Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 22:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының дамуы нарықтық қатынастар тетіктерінің қалыптасуымен сипатталады. Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Реформа жағдайында, бірінші кезеңде, елдің азық-түлік қауіпсіздігін, тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен және олардың жалпы әлеуметтік жағдайының көтерілуін қамтамасыз ету жолға қойылады. Алайда, тұрғындарды жоғарғы дәрежеде азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық кешенінің негізгі сферасы - ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.

Содержание

КІРІСПЕ---------------------------------------------------------------------------------------3
1.Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі---------6
2. Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі----18
3. Өсімдік шаруашылығында өнімнің өзіндік құнына калькуляция жасау----30
ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------------34
ҚОСЫМШАЛАР--------------------------------------------------------------------------38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------------------42

Работа содержит 1 файл

өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп ерекшелігі.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

      4.  Тамыртүйнекті дақылдар: картоп; ашық топыраққа егілетін көкөніс дақылдары (капуста және басқалар); қорғалған топыраққа егілетін көкөніс шаруашылығы   (сабағы алынатын жуа, қияр жәнс баскалары);

      5.  Тамыр түйнекті және бақша  дақылдары: Жемдік тамыр түйнекті  дақылдар: жемдік сәбіз, тарна  және басқалар; жемдік бақша дақылдары  (қарбыз, асқабақ) және басқалар;

      6.  Жемге арналған тамыртүйнекті және бақшалық дақылдардың өркендері мен тұқымдары (дақылдар бойыпша);

      7.  Гүл шаруашылығы (ашық топырақта,  жабық топырақта) - дакылдар бойынша;

      8.  Гүл дақылдарының (бір жылдық, екі  жылдык, көп жылдық) тұқым шаруашылығы;

      9.  Питомниктер және егілетін көшеттер (жеміс дақылдары меп көп жылдық  өсімдіктер, жеміс дақылдарының  тұқым питомниктері және басқалары);

      10.  Өсімдік шаруашылығы бойынша  аяқталмаған өндіріс (болашақтағы  жылдардық өнімдеріне арналған шығындар) -  аяқталмаған өндіріс түрлері бойынша.

      Жекелеген талдау шоттарында бақтар мен питомниктердің, қатар аралықтардағы егіс өнімдерінің шығындары мен шығымдары есепке алынады.

        5Жекелеген талдау шоттарында    жекелеген дақылдарды өсіру жөніндегі шырындарға жатқызуға болмайтын егіс алдындагы жұмыстар (қар тоқтату, көң тасу, тыңайтқыштар жеткізу және басқалар) жөніндегі шығындар да есептеледі. Бұл жұмыстар жөніндегі шығындардың есебі егін шаруашылығындағы қолданылатын баптардың номенклатурасы бойынша жүргізіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыстар жөніндегі есептелген шығындар белгілі бір дақылдарға бөлінген егіс көлеміне пропорциялы түрде шығындар бабы тұрғысынан жатқызылады. Бұл үшін әрбір бап бойынша есептелген шығындар жұмыс жүргізілген жердің жалпы гектар санына бөлініп, 1 гектарға жұмсалған шығын сомасын табады. Анықталған шығындарды нақты дақылдар егілген гектар санына көбейтіп, осы дақылға (дақылдар тобына) жұмсалған шығындарды анықтайды.

        Есеп объектілері жөніндегі шығындардың талдау есебі егін шаруашылығында шығындардың мынадай баптары бойынша жүргізіледі.

        1.  «Еңбек ақы төлеуге арналған шығындар» - жұмысшылардың, соның ішінде тікелей өндірістік технологиялық процесінде  істеуге   тартылған (жалданған)   адамдардың   еңбегіне   төленген    ақы.    Егер  еңбек   ақы  төлеудің  жекелеген түрлері өндірісте жұмыс істелмеген уақыт үшін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есептелген төлемдерді есеп объектісіне тікелей жатқызу мүмкін болмаса аталған ақы есеп объектісіне тікелей еңбек ақы төлеуге пропорциялы түрде бөлінеді. Еңбек ақы ақшалай есептелгенде 20-шоттың 1-субшотының дебетіне, 70-шоттың кредитіне жазылады. Еңбек ақы заттай төленген жағдайда 20-шоттың 1-субшотының дебетіне,  70-шоттың кредитіне жазылады.

      2.  «Әлеуметтік қауіпсіздендіру бойынша  есеп айырысу» - өсімдік  шаруашылығында  жұмыс істейтін    қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындардан нормативтер бойынша анықталатын әлеуметтік сақтандыру жарнасы. Әлеуметтік қауіпсіздендіруге  арналғал қаржыны  есептегенде 20-шоттың   1-субшоты дебеттеліп, 69-шот кредиттеледі.

      Атқарылған  жұмыстың, өнім өндірудін көлемін  есепке алу және еңбек ақы төлеу есебі бригадирдін еңбек және атқарылған жұмысты есептеу кітапшасында, еңбек пен атқарылған жұмысты есептеу парақтарында, жол парақтарында, нарядтарда және басқа да түп-нұсқа құжаттарда жүргізіледі. Қосымша жалақы мен еңбекке белгіленген тәртіппен заттай төленетін ақы арнаулы есептеулер мен ведомостар негізінде өндіріс шығынына енгізіледі. Жалгерлік аванс сомасы және жыл аяғында шаруашылық есеп табысының түпкілікті анықталып, еңбекке ақы төлеуге бағытталған сомасы да осы бапқа жатқызылады.

        3.  «Тұқым және отырғызылатын материал» - өзі өндірген және сатып алынып, егуге пайдаланылатың (күрделі қаржы есебінен отырғызылатын көпжылдық жас көшеттерден басқасы) тұқым мен егілетін материалға жұмсалатын шығындар. Тұқымдарды егуге әзірлеу, оларды егілетін жерге тасып жеткізу жөніндегі шығындар тұқым құнына қосылмайды, қайта шырындардың баптарына сәйкес дақылдар бойынша есептелетін шығындарға жатқызылады. Сиреп қалған жерлерге немесе егіні өліп қалған жерлерге үстемелеп себуге кеткен тұқымның бағасын да осы бап бойынша есептейді.

        Өндірістік бөлімшелерге тұқым мен отырғызылатын материалдар алу карталары мен накладнойлар бойынша қатаң белгіленгсн мөлшер шегінде беріледі; өндіріске жұмсалған тұқым мен отырғызылатын материалдарды есептен шығару тұқым мен отырғызылатын материалдардың шығын актысы (Ф. № 119) бойынша жүргізіледі. Жалгерлік жағдайда тұқым чек-накладной бойынша беріледі және қоймадан берілетін сәтте жалгерлік ұжымдардың, материалдық шығындарына есептен шығарылады. Жұмсалған тұқым мен отырғызылатын материалдардың құнына 20-шоттың 1-субшотын дебеттеп, 10-шоттың «Тұқым және мал азығы» атты 11-субшотын кредиттейді. Жыл бойында тұқым мен отырғызылатын материалды (өткен жылдардағы және осы жылғы өзі өндірген) олардың нақты өзіндік құнының жоспарлы-есептік баға бойынша құнынан айырмашылығын есепке ала отырып жоспарлы-есептік баға бойынша шығындарда есепке алады.

      4. «Тыңайтқыштар» - өнеркәсіпте өндірілетін микро және бактериялық тыңайтқыштарды қоса, минералдық тыңайтқыштарды, сондай-ақ органикалық (көң, шымтезек, компост т. б.) тыңайтқыштарды топыраққа енгізуге жұмсалатын шығындар. Минералдық және органикалық тыңайтқыштар шығынын бөлек жоспарлап, есепке алады. Тыңайтқыштарды топыраққа енгізуге әзірлеу, тиеу, егістікке шығару, лақтырғыштарға тиеу және оларды енгізу жөніндегі шығындарды шығынның тиісті баптары бойынша ауылшаруашылық дақылдарына (дақылдар тобына) немесе жалгерлік ұжымдарға жатқызады онда оны бұл бапқа кіргізбейді. Минералдық тыңайтқыштар көлік-жөндеу шығындарын қоса есептегендей сатып алу барысы бойынша немесе нақты өзіндік құнның осы бағамен алғандары құннан ауытқуын бөліп тастағандағы жоспарлы-есепті бағасы бойынша бағаланады. Органикалық тынайтқыштар шаруашылықта белгіленген баға бойынша немесе өндірістің (шым-тезек, қорда) нақты өзіндік құны бойынша бағаланады. Талдау жағдайында барлық тыңайтқыштарды жоспарлы-есептік бағамен бағалайды.

      Бөлімшелерге  тыңайтқыштар алу карталары немесе накладной бойынша босатылады (жал  жағдайында - чек-накладной бойынша босатылады). Қоймадан берілген тыңайтқыштар тікелей жалгерлік ұжымдардың материалдық шығындарына есептен шығарылады. Өндіріске тыңайтқыштар беру «Минералдық, органикалық және бактериялық тыңайтқыштарды, ұлы химикаттар мен гербицидтерді пайдалану» Актісі (Ф. № 48) бойынша жүзеге асырылады. Жұмсалған минералдық тыңайтқыштардың құнына 20-шоттық 1-субшотымен дебеттеліп, 10-шоттың «Тыңайтқыштар» деген 9-субшоты кредиттеледі; органикалық тыңайтқыштардың құнына 20-шоттың 1-субшоты дебеттеліп, 20-шоттың 2-субшоты (өнімді малдан алынған көң мен қи) және 23-шоттың «Күш көлігі» дебет 6-субшотымен (күш көлігінен алынған көң) кредиттеледі; жасыл тыңайтқыштар құнына 20-шоттын 1-субшоты дебеттеліп және кредиттеледі.

      5.  «Өсімдіктерді қорғау    құралдары» - пестицидтер, уландырғыштар, гербицидтер, дефолианттар және арамшөптерге, зиянкестерге,    ауыл    шаруашылық    дақылдарының    кеселдеріне    қарсы күресу үшін пайдаланылатын басқа да химиялық, сондай-ақ биологиялық құралдарды сатып алу мен сақтауға арналған шығындар. Шаруашылықтың өз құралдарын пайдалана отырып, егісті аталған заттармен өңдеу (себу, бүрку, дефолиациплау және басқа жұмыстар) жөніндегі шығындары бұл бап бойынша көрсетілмейді, қайта шығындардың тиісті баптары (жалгерлік ұжымдар) бойынша тиісті дақылдарға (дақылдар тобына) немесе көпжылдық өсімдіктерге жатқызылады. Өсімдіктерді қорғау құралдарын босату мен шығысқа жатқызу тыңайтқыштарды босату мен шығысқа жатқызу үшін қолданылатын тәртіп сияқты жүргізіледі (20-шоттағы субшоттың дебеті, 10-шоттағы 10-субшоттың кредиті).

        6.  «Жұмыстар мен қызметтер» - өздеріндегі қосалқы өндірістердің жұмысы мен қызметіне, бөгде кәсіпорындардың қызметіне (шығындары басқа шығын баптарына енетін жұмыстар мен қызметтерден басқасына) арналған шығындар. Мәселен, бұл бап бойынша автомобиль және көлік малының қызметі, тікелей өнім өндіруге жұмсалатын жүктерді, тасып жеткізу жөніндегі материалдық ресурстарды   (тұқымды, тыңайтқыштарды,    мұнай" өнімдерін және т. б. орталық қоймалардан, өндірістік бөлімшелердің қоймаларынан және олар тұрақты сақталатын басқа орындардан егістікке, дала қосына,    тракторлар мен машиналарды    май құятын жерлерге, жұмысшыларды егістікке тасу, өнімді егістіктен оны сақтайтын  немесе пайдаланатын жерлерге жеткізу жөніндегі)   трактормен атқарылатын тасымал жұмыстары жоспарланып, есептеледі. Аталған шығындар дақылдар, аяқталмаған өндіріс жұмыстарының  түрлері арасында   өндіріс процесінде   атқарылған жұмыс көлеміне пропорциялы түрде тонна-километрмен есептеліп, жүк тасу бойынша бөлінеді. Тасымал қызметін бөлудің басқа да әдістері қолданылуы мүмкін, алайда бұл орайда олардың әрбір өнім түрінің өзіндік құнында неғұрлым негізделіп, толық көрсетілуі қамтамасыз етілуге тиіс. Бөгде кәсіпорындар мен ұйымдар атқарған механикаландырылған, тасымал және басқа ауыл шаруашылық жұмыстары бойынша олардың қызметіне ақы төлеуге арналған шығындар осында ескеріледі. Электрмен, сумен, жылумен және газбен жабдықтау жөніндегі қызметке жұмсалатын шығындар да осы бапқа жатқызылады, Сырт кәсіпорындар көрсететін агрохимиялық қызметке жұмсалатын шығындар улы химикаттар мен тыңайтқыштардың құнына қосылмай, қайта осы бап бойынша есепке алынады. Бөгде кәсіпорындардың механикаландырылған, тасымал және басқа жұмыстар бойынша көрсеткен қызметіне ақы төлеуге арналған шығындар да осы бапта есепке алынады. Қосалкы өндірістердің жұмысы мен қызметі жыл ішінде аткарылған жұмыс пен көрсетілгең қызмет көлемін, осы өнімнің біреуінің жоспарлы өзіндік құнын негізге ала отырып, өндіріс шығынына жатқызылады да, жыл аяғында калькуляциялық айырмаларды тиісті есеп объектілерге жатқызу жолымен нақты шамасына дейін жеткізіліп түзетіледі;

