Қазастан республикасының шекара қызметі тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:12, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тарихы – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі күзетінің қалыптасуының, жаңа түрлері мен тәсілдерін іздеуінің қиын жылдары Қазақстан Республикасының Президенті – Бас Қолбасшы Н.А. Назарбаевтың жеке нұсқауы бойынша қалыптасты. ҚР Президентінің 1992 жылғы 18 тамыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Шығыс шекара округы құрылымдарының негізінде, ҚР Шекара әскерлері құрылды.

Содержание

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тарихы.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік шекара күзеті бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру туралы» жарлығы.
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етудегі ҰҚК Шекара қызметінің рөлі мен маңызы.

Работа содержит 1 файл

шекара қызметі тарихы.doc

— 86.00 Кб (Скачать)

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.

Заң факультеті.

Әкімшілік құқық кафедрасы.

  Реферат

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің тарихы.

              Орындаған:

           Тексерген:

Қостанай 2013 жыл.

 

 

 

 

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тарихы.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік шекара күзеті бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру туралы» жарлығы.
  3. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етудегі ҰҚК Шекара қызметінің рөлі мен маңызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тарихы –  Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі  күзетінің  қалыптасуының, жаңа түрлері мен тәсілдерін іздеуінің қиын жылдары Қазақстан Республикасының Президенті – Бас Қолбасшы Н.А. Назарбаевтың жеке нұсқауы бойынша қалыптасты. ҚР Президентінің 1992 жылғы 18 тамыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Шығыс шекара округы құрылымдарының  негізінде, ҚР Шекара әскерлері құрылды. Қазақстан аумағы шекаралық шептерінің күзеті мен қорғанысы тарихының тамырлары сонау алыс жылдарға  жетелейді. Қазақтар,  кез келген басқа да халықтар сияқты, өз жерінің аумақтық тұтастығы мен бірлігін, өз халқының жаулардың шапқыншылдығынан қарулы қорғануды қамтамасыз етуді әрқашанда өздерінің қасиетті борыштары деп есептеді.  Қазақстан аумағының арнайы әскери күзеті біздің ғасырымыздың 20-шы жылдарының басында ғана құрылды. Ол кезде КСРО мемлекеттік шекарасының Шығыс учаскесін күзетке алған – бірінші шекара заставалары қойылды және шекаралық бөлімдер құрылды. Шекараның күзеті, жауынгерлік және арнайы оқу, орталықтандырылған жабдықтау және кадрлық проблемаларды шешу мәселелерінде шекаралық бөлімшелер мен бөлімдердің қалыпты қызмет істеуін және әрекеттестігін қамтамасыз ету, Қазақстан аумағында бірыңғай басшылық орталықты құруды талап етті. Оның құрылуы 1924 жылдың 25 ақпанында аяқталды. Нақ осы күн Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі Комитеттің тарихындағы есептеу нүктесі болып табылады.      Шекара әскерлері мен құрамалары басшылығының органына,  қызметтік-жауынгерлік әрекетті басқарумен, әскерлердің құрылуымен және құрылысымен, олардың тіршілігінің барлық күрделі кешенінің жөнге келтірілуімен байланысты, барлық міндеттер жүктелген болатын. Әскерлерді басқаруды ұйымдастыруға және оның құрылысына кірісе келе, бірден үлкен қиындықтарға тап тура келді. Елде және шекара маңында күрделі жедел-қызметтік ахуал қалыптасты.        Қаруланған шекара бұзушыларымен және контрабандашылармен болған үздіксіз айқастарда,  жауынгерлер мен командирлердің қызметтік шеберлігі артты, Шекара әскерлерінің жақсы дәстүрлері қалыптасты. Өз Отанына шын берілгендік, әскери антқа берілгендік, шекара күзеті міндеттерін орындау кезіндегі табандылық пен ерлік солардың негізгілері болып табылады. Осы бір қиын да қатаң жылдарда бірінші батыр-шекарашылар пайда болды. Атап айтқанда: Антон Онопко, Григорий Мезенцев, Василий Кондюрин сияқты батыр-шекарашылардың аттары шекара заставаларының атауларында мәңгілікке сақталды.          Шекара күзеті біртіндеп дұрыс және ұйымдасқан жүйеге айнала бастады. Шекарашылардың жергілікті халықпен достық қарым-қатынасты қалыптастыру бастапқы кезеңде шекара әскерлерінің қызметінде ерекше асулы кезең болып табылды. Шекара маңының тұрғындары жасыл фуражкалы жауынгерлерді өздерінің шынайы қорғаушылары деп таныды. Шекарашылар жергілікті халықпен жұмысқа белсене қатысты, ауыл шаруашылығы өндірісінде, медициналық қызмет көрсетуде, жастарды әскер қызметіне дайындауда көмек көрсетті, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Жергілікті халық шекарашыларға шекара күзеті, шекара әскерлерін жабдықтау ісінде белсенді көмек көрсетті. Шекарашылардың жергілікті халықпен өзара қарым-қатынастарына салынған негіз, шекара әскерлерінің барлық кейінгі қызметінде өзінің дамуын және лайықты жалғасын тапты.    30-шы жылдардың ортасына қарай Қазақстан аумағында Шекара әскерлерінің округтік құрылымы біржола қалыптасты. Шекараның сенімді күзетін, шекара маңы аудандарында татулық пен тыныштықты қамтамасыз ету осы кезеңнің негізгі міндеті болды. Белгіленген құрылымдық өзгерістер, 1929 жылдан бастап Алматы қаласында орналастырылып жатқан,  Шекара  әскерлері басқармасында да орын алды.       1941-1945 жылдардағы ҰЛЫ Отан соғысы біздің халық үшін ауыр сын болды.Соғыстың барлық қиыншылықтарын өздеріне алып, неміс-фашист әскерлеріне қарсы айқастарға қатысқан Қазақстанның жауынгер-шекарашылары да жалпы Жеңіске елеулі үлес қосты.    Сегіз шекарашы-қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлығы мен ерлігі үшін Кеңестер Одағы Батыры атағына ие болды. Соғыстың төрт жылының ішінде әскерлердің  шекаралық бөлімдері майдандағы армияға ұдайы әскери іске оқып үйренген толықтыруларды жіберіп отырды, шекара отрядтарының көптеген жауынгерлері майдандарда жауынгерлік тәжірибе жинақтады.        Тек қана, Зайсан шекара отрядынан  1938-1941 жылдар шақыруларының дені майданға аттанды.           ҰОС кезеңінде, әскерлердің жеке құрамынан құрылған, 162-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолы лайықты даңққа ие. Осы дивизияның екі полкі, сол отрядтардың шекарашыларымен жинақталғандықтан, «Зайсан» және «Жаркент» аттарына ие болды. Жауынгерлер мен командирлердің қолбасшылық тапсырмаларын үлгілі орындағаны, батырлықтары мен ерліктері үшін, дивизияға "Новгород-Северский"құрметті атағы берілді, ол екі жауынгерлік ордендерге ие болды.  Соғыстан кейінгі кезеңде шекара күзетінде елеулі өзгерістер орын алды.Мемлекетаралық қатынастардың нашарлауы (КСРО және ҚХР) шекарада шиеленісті туындатты. Осы жылы, 60-шы жылдардың аяғында шекарадағы жағдайдың шиеленісуі әскери қарама-қарсылыққа дейін жеткен  оқиғаларға 40 толады. Сол бір күтпеген оқиғаның ауыр сынағы шекарашылардан шыдамдылықты, батылдықты және жауынгерлік шеберлікті талап етті.           Осылардың бәрі, Жалаңашкөл өзенінің ауданындағы, қазақстан шекарасының басқа учаскелеріндегі жауынгерлік қақтығыстар барысында толығымен байқалды.Шекарашылар тағы да өз өмірлері мен ерліктерін сарп етіп, мемлекеттік шекараның дербестігін растады. Осы оқиғалардың өзі, барлық айқындығымен шекараның мемлекетаралық қатынастардың барометрі болып табылатындығын көрсетті.        70-80-ші  жылдар Шекара әскерлерінен, басқару органдарынан шекара күзеті, әскерлердә басқару, кадрларды дайындау жүйесінде едәуір өзгерістерді талап етті.Әскерлердің қарулануына шекара күзетінің едәуір жетілдірілген техникалық құралдары, автомобильдер мен авиациялық техника түсіп жатты. Офицерлер корпусы едәуір өзгерді. Біздің шекараны бірте-бірте өзара түсіністік және тату көршілік шебіне айналдырып жатқан, мемлекетаралық қатынастарда да елеулі өзгерістер орын алды.      Шекара әскерлерінің жеке құрамы 10 жыл бойы Ауғанстан аумағында ұрыс қимылдарына қатысты. Шекарашы-қазақстандықтар бірінші күннен бастап ақырғы күнге дейін өздерінің жауынгерлік және интернационалдық борыштарын атқарды. Тек 2,5 мыңнан астам офицерлер мен прапорщиктер ауғанстан соғысының  от- жалынынан өтті. Шекара әскерлерінің сарбаздары мен сержанттары, прапорщиктер мен офицерлері өздерінің жауынгерлік және азаматтық борыштарын абыроймен орындап шықты.     Өткен 17 жылдың ішінде қазақстандық- шекарашылардың бірнеше ұрпағы ауысты.Олардың әрбіреуі эстафетаны өздерінің мұрагерлеріне табыстай отыра, шекара әскерлерінің жақсы жауынгерлік дәстүрлерін сақтай отыра және арттыра келе, өз есімдерін тарихта қалдырды.   Шекарашылардың барлық ұрпақтарының мемлекеттік шекара күзетіне сіңірген еңбектерін мемлекет жоғары бағалады. Мемлекеттік шекараның күзеті мен қорғанысы ісіне қосқан үлкен үлесі, қызметтік-жауынгерлік әрекеттегі табыстары үшін бұрыннан келе жатқан үш: Мақаншы (Бахты), Зайсан және Жаркент шекара отрядтары Қызыл Ту ордендерімен марапатталды, 1974 жылы осындай жоғары наградаға Шығыс шекара округы ие болды. 1992 жылғы 9 тамызда Шонжы шекара отрядының «Баянкөл» шекара заставасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып қайтты. Ол заставаның қызметтік әрекетімен, жеке құрамның өмірі және тұрмысымен мұқият танысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың, Шығыс шекаралық округінің негізінде   Қазақстан Республикасы шекара әскерлерін құру туралы,  1992 жылғы 18 тамыздағы Жарлығымен әскерлер өмірінде жаңа, ерекше кезең басталды.Аталған Жарлық шыққаннан кейінгі кезеңде әскерлердің қызметтік-жауынгерлік әрекеті, материалдық-техникалық жабдықтау, кадрларды жинақтау және дайындау, ТМД шекара әскерлерімен әрекеттесу мәселелерін шешу үшін, әскери және шекаралық мәселелер бойынша сенімді нормативтік-құқықтық базаны құрған Заңдар топтамасы қабылданды.1995 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының бойымен, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 50 жылдығын лайықты қарсы алуға арналған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-елдердің  өтуі ұйымдастырылды айқын қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 мамырдағы «Мемлекеттік шекара күзеті бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру туралы» Жарлығымен мемлекеттік шекара режимін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің Бас басқармасы Қазақстан Республикасының мемлпекеттік шекара күзеті бойынша Мемлекеттік комитетке қайта өзгертілді. Комитет Төрағасы болып генерал-майор Б.С.Зәкиев тағайындалды.1996 жылдың мамырында Жеңіс Күніне байланысты, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  қуатты ведомстволардың жоғарғы командалық құрамымен кездесуі болып өтті. Кездесуде Қазақстан Республикасының Шекара күзеті мемлекеттік комитетінің (ШКүзмемком) Төрағасы  генерал-лейтенант Б.