Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 16:32, реферат
Қаржы (“қолма – қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.
Қаржы ресурстары болмаса,
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан
айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық
әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын
мақсатты ақша қаражаттары.
Мемлекет, дәстүрлі фунциялардан
басқа, шаруашылық процестерді
реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды
орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағында
қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі
айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет
арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан
астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің
10 пайыздайы бөлінеді.
Қаржы қандай функцияларды
орындайды ?
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі
және ролі оның функцияларынан
айқын көрінеді. Қаржының мәнін
толық ашу оның үғымы мен
қажеттігін ғана емес, сонымен бірге
қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның
функцияларын анықтауды да талап етеді.
Ақша айналысы және оның заңы
Уикипедиядан
алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Ақша айналысы
— шаруашылықтағы тауарларды өткізуге,
сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді
және есеп айырысуларды жүзеге асыруға
қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз
ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының
объективтік негізіне де тауар өндірісі
жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар
әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып,
олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар
туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне
және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың
қалыптасуымен байланысты капитализм
тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами
түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына
қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық
өнім айналысы мен айырбасына дәнекер
болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз
нысанының көмегімен тауарлар айналысы,
сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың
қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.Мазмұны [жасыр]
1 Қолма-қол ақшалар айналысы
2 Қолма-қолсыз ақшалар айналысы
3 Ақша айналысының заңы
4 Пайдаланылған
әдебиет
[өңдеу]
Қолма-қол ақшалар
айналысы
Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.
[өңдеу]
Қолма-қолсыз ақшалар
айналысы
Қолма-қолсыз ақшалар
айналысы — қолма-қолсыз ақшалар
айналымы ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы, қолма-қолсыз
ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар
электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын
клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары
(депозиттер).
Қолма-қол ақша
мен қолма-қолсыз ақшалар арасында
тығыз байланыс пен өзара тәуелділік
бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс
аясынан екінші біріне өтіп отыруынан
байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың
банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз
ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен
жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы
және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда
қолмақолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға
ауысуы байқалады.
Құн заңы және оның
айналыс аясында пайда болу нысаны,
яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша
қатынастары қалыптасқан барлық
қоғамдық формацияға тән болып келеді.
Құн нысандарының дамуына талдау
жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының
заңын ашқан болатын.
Оның пікірінше, ақша айналысы заңының мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын тауарлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы-экономикалық тәуелділікті бейнелейді.
[өңдеу]
Ақша айналысының
заңы
Ақша айналысының заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын (Ата) анықтайды.
Ата = Тауар бағаларының
сомасы /Ақша айналымының саны
Бұл жерде бір
айта кететіні, ақшаның төлем құралы
қызметін атхаруымен байланысты бұл
формула да нақтылануды талап
етуде.
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:
Aқ = (Стб - Нтб + Мтс
- Өтс) / Aoc
мұнда,
Ак — айналысқа қажетті ақша саны;
Стб — сатылатын тауарлар бағасының сомасы;
Нтб — несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;
Мтс — міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;
Өтс — өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос — айналыс
және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының
орташа саны.
Осындай жағдайларды,
айналысқа қажетті ақша санына өндірістің
дамуының шарттарына тәуелді болып
келетін, әр алуан факторлар ықпал
етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар
санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ
шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік
тауарлар және көрсетілетін қызметтер
бағаларының деңгейіне байланысты да
анықталады.
Айналысқа қажеггі ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
несиенің даму дәрежесі, себебі, қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;
қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;
ақша айналысынын
жылдамдығы.
Металл ақша
айналысы тұсында айналыстағы ақша
саны ақшаның қазына жинау құралы
қызметінің көмегімен реттеліп отырды.
Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса,
онда айналыстағы артық ақша (алтын монета)
айналыста қазынаға кетіп, ал, егер ақшаға
деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа
қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа
шығарылып отырады.
Егер де айналысқа
алтынға ауыстырылмайтын банкноттар
немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер)
қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол
ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының
заңына сәйкес жүргізіледі.
Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен зандары келесідей екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа кажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.[1]
[өңдеу]
Пайдаланылған әдебиет
↑ Ақша, несие, банктер
теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы,
2011.
Банкноттар
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
АҚШ банк билеті
Банкноттар (Банк
билеттері) — ұлттық банктар шығаратын,
айналым мен төлем құралы ретінде металл
ақшаның орнына жүретін қағаз ақша. Ұлттық
банктің мерзімсіз борыштық міндеттемелері
болып табылады. Банк билеттері тауар
— ақша қатынастары мен төлем айналымының
дамуына байланысты Қытайда пайда болды.
