Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:21, реферат

Описание работы

Құқықтық реттеу механизмін бұдан бұрын "Мемлекет және құқық теориясы" курсында қарастырылған болатын. Әкімшілік құқықта осы құқықтық құбылысты нақтырақ қарастыратын болсақ ол мынадай түрде болмақ. Мемлекеттің қоғамдық қатынастарға ықпал ету тәсілдерінің бірі құқықтық реттеу. Ал құқықтық реттеу - бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу және субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін кедергісіз жүзеге асыруы. Құқықтық реттеу үшін әртүрлі амал-тәсілдер мен құралдар пайдаланылады және оларға мыналар жатады: құқық нормалары, құқықтық қатынастар, құқық шығармашылық, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер. Бұлардың барлығы құқықтық реттеу механизмінің құрамды элементтері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 32.85 Кб (Скачать)

 

 

Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен құрылымы

Құқықтық реттеу механизмін бұдан бұрын "Мемлекет және құқық теориясы"  курсында қарастырылған болатын. Әкімшілік құқықта осы құқықтық құбылысты нақтырақ қарастыратын болсақ ол мынадай түрде болмақ. Мемлекеттің қоғамдық  қатынастарға ықпал ету тәсілдерінің бірі құқықтық реттеу. Ал құқықтық реттеу - бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың  құқықтары мен міндеттерін белгілеу және субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін кедергісіз жүзеге асыруы.  Құқықтық реттеу үшін әртүрлі амал-тәсілдер мен құралдар пайдаланылады және оларға мыналар жатады: құқық нормалары, құқықтық қатынастар, құқық шығармашылық, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер. Бұлардың барлығы құқықтық реттеу механизмінің құрамды элементтері болып табылады.

Сонымен, әкімшілік құқықтық реттеу механизмі - бұл мемлекеттік басқару сферасында  туындайтын құқықтық қатынастарға  ықпал ететін әкімшілік - құқықтық құралдар мен амал-тәсілдердің жиынтығы

Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі мынадай элементтерден немесе кезеңдерден тұрады:

1) ҚР нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген әкімшілік-құқықтық нормалар;

 2) әкімшілік – құқықтық қатынастар;

 3) әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру.

        Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері

       Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың жиынтығынан тұрады.  Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік нормалар құрайды.

 Әкімшілік - құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік, қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.

         Әкімшілік - құқықтық  нормалардың негізгі міндеттері:

1)Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру;

2)Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту;

3)Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеу;

 Әкімшілік реттеудің мәні - басқару қатынастарын ретке келтіру, әкімшілік құқықтың  көмегімен осы қатынастарға  қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез - құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды.

  Әкімшілік құқық нормаларының  мән -маңызы мыналарға бағытталған:

1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;

2) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау.

3) біздің қоғамымызды  дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;

4)қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару сферасынан шығаруға бағытталған.

         Әкімшілік - құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен әдістерін, басқа субъектілерімен  ара қатынастарының тәртібін белгілейді.

 Әкімшілік құқықтың нормалары, сондай-ақ, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың  құқықтық жағдайын анықтайды.

 Әкімшілік заңнамада әкімшілік қатынастарды  әртүрлі бұзушылықтан қорғайтын нормаларда бар.

Әкімшілік-құқықтық нормалар мыналарға міндеттейді:

 1)белгілі бір әрекеттер жасауға;

2)басқа әрекеттер жасауға тиым салуға;

3)өзге де әрекеттерді жасауға рұқсат беруге

Әкімшілік  реттеу үшін мына ықпал ету нормалары тән:

1) Әрекет жасауға бұйрық, жарлық (алдын-ала жазылған);

2) Рұқсат беру;

3) Әрекет етуді қолдау;

4) Тиым салу.

Әкімшілік нормалардың көпшілігі  имперактивті сипатты. Оларды бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың құрылымы – дегеніміз нормалардың ішкі құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының белгіленген  тәртібі.

Әкімшілік -құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:

1)гипотеза;

2)диспозиция;

3)санкция.

