Сыртқы аудит және оның ерекшелігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 19:26, курсовая работа

Описание работы

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды іске асыру үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.

Содержание

Кіріспе

1.1 Аудиттің пайда болуы мен дамуы, мәні және түрлері

1.2 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі

1.3 Ішкі аудитті өткізу мақсаттары мен талаптары

1.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

курсовая аудит.docx

— 46.90 Кб (Скачать)

 

Жоспар

 

Кіріспе

 

1.1 Аудиттің пайда болуы мен  дамуы, мәні және түрлері

 

1.2 Сыртқы аудит және оның  ерекшелігі

 

1.3 Ішкі аудитті өткізу мақсаттары мен талаптары

 

1.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

   Қазіргі  нарық жағдайындағы экономикалық  бақылаудың перспективті және  тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз  бақылау болып отыр.Тәуелсіз бақылауды  өз қызметін тапсырыс иесі-клиент  есебінен шартты коммерциялық  негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді. 

   Аудиттің  ақпараттық негізі бухгалтерлік  есеп болып табылатындықтан ұйымдарды  тексеретін аудиторлар бухгалтерлік  есептеме нақтылығымен олардың  аудиторлық дәлелдерін және өндірісті  жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды,  жобаларды бизнес жоспарлармен  жоспарларды жасау үшін дәйекті  ақпараттар алу және қызмет  процесін басқарудың тиімділігін  арттыру мақсатында басқа іс-шараларды  іске асыру үшін тексерудің  арнаулы әдістері мен тәсілдерін  қолдана білу керек. 

   Аудит  – бұл біздің еліміздегі акционерлік  қоғамдардың, серіктестіктердің  және басқа да шаруашылық жүргізуші  субьектілердің қызметін экономикалық  талдаудың және қаржылық бақылаудың  салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру  қызметі жүзеге асырылмаған деп,  айтуға болмайды. Алайда көптеген  операциялық мазмұны жағынан  бір-біріне жақын болса да, ревизия  мен аудит екеуі бір ұғымды  білдірмейді. Аудит бақылаудың  шығармашылық дамуын білдіреді.  Ол экономикалық бақылаудың формалары  мен түрлерін кемітпей, керісінше  толықтырады. 

   Аудиторлық  іс экономикалық талдау,кешенді   құжаттық тексеру, балансты немесе  сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен  тексеру туралы біздің ұғымымыздан  бөлек болса да аудитор өзінің  міндетін жүзеге асыру барысында  аты аталғандардың және есептік,  бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының  рәсімдерін пайдаланады. 

   Тексеру  және бақылау түсініктеріне қарағанда,  аудит ұғымының аясы кең, өйткені  бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің  шындыққа жанасымдылығын тексеруді  ғана білдірмей ғылыми негізде  шығындарды ұтымды ету мен  табысты оңтайландыру үшін шаруашылық  қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды  да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке  келісімшарт негізінде жүзеге  асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік  есеп, ішкі бақылау және қаржылық  есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау,  ресурстарды пайдаланудың тиімділігін  арттыру және шаруашылық жүргізуші  субьектілердің табысын өсіру  мақсатында кеңес беретін бизнес  сараптамасының өзінше бір түрі  ретінде анықтама беруге болады.

      Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық  есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын  тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер  мен кеңес беру, бухгалтерлік  есеп жүргізу мен қалпына келтіру.  Ұйымның активтері мен міндеттемелерін  бағалау, салық декларациясын  толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке  экономикалық талдау жүргізу  бойынша тұтынушыларға қызметтер  ұсынатын аудиторлық фирмалардың  кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

   Қаржылық  есеп беру аудиттің мақсаты-  аудиторға қаржылық қорытынды  есепті құрудың белгіленген концептуалдық  негізіне сәйкес барлық елеулі  аспектілер бойынша қаржылық  қорытынды есептің дайындалғаны  жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін  беру. Аудит мақсатының стандартты  анықтамасына қарамастан , аудит  мақсаты дегенде аудитордың алдына  тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз  керек.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Аудиттің пайда болуы мен дамуы, мәні және түрлері

 

    Қазіргі  аудит 19-ғасырдың аяғында кәсіпорынның  жеке заңды тұлға ретінде пайда  болу кезінен бастап өзгерістерге  ұшырады. Бұл меншік құқығын  басқарудан бөлуге әкелді және  соның нәтижесинде шешімдерді  қабылдаудың күнделікті процесіне  қатыспаған меншік иелерінің  акционерлердің акционер мен  директор бір адам болып табылатын  шаруашылықты жүргізудің шағын  субьектілерінен басқасының құқығын  қорғау қажеттігі пайда болады. Акционерлер басқарушылар мен  кәсіпорынның оларға бағынатын  бухгалтерлері ұсынатын қаржылық  ақпаратқа ғана сүйене алмайды.  Жиі болатын банкроттық әкімшілік  тарапынан болатын алдау қаржылық  салымдар тәуекелін елеулі арттырды. Қаржылық ақпарат дұрыстығын  тексеру және қаржылық есептемені  дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой  бухгалтерлер шақырылды. Аудиторларға  қойылатын басты талап оның  асқан адалдығы мен тәуелсіздігі. Басқа жағынан кәсіпорынның өз  мүлігі мен атқарылған шаруашылық  операцияларын есепке алу , барлық  мүдделі жақтар пайдалана алатын  бухгалтерлік есептемені ұсыну  міндетті тәуелсіз ведомстводан  тыс қаржылық бақылау-аудит қажеттігін  тудырды. Кәсіпорын қызметін тексеру  заңмен жүктелген салықтық органдар  оны қажет жағдайда өз құзыреті  шеңберінде ғана іске асырады.  Сондықтан өзіне осы міндеттерді  алатын арнаулы басқарма немесе  қызметті құру қажеттілігі пайда  болады.

    Бухгалтерлік  есеп күрделенуіне байланысты  аудитордың кәсіби дайындығы  қажетті шартқа айналып отыр. Осы кезден бастап кәсіби аудиторлар  қызметіне деген қажеттілігі  өскені байқалады. Аудиторларды  оқыту, аттестациялау және аудиторлық  қызметті реттеуді жүргізетін  кәсіби бухгалтерлік ұйымдар  пайда бола бастады. 

    Барлық  елдер кәсіпорындар ме ұйымдардың  қызметін бухгалтерлік есеп аудиторларды  бақылау келесідей құрамдар көмегімен  іске асырылады: 

    -салық  заңын қамтитын заң; 

    -бухгалтерлік  есеп пен аудит стандарттары , кәсіби органдар білдіретін пікірлер  мен түсіндірмелер; 

    -қор  биржасының талаптары.

   Жалпы  құқықтық құқық дәстүрлері тән  ағылшын тілді АҚШ пен Австралия  сияқты елдерде негізгі акцент  заңға емес қаржылық есеп стандарттары  бюросы (АҚШ) секілді кәсіби органдар  орнатқан стандарттарға жасалады.

   Азамат  кодексіне тән құқықтық дәстүрлері  бар Еуропа елдерінде және  Жапония мен Африканың кейбір  елдері сияқты бухгалтерлік есептің  Еуропалық жүйесіне негізделген бухгалтерлік есеп жүйесіне ие елдерде негізгі акцент заң мен салықтың талаптарға қойылады.

   Көптеген  елдерде бухгалтерлер мен аудиторлар  топталатын бірнеше кәсіби ұйымдар  бар. Мысалы, Ұлыбританияда осындай  алты ұйым бар. Көптеген елдерде  аудиторлардан келесілердің болуы  талап етіледі: 

   а)сәйкес  кәсіби органға мүше болу;

   ә)практикалық  және теориялық емтихандарды  не кәсіби органдар не сәйкес  үкіметтік департамент орнататын  сәйкес академиялық және кәсіби  біліктілік. Экономика облысы немесе  сәйкес пән бойынша университет  дәрежесі жиі талап етіледі; 

   б)бухгалтерлік  немесе аудиторлық жүйедегі практикалық  жұмыстың жеткілікті тәжірибесі;

   в)  «қажетті және сәйкес» мәртебе,  яғни соңғы кезде аудитор қандай  да бір күрделі қылмысқа , әсіресе  қаржылық тәртіп бұзушылықпен  байланысты қылмыстарға қатысты  болмауы керек.

   Компаниялар  туралы еуропалық заң директиваларды  заң директивалары Еуропалық  одаққа мүше елдер арасында  аудит пен бухгалтерлік есепті  реттеу процесін сәйкес үйлесімділікке  әкелді. Төртінші директива есеп  беру форматтарын анықтайды, 7-ші  консолидация (топтау) мәселелерін  , 8-ші аудиторларға тікелей қатысты  мәселелерді қарастырады. Көрсетілген  директивалар мүше елдердің ұлттық  заңына алынған минималды талаптарды  сақтайды. Дербес қосымша талаптарды  қабылдай алады, бірақ ол директива  қоятын талаптарды азайта алмайды.  Сонымен , түрлі мүше елдер  талаптары арасында елеулі ерекшеліктер  сақталады. 

    Аудиторларға  қатысты 8-ші директива үкімет  аудиторлар қызметін ережелері  жоғарыда аталған а) және в)  пунктеріндегі сұрақтарға қатысты  танылатын біліктілік органдарының ( Ұлыбританиядағы бухгалтерлер  ассоциациясы сияқты) көшілігі де  танылатын бақылау органдары  болып табылады.

   Еуропалық  одақ шеңберінде, сонымен бірге  одан тыс елдердің көпшілігі  өз елінде аудитор ретінде  әрекет ету құқығын алған адамдарға  жергілікті тілде баяндалған  жергілікті заң мен салық салу  мәселелері бойынша емтихан тапсыру  арқылы қабылдаушы елде аудитор  ретінде әрекет етуге рұқсат  беретін ережелерге ие. Көрсетілген  ережелер өзара мойындау ережелері  ретінде белгілі және басқалармен  қатар Бүкіләлемдік сауда ұйымының  бақылау пәні болып табылады. Оларды қызмет көрсетуді сату  бойынша бас келісім ( GATS ) және  Солтүстік американдық еркін  сауда ассоциациясымен   (NAFTA) қарстырылып,  бекітілген. Іс- жүзінде олардың  жұмысы күрделі болып табылады, себебі елдер өзінің меншік  біліктілігін қорғау және өз  стандарттарының шетелдік біліктілікпен араласып кетуінен сақтау мүмкіндігін іздейді. 

 

Аудиторлық  қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен  кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу  мен қалпына келтіру. Ұйымның  активтері мен міндеттемелерін  бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға  қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың  кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

   Қаржылық  есеп беру аудиттің мақсаты-  аудиторға қаржылық қорытынды  есепті құрудың белгіленген концептуалдық  негізіне сәйкес барлық елеулі  аспектілер бойынша қаржылық  қорытынды есептің дайындалғаны  жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін  беру. Аудит мақсатының стандартты  анықтамасына қарамастан , аудит  мақсаты дегенде аудитордың алдына  тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз  керек. 

    Нарықтық  қатынастар жағдайында көптеген  кәсіпорындар, банктер, сақтандыру  компаниялары, көлік және коммерциялық  ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар  мен қызмет көрсетулерді орындау  , коммерциялық операцияларды ақша  қаражаттары мен инвестицияларды  займын жүргізу бойынша сан  алуан келісім – шарттық қатынастарға  түседі. Қажетті ақпаратты алудағы  мәмілеге қатысушылар арасындағы  осы қатынастардың нақтылығын  тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз  аудитор ғана дәлелдей алады. 

   Жеке  және ұжымдық меншік иелері- акционерлер,  жарнашылар, сонымен қатар кредиторлар  өз қызметтерінің саласында барлық  көптеген қаржылық және шаруашылық  операциялардың заңға сәйкес  орындалғанына және бухгалтерлік  жазбалармен тоқсандық және жылдық  есептерде дұрыс көрсетілгеніне  өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен  айрылған. Ұйым қызметі мен оның  заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық  тексеру мемлекетке де экономика,  қаржыландыру, несие беру, инвестициялау  және салық салу саласында  қажетті шараларды қабылдау үшін  қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық  экономика салалары мен аймақтар  бойынша жүргізілетін аудиторлық  тексерулер өздерін қызықтыратын  қаржылық еептеме нақтылығын  дәлелдеу үшін республиканың  мемлекеттік органдары, министрліктер  мен ведомстволар, соттар, прокуратураға  және басқаларға қажет. 

   Аудиттің  маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне  қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

   - экономикалық  субьектілердің (фирмалар,акционерлік  қоғамдар)

   -салық  қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;

   -қаржылық  есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;

   -аудиторлардың  меншік иесі мен мемлекеттің  мүдделерін қорғау, сонымен бірге  есеп және қорытынды есеп беруді  қамтамасыз ету  мақсатында.

   Ішкі  пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің  акционерлеріне , директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін  дұрыс қабылдау үшін қателер  мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті  қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы  пайдаланушылар да ұйымның қаржылық  жағдайына қызығушылық білдіреді. 

   Аудитке  деген қажеттілік меншік құқығы  мен кәсіпорынды басқару бөлінген  кезде пайда болады. Бірақ осындай  аудитті жүргізуге деген заң  талаптары жоқ кезде де қаржылық  есеп беру аудитіне тән белгілі  басылымдылықтар болады.

   Меншік  иелену құқығына негізгі өзгерістер  енгізу процессі, егер бұрынғы  есеп берулер екі жеке серіктес  шаруашылықты жүрргізудің жаңа  обьектісін құру үшін өз бизнесін  біріктірген кездегідей деген  ескерту болмаған аудиторлық  қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз  етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған  қаржыландыруды беру туралы өтініш  тексерілген есеп берулермен  дәлелденуі мүмкін.

   Аудитке  кәсіпорын қызметін жан-жақты  тексеру енеді. Сондықтан ол  аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін  жоғарылату жөніндегі конструктивті  ұсыныстар дайындауға мүмкіндік  береді. Фирма қызметкерлерінің  жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін  аудит күшті моральдық ынталандыру  болып табылады. Барлық жазбалар  мен есеп берулер тәуелсіз  адамдармен талдалынады деп түсіну  қызметкерлерді есепті мұқият  және анық жүргізуге , сонымен  қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық  қызметі туралы есептемені құруға  мәжбүр енеді. 

Информация о работе Сыртқы аудит және оның ерекшелігі