Орта ғасырда ақша айырбасын жасаушылар
мен алтын ісінің шеберлері өздерінде
сақталған ақша қаражаттары бойынша қолхаттар
бере бастады. Өсімқорлар мен айырбасшылардың
банкирге айналуына орай мұндай міндеттеме
қағаздар банкнотқа, яғни қайтарылуы алтынмен
не күміс монеталармен қамтамасыз етілетін
міндеттемелер формасына ие болды. Алғашқы
кезде Банк билеттерін кез келген банк
шығара берді. Банк билеттерінің айналыста
толып кетуі, олардың жеткілікті түрде
өтелмеуі және жекелеген банкирлердің
жиі-жиі банкротқа ұшырауы Банк билеттерінің
толық не ішінара құнсыздануына әкеліп
соқты. Ол өндірістің дамуын тежеді. Бұл
жағдай ақша айналымын мемл. реттеу қажеттігін
талап етті. Эмиссиясын мемлекет тәртіптеп
отыратын Банк билеттері алғашқы рет Ағылшын
банкі мекемесінің жанынан 1694 жылы шығарылды.
Олар заңдастырылған төлем қаржысы күшіне
ие болып, 1833 жылы ұлттық ақшаға айналды.
Дәл осылай Банк билеттері Францияда 1800—1803
жылдары, Германияда 1846 жылы, Голландияда
1814—1830 жылы бүкіл ұлттық ақша белгісіне
айналды. Бірақ 19 ғасырдың 2-жартысына
дейін банкнот айналысы баяу дамыды. 19
ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында
Банк билеттерін шығаруды бір ізге түсіру
ұлттық банктердің негізгі ісіне айналып,
өндірістің талабына сай Банк билеттерінің
эмиссиясын реттеу жүйесі қалыптасты.
Банк билеттері көтерме сауда айналымы
саласында пайдалынылып қоймай, жалақыны
төлеген кезде төлем қаржысы ретінде қолданыла
бастады. Егер Банк билеттері вексельдерді
есепке алу мақсатымен айналыстың қажетінен
көп шығарылса, оның артығы банкіге қайтарылып,
алтынға айырбасталуға тиіс болды. Банкноттық
айналымның екі түрі бар: банкноттың алтынға
айырбасталу және айырбасталмау жүйесі.
Алғашқысына алтын стандартының үш формасы
тән: алтын монеталық, алтын құймалық және
алтын девизі. Бұлардың әрқайсысы банкноттың
алтын монетаға, құймаға және девизге
айырбасталуын қарастырады. Қазіргі кезде
барлық елдерде ішкі ақша айналымында
алтынға айырбасталмайтын банкнот жұмыс
істейді. Ақша-кредит жүйесінің дамуы
барысында банкнот пен қағаз ақша арасындағы
өзгешеліктер тұрақты түрде ықпалға ұшырап
келді. Бірте-бірте банкнот қағаз ақшаға
жақындады. Біріншіден, орталық эмиссиялық
банктер мемлекеттендірілді, бұл банкнот
пен қағаз ақша айырмашылығын жойды. Екіншіден,
қазіргі банкноттың алтынмен қамтамасыз
етілуі жойылды. Өйткені оның негізінде
тек тауар емес, өндіріс процесінен тыс
туындайтын мемл. міндеттемелер жатыр.
Үшіншіден, алтын стандартын тоқтатуға
байланысты банкнот пен қағаз ақша арасындағы
өзгешелігі жойылды. Банк билеттерін заңдастырылған
төлем қаржысына айналдыру қажет боған
жағдайда мемлекетке Банк билеттері эмиссиясын
өз шығындарын өтеу үшін пайдалануға мүмкіндік
берді. Эмиссиялық банкілерге мемл. заемның
облигациясымен қамтамасыз етілген Банк
билеттерін шығаруға рұқсат беріп, Банк
билеттерін алтынға айырбастау міндетінен
босатылды. Осы арқылы Банк билеттері
іс жүзінде мәжбүрлі курсы бар мемл. қағаз
ақшаларға айналды. Бұл әдетте, соғыс кездерінде,
әсіресе, 1- және 2-дүниежүз. соғыстан кейін
банкнот айналысы қалпына келтірілгенімен,
алтынмен өтелмеген банкнот эмиссиясының
мөлшері едәуір көбейді және Банк билеттері
алтын шақаға айырбасталмай, кесек алтынға
не болмаса алтынға айырбасталатын шет
ел валютасына айырбасталады. Дүниежүзілік
экономикалық дағдарыстың (1929—1933) басталуымен
барлық шет елдерде Банк билеттерін алтынға
айырбастау тоқтатылды. 2-дүниежүз. соғыстан
кейін тек бірсыпыра мемлекеттерде (Бельгияда,
Голландияда, Пәкстанда, Оңтүстік Африка
Республикаларында) Банк билеттерін алтынмен
міндетті түрде қамтамасыз ету мөлшерін
белгілейтін заңдар күшінде қалды. Шет
елдердің көпшілігінде Банк билеттерін
алтынмен қамтамасыз ету нормасы мүлдем
белгіленбеген немесе формальдық маңызы
бар. АҚШ-та 1945 жылы заң бойынша Банк билеттерін
алтынмен қамтамасыз ету нормасы 25% болып
белгіленген, эмиссияның қалған бөлігі
мемл. бағалы қағаздармен, ал, аз ғана бөлігі
вексельдермен қамтамасыз етілді. 1968 жылы
валюта дағдарысы мен доллардың құнсыздану
қаупіне байланысты АҚШ-та Банк билеттерін
алтынмен қамтамасыз ету толығымен жойылды.