 Гипотеза – бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасымен  қарастырылған мән-жайлар әкімшілік - құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы,  адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады). Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын жоғалтып алу (әрекет).

   Гипотезаның мынадай түрлері болады:

- абсолютті - анықталған - бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.

- салыстырмалы - анықталған - бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын  жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.

   Диспозиция -бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.

   Санкция – бұл мінез - құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.

  Әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары (шекараны жабу, жер сілкінісі болған жерлерді оқшаулау) санкцияға жатпайды, сол себебі олар құқық бұзушылықпен байланысты емес. Бұндай шаралар диспозицияда көрсетіледі.

  Құқық нормаларының мынадай түрлері бар:

1) мазмұны бойынша:

 а) материалды әкімшілік құқық нормалары- әкімшілік құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жауапкершіліктерін  заңды түрде бекітетін нормалар.

 б) іс жүргізушілік (процессуалдық) әкімшілік құқық нормалары - бұл мемлекеттік басқару органдары  қалай және қандай тәртіпте  әрекет ететінін, мемлекеттік басқару сферасында  істерді қарау және шешу тәртіптерін анықтайтын нормалар. Бұл нормалар материалды нормалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін нормалар болып табылады.

2) ұйғарымының сипатына қарай:

а) міндеттеуші – белгілі бір жағдайдарда нормада көрсетілген әрекеттерді міндетті түрде істеу керек екендігі бұйырылады (алдын ала жазылып белгіленеді), мысалы, азаматтың шағымын алған орган оны 30 күн ішінде қарауы қажет;

б) тиым салушы – нормамен берілген әрекеттерді істеуге тиым салу қарастырылған;

в)өкілеттілік етуші – құқық нормасы талабының шегіндегі өз қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат етеді.

3) мерзімдік әрекеті бойынша:

1) мерзімді- алдын-ала әрекет ету мерзімі анықталған нормалар;

2)мерзімсіз – алдын-ала әрекет ету мерзімі белгіленбеген нормалар.

4) ұйғарымының нысаны бойынша:

а)императивті – бұл нормалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін бірден қалыптастырады және құқық нормасымен реттелетін қатынастардың қатысушыларының қалауы бойынша өзгертілмейтін нормалар болып табылады.

б)диспозитивті - әкімшілік  құқықтық қатынастардың қатысушылары құқықтары мен міндеттерін өздері норманың шегінде белгілейді.

в)ұсынушы – нақты кеңес, ұсыныстар түрінде болатын нормалар және сол немесе өзгеде әрекеттерді  жасаудың мақсатқа сәйкестігін көрсетеді.

5) Кеңістіктегі әрекеті  бойынша:

а) Республика шегінде әрекет ететін нормалар;

б) жергілікті (локалды) –  қала, аудан, облыс шегінде әрекет ететін нормалар;

в)салалық – мемлекеттік  басқарудың белгілі бір саласында  әрекет ететін нормалар.

г)сала аралық – мемлекеттік басқарудың бірнеше салаларында қолданылатын нормалар. Кеден ісі, стандартизация облыстарында әрекет ететін нормалар.

 

6) Субъектілері бойынша:

а) мемлекеттік басқару  органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметтерін реттейтін  нормалар;   

б) мемлекеттік басқару  сферасындағы қоғамдық ұйымдардың қызметін реттейтін нормалар;   

в) қызметкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қызметін реттейтін нормалар;

г) мемлекеттік басқару  сферасындағы азаматтардың мінез-құлықтарын реттейтін нормалар.

        Жалпы әкімшілік нормалары - әкімшілік жауапкершіліктік жалпы шарттарын, әкімшілік.

         Дефинитивті нормалар – анықталған, тұрақты – заңды ұғымдардың  анықтамаларынан тұрады, сондықтан  міндетті түрде орындалуы қажет.

         Декларативті – ресми түрде мәлімдеу (нормалар, қағидалар) – басқару органдарын ұйымдастыру және оның қызметін ұйымдастыруда басшылық ететін қағидаларды құрады.

         Оперативті – іс жүзінде әрекет  ететін нормаларды жояды, олардың  қолдану сфераларын өзгертеді,  жаңа заңның шығуына байланысты  күшін жоғалтқан нормалардың  қажетті жағдайда әрекеттерін  ұзартады.

