Жарғылық капитал есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 00:46, курсовая работа

Описание работы

Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит “осы үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. «Аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.

Работа содержит 1 файл

Жарғылық капиталының аудиті есебі.docx

— 65.66 Кб (Скачать)

 Аудитор ұзақ мерзімді  активтерді қайта бағалау операцияларының  жоғарыда аталған шоттарда дұрыс  көрсетілуін тексергенде қайта  бағалаудың нәтижесінде негізгі  құралдардың және ұзақ мерзімді  инвестициялардың құнының артқан  сомасын 2410 «негізгі құралдар»,  2000 «инвестициялар», және 2040 «қаржылық инвестициялар» бөлімшелерінің тиісті шоттарының дебетінде жазылған айналыммен салыстырса, ал негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты жазылған реттеу сомасын 2420 «негізгі құралдардың тозуы» бөлімшесінің тиісті шоттарына жазылған айналыммен салыстырады. Қызмет ету мерзімінің ішінде бөлінбеген табысқа жатқызылмай, шығысқа шығарылған негізгі құралдардың қайта бағалану сомасын 5500 «бөлінбеген табыс» бөлімшесінің 5510 есепті жылға бөлінбеген табыс шоттарының айналымдарымен салыстырып тексереді. Қайта бағалаудың үкіметтің шығарған қаулысына сәйкес статистикаға және талдау агенттінің белгілеген мөлшерінен ауытқымағандығына назар аударуды талап етеді.

5110 «Қосымша төленбеген  капитал» бөлімшесінің тиісті  шоттарының кредитіндегі айналымы  журнал-ордер №13 және шоттардың  сипаттамасы жазылған машинажазбаларда  дұрыс көрсетілгендігін тексеру  қажет. Баланстың қосымша төленбеген  капитал бабы бойынша қалдығы  5100 бөлімшесінің шоттарының Бас  кітаптағы және басқа да есеп  регисторларындағы мәліметтерімен  салыстыруға тиісті.

 

 

3.3. Бөлінбеген  табыстың аудиті

           Меншік капиталдың негізін құраушылардың бірі бөлінбеген табыс болып табылады.

 Аудитордан баланстың  осы бабына тексеру жүргізгенде  ерекше зейін қоюын талап етеді.  Алдыменен бөлінбеген табыстың  жылдың аяғындағы және басындағы  қалдықтарын 5510 «есепті жылғы  бөлінбеген табыс» шоттары бойынша  Бас кітаптағы және осы шоттардың  кредитіндегі айналым көрсетілетін  журнал-ордер №13, машинажазбалардағы  мәліметтерімен салыстырады. Содан  кейін бұл шоттарда көрсетілген  бұл шаруашылық операцияларының  дұрыстығын тексереді. Шаруашылықтың  қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік  есеп шоттарының Бас жоспарына сәйкес есепті кезеңнің табысы 5610 «жиынтық табыс» шотында анықталады. Бұл шоттың кредиті бойынша VIII «шығындар» бөлімінің шоттарымен корреспонденцияда алынған жиынтық сомасын көрсетеді. 5610 «жиынтық табыс»шотының дебетіндегі және кредитіндегі сомасын салыстыру арқылы 5510 «бөлінбеген табыс» шотына өткізілетін таза табыс сомасы анықталады. Егер есепті кезеңде табыс алынса, 5610 «жиынтық табыс» шоты дебеттеліп, 5510  «есепті жылғы бөлінбеген табыс» шоты кредиттеледі, ал зиян болса кері бухгалтерлік жазу жасалады, яғни 5510 «есепті жылғы бөлінбеген табыс» шоты дебеттеліп және 5610 «жиынтық табыс» шоты кредиттеледі.