        7. «Негізгі құралдарды ұстауға жұмсалатын шығындар» - тікелей өсімдік шаруашылығыңда (күтіп ұстау мен пайдалануға, амортизация мен жөндеуге) пайдаланылатын негізгі құралдарды ұстауға арналған шығындар. Арзан бағалы және тез тозатын заттар мен құрылғылардың тозуы мен оларды қалпына келтіруге арналған шығындар нақ осы бап бойьшша есептеледі. Осы бап бойынша шығындар құрамында мыналар жоспарланып, есепке алынады: негізгі құралдарды күтіп-баптайтын қызметкерлерді (ауыл шаруашылық өнімін өндіретің технологиялық процесте істейтін тракторшы-машинистерден басқаларын) әлеуметтік сақтандыруға каржы бөлуге қоса еңбек ақы төлеу; тракторлар мен өздігінен жүретін машиналардың бір жұмыс учаскесінен екіншісіне баруын қоса алғанда, механикаландырылған жұмыстарды орындауға пайдаланылатын отын мен жағар материалдарға арналған шығындар; қосалқы материалдар мен отынға (мұнай өнімдерінен басқалары), қосалқы өндірістердің, сондай-ақ бөгде ұйымдардың қызметіне арналған шығындар және негізгі құралдарды күту мен пайдалануға байланысты басқа да шығындар; сол бөлімшеге бекітіліп берілген тракторлар мен машиналарды қоса алғанда, негізгі құралдар бойынша амортизациялык, қаржылар, сондай-ақ шаруашылық ішіндегі негізгі мелиорациялық құралдар, жеміс беріп тұрған көп жылдық өсімдіктер, жерді жақсарту жөніндегі саймандарға жатпайтын сипаттары күрделі шығындар.

      Негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығындарға мыналар жатады: негізгі құралдарды жөндеу жұмыстарын орындайтын жұмысшыларды әлеуметтік қауіпсіздендіруге бөлінетін қаржыларға қоса еңбекке ақы төлеу; қосалқы бөлшектердің, жөндеу-құрылыс материалдарының құны, соның ішінде техникалық қызмет көрсету пункттерін, шеберханаларды (оның ішінде өнеркәсіп орындарының құрамына бөлінгендерін), жөндеу-құрылыс цехтарын, сондай-ақ басқа ұйымдарды жөндеуге пайдаланылатын мұнай өнімдерінің құны жатады.

      Негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығындар құрамында пленкалы жылыжайларды, парниктерді жөндеуге кеткен шығындар, сондай-ақ тракторлар мен машиналардың шынжыр табандары мен резина шиналарын жөндеуге және алмастыруға жұмсалған шығындар көрсетіледі. Жылыжайлар мен парниктерді жөндеуге кеткен пленканың құны оларды жөндеуге кеткен шығынның құрамында есептеледі. Одан сату бағасы бойынша тозған пленканың құны шегеріліп тасталады.

      Негізгі құралдарды күтіп-баптауға арналған шығындар жекелеген дақылдардың өнімі мен аяқталмаған өндіріс түрлерінің құрамына мынадай тәртіппен: тар өрісті мамандықта пайдаланылатын негізгі құралдарды күтіп ұстауға арналған шығындар - тиісті дақылдар өнімінің өзіндік құнына; тракторлар - олардың жекелеген дақылдар үшін атқарған механикаландырылған жұмыстар көлеміне пропорциялы түрде; топырақ өңдейтін машиналар - дақылдар үшін өңделген жер көлеміне пропорциялы түрде; сеялкалар - дақылдар бойынша егіс көлеміне пропорциялы түрде; дакылдардың өнімін жинауға пайдаланылатын негізгі құралдар - жинаған жер көлеміне пропорциялы түрде; топыраққа тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар-дақылдар үшін енгізген тыңайтқыштардың, нақты салмағына пропорциялы түрде; мелиорациялық қорлар - егіс көлеміне пропорциялы түрде; астық қоймалары, көкөніс қоймалары - тиісті дақылдар өнімі алып жатқан жайлар көлеміне пропорциялы түрде жатқызылып, қоймада сақталатын дақылдар өнімінің өзіндік құнына есептеледі және т. т. негізгі құралдарды күтіп ұстау жөніндегі шығындарға 20-шоттың 1-субшоты дебеттеліп, қызметкерлерді әлеуметтік қауіпсіздендіруге бөлінген қаржы мен еңбекке ақы төлеуге - 69, 70; материалдарға, мұнай өнімдеріне, құрылыс материалдарына, қосалқы бөлшектерге, арзан бағалы және тез тозатын заттар мен олардың тозуына - 10, 12, 13; машина-трактор паркінің өз қосалқы өндірістері атқарған және сырттан қабылданған жұмыстар мен қызметтерге - 23, 60, 76; негізгі қорлардың амортизациясына - 02-шоттары кредиттеледі.

