Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:18, курсовая работа

Описание работы

Құқықтық қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынасы – азаматтық іс-жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс бойынша соттық әділеттілікті жіберу кезінде сот пен іс-жүргізуге қатысушылардың біреуі арасында пайда болатын қоғамдық қатынас.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарына құқықтық қатынастардың әр түрінің нышандарын біркелкі құқық қатынастары мыналармен мінезделеді:
құқық нормаларының негізінде пайда болады;
арнайы субъектілер арасында болуы мүмкін;
қатынастардың қатысушыларының мінез-құлықтарын алып жүреді;
құқық бұзу кезінде қатынастың қатысушысымен мемлекеттік күш қолдау шараларын қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының теориялық негіздері
1.1 Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының түсінігі және олардың ерекшеліктері...........................................................................................................6
1.2 Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары...................13

ІІ. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының түрлері мен жіктелуі
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының түрлері, құрылымы.........17
Азаматтық іс жүргізудің құқығы қатынастарының жіктелуі.......................20

Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................26

Работа содержит 1 файл

Азаматтык ис жургизу кукыктык катынастары.doc

— 129.50 Кб (Скачать)

Процесс қатысушыларының  құрамы сотпен қаралатын істің мінезіне, істің нақты жағдайларына байланысты болады.

Азаматтық іс-жүргізу  құқық қатынастарының субъектісі –  ол азаматтық іске түсетін және онда нақты анықталған процессуалды орын алған тұлға. Азаматтық іс-жүргізу құқығының субъектілері болып ҚР-ның азаматтары мен заңды тұлғалары, шетел жеке және заңды тұлғалары, азаматтығы жоқ тұлғалар, халықаралық ұйымдар және мемлекет болып табылады. Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарына түсіп, олар нақты процессуалды дәреже (даулаушы, жауапкер, 3-тарап, сарапшы, куә және т.б.) алады.

Азаматтық іс-жүргізу  қатысушыларының құрамы жеткілікті кең және әртүрлі. Олардың бәрі құқық  қатынастары субъектілерінің сипаттамасында қажеттілік шақыратындай, іске қатысудың әртүрлі функциялары және мақсаттарымен ие болады. Ғылыми әдебиеттерде сондай сипаттаманың критерийлері туралы әртүрлі пікірлер бар, және субъектілер топтарын анықтауда терминология бірлігі жоқ.

 Қорғайтын құқықтық  қатынастар — субъектілердің  заңсыз әрекетінің салдарынан  пайда болады. Оның мақсаты —  қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні  жазалау, сөйтіп әділдік орнату.

 Абсолютті құқықтық  қатынастарда тек бір тарап  белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.

Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар  белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді.

Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз — қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын.

Құқықтық қатынастардың  құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық  субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады [5]

Құқық субъектісі — заңи немесе жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел баскару  құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құкықтар мен міндеттерге ие болып, олар-ды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңи тұлға деп аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлғалар болып саналады.

Субъективтік құқық  — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға  мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жок, па ол тұлғаның еркі.

Заңды міндет — заң  белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу  шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны  өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші колданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Құқықтық қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.                                                                          

 

2.2 Азаматтық іс жүргізудің құқығы қатынастарының жіктелуі

 

Азаматтық іс жүргізудегі  құқықтық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық жөне идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас - қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады[4].

Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары - саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.

Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге  бөлінеді. Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға  негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.

Қоғамдық қатынастардың  басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік  билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады. Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бүл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бүл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостаңдығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары түрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды [5].

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, эко-номикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс - қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қам-титын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сондай-ақ, азаматтық  іс-жүргізу құқық қатынасы – азаматтық  іс-жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс бойынша  соттық әділеттілікті жіберу кезінде  сот пен іс-жүргізуге қатысушылардың біреуі арасында пайда болатын қоғамдық қатынас.

Азаматтық іс-жүргізу  құқық қатынастарына құқықтық қатынастардың  әр түрінің нышандарын біркелкі құқық  қатынастары мыналармен мінезделеді:

  1. құқық нормаларының негізінде пайда болады;
  2. арнайы субъектілер арасында болуы мүмкін;
  3. қатынастардың қатысушыларының мінез-құлықтарын алып жүреді;
  4. құқық бұзу кезінде қатынастың қатысушысымен мемлекеттік күш қолдау шараларын қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасының  азаматтық іс жүргізу заңдары  соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін езге заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.

2. Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттық және өзге  де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан  Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

Құқықтық қатынастардың  өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективтік құқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады.

Сонымен қатар, құқықтық қатынас объектісі дегеніміз  — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:

Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде  қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші - қатынастың субъектілерінің  екі жақты құқықтары мен міндеттерінің  толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші - субъектілер  өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын  іске асыру үшін құқықтық қатынас  жасайды.

Төртінші — егер қатынаста  нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің   қатынасуымен   бұл   кемшіліктер   түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық қатынастардың  түрлері:

1.  Қоғамдағы барлық  қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе-саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді:

мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

2. Құқықтық норманың  атқаратын ісіне қарай қаынастар  екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

3.  Құқықтық қатынастар  мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық  түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

4.   Құқықтық қатынастардың  субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Азаматтық іс жүргізу  құқығының деректемелері арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының түсіндірмелері ерекше орын алады. Ғылымда бір авторлар басшылыққа алынатын түсіндірмелер нормативтік сипатта болады деп санайды, басқалары өзгеше пікір ұстанады.

Істі дайындау кезінде  судьяның алдында мынадай міндеттер тұрады:

1) дәлелдеу нысанасын,  яғни істі сот отырысында қарау  кезінде сот нақтылауға тиіс  болатын заңдық факторлар шеңберін  дұрыс анықтау; 

2) тараптардың арасындағы  құқықтық қатынасты анықтайды  және қандай заңды басшылыққа  алатынын шешеді;

3) іске қатысатын адамдардың  құрамын, яғни іс кімнің (прокурордың,  үшінші тұлғалардың, мемлекеттік  басқару органының, кәсіподақтардың  және басқалардың) қатысуымен  қаралуға тиіс екенін анықтау;

3) іске қажетті айғақ  материалдарының бәрін шоғырландыру.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995
  2. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы, 2006.- 122 б.
  3. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, 2007.—89 б.

4. Н.Назарбаев Қазақстан  халқына Жолдауы-2008

5. Төлеуғалиев, Ғ. Қазақстан  Республикасының Азаматтық құқығы, Алматы – 2001.- 67 б.

6. Гражданское право  Республики Казахстан, Алматы  – 1999.- с. 231

7.   Атқарушы іс жүргізу органдарының қызметтері мен міндеттері//Заң-№7-2005 . – 89 б.

8. Баянов Е. Мемлекет  және құқық негіздері//Алматы  – 2001.- 261 б.

9. Мемлекет және құқық  теориясы//Алматы – 2003.- 116 б.

       10.Теория государство и права//М., 2001

Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар