Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 19:10, курсовая работа
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуындағы ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеп жазуға тырыстым. Сол сияқты Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролін анықтау болды. Кәсіпкерлік әзірде экономиканың белсенді қоректендірушісі болған емес, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Курстық жұмысымның үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуын дамыған және дамушы елдермен салыстыра отырып жаздым. Қазіргі батыс экономикасында шағын бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Шағын бизнестің экономикада алатын орны өте зор, себебі шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі.
Кіріспе
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуындағы ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеп жазуға тырыстым. Сол сияқты Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролін анықтау болды. Кәсіпкерлік әзірде экономиканың белсенді қоректендірушісі болған емес, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Курстық жұмысымның үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуын дамыған және дамушы елдермен салыстыра отырып жаздым. Қазіргі батыс экономикасында шағын бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Шағын бизнестің экономикада алатын орны өте зор, себебі шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Сонымен қатар шағын бизнес экономиканы жетілдіруде септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды Шағын кәсіпорын тек белгілі бір мемлекет ішінде ғана емес, сонымен бірге дүние жүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында ғана емес, сол сияқты кейбір бөлек узелдер мен механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру – экономикалық шаралар жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы” жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Бүгінгі танда еліміздегі шағын бизнесті дамыту жолындағы кедергілер жойылып келетіндігі туралы жаздым. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы –қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың бірі. Шағын кәсіпкерлік бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейінде монополиялық экономикасы жағдайында бірінші кезекте тұратын маңызды ерекшеліктерінің бірі. Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рол атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескертетін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорынға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат керек етеді.
1 ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН ФОРМАЛАРЫ.
1.1 Шағын бизнестің экономикадағы мәні, ролі
Шағын
бизнес – адам қызметінің ерекше саласы
және ол еңбектің басқа түрлерінен
оқшауланып тұрады. Бұған кезінде
атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры Иозеф
Алиоз Шумпетер мән берген. Оның
айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп
алуға болады: “Кәсіпкер болу –
басқаның істегенін істемеу”. Екінші
жағынан кәсіпкерлер алдымен
кәсіпкерлік жұмысты
1.Толық
меншік арқылы бақылау. Барлық
шығарылған акциялар бір
2. Көпшілік
акция арқылы бақылау. Мұндай
жағдайда шығарылған
3. Бірлесіп
бағыну тетігі арқылы бақылау.
Көпшілік акцияларға бір
4. Акцияның
өз бөлігіне бақылау.
5. Басқару
тарапынан бақылау. Ол жеке
бір адамның меншігі көзге
ілінгісіз жағдайда орын алады.
1.2 Шағын кәсіпкерліктің субъектілері
Шағын кәсіпкерліктің субъектілері жарғылық капиталында ҚР рөл атқаратын коммерциялық ұйымдар болып табылады. ҚР субъектілері қоғамдық ұйымдар, қайырымдылық, діни одақтықтар және де басқа фондтар 25% аспайды. Заңды тұлғалардың бір немесе бірнеше серіктестіктері шағын кәсіпкерліктерінің субъектілері болып табылмайды. Жұмысшылар орташа санын 25% құрайды (шағын кәсіпкерлікте):
Шағын кәсіпкерліктің субъектілері жеке тұлғалар болып аталады, егер заңды тұлғаларға қатысы жоқ кәсіпкерлікпен айналысып жүрген болса.
1.3 Шағын бизнестің ұйымдық – құқықтық формалары
Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар:
- мемлекеттік кәсіпорын;
-
серіктестік: толық
- акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі).
Орын алып келген мынадай түсініктер шағын кәсіпорын бірлескен кәсіпорын, “кооператив”, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды статусын бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай берілген анықтама. Бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елде де кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірін, екінші жылы жартысын төлейді. Ал жаңа салада, құрылыста алғашқы екі жыл бойы қалыптасу кезеңінде салықтардың алынбай жүргені де сирек кездесетін жәй емес.
Жеке
кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да,
иелік етуші де бір адам. Қалғандары
жалдамалы қызметкерлер. Толық серіктестік
– жеке адам және заңды тұлғалардың
бірігуі, олардың мүшелері серіктестік
міндеттемелері бойынша қозғалмайтын
мүліктерге жауапты. Мұнын мәні мынада:
егер толық серіктестікке оны
ұйымдастырушылардың бірі жеке адам
ретінде енетін болса, белгілі бір
жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот
жағдайында) қажетті күнделікті заттардан
басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда,
машина, саяжай, зергерлік бұйымдар
тағы басқа бағалы мүліктерді тізімге
алады. Жұмыс істеп тұрған қоғамға
мүшелікке енгеннен кейін бұрынғы
мүшелермен қатар енгенге дейінгі
қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты
болады. Әдетте толық серіктестіктерді
заңды тұлғалар құрайды. Белгілі бір салада
бірлесіп қызмет ету жөніндегі келісім
осындай серіктестікті құрудың негізгі
деп қарауға болады. Мұндай жағдайда серіктестіктің
жарғысын тіркеудің де қажеттігі болмайды.
Аралас серіктестік толық серіктестіктің
өзгерген формасы. Мұның негізгі ерекшелігі
бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл
мүліктерімен несие беруші серіктестер
алдында жауап береді. Біреуінің немесе
бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға
қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл
мүліктермен тәуекелділік етіп отырған
қатынасушы қоғамның ішкі мүшесі немесе
толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан
үлес мөлшерінде тәуекел етушілер сыртқы
қатынасушылар немесе командиттер деп
аталады. О Оқырмандардың көпшілігіне
тарихтан, ғылыми көркем әдебиеттен белгілі
аттар «Джонсон – Джонсон» және «М.Иванов
балалары және КО» тағы басқа. Міне командитті
серіктестік деген осылар. Командиттік
серіктестіктерді ұжым басқарады және
ел өкілеттік қызмет атқарады. Командиттік
серіктестікке салық тұрғысынан қарағанда
шектеулі жауапкершілігі бар қоғам қабылданды.
Мұндай құрылым шектеулі жауапкершілігі
бар командитті серіктестік деп аталады.
Оның артықшылығы салық төлеу тұрғысынан
ол серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан
шектеусіз жауапкершілігін шектеулі қоғамға
тарата алады, сөйтіп жауапкершілікті
шектеу арнасынан өтеді, әдетте, олардың
капиталы да көп болмайды. Жауапкершілігі
шектеулі серіктестік алдын ала белгіленген
пайшылар үлестерінің негізінде құрылған
бірлестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелерін
орындау жауапкершілігі жоқ, тез өз үлестерінің
мөлшерінде тәуекелділік жасайды. Шектеулі
жауапкершіліктің мәні де осында. Көпшілік
жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда
компаньондар арасында өзара берік байланыс
бар. Осы себептермен ол семьялық кәсіпорындар
ұйымдастыруға тырысады. Кооператив –
бұл қоғамның қызметі принципінде табыс
табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп,
ықпал жасау. Кооперативтік кәсіпкерлік
формаға тән жағдай, оның мүшелерінің
сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында.
Кооператив – ол заңды иегер. Көпшілік
елде өріс алғанына қарамастан іс жүзінде
кооперативтердің салыстырмалы түрде
үлес салмағы аса көп емес. Оның көптеген
себептері бар, ең алдымен, кооперативтік
кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау
тенденциясы байқалады, ол болса өндіріс
тиімділігін төмендетеді, инновациялық
процеске кедергі жасайды, құрылымдық
қайта құруды қиындатады. Мемлекеттік
корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық-құқылық
формадағы мемлекеттік кәсіпорындар.
Олар белгілі бір құқық субъектілері және
өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар.
Әдетте, олар шаруашылық жұмыстарымен
бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы
қызметтерін де атқарады. Басқаша айтқанда,
мемлекеттік корпорациялар коммерциялық
кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың
қызмет ету аясын, ерекшелігін бірдей
қолданып отыр. Мемлекеттік корпорациялар
мемлекет иелік ететін акциялар арқылы
акционерлік қоғам формасында да құрылуы
мүмкін.[5,24б]