      8. «Өндірісті ұйымдастыру және басқару жөніндегі шығындар» - кәсіпорынның бригадаларында, цехтарында және өзге де өндірістік бөлімшелерінде өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі және кәсіпорынды басқару мен жалпы өндірісті ұйымдастыру жөніндегі шығындар, яғни бригадалық, цехтық және жалпы шаруашылық шығындары.

      Бригадалық  және цехтық шығындар жыл бойында 25-шоттың 1-субшотында есепке алынады. Бұл шотта есептелген шығындар жыл аяғына тұқымға жұмсалған шығындарды қоспағанда, жалпы шығындар сомасына (өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі шығындар қосылмайды) есеп объектілері арасында пропорциялы түрде бөлінеді. Бөлінген шығындар сомасына 20-шоттың 1-субшоты дебеттеліп, 25-шотты; 1-субшоты кредиттеледі.

      Жалпы шаруашылық шығындар жыл бойы 26-шотта есепке алынады, олар жыл аяғында бөлу тәртібімен осы салаға келетін үлесінде өсімдік шаруашылығы өнімінің өзіндік құнына енгізіледі. Бөлінген шығындар сомасына 20-шоттың 1-субшоты дебеттеліп, 26-шотт кредиттеледі.

        Жалгерлік қатынастаржағдайында жалпы өндіріс және жалпы шаруашылық шығындары нормативтік мөлшерде өндіріс шығындарына қосылады (20-шоттағы 1-субшоттың дебеті, 96-шоттағы 10-субшоттың кредиті, «Басқару аппаратын ұстау»; нақты шығындар жыл аяғында 25 және 26-шоттардың кредитінен 96-шоттың дебетіне жазылады).

        Жалпышаруашылық шығындары жалпы өндіріс шығындары сияқты өзіндік құнды есептейтін әртүрлі объектілер арасында бөлінеді. Жалгерлік жағдайында жалпы өндіріс және жалпышаруашылық шығындары дақылдарға бөлінбейді, қайта жалгерлік ұжым бойынша есептелген жалпы шығындар сомасына жатқызылады.

        9. «Банкілердін қысқа мерзімді несиелері бойынша проценттер төлеу» - Мемлекеттік банк белгіленген тәртіп пен ставкалар бойынша төленген банкілердің қысқа мерзімді кредиттері жөніндегі проценттер.

      10. «Өндірістік емес шығындар» (есептегі) - кем шыққан материалдық қазыналар, өнімнің сақтау кезіндегі ысырабы.

        11. «Басқа да шығындар» - өнім өндіруге тікелей байланысты. жоғарыда аталған баптардың ешқайсысына жатпайтын шығындар; пайдалануға берілген қуаты зор жаңа өндіріс объектілерін (парник - жылыжай комбинаттарын және басқаларын) игеруге байланысты іске қосады, жолға қою жұмыстарына жұмсалатын шығындар. Болашақ кезеңдер шығындарынын құрамында ерекше ескерілетін аталған шығындар (олар өндіріс қуаттарын игерудің нормативтік мерзімі ішінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзім ішінде өсімдік шаруашылығы шығындарына жатқызылады); ыдысқа және өнімді буып-түюге арналған шығындар, бұған ыдыс құны өнімді өткізу бағасынаң тыс өтейтін реттер кірмейді; сол өндіріспен, техникалық насихаттау және стандартқа салумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар. Басқа да шығындар әдетте тікелей тиісті дақылдарға жатқызылады. Бұл орайда 20-шоттың 1-субшоты дебеттеліп, 31, 10, 60, т. б. шоттар кредиттеледі.

Информация о работе Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі