Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:21, реферат

Описание работы

Құқықтық реттеу механизмін бұдан бұрын "Мемлекет және құқық теориясы" курсында қарастырылған болатын. Әкімшілік құқықта осы құқықтық құбылысты нақтырақ қарастыратын болсақ ол мынадай түрде болмақ. Мемлекеттің қоғамдық қатынастарға ықпал ету тәсілдерінің бірі құқықтық реттеу. Ал құқықтық реттеу - бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу және субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін кедергісіз жүзеге асыруы. Құқықтық реттеу үшін әртүрлі амал-тәсілдер мен құралдар пайдаланылады және оларға мыналар жатады: құқық нормалары, құқықтық қатынастар, құқық шығармашылық, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер. Бұлардың барлығы құқықтық реттеу механизмінің құрамды элементтері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 32.85 Кб (Скачать)

б) горизонталь - қатысушыларының  арасында бағыныштылық болмайтын қатынастар. Бұл қатынастар мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғаларының азаматтармен арақатынасын айтуға болады, мысалы, азамат органға  өтінішпен  барады, ал  орган оны қабылдап, заңмен белгіленген мерзімде міндетті  немесе құқық бұзушылықтан зиян шеккен азамат  полиция қызметкерін көмек  көрсетуге  шағым жасайды.

3) әкімшілік-құқықтық қатынастарды  тудыратын заңды фактілердің  сипатына қарай:

а) құқыққа сай туындаған  фактілермен туындаған әкімшілік-құқықтық қатынастар;

б) құқыққа қайшы фактілермен туындаған әкімшілік-құқықтық қатынастар.

 Әкімшілік-құқықтық қатынастарды  тудыратын өз құрылымы бар.  Оның қүрылым 3 элементтен тұрады:

1) әкімшілік - құқықтық  қатынастардың субъектісі;

2) әкімшілік - құқықтық  қатынастардың объектісі;

3) әкімшілік - құқықтық  қатынастардың заңды мазмұны.

Әкімшілік - құқықтық қатынастардың  субъектілері - бұл заңды құқықтар мен міндеттерді белгілейтін  қоғамдық қатынастарға қатысушылар.  Оларға мыналар жатады: 

1)  ҚР азаматтары;

2)  шетел азаматтары;

3)  азаматтығы жоқ тұлғалар;

4) мемлекеттік органдар олардың құрылымдық бөлімдері, кәсіпорындар, мекемелер  және өзге де мемлекеттік ұйымдар;

5)  қоғамдық ұйымдар  мен бірлестіктер;

6)  мемлекеттік органдар  мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері;

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың  субъектісі болуы үшін міндетті түрде  мынадай қасиеттерге ие болу қажет:

1)  әкімшілік құқық  қабілеттілік – бұл әкімшілік  – құқықтық сипаттағы құқық  пен міндетке азаматтың ие  болу қабілеттілігі, яғни мемлекеттік  басқару сферасындағы құқық пен  заңды міндеттерге ие болу  қабілеттілігі. Ол пайда болады:

 

-     мемлекеттік органдарда – ол құрылған сәттен бастап, ал ол таратылуымен байланысты тоқтатылады;

-     мемлекеттік   аппараттың қызметкерлері үшін  - қызметке тағайындалған сәттен  бастап;

-    қоғамдық ұйымдар  мен бірлестіктер үшін олардың  жарғылық және арнайы нормативті  құқықтық актілерімен  анықталады.

2)  әкімшілік әрекет  қабілеттілік – бұл өзінің  іс-әрекетімен берілген құқықты  жүзеге асыру және мемлекеттік  басқару сферасында  оған жүктелген  міндеттерді орындауда  өз  іс-әрекеті үшін заңды жауапкершілікті  алып жүретін мемлекет мақұлдаған азаматтың фактілік қабілеті. Ол пайда болады:

-    азаматтарда  – толық әрекет қабілеттілік  – 18 жастан; шектеулі (толық емес)  - 16 жас (осы жаста  төл құжат  алады, әкімшілік жауапкершілікке  тартылуы мүмкін); жекелеген  - 6 жастан, өйткені осы жаста ол мектепке  барады, оқушыға тән ережелерді  сақтауы қажет;

-     заңды тұлғаларда  - құрылған сәттен бастап.

Әкімшілік – құқықтық қатынастың  объектісі – бұл басқару сферасындағы адамдардың  іс-әрекеті,  соның  көмегімен осы құқықтық қатынастарда  қарастырылған құқықтар мен міндеттер  жүзеге асырылады. Оның мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:

-     жалпы объект  – мемлекеттік басқару сферасындағы  қоғамдық қатынастар;

-    тікелей объект  – субъекттердің  іс-әрекеттері (мінез-құлықтары).

Әкімшілік  құқықтар мен  міндеттер әкімшілік-құқықтық қатынастардың заңды мазмұнын құрайды. 

Әкімшілік - құқықтық қатынастардың  пайда болуына, өзгеруіне және туындауына заңды фактілер негіз болады. Заңды факт – бұл әкімшілік – құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына негіз болатын нақты өмірлік жағдайлар. Оны еріктілік сипатына қарай 2 түрге бөлуге болады: іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) және оқиға. Олар өз кезегінде құқыққа сай және құқыққа қайшы деп бөлінеді.

         Әкімшілік - құқықтық нормаларды жүзеге асыру

        Әкімшілік-құқықтың нормаларын жүзеге асыру  – нормалардың талабына сай мемлекеттің еркін оның субъектілері арқылы өмірге енгізу процесі болып табылады.

        Әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру - әкімшілік-құқықтық нормаларда белгіленген талаптарымен сәйкестірілген және құқыққа ие болғанда, құқықты пайдаланғанда, құқықтық міндеттемелерді сақтауда немесе орындауда көрінетін субъектілердің құқыққа сай әрекеттері болып табылады.

         Әкімшілік -құқықтық нормаларды жүзеге асыру мынадай 4 нысаны бар:

1) сақтау - бұл әкімшілік - құқықтық нормалардың талаптарына ерікті түрде бағыну, құқық субъектілерінің нормада тиым салынған әрекеттерді жасамауы. Бұл кезде субъект құқыққа қайшы әрекеттерден бас тартады. Сақтау субъектінің нақты әкімшілік - құқықтық қатынастарға түспей - ақ жүзеге асырылады. Оның орындаудан айырмашылығы субъекттің бәсең мінез-құлқының болуында. Кейбір жағдайда бәсең, енжар мінез-құлық   салақтықты, бос жіберіп алуды білдіреді;

2) орындау - бұл құқық нормасында көрсетілген талаптарды  құқық субъектілерінің белсенді заңды әрекеті түрінде жүзеге асыруы. Басқаша, айтқанда, орындау - бұл басқарушылық сипаттағы қоғамдық қатынастарға қатысушылардың әкімшілік - құқықтық нормада көрсетілген заңды ұйғарымдарды сөзсіз, дәл істеуі, мысалы, азаматтардың төл құжаттарын алуы, салықты уақытында төлеуі;

3) пайдалану - бұл құқық субъектісінің ерікті түрде басқару аясында субъективті құқықтарды жүзеге аырумен байланысты құқыққа сай іс-әрекеті. Субъект бұл кезде құқық нормасын пайдалануын, пайдаланбауын өзі шешеді, мысалы, шағым жасауға құқық;

4) қолдану - бұл әкімшілік  - құқықтық нормалардың негізінде жекелеген нақты басқару істері мен мәселелерді шешу. Қолдану құқықты жүзеге асыру нысандарының ішіндегі ең ерекшесі болып табылады, өйткені пайдалануды, орындауды, сақтауды барлық адамдар мен азаматтар жүзеге асыра алады, ал қолдануды тек осыған өкілеттілік берілген арнайы мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар ғана жүзеге асыра  алады. Әкімшілік - құқықтық нормаларды жүзеге асырудың өзге нысандарынан айырмашылығы қолдану әруақытта белсенді,  шығармашылық сипатта, мемлекеттік - өктем, ұйымдастырушы сипатта болады. Әкімшілік - құқықтық нормаларды қолдану мемлекеттің атқарушы-бұйырушы  қызметінің  негізгі құқықтық нысаны болып табылады және  ерекше іс жүргізушілік тәртіпте жүзеге асырылады. Әкімшілік -құқықтық нормалардың дұрыс қолданылуы  үшін мынадай  негізгі талаптар қойылады:

1) заңдылық;

2) негізділік;

3) құқық қолданушылық  қызметті ғылыми ұйымдастыру.

       Заңдылық - мемлекеттің құзырлы органдарының әкімшілік - құқықтық нормаларды  оларға берілген өкілеттіліктер шегінде және осы норманың ұйғарымдарын қатаң сақтауы. Заңдылық  құқық нормасын қолдану кезінде заңды іс жүргізушілік  тәртібін қатаң сақтауды білдіреді. Құзырлы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларда  құқықтар ғана емес,  сондай- ақ  әкімшілік - құқықтық нормаларды қолдану міндеттері де жүктеледі. Заңмен ұйғарылған жағдайда  норманы қолданбау заңдылықтың бұзылуын білдіреді.

        Негізделгендік - бұл құқық нормасын достоверной ақпараттың негізінде қолданылуын білдіреді.  Әкімшілік іс бойынша шешім қабылдаған кезде құзырлы орган істің барлық фактілері мен мән-жайларын толық, жан-жақты тексеруге міндетті. Салыстырмалы және құқыққа қайшы фактілердің барлығы назарға алынуы тиіс. Әкімшілік - құқықтық нормаларды қолдану актісі, егер бұл негізделген болса ғана заңды болады.   

       Мақсатқа сайлық құқық қолданушының  іс бойынша барлық фактілік мән-жайларды және таңдалып алынған құқық нормасының мағынасын анықтап барып сол бойынша анағұрлым мақсатқа сай, ұтымды шешім қабылдауға міндетті екендігін білдіреді. Шешім қабылдаған кезде ол нақты жағдайды, уақытты, жерін, осы жағдайды туғызған мән-жайлардың ерекшелігін және т.б. ескеруі қажет.

  Ғылыми ұйымдастырылуы құқық қолданушылық процестің оны жүзеге асыру үшін кететін ең аз мөлшердегі шығындар кезіндегі анағұрлым жоғарғы тиімділікке қол жеткізуді білдіреді, яғни ол ғылыми тұрғыда ұйымдастырылуы тиіс. Осы қызметтің элементтеріне мыналар жатады:

1)әкімшілік-құқықтық нормаларды қолдану процесін ұтымды пайдалану;

2) осы процесте қазіргі ғылыми - техникалық құралдарды пайдалану;

3)әкімшілік - құқықтық нормаларды қолданушы субъектілердің арасында құзырлықтарын бір жүйе бойынша ұтымды бөлістіру;


Информация о работе Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен құрылымы