ҚР-ғы банктердің қызметтерінің экономикалық мәні, экономикадағы рөлі мен қызметтерін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2011 в 19:39, курсовая работа

Описание работы

Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана тауарды емес, ақша және төлем құалдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару- бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.

Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, кредит ұсыну жатады. Әрі- беріден соң кредит қандай да бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады.

Содержание

Кіріспе


I.ҚР-ғы банктердің қызметтерінің экономикалық мәні мен ерекшеліктері
1.Экономикадағы банктердің қызметтері .....................................5
2.ҚР-ның Ұлттық банкі- «Банктерінің банкі» ..............................8
3.ҚР-ның екінші деңгейдегі банктердің жалпылама сипаттамасы...........................................................................................12
4.ҚР-ның банк қызметіндегі шетел тәжірибесі ..........................15


II.ҚР-ның банк қызметінің рөлі мен жағдайын талдау
1.ҚР банк қызметінің қазіргі таңда экономикадағы рөлі..........19
2.Ұлттық банк қызметін талдау....................................................23
3.Екінші деңгейдегі банк қызметін талдау..................................27


III. ҚР банк қызметінің экономикадағы рөлі мен қызметтерін жетілдіру жолдары
1.ҚР-ғы банк қызметіндегі мәселелер..............................................
2.ҚР-ғы банк қызметін жетілдіруге рөлін арттыру жолдары........


Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 207.00 Кб (Скачать)

     ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады- Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес.

     Барлық  ақша және банк жүйелерінің өзегі- ФРЖ-нің  Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға  және жұмысын бақылауға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі – 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін жоғары маман мүшелері болуы тәуелсіз болуы тиіс.

     Басқарушылар  Кеңесі ақша- кредит саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 Федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады:

  • олар орталық банктер болып саналады;
  • квази- қоғамдық банктер болып есептелінеді;
  • «банктердің банкісі».

     АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге  бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің  негізгі саясаттары жүзеге асырылады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы –  Нью- Йорк қаласының федералдық Резервтік  банкісі.

     Бұл банктер қазір қоғамдық банктер  болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.

     Федералдық  Резервтік банктер- «банктердің  банкі», өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды. ФРЖ-нің жұмысына АНФК маңызды рөль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюктураға әсер етудің негізгі оперативті огганы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік операцияларды сатып алу- сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.

     Жеке  коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік  байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді кредиттеу, АҚШ қазанылығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады.

     Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде  құрылған. Оның алдында Рейхсбанк  (1857ж.) пен Неміс жер банкі (1948ж.) болған. Банк капиталы -290 млн неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Банк кеңесі Франфурт-на –Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлемшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.

     Қеңес- ақша-кредит саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орын болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске  вице- президент, мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері  кіреді.

     Директорат- жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады.

     Жер орталық банктері- Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзеге асырылады. Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ, банкі капиталының 100%-ы Қаржы министірлігіне қарағанмен, Қаржы министірлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.

     Ағылшын банкі- дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің  бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жее  иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі кредиттеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған.

     Одан  бөлек, банктер кассалық активтер коэффициентін  касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%- нан төмен болмауы керек.

     1971 жылдан кейін коэффициенттер  алып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшермелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.

     Коммерциялық  банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің  12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек.

     Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген- эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент  банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады. Ал, банктік департамент өзінің шоттарындағы банктік депозиттер есебінен коммерциялық банктерді есептік мөлшерлеме бойынша кредиттейді.

     Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанында қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі. Банкті басқарма басқарады, ол орталық банктің барлық қызметтерін атқарады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
    1. ҚР-ның банк қызметінің ролі мен жағдайын талдау
    1. ҚР банк қызметінің қазіргі таңда экономикадағы ролі 

     Банк  жүйесі нарықтық экономиканың аса маңызды  және ажырамас құрылымдарының бірі болып  табылады. Банктердің және ақша –тауар қатынастарының дамуы тарихи тұрғыда қатар өрбіп, тығыз астасып жатты. Банктер халық шаруашылығының барлық басқару деңгейлерінің тыныс- тіршілігімен тікелей әрі күнделікті байланыста болды. Қайта өндіру процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделерінің қанағаттандырылуы осы банктер арқылы жүзеге асырылады. Бұл орайда банктер қаржы делдалдары ретінде шаруашылық органдарының капиталдарын, халықтың жиған- тергендерін және шаруашылық қызмет процесінде босайтын басы бос ақша қаражатын тартып, оларды уақытша пайдалану үшін қарыз алушыларға береді, ақшамен есеп айырысуды жүргізіп, экономика үшін өзге де қызметтер көрсетеді, сөйтіп өндірістің тиімділігіне және қоғамдық өнімнің айналымына тікелей әсер етеді. Соңғы кездері АҚШ пен Батыс Еуропа ғалымдары мен экономистері белсенді түрде дамытып келе жатқан қаржы делдалдығы теориясы банктердің нарықтық экономикадағы ролі жайлы неғұрлым толық мағлұмат береді. Осы теория бойынша қаржы нарығына қатысушылардың сан алуан түрі үш топқа шоғырландырылады: ақша қаражатын берушілер (фирмалар, компаниялар, үй шаруашылықтары, Үкімет), оны пайдаланушылар (фирмалар, компаниялар, үй шаруашылықтары, Үкімет, жеке тұлғалар) және қаржы делдалдары (банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы, инвестиция қорлары, т.б). Олардың өзара байланысы төмендегі схемада көрсетілген.

     Қаржы делдалдары сөйтіп қоғамға ақша капиталын  салааралық , аймақаралық қайта бөлу тетігін қамтамасыз ете отырып, маңызды халық шаруашылық функциясын орындайды.

     Банктер нарықтық экономикадағы маңызды  қаржы делдалдары болып табылады. Өз қызметі процесінде олар ақша нарығында  тауарға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелер туғызады. Мәселен, клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, банк жаңа міндеттеме- депозит жасайды, қарыз бере отырып, қарызшыға жаңа талаптар қояды.

     Жаңа  міндеттемелер мен жаңа талаптар туғызудың осынау процесі қаржы делдалдығының  негізін құрайды. Қаржы ресурстарының кредитордан қарызшыға қозғалысы, орын ауыстыруы, құйылуы және онымен байланысты қаржы институттарының қызметі қаржы делдалдығы деп аталады.

     Түрлі көздердегі ақша капиталын жинақтай отырып, банктер ақша қаражатының  дерексіз жалпы «жиынтығын» жасайды, оларды жұмыс істейтін капиталға айналдырады және түрлі жағдайларда кредитке деген талаптарды орындай алады.  

           
               Банктер және басқалар

       

      

Депозиттер  түрінде және басқа                           Қарыздар, келісім бойынша жеке жолдармен берілетін ақша қа-                 салымдар түрінде берілетін          ражаты                                                                            ақша  қаражаты  

       

     

       

       

     
 
     Қысқа мерзімді капиталдар нарығы (ақша нарығы)

     Ұзақ  мерзімді капиталдар нарығы (құнды  қағаздар,

     облигациялар, акциялар нарығы)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1-схема.  Банктердің қаржы делдалдары ретіндегі ролі 

     Шаруашылық  ұйымдары мен халыққа қаржы- кредиттік  қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кредит жүйесінің жұмыс істеуі шаруашылық құрылымдарының дамуында аса маңызды роль атқарады. Кредит-қаржы механизмінің тиімділігі мен кідіріссіз жұмыс істеуіне жекелеген шаруашылық бірліктерінің уақытылы қаржы алуы ғана емес, сондай-ақ жалпы алғанда елдің экономкалық даму қарқынына да байланысты болады.

     Нарықтық  экономикада банктер монополистерге айналып, барлық дерлік қаржыкапиталына иелік жасайды. Олар делдалдық қызмет аясынан шығып, қайталама өндірістің барлық фазаларының өрісіне енеді. Кредит жүйесінің «еркін күші» бар, әрі «нақты өндіріске аса бір қатерлі түрде араласуы мүмкін», деп жазған болатын саяси экономия классигі к.Маркс. Өзге бір жерде Маркс «Англия банкі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке деген зо билігіне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталықтарына, бүкіл экономиканың басты күретамырына айнала бастады.

     Банк  жүйесінің мақсаттары мен міндеттері негізінен алғанда экономиканы  басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен  барабар. Алайда банктер басқарудың кіші жүйесі ретінде экономиканы  басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін өзінің арнайы, жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктердің ролі олардың өз функцияларын орындауы және банк ісін ұйымдастырудың жалпы принциптерін сақтау барысында көрініс табады.

     Экономканы  басқару процесінде банктер экономикалық қатынастарды білдіретін басқарудың экономикалық әдістерін пайдаланады, ал әрбір жеке қоғамның экономикалық қатынастары өндірістің мақсаты, оның қозғаушы факторы болып табылады. Мұндай түсініктен оларға сұраныстарды қанағаттандыру арқылы әсер етуге болатындығы көрінеді. Банктер басқарудың экономикалық әдістері, мәселен, кредиттеу арқылы экономиканың түрлі буындарының қарыз қаражатқа деген сұраныстарын түрлі кредиттермен немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру арқылы экономиканың үзіліссіз жұмыс істеу жөніндегі сұрақтарын қанағаттандырады, Қоғамдық өнімнің үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Кредиттерді уақытылы қайтармағаны үшін жоғары пайызды, төлемдерді ұзартып алғаны үшін айыппұлды, есеп айырысу операцияларын жүргізу ережелерін бұзғаны үшін айыпақаны төлеттіре отырып, банктер тек өз мүдделерін де қорғайды.

     Банктер өз функциясын орындау барысында  функционалдық салалық және аумақтық басқару органдармен бірлесе  жұмыс істейді.

     Банктердің  экономикалық жауапкершілігі меншік түрі мен ведомстволық қатыстылығына қарамастан олар қызмет көрсететін шаруашылық органдарының шаруашылық және қаржылық қызметінің нәтижелеріне байланысты. Банктер төңірегінде оларға тәуелді немесе өздері қайсыбір банктердің қызметін айқындап отыратын фирмалар мен компаниялар топталады.

     Қазақстан экономикасының нарыққа көшуіне байланысты банктер алдынан жаңа көкжиектер ашылуда. Жекешелендіру және меншікті мемлекет иелігінен алу нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік формалары, кооперативтік қозғалыс кеңінен қанат жайып, аралас меншік негізіндегі кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары, олардың бірлестіктері, жалгерлер және жеке еңбек қызметімен айналысушы тұлғалар саны өсе түсуде. Кәсіпкерлер, комерсанттар пайда болып, тиісінше қоғамда ауқатты тап бой көрсетуде. Экономика мен қоғамдағы нарықтық қатынастардың дамуына орай банктердің экономикалық ролі күшейе түсуде. Олардың жұмысында әкімшілік- әміршілік тәсілдердің орнына алдыңғы қатарға экономикалық әдістер шығуда.Экономикаға банк әсерінің құндық құралдарының мәні арту үстінде.

Информация о работе ҚР-ғы банктердің қызметтерінің экономикалық мәні, экономикадағы рөлі мен қызметтерін жетілдіру жолдары