    Резервтік капиталға бөлу актілеріне және құрылтайшыларының құжаттарына сәйкес, есепті жылғы табыстың есебінен жүргізіледі деп жоғарыда аталды. Есепті жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капиталдың қаржы сомасына 5410 «резервтік капитал» бөлімшесінің шоттарын дебеттеп және 5510 «есепті жылғы бөлінбеген табыс» шотын кредиттейді. Есепті жылғы бөлінбеген табыстың едәуір бөлігі серіктестікке қатысушыларға табыстарын және дивиденттерін төлеуге жұмсалады. Оның қалған сомасы 5510 «есепті жылғы бөлінбеген табыс» шотынан 5520 «алдағы жылдағы бөлінбеген табыс» шотына өткізіліп, 5410 «резервтік капитал» бөлімшесінің шоты мен кредиті бойынша корреспонденцияда алдағы жылдың зиянын жабуға резервтік капиталға бағытталған қаржыны көрсетеді, ал дебеті бойынша алдағы жылдың бөлінбеген табысынан серіктестікке қатысушыларға дивиденттерін және табыстарын төлеуге бағытталған сомасын 6120 «дивидент бойынша есеп айырысу» бөлімшесінің шоттарымен көрсетіледі.

     Қорытындысында, аудитор бөлінбеген табыстың шамасын бағалауы қажет. Осы көрсеткіштің қозғалысын көру және оның өзгерту бағытын анықтау үшін оны алдағы есепті кезеңдерімен салыстыра жүргізу жолымен анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       Нарықтық заманында ұйымдар өзінің активтерін пайдалануда, қаржылық-шаруашылық қызметтерді жүргізуде, инвестицияларды жүзеге асыруда шарттық қатынастарға түседі. Шартқа қатысушы барлық субъектілерге бұндай қарым қатынастардың сенімділігін (доверительность) сенімді (надежное) қаржылық ақпаратты алу және пайдалану қамтамасыз етеді.

Кез-келген ұйымның қаржылық есебі өзінде бұл ұйымның қаржылық жағдайы, активтер мен міндеттемелер  кірісі, өзіндік капитал жөнінде  ақпаратты қамтиды.

Сенімді қаржылық ақпарат  қаржы нарығына нәтижелі қызмет етуіне мүмкіндік береді. Қаржылық есебінің негізінде ұйымдардың экономикалық шешімдеріне баға беріледі, даму перспективаларға болжамдар жасалынады.

Бұндай ақпараттың шындылығы  тауелсіз аудиторлық тексерумен расталады. Аудиторлық тексеру қаржылық есепке сенімділігін арттырады. Қаржылық есепке аудиттің мақсаты- қаржылық есепте көрсетілген  ақпарат, оны құрудың қағидалар  мен негіздерге сәйкестігі жөнінде  қорытынды жасау үшін тексеру  жүргізу.

Аудиттің мазмұны алғашқыда  “тыңдаушы” деген мағынада қолданылған.

Аудиттың тарихы ХҮІІІ ғасырда басталады. Сол кездерде Джорж Уотсон шотландтық комерсанттарға солардың бухгалтерлік есептемелеріне (отчетность) тексеру жүргізу жөнінде ұсыныс жасаған. Жүргізілген тексерудің қорытындысында жоғары нәтижеге қол жеткізеді.

1773 жыл Эдинбургтің адрестік кітабында 7 аудиторлардың аты-жөні жазылған. 1795 жылы Эдинбургте 35 аса аудиторлар жұмыс істеген.Алғашқы бөлек аудиторлық анықтама 1805 жылы Эдинбургтің басшылығымен басылып шыққан. ХХ ғасырда аудиторлық іс жаңа көшпен дами бастады.

Бұл кезде профессионалды мамандарды даярлауға арналған факультеттер, колледждер ашылды. Ал 1932 жылы 15 ақпанда Германияда аудиторлық Институт құрылды. Бұл институт 1945 жылға дейін жұмыс істеген.

Қазір Эдинбург қаласында халықаралық бухгалтерлер мен аудиторлар федерация (ИФАК) астанасы боп саналады. Бұл федерацияға 103 мемлекеттер кіреді. Ал 1999 жылы біздің Аудиторлық Палата ұйымның мүшесі болды.

Біздің аудиторлық тарихымыз 1988 жылы басталды. 1988 жылы Қаржы министрлігі қарамағындағы шаруашылық есеп топ құрылады. Осы біздің аудиторлық фундаментіміз болып саналады. Бұндай топ СССР мемлекеттер арасында бірінші жасаған Қазақ ССР болған. Ал 1993 жылы қазан айында Қазақстан Республика Президентінің «Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы» заң шығады. Бұл заң ТМД елдерінде бірінші боп шығарған заңдар арасында болған.

1998 жылы 20 қараша айында «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заң шықты. Бұл заң қазіргі заманға сай жасалынған.

Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептілік аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

Аудиторлық тексеру ұйымдардың кез-келген меншік нысанында жүргізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының  «Аудиторлық қызмет туралы» заңына сәйкес Аудит: міндетті және бастамашылық болып бөлінеді.

Міндетті аудит- ұйымдардың қаржылық есептілікті жасау және бухгалтерлік есептілікті жүргізуді жылсайынғы, міндетті аудиторлық тексеру.

Міндетті аудит Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен және жағдайда жүргізіледі.

Аудит міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті.

Қандай ұйымдар міндетті аудиторлық тексеруден өту керек? «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының бұрыңғы редакциясында, міндетті аудитті көздеген әртүрлі нормативтік құқықтық құжаттардың негізінде құрылған міндетті аудитке жатқызылатын ұйымдардың тізімі көрсетілген болатын. Қазіргі кезде міндетті аудитті жүргізу туралы талаптар, сәйкес салаларды және қызметтерді реттейтін әртүрлі заңдарда көрсетілген:

«Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Инвестициялық қордың активтерін сақтау мен есебін жүргізетін, басқаратын компанияның инвестициялық қорды және кастодиантын жылсайынғы тексеруді көздейді.

«Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, акционерлік қоғамның жылдық қаржылық есепке міндетті аудиторлық тексеру жүргізуді көздейді.

«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, азаматтық авиацияның кейбір ұйымдарынан жылсайынғы аудит жүргізуді талап етеді.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, сақтандыру (қайтасақтандыру) ұйымдарға аудит жүргізуді көздейді.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, табиғи монополияның белгілі субъектілер үшін жылсайынғы міндетті аудитті жүргізуді талап етсе, Заңда көрсетілген басқа субъектілер үшін, үш жылда бір рет аудит жүргізу қарастырылған.

«Банк және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, банктерді және аффилирленген тұлғаларды аудитірлік тексеруді көздейді, және т.б. заңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы, 20 қараша 1998 ж №304
  2. Дюсембаев К.Ш, Теория аулита, Алматы, экономика, 1995ж,329с.
  3. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, 30 қаңтар 2001ж.,№155-II.
  4. ҚР «Лицензиялау туралы» заңы 17 сәуір 1995ж.,№2200
  5. ҚР-нің қылмыстық кодексі, 16 шілде 1997ж., №167-1.
  6. ҚР-ң азаматтық кодексі 27 желтоқсан 1994ж.,№268-ХIII
  7. Жандаулетов А.У, стандарты аудита на практике, Консаотинговая компания « Алмир», часть 1, алматы,1998,53 с.
  8. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру  туралы» заңы. 26.12.1995ж,№2732.
  9. Төлегенов Е.Т., бухгалтерлік ақпарат жүйелері, Алматы, экономика, 2001, 184с.
  10. Кеулімжаев К.К., Ажібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А., Қаржылық есеп, Алматы, экономика, 2001, 330.б.
  11. ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі. 12.06.2001ж.
  12. ҚР « Еңбек туралы» заңы  10.12.1999ж.№493-1.
  13. « Жеке табыс салығын есептеу мен ұстау және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы» ҚР. Қаржы министрлігі салық комитетінің бұйрығы.
  14. ҚР « Акционерлік қоғамдар туралы» заңы 17 сәуір 1995ж. №2200.
  15. ҚР « Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңы.

 


Информация о работе Жарғылық капитал есебі