ҚР-ғы банктердің қызметтерінің экономикалық мәні, экономикадағы рөлі мен қызметтерін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2011 в 19:39, курсовая работа

Описание работы

Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана тауарды емес, ақша және төлем құалдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару- бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.

Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, кредит ұсыну жатады. Әрі- беріден соң кредит қандай да бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады.

Содержание

Кіріспе


I.ҚР-ғы банктердің қызметтерінің экономикалық мәні мен ерекшеліктері
1.Экономикадағы банктердің қызметтері .....................................5
2.ҚР-ның Ұлттық банкі- «Банктерінің банкі» ..............................8
3.ҚР-ның екінші деңгейдегі банктердің жалпылама сипаттамасы...........................................................................................12
4.ҚР-ның банк қызметіндегі шетел тәжірибесі ..........................15


II.ҚР-ның банк қызметінің рөлі мен жағдайын талдау
1.ҚР банк қызметінің қазіргі таңда экономикадағы рөлі..........19
2.Ұлттық банк қызметін талдау....................................................23
3.Екінші деңгейдегі банк қызметін талдау..................................27


III. ҚР банк қызметінің экономикадағы рөлі мен қызметтерін жетілдіру жолдары
1.ҚР-ғы банк қызметіндегі мәселелер..............................................
2.ҚР-ғы банк қызметін жетілдіруге рөлін арттыру жолдары........


Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 207.00 Кб (Скачать)

     Осы жағдайларда банктердің экономикадағы  инфляцияны кемітіп, оны нарық жолына түсірудегі, ең әуелі меншікті жекешелендіру  мен мемлекет иелігінен алудағы банктердің ролі орасан өсіп отыр. Бұл орайда банк жүйесінің аса маңызды міндеті кредит тетігін, ақша айналымын реттеу тәсілдерін жетілдіру, есеп айырысуды жеделдету және төлем тәртібін сақтау болып табылады.

     1993 жылғы 15 қарашадан бастап республика  өзінің ұлттық валютасы- теңгені  енгізді. Алайда инфляция жалғаса  берді. Оның шыңы 1994 жылдың шілдесімен тұспа-тұс келіп, инфляция 46% болды. Үкімет пен Ұлттық банк қолданған монетарлық шаралардың нәтижесінде осы шілденің соңына таман инфляция кеміп (25%), сол жылғы тамызда 13,5%-ға және қыркүйекте 10,9%-ға тең боды.

     Инфляцияның кемуі нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 300-ден 250%-ға және кредит ресурстарының аукциондарындағы пайыз мөлшерлемелері 460-тан 280%-ға дейін төмендеді, яғни кредит төлемі шынайы нарықтық болып, сұраныс пен ұсыныстың негізінде айқындалды. Теңгенің ресми және бейресми бағамдарының жақындау тенденциясы бой көрсетті. Аукциондарда қысқа мерзімді қазынашылық вексельдерін сату көлемі өсуде. Инфляцияның кемуіне Ұлттық банктің директивалық кредиттерді беруден бас тартуы оң әсер етті, бұл кредиттер әзірге агроөнеркәсіптік кешен үшін сақталып қалуда. Кредит ресурстары аукциондарда сатылуда.

     Мемлекеттік меншікті реформалаудағы банктер ролі өлшеусіз. Банктердің активтері мен  пассивтерінің сапасы қызмет көрсететін клиентттерінің қаржылық жағдайына  толығынан қатысты. Осыған байланысты банк реформасы мемлекеттік кәсіпорындарды жеешелендіру процесінен тысқары жүргізіле алмайды. Міне, сондықтан да банк реформасының аса маңызды міндеттерінің бірі кәсіпорындарды жекешелендіруге қолдау көрсету және экономиканың жеке меншік секторын құру болып табылады. Банк реформасы инвестициялық қорлардың ролін көтеруге және Демеуші банк құру арқылы жеешелендірілген кәсіпорындарды қайта құруға әсер етеді. Инвестиция қорларының, Демеуші банктің ролі жекешелендірілген және шығынға ұшыраған ірі кәсіпорындарға кооперативтік басшылық жасауды күшейтуден көрініс тапты, мұның өзі жекешелендіру бағдарламасының мақсаты болып табылады. Инвестициялық қорлар жекешелендірілген кәсіпорындарды сатуға қатыса және олардың борыштырын акционерлік капиталға айырбастай алады, яғни меншік құқығы жеке қолға көшеді.  

     
    1. Ұлттық  банк қызметін талдау
 

     Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн  бақылаушы әрi реттеушi бас органның ролiн атқара отырып, ерекшк орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттiк  органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген үлкен өкiлеттiктермен анықталады.

     Әлемдiк  тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң  Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық  банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi.

     “Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкi туралы”  Заңы бойынша Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының  Орталық банкi және республикамыздағы  банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.

     Ұлттық  банк  - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен  мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында  баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып  табылады.

     Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

  • мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
  • төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  • валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

     Ұлттық  банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:

  • ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
  • Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.   /1, 74 б./

     Ұлттық  банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәкес  мынадай қызметтер мен операциялар  орындайды:

  • Айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша- кредит саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
  • Кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
  • Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
  • Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерінашуға келісемін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
  • Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелуіне дейін өзі белгіленген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
  • Ол банктерге кредит беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы кредит беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
  • Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, әрі пруденциялдық нормативтер белгілейді;
  • Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша- кредит реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша кредиттік салымдарды шетеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
  • Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
  • Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
  • Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып- алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
  • Егер заңды актілерімен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
  • Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың сеслекеттік резервтік қорларын құрады;
  • Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;
  • Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
  • Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
  • Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады.

     Сирек жағдайларда  мемлекеттік бюджеттің  қаражаттары арқылы қаржыландырылатын  кредиттік - есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.

     Қазақстанның  Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

  • осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
  • өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
  • мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  • Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  • депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  • туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
  • қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  • чек жазып бередi және вексельдер бередi;
  • егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.

     Валюталық реттеу және валюталық бақылауда  Қазақстан Ұлттық Банкi:

  • Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
  • Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
  • Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
  • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
  • Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
  • Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
  • Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
  • Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
  • Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
  • Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
  • Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.

     Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес болатын басқа да қызметтердi атқарады. 

     
    1. Екінші  деңгейдегі банк қызметін талдау
 

     Коммерциялық банктердің  дәстүрлі-базалық қызметі- экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады.

     Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар.

     Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.

     Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді(1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.

     Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттерліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.

      «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беру. 

     Лизинг бірнеше қызмет атқарады: біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:

Информация о работе ҚР-ғы банктердің қызметтерінің экономикалық мәні, экономикадағы рөлі мен қызметтерін жетілдіру жолдары