Валюталық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 19:27, реферат

Описание работы

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей , нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу ;
Валюталық нарықты валюталарға деген сұраныс және ұсыныс ,сондай-ақ олардың бағымдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу күн заңына бағынады . Мұндай заңдардың, валюталық айрбасының қатысты баламалылығын, тауарлар , көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

Валюталық саясат.docx

— 44.31 Кб (Скачать)

 

 

 

 

Валюталық саясаттың келiсiлген қағидаттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 мамырдағы № 439-IV Заңы

 

"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 28 мамырдағы № 224-225 (26623)

 

 

 

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде  жасалған Валюталық саясаттың келiсiлген қағидаттары туралы келiсiм ратификациялансын.     

 Қазақстан  Республикасының 
           Президентi                            Н. Назарбаев

Валюталық саясаттың келiсiлген қағидаттары туралы 
КЕЛIСIМ     

 Бұдан әрi Тараптар  деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 
      экономикалық ықпалдастықты тереңдетуге және валюта-қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып, 
      Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң аумағында тауарлардың, қызмет көрсетулердiң және капиталдың еркiн қозғалысын қамтамасыз етуге жәрдемдесе отырып, 
      Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң ұлттық валюталарының сыртқы сауда және инвестициялық операциялардағы рөлiн арттыру және көрсетiлген валюталардың өзара айырбасталуын қамтамасыз ету мақсатында Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк шеңберiнде валюталық саясатты үйлестiру жөнiндегi бiрлескен iс-қимылдардың маңыздылығын тани отырып, 
      Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы әрбiр мемлекеттiң экономикалық ерекшелiгiн ескере отырып, тең құқықтық және өзара пайда алу қағидаттарына сүйене отырып, 
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап     

 Осы Келiсiмнiң мақсаттары  үшiн мынадай терминдер пайдаланылады: 
      «осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттiң резидентi» - осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң бiрiнiң осы мемлекеттiң валюталық заңнамасына сәйкес резидентi; 
      «осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттiң резидент емесi» - осы Келiсiмге қатысушы мемлекет болып табылмайтын мемлекеттiң резидентi; 
      «үшiншi ел» - осы Келiсiмнiң қатысушылары болып табылмайтын мемлекет немесе заңды құзыры; 
      «валюталық шектеулер» - валюталық операцияларға тiкелей тыйым салудан, көлемдерiн, санын және жүргiзу мерзiмдерiн, төлем валютасын лимиттеуден, оларды жүргiзуге арналған арнайы рұқсаттарды (лицензияларды) алуға, жүргiзiлетiн валюталық операция сомасының бiр бөлiгiн, бүкiл сомасын немесе бүкiл сомасына еселi соманы резервтеуге талаптар белгiлеуден көрiнетiн заңнамамен белгiленген шектеулер, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң аумағында шоттар ашуға және жүргiзуге байланысты шектеулер; 
      «ырықтандыру шаралары» - нәтижесi осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң  резиденттерi  арасындағы  валюталық операцияларға қатысты, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң резидент еместерiмен операцияларға қатысты валюталық шектеулердi бәсеңдету немесе жою болып табылатын шаралар. 
      Осы Келiсiмнiң 3-5-баптарының ережелерiн iске асыру үшiн жасалатын халықаралық шарттарда оларды орындау үшiн өзге де қажеттi терминдер пайдаланылуы мүмкiн.

2-бап     

 Тараптар валюталық  саясатты мынадай қағидаттардың  негiзiнде әзiрлейдi және жүргiзедi: 
      1) Тараптар валюталық саясатты кезең-кезеңiмен және ықпалдасу ынтымақтастығының қалыптасқан макроэкономикалық қажеттiлiктерiне сәйкес келетiндей көлемде қалыптастыру мен жүргiзудiң тәсiлдерiн үйлестiрудi және жақындатуды жүзеге асырады; 
      2) Тараптар валюта саласындағы ықпалдасу процестерiн дамыту, валюталық саясатты үйлестiру мен келiсу үшiн ұлттық және мемлекетаралық деңгейде қажеттi ұйымдастыру-құқықтық жағдайлар жасайды; 
      3) Тараптар валюта саласында ықпалдасу процестерiнiң дамуына терiс әсер етуi мүмкiн iс-қимылдарды қолданбайды, ал оларды ерiксiз қолданған жағдайда мұндай iс-қимылдардың салдарларын барынша азайтуға тырысады; 
      4) Тараптар осы Келiсiмге қатысушы әрбiр мемлекеттiң iшкi валюта нарығында, сол сияқты халықаралық валюта нарықтарында Тараптардың ұлттық валюталарына деген сенiмдi арттыруға бағытталған экономикалық саясатты жүргiзедi.

3-бап     

 Келiсiлген валюталық  саясатты жүргiзу мақсатында Тараптар  мынадай шаралар қабылдайды: 
      1) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ұлттық валюталарының осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер резиденттерiнiң өзара есеп айырысуларында пайдаланылуын кеңейтудi қамтамасыз ету үшiн ұлттық валюталардың айырбастау бағамының саясатын (бұдан әрi - бағамдық саясат) үйлестiру; 
      2) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер резиденттерiнiң шетел валютасын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң банктерi арқылы шектеусiз сатып алу және сату мүмкiндiгi үшiн жағдайлар жасау арқылы ұлттық валюталарының төлем балансының ағымдағы және күрделi баптары бойынша шектеусiз айырбасталуын қамтамасыз ету; 
      3) Тараптардың ұлттық валюталарының өзара тiкелей бағалар белгiлеуiне жағдайлар жасау және қамтамасыз ету; 
      4) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң сыртқы экономикалық қызметiне қатысушылар арасында осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ұлттық валюталарымен өзара есеп айырысулар жүргiзудi қамтамасыз ету; 
      5) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң резиденттерi арасындағы өзара саудаға кедергi келтiретiн ұлттық валюталардың ресми айырбастау бағамдарының көптiгiне жол бермеу; 
      6) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң орталық (ұлттық) банктерiнiң биржа нарығында қалыптасқан бағамның негiзiнде не ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты кросс-бағамдарының негiзiнде ұлттық валюталарының ресми бағамдарын белгiлеуi; 
      7) бағамдық саясаттың iс-шараларын әзiрлеу және үйлестiру мақсатында өзара консультациялар жүргiзу; 
      8) валюта нарығының жай-күйi және даму перспективалары туралы жүйелi негiзде ақпарат алмасу; 
      9) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ықпалдасқан валюта нарығын қалыптастыру; 
      10) әрбiр Тараптың осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң резиденттерi болып табылатын және өз мекемесi мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес осы Тараптың резиденттерi болып табылатын банктерге жасалған қолайлы режимнен кем емес құқықтық режим жағдайында банкаралық конверсиялық операцияларын жүргiзу үшiн валюталық операцияларды жүзеге асыру құқығына ие банктердiң өз ұлттық валюта нарығына кiруiн қамтамасыз етуi; 
      11) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң банктерiне осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң корреспонденттiк шоттарындағы ұлттық валюталарындағы өздерiне тиесiлi қаражатты үшiншi елдердiң валюталарына еркiн конверсиялау құқығын беру; 
      12) ұлттық валюта нарықтарының өтiмдiлiгiн одан әрi дамыту және арттыру; 
      13) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң орталық (ұлттық) банктерiнiң валюталық активтерiн осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ұлттық валюталарына, оның iшiнде осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарына орналастыру үшiн жағдайлар жасау; 
      14) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер арасында осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң резиденттерi арасындағы өзара есеп айырысуларда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту негiзiнде төлеу-есеп айырысу қатынастарының тетiгiн жетiлдiру.

4-бап     

 Валюталық құқықтық  қатынастарды реттейтiн осы Келiсiмге  қатысушы мемлекеттердiң заңнамалары  мен Тараптардың нормативтiк құқықтық  актiлерiн жақындастыру және ырықтандыру  шараларын қабылдау мақсатында  Тараптар төмендегiлер туралы  келiстi: 
      1) Тараптар тиiмдi экономикалық кооперацияға кедергi келтiретiн валюталық операцияларға және осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер резиденттерiнiң осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер аумағында орналасқан банктерде шоттар ашуға немесе жүргiзуге қатысты валюталық шектеулердi бiртiндеп жоюды қамтамасыз етедi; 
      2) Тараптар осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер резидент еместерiнiң осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер аумағында орналасқан банктерде шоттар, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер резиденттерiнiң үшiншi елдерде орналасқан банктерде шоттар ашу немесе жүргiзу тәртiбiне қатысты келiсiлген тәсiлдердi айқындайды; 
      3) Тараптар осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер резиденттерiнiң олардың банк шоттарына мiндеттi түрде аударылуға тиiс ақша қаражатын репатриациялауға қойылатын талапқа қатысты тәсiлдердi әзiрлеу тұрғысында ұлттық егемендiктi сақтау қағидатына сүйенедi; 
      4) Тараптар осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң оларға қатысты валюталық шектеулер қолданылмайтын резиденттерiнiң арасында жүзеге асырылатын валюталық операциялардың тiзбесiн айқындайды; 
      5) Тараптар осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер резиденттерiнiң осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң аумағында орналасқан банктерiндегi банк шоттарын пайдаланбай есеп айырысуларды жүзеге асыру құқығын қоса алғанда, валюталық операцияларды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерiнiң қажеттi көлемiн келiсiп айқындайды; 
      6) Тараптар осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер резиденттерiнiң олардың банк шоттарына мiндеттi түрде есептелуi тиiс ақша қаражатын репатриациялау жөнiндегi талаптардың үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етедi; 
      7) Тараптар осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер резиденттерiнiң және резидент еместерiнiң қолма-қол ақша қаражатын және бағалы қағаздарды Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағы шегiнде құжаттандырылған нысанда еркiн өткiзуiн қамтамасыз етедi; 
      8) Тараптар валюталық операцияларды есепке алу және бақылау талаптарының үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етедi; 
      9) Тараптар валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң заңнамаларын және валюталық реттеу органдарының актiлерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы нормалардың үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.

5-бап     

 Осы  Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң валюталық бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдарының өзара iс-қимылы: 
      1) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң бақылаушы және құқық қорғау органдарының осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы заңнамаларының сақталуын бақылау саласындағы практикасы туралы; 
      осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы заңнамаларының сақталуына бақылау жүйесiн жетiлдiру және оның жұмыс iстеуi жөнiндегi шаралар туралы ақпарат алмасу; 
      2) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер резиденттерiнiң валюталық операцияларды жүзеге асыруы кезiнде заңнаманы бұзуын анықтау жөнiндегi ынтымақтастығы; 
      3) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң валюталық бақылау саласындағы өзара мүдделерiн қозғайтын проблемалар бойынша бiрлескен талдамалық зерттеулер жүргiзу; 
      4) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң валюталық бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдарының өзара iс-қимыл саласындағы ынтымақтастығының өзге де мәселелерi бойынша өзара iс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.

6-бап     

1. Осы Келiсiмге қатысушы  әрбiр мемлекет (егер ахуал экономикалық  саясаттың басқа шараларымен шешiлуi мүмкiн болмаса) ерекше жағдайларда валюталық шектеулердi бiр жылдан аспайтын мерзiмге енгiзуге құқылы. 
      2. Ерекше жағдайларға: 
      1) ырықтандыру шараларын жүзеге асыру кезiнде экономикалық және қаржылық ахуалдың нашарлауына әкеп соғуы мүмкiн жағдайлардың туындауы; 
      2) оның салдарынан алтын-валюта резервтерi жол берiлетiн деңгейден азаюы мүмкiн төлем балансындағы ахуалдың терiс дамуы; 
      3) ырықтандыру шараларын жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiң қауiпсiздiк мүдделерiне зиян келтiруi және қоғамдық тәртiптi қолдауға кедергi келтiруi мүмкiн жағдайлардың туындауы; 
      4) мемлекеттiң валюта бағамының күрт ауытқулары жатады. 
      3. Валюталық шектеулердi енгiзу туралы хабарламаларды Тараптың бiрi басқа Тараптарға осындай шектеулер қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап 15 күннен кешiктiрмей жiбередi.

7-бап     

1. Осы Келiсiмдi iске асыру: 
      1) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң тиiстi уәкiлеттi органдарының осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi iс-шараларды келiсу мақсатында консультациялар жүргiзуi; 
      2) осы Келiсiмнiң 3-5-баптарының ережелерiн iске асыру үшiн жекелеген жағдайларда тиiстi халықаралық шарттар жасау арқылы жүзеге асырылады. 
      2. Тараптар осы Келiсiмнiң 3-5-баптарының ережелерiн iске асыру үшiн халықаралық шарттарға қол қоюдың мынадай мерзiмдерiн айқындады: 
      1) осы Келiсiмнiң 3-бабы бойынша осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң орталық (ұлттық) банктерi арасындағы шарттарға қол қою - 2011 жылғы қыркүйекке дейiн; 
      2) осы Келiсiмнiң 4-бабы бойынша осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi мен орталық (ұлттық) банктерi арасындағы шарттарға қол қою - 2011 жылғы қыркүйекке дейiн; 
      3) осы Келiсiмнiң 5-бабы бойынша осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi мен орталық (ұлттық) банктерi арасындағы келiсiмдерге қол қою - 2011 жылғы қыркүйекке дейiн.

8-бап     

 Осы Келiсiмнiң ережелерi олар қатысушылары болып табылатын  басқа халықаралық шарттардан туындайтын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

9-бап     

 Тараптардың өзара  келiсiмi бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.

10-бап     

 Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiрумен және (немесе) орындаумен байланысты Тараптар арасындағы даулар бiрiншi кезекте келiссөздер мен консультациялар жолымен шешiледi. 
      Егер дауды бiр дауласушы тараптың басқа дауласушы тарапқа бағыттап келiссөздер мен консультациялар жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiш жiберген күнiнен бастап алты ай iшiнде олар арқылы дауласушы тараптар реттей алмаса, онда дауласушы тараптар арасында оны шешудiң тәсiлiне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде, кез келген дауласушы тарап бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға жiбере алады.

11-бап     

 Осы Келiсiм депозитарий  болып табылатын Еуразиялық экономикалық  қоғамдастықтың Интеграциялық комитетi  алған, оның күшiне енуi үшiн  қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлаған күннен бастап 30 күн өткен соң күшiне енедi. 
      Осы Келiсiм 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру туралы келiсiмнiң және 2007 жылғы 6 қазандағы Бiрыңғай кеден аумағын құру және кедендiк одақты қалыптастыру туралы шарттың қатысушылары болған басқа да мемлекеттердiң оған қосылуы үшiн ашық. Осы Келiсiмге қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады. 
      Қосылған мемлекеттерге қатысты осы Келiсiм депозитарий қосылу туралы құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшiне енедi.


Информация о работе Валюталық саясат