Алайда банкнот алтын белгісі бола алмаса
да, кредит белгісі болып қалып отыр. ҚР-нда
1993 жылы айналысқа жіберілген теңге Ұлттық
банкінің міндеттемесі болғандықтан бір
мезгілде қағаз және кредит ақшасы болып
табылады. Банк билеттері АҚШ-та 5, 10, 20,
50 және 100 долларлық банкноттар, Британия
Корольдігінде — 1, 5, 10 және 20 ф. ст., Францияда
— 10, 50, 100 және 500 франк, Қазақстанда 1, 2,
3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000 теңге көлемінде
шығарылған ( Ақша). Бұл Банк билеттерінің
шығарылған эмиссиясы Ұлттық банктің
алтын-валюта қорымен толық кепілдендірілген.
Банкноттар - орталық эмиссиялық банкілер
айналымға шығаратын ақшаның белгісі,
қазір қағаз ақшаның негізгі түрі, банк
билеттері экономиканың қажетіне орай
шығарылады және алтынмен, қымбат металдармен,
мемлекетгік банкінің басқа да активтерімен,
сондай-ақ мемлекетке жататын және белгіленген
бағалар бойынша сатылатын тау арлар массасымен
қамтамасыз етілген. Банк билеттері мемлекет
экономикасын несиелеу мақсатында және
алтын — валюта резерві өсімімен қайтарып
алу үшін шығарылады.
[1] [2]
[өңдеу]
Пайдаланылған әдебиеттер
↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
↑ Қазақ Энциклопедиясы
Коммерциялық
емес ұйымдар
Кәсiпорын экономиканың
негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары
мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы,
тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы
кезiнде жұмыс iстейдi.Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық
нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын
ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың
қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн
қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң
нәтижелерiне әкеп соғады.Меншiк нысандарына
қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi
болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың
қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады;
меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар,
табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi;
бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар;
мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың
бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен
және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен
толықтырылады; кооперативтерде — кооператив
мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары.
Практикада көбiнесе
меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған
қорлардың көздерi бойынша оларды
құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы,
негiзгi құралдар мен айналымдағы активтердiң
үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк
кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк
жарналары болымсыз рөл атқарады.
Мемлекеттік акционерлiк қоғамдарда да осылай.Кәсіпорындар мен ұйымдардын мүлкiн жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берiлген мүлiк құнынын амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзiмiнiн өтуiне қарай объектiлердi жөндеу үшiн жалдаушының жалға берушiге берітiн қаражаттарын, жалға алынған мүлiктi қоғамдық қажеттi пайдаланудан түсетiн пайданың (табыстың) бiр бөлiгiн (жалгерлiк пайызды) кiрiктiретін жалгерлiк ақы қолданылады.Өндiрiстiн бастапқы қорларынын қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің мынадай қаржылық нәтижелерi бөлiнедi және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивиденттер, үлестiк табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердiң) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.Үлестiк жарна негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың - шаруашылық серiктестiктерiнiң, кооперативтердiң, бiрлескен кәсіпорындардың қаржысын үйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбiр қатысушының - мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң ерекшелiктерiмен анықталады. Мұндай кәсiпорындардын құрылтайшылары мен қатысушылары өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлі түрлерi (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлiктi құкықтар (жердi, табиғи ресурстарды, мүлiктi, зияткерлiк (интеллектуалдық) меншiктi пайдалану құкықтары) түрiнде жүзеге асырады.
Информация о работе «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау