Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 13:15, реферат
Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
1. Бәсекелестік
2. Монополиялық реттеу
3. Монополияның түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Монополияның түрлері:
1.табиғи монополия;
2.жасанды монополия.
«Монополияның үш негізгі көзі бар: «Техникалық түсінік», тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім... қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады».
Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады.
Монополиялық бағаның құрылуы, сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр.
Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бәсеке мен монополияның тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың орташа арифметикасы болып табылмайды. Егер рынок келесі белгілермен сипатталатын болса, онда монополистік бәсеке бар деп саналады:
1. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы, мұның үстіне олардың бәрі ұсақ сатушылар (Немесе сатып алушылар) болып келеді.
2.
Рынокқа шығу және одан
3.
Барлық сатып алушылар мен
сатушылар рыноктағы баға
4.
Сатушылардың өнімдері әр
Төртінші белгісі шешуші болып саналады - әрбір өндіруші басқалардан гөрі өзгешелеу, бірақ алмастыруға болатын өнімдерді сатады. Рынокта көптеген сатушылар бар, алайда, олардың әр қайсысыларының өнімдері бір –бірінен басқалау және осы қызымет саласында басқа өндірушілердің сатып жатқан өнімдерінен де өзгешелеу болып келеді. Ол фабрика таңбасына қарап немесе басқаша белгі салу тәсілдерінің арқасында ажыратылады.
Монопалистік бәсеке моделіне қарағанда антирестік заңнама үшін олигополия теориясы өте маңызды болып келеді. Оның негізге постулаты былай, егер рынок бірнеше сатушылардан тұратын болса, онда барлық сатушылар белгілі дәрежеде өздерінің өзара тәуекелділіктерін мойындайды. Сол себептен әрбір сатушы шығарылатын өннің көлемнің және бағасын белгілей отырып, бәсекелестің қабағына да қарайды. Бұл дегеніміз, олигополистер рынктағы өз үлесін ұлғайту мақсатында бағаны төмендетпейді деген сөз, себебі олар өздерімен бәсекелестіктегі сатушылардың да өздеріне дәл солай жауап қатып, бағаны азайтуын күтеді, сонда ғана түскен тауар тез өтетін болады.