Әкімшілік юрисдикция

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 19:50, реферат

Описание работы

Әкімшілік юрисдикция өз алдында әкімшілік құқытық бұзушылғанда атқарушы юрисдикциялық биліктік органдарына жататын арнайы тергеуші органдар арқылы құқық бұзушыға әкімшілік ӛндірушілік шешімді жүктеу шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді,
Басқаша айтсақ, әкімшілік юрисдикциялық атқарушы билік органдары әкімшілік жауаптылық шараларын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қолданады.

Работа содержит 1 файл

7 лекция.docx

— 27.00 Кб (Скачать)

 

 

48-бап. Әкімшілік айыппұл

1. Әкімшілік айыппұл (бұдан әрі - айыппұл) - әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.Осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген салық міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының, аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасының процентімен не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерімен не монополистік қызметті жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының процентімен көрсетіледі.

2. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмайды.Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.

3. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.5. Айыппұл заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.6. Заңды тұлғаларды шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.  

 


Информация о работе Әкімшілік юрисдикция