Зәкиев сөз сөйледі.1996 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының ШКүзмемком-де салтанатты жағдайда, ҚР Президентінің «ҚР ШӘ, ІІМ, ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің, ҚР Президенті күзеті қызметінің және Республикалық ұланның әскери рәміздері туралы» Жарлығына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Б.Сәрсенов Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Шекара әскерлерінің туын генерал-лейтенант Б.С.Зәкиевке тапсырды.1997 жылғы тамызда, Алматы облысы бойынша жұмыс сапарында ҚР Президенті Н.Назарбаев «Достық» ЖБӨП аралап, Үшарал шекара отрядының «Жоңғар» шекара заставасында болып қайтты. Президент заставаның жеке құрамымен әңгімелесіп, олардың қарулары мен техникаларын қарап шықты.1999 жылғы 7 мамырда Астана қаласында Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс Күндеріне арналған салтанатты қабылдауда,  ҚР Президенті Н.А.Назарбаев "Әскерлерді басқару, олардың жоғары жауынгерлік дайындығын және әскери борышын үлгілі орындау ісінде қол жеткізген табыстары үшін " Күршім шекара отрядының бастығы полковник А.Т.Брекешевке ІІ дәрежелі  "Айбын" орденін табыс етті. "Астана" естелік медаліне ҚР МШКК қолбасшысы генерал-майор Бұзұбаев Т.И. және генерал-майор К.Х.Бекжанов ие болды.1999 жылы Ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті «ҚР ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Күштерінің қызметін жетілдіру бойынша бірқатар шаралар туралы» Жарлық шығарды. Оған сәйкес МШКК ҚР ҰҚК Шекара қызметі болып қайта ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР ҰҚК ШҚ Директоры болып генрал-лейтенант Б.С.Зәкиев тағайындалды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев жұмыс сапаымен Маңғышлақта болып, ол жерде «Батыс» өңірлік басқарманың қолбасшылығымен және жеке құраммен кездесті. Президент жергілікті билік өкілдеріне шекара отрядтарына әр түрлі көмек көрсетуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев шекара бөлімдеріне  жауынгерлік туды табыс етті және шекара сақшыларына олардың қиын жауынгерлік қызметтеріне табыс тіледі.Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, шекара әскерлерінің, оның басқару органдарының қалыптасуы, барлық обьективті қиындықтарға қарамастан, ҚР Қарулы Күштерінің жалпы мәнмәтінінде жүзеге асырылды.Осы кезеңде Шекара әскерлерінің басшылығы бірқатар қиындықтарға тап болды. Атап айтқанда, ол: командалық және техникалық кадрлардың едәуір жинақталмауы; әскерлердегі заставалар мен бөлімшелердің өміріне  және қызметіне ең қажеттілермен (мысалы әскерлерге арналған күрделі құрылыстың тоқтап қалуы және заставалар мен бөлімдер гарнизондары тұрғын-үй қалашықтарын жұмыс жағдайында ұстап тұрудағы қиындықтар) қаржыландырылуы және жабдықталуы мәселелеріндегі іркіліс; әскери қызмет беделінің түсуі және әскерлерге қызметке келген, жас толықтырулардың белгілі бір бөлігінде өз мемлекетінің тағдыры үшін азаматтық жауапкершілік сезімінің төмендеуі.Бұл, кезінде бірыңғай мемлекет, бірыңғай шекара әскерлері бола отырып, олардың ыдырауымен себепші болған белгілі объективті фактор болды. Дәлдеп айтқанда,  ол - тәуелсіз мемлекет пен олардың құрылымдарының құрылуы және қалыптасуы сияқты, осындай күрделі және көп қырлы үдерістегі шарасыз, белгілі объективтік қиындықтар еді. Әскерлер басқармасына бұдан бұрын тән емес, негізгі міндеттер орындалды. Атап айтқанда, олар:

- шарттық-құқықтық жұмыс;

- әскерлер қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеу;

- дербес материалдық-техникалық қамтамасыз етілу;

- идеологиялық бағытты есепке ала отырып, әскерлерде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты реттейтін, негізгі құжаттарды дайындау;

- мемлекеттік шекара күзетінің Тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің 2000 жылға дейінгі мемлекеттік шекараны жайластыру және дамыту Бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру.1996 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. НазарбаевМемлекеттік шекараны Шекара әскерлерімен күзету Тұжырымдамасын және 1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Мемлекетік шекарасының қалыптастырылу мен жайластырылуының, Шекара әскерлері құрылысы мен дамуының Мемлекеттік бағдарламасы бекітетін, Жарлық шығарды.1996 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекеттік шекараларын күзету бойынша әскери борыштарын орындау кезінде байқатқан ерліктері мен жанқиярлықтары үшін  25 жауынгер-шекарашыларды Қазақстан Республикасының ордендерімен және медальдарымен марапаттау туралы Жарлығы жарық көрді.

Мемлекеттік органдардың құрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында ҚР Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен ҚР Мемкүзком таратылды және оның функциялары ҚР Қорғаныс министрлігіне берілді. Осы уақыттан бері ҚР ҚК Шекара әскерлері егемендікке ие болған тәуелсіз мемлекеттің мемлекеттік шекара күзеті бойынша іс-әрекетті Президенттің, Үкіметтің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндеттеріне және нұсқауларына сәйкес жүзеге асырады.1997 жылғы 17 қарашада ел Президенті Н.Назарбаевтың ҚР Қарулы Күштерін реформалау бойынша одан арғы шаралар туралы Жарлыққа қол қоюы Қазақстан Шекара әскерлері тарихында бетбұрысты кезең болды. Осыған сәйкес  ҚР ҚМ Шекара әскерлері Мемлекеттік шекара күзетінің Күштері болып өзгертілді. Әскерлер өміріндегі орын алған барлық өзгерістерге қарамастан, шекарашылардың алдында тұрған міндеттер бұрынғыдай болып қала берді. Ол – құрлықта, теңізде, өзендерде, көлдерде ҚР мемлекеттік шекарасының күзеті мен қорғанысы, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау. Бұл бір текті емес шешім барлық шекара жауынгерлерінде өз түсінігін тапты. Тарих тәжірибесі бізді мемлекеттік шекара күзетінің міндеттерін әскерлердің әртүрлі түрлерінің бөімшелерімен, бөлімдерімен, құрамаларымен тығыз әрекеттестікте шешуді үйретті. Тәжікстан жерінде жауапты міндеттерді шешу бойынша ЖҚАБ бірлесе қызмет атқару соның жарқын үлгісі болып табылады. 2001 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес Тәжікстан Республикасынан Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальонының шығарылуы аяқталды.ҚР Үкіметінің  2000 жылғы 5 қыркүйектегі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің шекара заставаларына батыр-шекарашылар аттарын беру туралы,  №1343 Қаулысы.                                                                                               2000 жылғы қазанда Шонжы шекара отрядының «Есеқартқан» шекара заставасына Кеңестер Одағының Батыры генерал-лейтенант М.К.Меркуловтың аты берілді. 2000 жылғы қарашада Күршім шекара отрядының «Чиндагатуй» шекара заставасына батыр-шекарашы кіші сержант Раджан Батырхановтың аты берліді. 2005 жылы «Жасыбай» шекара заставасына батыр- шекарашы Хаби Халиуллиннің аты берілді.Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2000 жылғы 10 қазандағы  №0598 бұйрығымен шекаралық бақылау отрядтары құрылды.Қазіргі уақытта  шекаралық бақылау 105 өткізу пункттерінде ұйымдастырылған.Шекаралық бақылау құрылымын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда, қазіргі кезде оның құрамында 3 шекаралық бақылау отряды, 9 жеке бақылау-өткізу пункттері, сол сияқты құрамына шекаралық бақылаудың 98 бөлімшесі кіретін 5 шекара отряды бар.2008 жылғы қарашада мемлекет басшысының қатысуымен ОҚО Сарыағаш ауданында «Қапланбек» бақылау-өткізу пункті ашылды. Бұл Өзбекстанмен шекарадағы ірі БӨП бірі. Шекараны белгілеу (делимитация), қайта құру және бақылау-өткізу пункттерін қайта жабдықтау, қорғаныс ғимараттарын тұрғызу сияқты міндеттерді қазір мемлекет шептерін қорғаушылар шешуде. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:- «Бұл жердегі біздің ісіміз, көршіміз, туысқан Өзбекстан халқымен болып отыр. Мен шекараны бірлесе, достық, сенімділік негізінде нығайтуды жөн санаймын. Өкінішке орай Өзбекстан және Қазақстан арқылы үлкен мөлшерде өтетін контрабанданы, әртүрлі экстремистердің,  есірткілердің өткізілуін болдырмау үшін, әрқашанда күзетілуі үшін, әрбір мемлекетте шекара болуға тиісті. Ол үшін тексерілетін шекара болуға тиісті.Шекара мемлекеттер арасындағы сауда көлемін, адамдармен алмасу көлемін белгілейді.Мемлекет шекараны нығайтуға қыруар қаржы бөледі. Менің ойымша, бұл учаскеде қаражат жақсы игеріледі. Сол сияқты шекараны делимитациялау да қалыпты жағдайда өтіп жатыр деп қанағаттанарлықпен айта аламын» - деп, атап өтті.Мемлекет басшысы шекарашыларға мемлекеттік шептерді нығайту және контрабанда мен есірткілердің жолын кесу мәселелерінде қырағылықты төмендетпеу  бойынша жұмысты тапсырды.Шекара қызметі мен басқа да қуатты ведомстволардың бірлескен жедел-тактикалық оқуларын ұдайы өткізу жеке құрамның жауынгерлік дайындығын тиісті деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Осылайша, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің халықаралық терроризммен күрес бойынша Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кешенді  «Юг-Антитеррор» жедел-тактикалық оқулар өткізілді. Шекара қызметі жыл сайын «Путина», «Достық» операциялары өткізіледі. Оларда ОрталықАзия өңірінің ТМД қатысушы-мемлекеттер шекаралары арқылы ланкестік құралдарының, есірткілік заттар мен заңсыз эмигранттардың өтіп кетуіне, сондай-ақ браконьерлік әрекеттің жолын кесу және Каспий теңізі акваториясының биоресурстарын қорғау бойынша  қарсы әрекет жасау жүйесі пысықталуда. Бүгінгі күні, Қазақстан Шекарасы өзінің аумағы бойынша әлем мемлекеттерінің арасында тоғызыншы орында тұр, біздің шекарашылардың Мемлекеттік шекара күзеті бойынша  аянбайтын еңбегі патриотизмнің және әскери борышты орындаудың үлгісі болуы мүмкін.   

ҚР ҰҚК Шекара қызметі жауынгерлері рухының қалыптасуы үшін спортшы – шекарашылардың орны ерекше, осылайша 1996 жылғы Атланта қаласындағы қазіргі бессайыс бойынша алтын медальға прапорщик Александр Парыгин ие болса, лейтенант Владимир Вохмянин атыс бойынша Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне ие болды, 2000 жылғы жазғы Олимпиадада кіші лейтенант Ольга Шишигина (алтын медаль) Олимпида чемпионы болды, ал прапорщик Татьяна Хромова күміс медальды иеленді.2001 жылғы маусымда Жапонияда ІІІ Шығыс-Азия ойындары өткізілді. Құрамына Шекара қызметінің спортшылары кірген Қазақстанның спорттық командасы осы жарыстарда жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, қатардағы Иван Баглаев бір күміс медальға ие болса, лейтенант С. Шакимов және прапорщик В.Бердута – қола медальдарды олжалады. Ауыр атлетші прапорщик А.Макаров күміс медальды жеңіп алды. Майор Наталья Гурова - 1998-2008 жылдары оқ атысы бойынша Азия және Әлем чемпионы, прапорщик Лада Джиенбаланова – қазіргі бессайыс бойынша 2008 жылғы Азия және Әлем чемпионы, 2008 жылғы Олимпиадада - лейтенант Илья Ильин (алтынмедаль) жеңімпаз атанса, прапорщик Асхат Жіткеев Қазақстан қоржынын күміс медальмен торлықтырды, сол сияқты 2009 жылы келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Масим Раков – дзюдодан Әлем чемпионы атанды.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында 2001 жылы Жоғары Қолбасшы Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің офицерлері:  подполковник А.Бәйменовке (2177  ә/б),  подполковник А.Жабағиевке (2534 ә/б), аға лейтенант Д.Жамаловқа (2020 ә/б) алғыс жариялады. Отыз офицер-шекарашылар «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медальға ие болды.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде ІІ дәрежелі«Даңқ», 1 және 2 дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерен енбегі үшін» медальдарымен марапатталған әскери қызметшілер қызмет атқарады.Кейінгі жылдары, мемлекеттік шекара күзеті туралы шешімнің қабылданған сәтінен бастап, біздің мемлекеттің барлық периметрі бойынша 20 шекара отрядтары құрылды, 200-ден астам шекара бөлімшелері қойылды  (Шекаралық комендатуралар, шекара заставалары, бақылау-өткізу пункттері). Жаңа шептерде, жайластыру мен қатар бір уақытта мемлекеттік шекара күзеті бойынша іс-әрекеттер басталды және осының бәрі тіпті жекелеген бағыттарда  құрылыс жұмыстарына арналған суды да 300-400 километрқашықтықтан жеткізуге тура келетін жағдайларда орын алды. 2009 жыл ҚР ҰҚК ШҚ үшін қайғылы жыл болды. Осылайша, 2009 жылғы 8 қыркүйекте қазақстан-қырғыз учаскесіндегі Мемлекеттік шекараның күзеті бойынша міндеттерді орындау кезінде бортында ҚР ҰҚК ШҚ 13 әскери қызметшісі болған тікұшақ апатқа ұшырады, олардың 10 қаза болды. Мемлекеттік шекара күзеті кезінде байқатқан ерліктері үшін аталған әскери қызметшілер ҚР мемлекеттік наградаларымен марапатталды.2010 жылғы 13 шілдеде Шонжы шекара отрядының «Саты» шекара заставасының учаскесінде Қырғызстандағы жайдайдың шиеленіскен жағдайында шекара бұзушыларының ұрланған малды шекара арқылы айдап өту әрекеті кезінде шекара сақшылары қарақшылармен ұрысқа кірісті. Жауынгердік қақтығыс нәтижесінде ҚР ҰҚК ШҚ 1 әскери қызметшісі жараланды. Шекарашылардың батырлығы мен ерлігі арқасында қарақшылардың ұрланған малды шекара арқылы заңсыз айдап өту ниеттері жүзеге аспай қалды. 2010 жылғы тамызда ҚР ҰҚК Төрағасының бұйрығымен барлық жауынгерлік қақтығысқа қатысушылар ведомстволық наградалармен марапатталды.Қазіргі уақытта, 2011 жылғы 26 маусымда «Қарқара» асуында мемлекеттік шекара бұзушысын және контрабандалық жүкті айдауылдау кезінде қаза болған, «Боран» ДШМТ келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, сержант Ардақ Қазиевті марапаттау туралы мәселе қаралуда.Қазақстан шекарашылары 1 жылдың ішінде 80000 мыңнан астам шекара бұзушыларын ұстады. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде 200 миллионнан астам адам, 45 миллионнан астам көлік құралдары өткізілді, 6100 жағдайларда контрабанда ұсталды. Бұл орайда, қажырлы еңбектерімен өз Отанының шекарасын күзететін біздің офицерлердің, прапорщиктердің және жеке құрамның сіңірген еңбегі зор.

Информация о работе Қазастан республикасының шекара қызметі тарихы