         Локалды – жергілікті – жергілікті  билік органдарымен берілген  актілер.

       Сонымен,  әкімшілік - құқықтық нормалар - бұл  атқарушы билік пен мемлекеттік  басқару аясындағы қатынастарды  реттейтін, басқару субъектілерінің  құқықтық мәртебесін анықтайтын  мінез-құлық ережесі. 

 

 

 

Әкімшілік - құқықтық қатынастар

Әкімшілік – құқықтық қатынастар  -  бұл тараптары әкімшілік  – құқықтық нормалармен белгіленген  және кепіл болатын өзара құқықтар мен міндеттердің тасушысы ретінде қатысатын әкімшілік – құқықтық нормалармен реттелген басқарушылық қоғамдық қатынастар аталады.

Әкімшілік – құқықтық қатынастардың  ерекшелігі не де ?

1) Осындай қатынастардың тараптарының біреуі  әр уақытта мемлекеттік биліктік – ұйымдық сипаттағы басқарушылық өкілеттіліктер берілген тиісті  атқарушы  билік органы немесе оның лауазымды  тұлғасы болып табылады;

2) Көп жағдайда  тараптарының теңсіздігі болатын биліктік қатынастар.

3) Әкімшілік – құқықтық  қатынастардың қатысушыларының  арасындағы  туындаған даулар  әкімшілік тәртіпте (соттан тыс тәртіпте) шешіледі, яғни  өкілеттілігі бар атқарушы билік органның (лауазымды тұлғаның)  тікелей заңды биліктік және бір жақты өкімімен шешілуі мүмкін – бұл әкімшілік – құқықтық қатынастарға тән    өзгешелік;

4) Тараптарының  біреуі  нормативті талаптарды  бұзған  жағдайда мемлекеттің, яғни атқарушы  билікті органдары болып табылатын  мемлекеттік органдардың  алдында  жауапты болатындығы   әкімшілік  – құқықтық қатынастардың   ерекшелігі  болып табылады;

5) Атқарушы билік органдары  және олардың лауазымды тұлғалары  мемлекеттің тапсырмасы бойынша   әрекет ететіндіктен нормативті  – құқықтық актілерді  шығару  құқығына ие;

6) Әкімшілік – құқықтық  қатынастар  тараптарының кез  келгенінің  ұйтқысы бойынша   туындауы мүмкін, ал бұл кезде   екінші  тараптың  келісімі  міндетті  емес.

Егерде әкімшілік - құқықтық норма жалпы түрде субъектілердің құқытары мен міндеттерін белгілейтін  болса, онда әкімшілік - құқықтық қатынастарда  осы құқықтар мен міндеттер оған қатысушыларына қатысты  нақтыланады.

Әкімшілік - құқықтық қатынастар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мазмұны бойынша:

а) материалды - әкімшілік  құқықтың м атериалды нормаларымен реттелетін, басқару сферасында  туындайтын қоғамдық қатынастар.Материалды құқықтың нормалары меншік нысандарын,  мүліктер мен тұлғалардың заңдық  жағдайын  белгілейді, мемлекеттік  органдардың құрылу тәртібі мен  құрылымын анықтайды,  азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтайды, әкімшілік  құқық бұзғаны үшін  жауаптылық негіздері мен шектерін  белгілейді.

б) іс жүргізушілік нормалар - жеке -нақты істерді шешумен  байланысты басқару аясында туындайтын және әкімшілік - іс жүргізушілік нормалармен  реттелетін қоғамдық қатынастар, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді  қарастырумен туындайтын қоғамдық қатынастар.

2) қатысушыларының құқықтары  мен міндеттерінің арақатынасы  бойынша:

а) вертикаль - қатысушыларының  біріншісі екіншісіне бағынатын  қатынастар. Олар жоғарғы төмен  мемлекеттік  басқару органдары  немеселауазымды тұлғалары арасында қалыптасады, мысалы, ҚР Үкіметі мен облыстық  әкімшілік арасында;

Информация о работе Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен құрылымы