Қазастан республикасының шекара қызметі тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:12, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тарихы – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі күзетінің қалыптасуының, жаңа түрлері мен тәсілдерін іздеуінің қиын жылдары Қазақстан Республикасының Президенті – Бас Қолбасшы Н.А. Назарбаевтың жеке нұсқауы бойынша қалыптасты. ҚР Президентінің 1992 жылғы 18 тамыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Шығыс шекара округы құрылымдарының негізінде, ҚР Шекара әскерлері құрылды.

Содержание

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тарихы.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік шекара күзеті бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру туралы» жарлығы.
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етудегі ҰҚК Шекара қызметінің рөлі мен маңызы.

Работа содержит 1 файл

шекара қызметі тарихы.doc

— 86.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етудегі ҰҚК Шекара қызметінің рөлі мен маңызы.

КСРО өз тіршілігін тоқтатқаннан кейін өткен ғасырдың 90-шы жылдары  Қазақстан Республикасы, Кеңестер Одағы  құрамына кіретін басқа да елдер  сияқты мемлекеттік тәуелсіздікке ие болды. Оның халықаралық құқық субъектісінен шығатын, барлық өкілеттіктер сабақтастығы жаңа егеменді мемлекет алдында оның қалыптасуының, тіршілігін және дамуын қамтамасыз етілуінің барлық салаларындағы көптеген проблемаларды ашып берді. Ұлттық қауіпсіздік мәселесін шешу мемлекет пен қоғамның басты стратегиялық басымдығы болып танылды. Бұрынғы КСРО құрылған, қауіпсіздік жүйесіне негізделе отырып, сондай-ақ, қазіргі халықаралық тәжірибені пайдаланып, Қазақстан елдің қазіргі шын мәніндегі геосаяси жағдайымен мәжбүр ететін, осы мәселені шешудегі өз тәсілін қалыптастырды және қолданды. Сонымен, Қазақстан Республикасы өзін, аумақтық тұтастығы мен біртұтастығын қамтамасыз етуге тырысатын, егеменді мемлекет ретінде байқатты.Қазақстан кеңестік дәуірден кейінгі кезеңде, өзін дамудың демократиялық жолы бойынша келе жатқан  және ұлттық экономикада оң перспективалары бар мемлекет ретінде білдіріп, әлемдік сахнадағы өзінің  ұстанымын нығайтты. Сондықтан егемендікті, аумақтық тұтастықты және ұлттық қауіпсіздіктің басқа да құрастырушыларын қорғау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болды. Ол туралы Бас Қолбасшы- Қазақстан Республикасының Президенті 1992 жылы Сарыөзек дивизиясы әскери қызметшілерінің алдында сөйлеген сөзінде атап өткен болатын.Кез келген басқа бүгінгі заманғы егеменді мемлекет сияқты, Қазақстан Републикасы Мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігі немесе шекаралық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Аталған қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне шекарадағы құқыққа қарсы әрекетті анықтау, оның алдын-алу және жолын кесу бойынша саяси, әскери, құқықтық, жедел, ұйымдастыру, экономикалық, техникалық, ақпараттық жүйені және өзге де шараларды жүзеге асыру, шектес мемлекеттердің тарапынан болатын агрессияға тойтарыс беру  нәтижесінде  қол жеткізіледі.Терроризм және шектес мемлекеттердегі халықаралық саяси жағдайдың күрделенуі, тұрақсыздық ахуалы алдын-алу шараларды қабылдауды талап етеді және мемлекеттің өз азаматтарының және жалпы мемлекет мүдделерінің қорғалуын қамтамамасыз етуге дайындық туралы мәселе кезек күттірместен, бірінші орынға қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – павлодар: «ЭКО» ҒӨФ.2006. – 569 б.   
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.  
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
  4. Қазақ энциклопедиясы.

 


Информация о работе Қазастан республикасының шекара қызметі тарихы