Әкімшілік –құқықтық нормалардың түрлері мен мазмұны. 

      Әкімшілік-құқықтық нормалар әр түрлі критерийлер бойынша  бөлінуі мүмкін, мысал, төмендегідей:1)мазмұны; 2)субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал  ету жолдары; 3)мақсаты (тағайындалуы); 4)қолдану өрісі; 5)заң күші; 6)кеңістік, уақыт, субъектілер бойынша ықпал етудің шектері бойынша бөлінеді.

      Мазмұны бойынша нормаларды: материалды мен  іс жургізу нормаларға ажыратамыз Материалды нормалар азаматтардың, ұйымдардың, атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық статусын белгілейді. Мысал, олар атқарушы биліктің ол немесе басқа суъектісінің құзыретін, сондай-ақ, басқа да әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелетін қатынастар катысушыларының құқықтарын, міндеттерін және жауаптылығын анықтайды.

      Іс  жүргізу норма дегенде мемлекетпен  орнатылған немесе бекітілген материалды нормаларды колдану процесіндегі қатынастарды жүзеге асырудың және нормативтік актілерді шығарудың қағидалары түсініледі.

      Іс  жүргізу нормалар материалдылардан төмендегілерімен ажыратылады: а) өзінің тағайындалуымен; б) олар тек материалды нормаларды қолдану тәртібін реттеу кажеттігіне бола шығарылады (олардың өзіндік мәні болмайды); в) құрметтеуді талап етуді ғана емес, бәлкім міндетті  қолдануды талап ететін материалды нормаларды жүзеге асырады; г) тек әкімшілік емес, бәлкім басқа құқық  саласы нормаларын  қолдану бойынша да қатынастарды реттейді.

      Субъектілердің  жүріс-тұрысына ықпал ету жолдары  бойынша нормалар: міндеттеуші, тыйым  салушы мен рұқсат етушілерге бөлінеді. Міндеттеушілерге тұлғалардың анық, жағымды әрекеттерді іске асыруын белгілеуші нормалар жатады.Тыйым салушыларға - белгілі шарттарда ол немесе басқа әрекеттерді іске асыруға тыйым салушы нормалар жатады (мысал,құқықбұзушылық белгісі бар әрекет жасауға тыйым салушы нормалар). Рұқсат етушілерге - өз шеңберінде субъектіге белгілі бірнеше жүріс-тұрыс варианттарынан біреуін таңдауға мүмкіндік беретін нормалар жатады (мысал, өртке қарсы инспекция кызметкері жасаған құқықбұзушылығы үшін мекеме басшысына айыппұл салуды немесе материалдарды прокуратура органдарына жіберуді қолданылуы мумкін).

Информация о работе Әкімшілік құқытың пәні мен әдістері