Ішкі аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 19:31, реферат

Описание работы

Аудиторлық қызмет тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар жүргізілетін сыртқы аудит түрінде, сонымен қатар қызметі аудиторлық бақылауға алынатын ұйымның мамандандырылған бөлімшесі жүргізетін ішкі аудит түрінде жүзеге асырылады.
Аудиттің екі түрінің де жалпы түпкі мақсаттары көбінесе сәйкес келеді – ол бақылау.

Работа содержит 1 файл

Ішкі аудитті ұйымдастыру.docx

— 42.60 Кб (Скачать)
  1. Ішкі аудитті ұйымдастыру

 

2.1 Ішкі аудиттің  мақсаты, міндеттері және атқаратын  қызметтері

 

«Бақылау жүйесіндегі  аудиттің маңызы және орны» деп аталатын 1-тарауда аудиттің әр түрлі аталып, оларға қысқаша сипаттама берілгенімен, тек сыртқы аудиттің ғана мәселелері мұқият зерттелген. Бұл бөлімде аудиттің негізгі түрлері тереңірек қарастырылады.

Аудиторлық қызмет тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар  жүргізілетін сыртқы аудит түрінде, сонымен қатар қызметі аудиторлық бақылауға алынатын ұйымның мамандандырылған бөлімшесі жүргізетін ішкі аудит  түрінде жүзеге асырылады.

Аудиттің екі түрінің  де жалпы түпкі мақсаттары көбінесе сәйкес келеді – ол бақылау.

Сыртқы аудиттің негізгі  міндеті – тексеру жүргізілген  ұйымның дайындап тапсырған қаржылық қорытынды есебінің шындыққа сәйкестігін  анықтау, оның белгілі бір кезеңдегі  қызметінің нәтижесін және қаржылық жағдайын бағалау. Сыртқы аудит кезең  сайын сырттан шақырылатын аудиторлар немесе әртүрлі аудиторлық ұйымдар  арқылы жүзеге асырылады. Аудиторлық қорытынды  есеп  негізінен жоғары тұрған ұйымдарға, акционерлерге, кредиторларға және тағы басқаларға арналған. Бұл қорытынды  есепті ішкі аудиторлар да өз жұмысында  қолданады.

Ішкі аудитті сыртқы аудитпен салыстырғанда табиғаты, мән-мағынасы, тағайындалуы мен ұйымдастырылуы өзгеше болып келеді. Ең алдымен ескертілетіні, ішкі аудит қызметі (немесе, оны кейде  ішкі ревизия қызметі, ішкі бақылау  қызметі деп те атайды) ұйым ішінде құрылған бөлімше бола отырып, оның қызметін бағалау және тексеру бойынша  жүйелі әрі күнделікті, жұмысты атқарады.

Ішкі аудиттің басты міндеті – басқару мақсатына қол жеткізуді қамтамассыз ету. Бұл үшін ішкі аудит кәсіпорын басшылыған дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін жасалған талдаудың нәтижелерімен, белгілі бір бөлімшенің қызметіне баға беру мен, ұсынстармен және уақытылы дұрыс ақпаратпен қамтамассыз етеді.

Ішкі аудит – кәсіпорынға қызмет көрсету аясында жүргізілетін ішкі бақылау жүйесін талдау үшін менеджмент арқылы анықталатын қызмет. Ішкі аудиттің көмегімен бақылау және талдау іске асырылады, сонымен қатар жүйелерді жақсартуға, жетілдіруге ұсыныстар беріледі.

Оларға қызметтердің мынадай  түрлері тән:

    1. Қаржылық және операциялық ақпараттарды тексеру. Бұл сыртқы аудитордың жұмысымен сәйкес келетін үнемі жалғасатын процесс.
    2. Операциялардың үнемділігін, тиімділігін талдау, оның ішінде қаржылық емес бақылау да бар. Кейде оны «ақша құнының» аудиті деп те атайды.
    3. Заңдар мен ережелер, менеджметтің әртүрлі сыртқы талаптары мен саясатына және басқа да ішкі талаптарға сәйкестікті талдау.

Бұл үшін:

а) активтердің қабыладнуы мен есептен шығарылуының заңды  болғанына және осы активтердің  тиімді түрде пайдаланылуы мен сақталуы қамтамассыз етілгеніне көз жеткізу  керек. Ішкі аудитор активтердің  менеджментін рұқсатына сәйкес алынуы мен сатып-өткізілуіне ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынға тиіселі  активтердің сақталуы қамтамассыз  етеліп жатқандығына сенімді болуы  керек. Мысалы, өндірістік қалдықтардың көлемі кішірейіп, қажетсіз материалдар  мүмкін болғанша қайта өңделіп, өткізіліп  жатыр;

ә) міндеттердің ұйымның  тек құқықтық операцияларына ғана қатысы бар екендігін растау.

4. Ішкі аудит қызметі  орташа және ірі кәсіпорндарда  құрылады. Кейбір жағдайларда қызметтің  осындай түрін құру заңмен  қарастырылады. Яғни, «Акционерлік  қоғамдар туралы» заңының 5-тармағының 33-бабында ұлттық акционерлік  қоғамдарда ішкі аудит қызметінің  міндетті түрде бар болуы керектігі  қарастырылған.

Ішкі аудит қызметінің жұмысы кәсіпорынның жоғарғы басшылығы  бекіткен «Ереже» деп аталатын фирмаішілік  актінің шеңберінде біліктілік, өз бетінше жұмысын іске асыра алушылық және жауапкершілік қағидаларының  негізінде құрылады.

610 «Ішкі аудит қызметінің  жұмысын қарастыру» деп аталатын  ХАС-да былай делінген: Ішкі аудит  оның қызметтерінің бірі ретінде  субьект ішінде жұмысты бағалау  бойынша құрылған қызмет болып  табылады. Басқа да мәселелермен  қоса оның атқаратын қызметтерінің  құрамына ішкі бақылау және  бухгалтерлік есеп жүйесінің  бірдейлігіне, тиімділігіне және  дұрыстығына мониторинг, тексеру,  жүргізу баға беру кіреді.

       Ішкі және сыртқы аудиторлардың арасындағы негізгі айырмашылықтар.

       Мүдделердің жалпы екендыгіне қарамастан, бұл салада түбегейлі айырмашылықтар бар.

 

 Ішкі және сыртқы аудиттің негізгі айырмашылықтары.

 

Айырмашылқ салалары

Ішкі аудитор

Сыртқы аудитор

Масштабы

Менеджмент анықтайды

Заңды анықтайды

Жолдары

Бухгалтерлік жүйенің  тиімділігіне және менеджментті нақты  және маңызды ақпаратпен қамтамассыз  ететіндігіне кепілдеме береді

Акционерлерге ұсынылатын қаржылық қорытынды есеп әдәлетті әрі дұрыс  қөзқарасты білдіретіндігіне сенімді  қамтамассыз етеді

Жауапкершілігі

Менеджменттің алдында

Тапсырыс берушілердің алдында


 

 

 

2.2 Сыртқы аудитор  және ішкі аудитке деген сенімділік 

 

610 «Ішкі аудит қызметінің  жұмысын қарастыру» деп аталатын  ХАС-ы ерекше қызықты, өйткені  ол аудитті қабылдаудың әртүрлі  жақтарын ұсынады.

Қазіргі кезде ішкі аудиторлардың  өзінің айналысатын қызметін бухгалтерлік есеп саласы ретінде емес, «өзінің  бет бейнесі бар» күрделі қызмет ретінде тану тенденциясы байқалуда. Өзінің жұмыс көлемі оларға үлкен  болып көрінетіндіктен, олдар өз кезегінде аудиторлық жүмыспен байланысты қызметпен қатар басқа да әртүрлі қызметпен айналысады.

Ішкі және сыртқы аудиторлардың бірлесіп атқаратын  қызметін тану. Ішкі және сыртқы аудиттің мақсаттарының әр түрлілігіне қарамастан, оларға жету жолдары көп жағдайда ұқсас келеді. Ішкі аудитордың жұмысы сыртқы аудиторлық процедуралардың мерзімі мен дәрежесіне, сипатына өзгерістер енгізу үшін қолданылуы мүмкін. Әрине, сыртқы аудитор өзінің аудиторлық пікірі үшін толық жауапкершілікті ішкі аудиторда сондай дәрежедегі тәуелсіздік бола алмайтындықтан  ғана мойындамайды.

«Ішкі аудитордың тәуелсіздігі сыртқы аудитордың тәуелсіздігінен  өзгеше болып келеді. Ішкі аудитордың тәуелсіздігі олардың ұйым ішіндегі беделімен, яғни атқаратын қызметімен және бағынуымен, сонымен қатар әділеттілігімен  анықталады. Сыртқы аудитор үшін тәуелсіз клиент-фирманың, оның басшалығы мен  иелерінің алдында қандайда бір  міндеттемелердің немесе оларға бағытталған  қаржылық қызығушылықтың жоқтығымен анықталады »

Ішкі аудитті  бағалау. Аудиттің халықаралық стандарттары сыртқы аудиторлардың аудиторлық қызметті жүзеге асырудың тиімді тәсілін жоспарлауға және жасауға көмектесуді жүзеге асыру үшін, сонымен қатар ішкі аудитордың жұмысына сүйенудің керектігін және мүмкіндігін анықтау үшін аудиттің атқаратын қызметтерін жеткілікті дәрежеде біліп-түсінуді талап етеді. Мұндай бағалау кез-келген жағдайда аудиторлық тәуекелділікке және бақылаудың жалпы саясатына аудитордың беретін бағасына ықпал етеді. Ол төмендегі факторларды ескеруі қажет.

1. Ішкі аудиттің ұйымдастырушылық  статусы. Аудитордың жоғарғы басшылыққа  кіре алу, кез-келген операциялық  жауапкершіліктен еркін болу, сонымен  қатар сыртқы аудитормен емін-еркін  түрде қатынас орната алу мүмкіндігі  болуы керек.

2. Ішкі аудиттің атқаратын  қызметтерінің масштабы және  менеджмент ішкі аудитордың ұсыныстарын  орындай ма.

3. Кәсіби мамандану дәрежесі  мен тәжірбие аспектісіндегі  ішкі аудитордың техникалық біліктілігі  – дайындау мен жалдау саясатының  бірдейлігі.

   4. Кәсіби мұқияттылық:  құжаттар және жұмыс бағдарламасы, аудит бойынша тиісті басқарма  растай алатындай ішкі аудитордың  жұмысы жоспарланған, талданған  және құжаттарда көрсетілген  деп қорытынды жасауға бола  ма.

Сыртқы аудитор құжаттарда өзінің ішкі аудитке берген бағасын  көрсетіп, жыл сайын оларды қайта  қарастырып отыруы керек.

    Бұдан басқа,  ол ішкі аудиттің атқаратын  қызметтерінің маңызды кемшіліктерін  анықтағаны туралы менеджменттке  жазбаша түрде ақпарат беріп  отыруға тиісті.

Ішкі аудитордың жұмысына сүйенуге болатын салаларда масшатб, тексеру деңгейі, таңдау әдісі, құжаттау, есептілік процедуралары мен  оны қарап шығуы бойынша алдын-ала  келісіп алу қажет. Ішкі және сыртқы аудиторлар қызмет процессінде бір-бірінің  жұмысына әсерін тигізетін фактілер туралы бір-біріне ақпарат беріп  отыру үшін үнемі қатынасып отыруы керек.

Ішкі аудитордың жұмысын сыртқы аудитордың бағалауы. Егер сыртқы аудитор ішкі аудитордың жұмысына сенімді болса, онда оған келесі процедураларды орындау қажет.

  • Қарастыру керек:
  • тексерілуге тиісті баптардың, сонымен қатар ішкі аудиттен алуға болатын ақпараттардың маңыздылығын; аудиторлық дәлелдеулердің толық жеткіліктілігін;
  • тексерілуге жататын салалардағы болмай қалуы мүмкін емес аудиторлық тәуелділіктің, немесе алынуы қажет ақпараттың деңгейін;
  • талап етілген пікір білдіру деңгейін;
  • аудиторлық дәлеледеулердің толық жеткіліктілігін;
  • аудиторлық қызметтерге тән кәсіби тәжірбиені.
  • Келесідей мақсатпен ішкі аудитордың жұмысын тесеру және бағалау:
  • олар жұмысты професионалды түрде және дайындықтың тиісті деңгейі бойынша орындалды ма, және де көмекшілердің жұмысы міндетті түрде бақыланады ма;
  • жасалған қорытындыларды растау үшін жеткілікті деңгейде тиісті дәлелдеулер жиналады ма;
  • бірдей қорытындылар жасайды ма, қорытынды есеп оларға сәйкес келе ме;
  • ерекше жағдайлар мен өзгешеліктер қарастырылады ма;

Ішкі бақылау процедураларына, сонымен қатар ішкі аудиттің процедураларын қайта жүргізуге бақылау орнату қажеттігі туындауы мүмкін. Сыртқы аудитордың сенімділік дәрежесі құжаттарда көрсетілуі керек.

 

 

 

2.3 Ішкі аудиттің  құрамы

 

 

Ішкі, қаржылық, операциялық  және басқару аудитінің айырмашылықтары. Ішкі аудит бөлімінің міндеттерін анықтаған кезде оларды 3 бағытқа бөлуге болады: қаржылық, операциялық және басқару.

Ішкі қаржылық аудит алаяқтықты болдырмау және қателерді дәлелдеулермен, шоттарды зерттеумен байланысты тапсырмаларды орындауды көздейді. Оған аудиторға мөлшерден елеулі ауытқулардың маңыздылыын анықтауға мүмкіндік бере алатын ағымдғы қаржылық және басқару қорытынды есептерін қарап шығу, стандартындағы тіренділерді іздеу жатады.

Ішкі операциялық  аудит өзінің құрамына бақылау процедураларын зерттеу және олардың орындалған-орындалмағандығын анықтап-білуді кіргізеді. Мұндай зерттеу кезінде аудитор ішкі бақылау мен ішкі тексерудің кемшіліктерін, снымен қатар тиімділігін жақсартуға болатын салаларды анқтауға тырысады.

Ішкі басқару аудитіне менеджерлердің қызметтері мен ұйымның  басқару құрылымына баға беру және оған шолу жасау жатады. Оған басқарманың  тәжірбиесін қолдану бойынша  жалпы саясатты бағалау, сонымен  бірге белгіленген критерилерге сәйкес сыртқы басқару қызметін бағалау  кіреді.

 

 

2.4 Ішкі аудит  стандарттары және ішкі аудит  жүргізу әдістемесі

 

 

Ішкі аудит кезінде  орындалатын міндеттер әртүрлі  және оның мақсаттарына, тексеру жүргізіліп жатқан ұйымның түрі мен оның қызметінің сипатына байланысты болады. Мемлекеттік  ұйымдардың, коммерциялық банктердің, сақтандыру компанияларының және зейнетақы  қорларының аудиті өзіндік ерекшелікке  ие. Бұдан өзге, көптеген мәселелерді  әртүрлі тәсілдермен, әртүрлі тереңдікке, егжей-тегжейлігі және әр түрліәртүрлі критерийлерге сүйене отырып шешуге болады. Осыған байланысты аудиторлық қызметті регламенттеу мәселесі туындайды. Мәселе тиісті ережелер мен стандарттарды, сонымен қатар аудит жүргізудің нақты әдістемелерін жасаудың көмегімен  шешіледі.

Дамыған елдерде аудит  мәселелеріне, әсіресе ішкі аудит  мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Құрамына он шақты елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония және Англия кіретін  бақылаудың жоғарғы институттарының  халақаралық ұйымы (The International Organization of Suprem Audit Institutions, INTOSAI)бар. Ішкі аудиторлар институты да (The Institution of Auditors, A) халақаралық  болып табылады. Бұл бағытта үкіметтік  ұйымдардың арнайы бөлімшелері де жұмыс  істейді. Мысалы, АҚШ-та Ішкі аудиторлар институты 1941 жылы құрылған. Ол «ант беруші ішкі аудитор» атағына ие болып, кәсіптік стандарттарды жасайды және тәжірбиелі жұмыскердің білімінің жалпы  көлемін анықтайды.

Жоғарыда аталған және басқа да ұқсас шетелдік ұйымдардың әрқайсысында аудиттің тиісті стандарттарын  шығаруға жауапты бөлімше бар.

Информация о работе Ішкі аудитті ұйымдастыру