«АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 16:32, реферат

Описание работы

Қаржы (“қолма – қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.

Работа содержит 1 файл

қаржы.doc

— 108.00 Кб (Скачать)

Қаржының мәнi, функциялары және ролi 

Қаржы (“қолма –  қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн  орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia”  сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты  өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен  айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.

 “Қаржы”  ұғымы мемлекетпен бiрге бiр  уақытта қоғамның таптарға жiктелуi  кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен  оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн  қанағаттандыруға байланысты жүйелi  тауар - ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.

 Қаржы ғылыми  ұғым ретiнде, әдетте, қоғамдық  өмiрде сан алуан нысандарда  пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады  және мiндеттi түрде ақша қатынастарының  қозғалысымен қосарлана жүредi.

 Бүгiнде қаржы  терминiн күнделiктi қолданысқа енгiзген  авторды атау қиын. Бұл терминiң  авторлығын 1577 жылы “Республика  туралы алты кiтап” деген жұмысын  бастырып шығарған француз ғалымы  Ж.Боденге қалдыруға болады.

 Қаржы туралы  жұмыстың (“Афин республикасының кiрiстерi туралы”) алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430 – 365 жж.) болды.

 Аристотельдiң  (б.э.д. 384 – 322 жж.) қаржы сласындағы  көзқарасы оның “ Афиннiң мемлекеттiк  құрылысы ” атты жұмысында  баяндалған.

 Қаржының  мәнi, оның даму заңдылықтары, тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндiрiс процесiндегi рөлi қоғамның экономикалық құрылсымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

 Түрлi қоғамдық  – экономикалық формациялар қаржысының  айырмашылығы мына себептерге байланысты:

 • әр түрлi қоғамдық формацияға қоғамның  өзiне меншiктi таптық құрылымы  сай келедi. Сонымен бiрге қаржы  ұлттық табысты мемлекеттiң пайдасына  қайта бөлудi ұйымдастыра отырып, оны бөлудiң қатынастарын есепке  алады;

 • кезкелген  қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржы билеушi таптың мүдделерiн қорғайтын мелекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiне бағынады;

 • өндiрiстiң  жаңа әдiсi шаршуашылық қатынастардың  жаңа жүйесiн тудырады. Мәселен,  құл иеленушi және феодалдық  формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбiнесе натуралдық сипатта болды. Капиталистiк шаруашылық тауар – ақша шаруашылығы болып табылады. Тиiсiнше мемлекеттiң табысы да ақша нысанында қалыптасады;

 • егер  мемлекет басқару органы ретiнде  қалыптасқан өндiрiстiк қатынастардың ұдайы өндiрiсi мен таптық құрылыстың мiндеттерiне қызмет ететiн болса, онда бұл мiндеттерге қаржы да қызмет етедi.

 Экономикалық  өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi  қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар  қозғалысы түрiнде болып жатады. Құбылыстар бетiнде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма – қолсыз немесе қолма – қол ақшамен есеп айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа иеленушiге беруi болып табылады. Алайда, кез келген ақша операциясы, мәмiле қаржы операциясына жата бермейдi, өйткенi ақша түрлi құндық экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекке ақы төлеудiң, қаржының кредиттiң көмегiмен болатын қоғамдық өнiмнiң барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тiкелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiр – бiрiен қолма – қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негiзгi капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсiпорындарда, фирмаларда iшкi шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiне салық төлемдерiн аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшiн кеден баждарын төлеу және басқа операциялар.

 Қаржы –  ақша қатынастарының ажырағысыз  бөлiгi, ол әрқашан экономикалық  жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субъектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның рөлi мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

 Жалпықоғамдық өнiм мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесiнде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi пайдалануға жiберiлетiн материалдық ресурстар бөлiгiнiң ақшалай көрiнiсi болып табылады.

 Алайда қаржы  ақша қатынастарының бүкiл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас едi. Ақша қатынастары iшiнен тек олар арқылы мемлекеттiң, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң, сондай – ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберiнен шығып кетедi. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерiн ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндiрiлген өнiмдi ақша нысанында өлшеу, өзiндiк құнды калькуляциялау және өнiмнiң бағасын анықтау, ақшалай түсiмдi есепке алу сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кiрмейдi. Сауда жүйесi арқылы тауарларды сатып алу және сату (тiптi мемлекет бөлше сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезiнде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебi мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық – құқықтық әдiспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бiрiгiп кеткен субъектiлердiң теңдiгi (олардың құқықтары мен мiндеттерiндегi тепе – теңдiк) бұл әдiске тән өзгеше нышан болып табылады Сонымен бiрге қалыптасатын ақша қатынастарының өзiндiк қаржылық емес өзгешелiгi болады.

 Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар.

 Ақша –  бұл ең алдымен ассоциацияландырылған  өндiрушiлердiң еңбек шығындары  өлшенетiн жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы iшкi өнiм  мен ұлттық табысты бөлудiң  және қайта бөлудiң экономикалық тетiгi, ақша қроларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндiруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективтi сипатта болады. Қаржы өндiрiстiк қатынастардың белгiлi бiр сферасын бiлдiредi және базистiк категорияға жатажы.

 Қаржыны экономикалық  категорилардың қатарынан бөлiп  алу үшiн қаржы құбылысын қарастырудан  оның мәнiн – зат болмысының  барлық әр алуан нысандарының  бiрлiгiн бiлдiретiн оның iшкi мазмұнын  зерттеуге көшу қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырып 1 Қаржы  мен қаржы саясатының мәні. 

                          (кіріспе сабағы) 

1.Қаржының мазмұны  мен мәні. 

2.Қаржының әлеуметтік-экономикалық  процестерді басқарудағы ролі. 

3.Мемлекеттің  қаржы саясатының мазмұны мен  мәні. 

  

Қаржы дегеніміз  не, ол қашан, қалай өріс алған ?  

        Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды. 

        Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы  үлкен байлығы. Сондықтан да  кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі  кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады. 

        Қорыта келгенде, қолдағы қаржы  мемлекеттік үлғаймалы ұдайы  өндіріс талаптарын жүзеге асыру  мақсатында ақша қаражатын орталыққа  жинақтауды қалыптастыру жағдайында  ақша қатынастарының жиынтығын бейнелейтін экономикалық категория. 

 Қаржының  экономикалық  категория болу  себебі неге байланысты ? 

        Қандайда қоғамдық - экономикалық  құрылысқа өдіріс қажет. Өдіріссіз  ешбір қоғам өмір-сүре алмайтына  көне тархтын дамуы айқын дәлел. Қоғамдық өндірістің маңызы орасан зор. Ол, біріншіден қоғамға аса қажетті алуан түрлі техника әзірлеп береді. Осы арқылы қоғамның өзінің техника, яғни еңбек қүралдарына деген тұтынуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндіріс қоғам мшелерінің үдайы өсіп отыратын материалдық және рухани қажеттеріне қажет өнімдерді шығарады. Осымен қоғам мүшелерінің өмір тіршілігіне қажет заттарды-киімкешекті, жиһаз, турмыстық жабдықтарды, азық-түлікті үлғааймалыүрдіспен әзірлеп отырады. Сондықтан өндіріссіз-қоғам жоқ, түтынушысыз-өндіріс жоқ, деген қағида пайда болған. 

        Алайда, қоғамдық түрғыдан алғанда  жалпы түтынуға арналып өндірілген  барлық өнімдер толықтай алғанда  тауар деген үғымды білдіреді.  Бүл арада теориялық түрғыдан  айрықша атап өтуге қажетті  мәселе бар. Айталық, егер жеке адам өзін жекелей түтыну үшін нендей бір өнім шығаратын болса, оны саудаға шығармай, тек өзінің игілігіне ғана пайдаланған жағдайда, ол өнім шығарушы үшін тауар болып саналмайды. Егер шығарылған өнімді сауда-сатық жағдайында басқа бір түтынушы үшін сатып алса, онда әлгі өнім тауар атағына ие болады. Ал қоғамның тауар өндіріс арқылы шығарылатын өнім бірден тауар болып табылады. Жоғарыда аталғандай қоғамдық өндірістік өнім қоғамның өзінің де, жеке дара түтынушының да қажеттігіне айналады, сатылады. Осы тауарларды сатудан түскен ақша мемлекеттің қаржы қорын қурайды . 

Қаржының өзгеше белгілері қандай ? 

        Қаржы – ақша қатынастарының  ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан  экономикалық жүйе шеңберіндегі  қоғамдық үдайы өндірістің түрлі  субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты. 

        Жалпықоғамдық өнім мен үлттық  табысты жасау, бөлу және қайта  бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады.      Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. 

        Экономикалық категория ретінде  қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың  өзгешелігі олардың көрісінің  әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады. 

        Қаржы қатынастары өзінің негізінде  бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың  барлық қүрылымдық бөліктерінде  және шаруашылық жүргізудің түрлі  денгейлерінде қоғамдық өнім  қүнын қайта бөлудің сан алуан  процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады. 

        Қаржы қатынастарының ақшалай  сипаты мен бөлгіштік сипаты  қаржының аса маңызды белгілері  болып табылады, бірақ  тек  ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ. 

        Қаржының ерекше белгілер :  қорларды  қалыптастыру, оларды белгілі бір  мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз  болатын міндетті төлемдер), тепетендіктің  болмауы (қаржыға баламалық тән емес). 

        Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше  белгілері қаржының ерекшелігін  атап көрсетеді. 

        Жоғарыда айтылғандардың негізінде  қаржының қысқаша анықтамасын  былайша тұжырымдауға болды : қаржы – бүл қоғамдық өнімді  бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде үдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары  мен қорлары жасалып, пайдалынады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен бөлумен және пайдаланумен болтын экономикалық қатынастар. 

Қаржының объективті қажеттігі неде ? 

        Қаржының қажеттігі тауар –  ақша қатынастарының болуынан  және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен  туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары – бүл жалпы ішкі өнім қунының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша каражаттары, олар үлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған. 

Информация о работе «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау