Республикалық бюджеттің орындалуы.docx

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 16:28, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің бірінші деңгейі болып республикалық бюджет табылады. Республикалық бюджетте анағұрлым ақша қаражаттарын орталықтандыру мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ақша ресурстарымен маневр жасау, оларды ел мен аймақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының басымдылық бағыттарын қаржыландыруға жұмсау, экономикалық дамушылықты ынталандыруға мүмкіншілік туады. Ақша ресурстарын орталықтандыру мемлекет тарапынан жылдан-жылға ұлғайатын әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, мемлекеттік займдар бойынша пайыздар төлеу мен мемлекеттік борышты өтеуге, қорғаныс қабілеттілігі мен қоғамдық тәртіпті бекініс ету мен мемлекеттік басқару аппаратын ұстау және басқа да шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.

Работа содержит 1 файл

Республикалық бюджеттің орындалуы.docx

— 34.75 Кб (Скачать)

Есепті кезеңде 20,5 млрд.теңге бюджеттік кредит, немесе жоспардың 74,7%-ы өтелді. Бұл ретте бюджеттік кредиттерді өтеу жөнінде бекітілген көрсеткіштер 6,0 млрд.теңгеге, төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтару 1,0 млрд.теңгеге орындалған жоқ.

Үкімет бюджеттік кредиттерді пайдалануда, өтеуде және оларға әкімшілік етуде бірқатар жүйелі проблемаларды шешпеген. Біріншіден, бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен бюджеттік кредиттерді түпкілікті алушылардың арасындағы қарым-қатынас тиісті дәрежеде үйлестірілмеген; екіншіден, олардың тиімді және уақтылы пайдаланылуына мониторинг және бақылау жүргізу төмен деңгейде қалып отыр; үшіншіден, алынған міндеттемелер толығымен орындалмаған.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНІҢ  САТЫП АЛЫНУЫ МЕН САТЫЛУЫН ТАЛДАУ

Есепті жылы қаржы активтерін сатып алу бойынша бекітілген бюджетті нақтылау кезінде, ол 49,7 млрд.теңгеге азайып, 147,1 млрд. теңгені құраған.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қаржы активтерін сатып алу үшін бөлінген 138,8 млрд.теңге, негізінен, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру мен толықтыруға бағытталған.

Қаржы активтерін сатудан 1,5 млрд. теңге түседі деп жоспарланғанымен, іс жүзінде жоспар 591,5 млн. теңгеге, немесе 39,4%-ға орындалған. Бюджетке түсетін 1,2 млрд.теңге мөлшеріндегі негізгі түсімнің акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін сатудан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлесінен түсуі жоспарланғанымен, іс жүзінде мұндай түсімдер 306,5 млн.теңгені, немесе 25,5%-ды құраған. Бұл елімізде қор нарығының дамымағанына және жеке бизнестің тұтынушылық қабілетінің төмендігіне байланысты болып отыр.

Қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді және оларды сатып алуға жұмсаған шығындарды салыстырған кезде айтарлықтай теңгерімсіздік байқалады. Қаржы активтерін сатудан түскен түсімдердің үлес салмағы сатып алынғандардың жалпы көлемінде есепті жылы – 0,4 %, 2008 жылы – 0,01 %, 2007 жылы – 0,08% болған.

2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттің қатысуымен құрылған 37 ұйымның 25-інің жарғылық қоры тек акциялардың мемлекеттік пакетінен тұрады, 6 ұйымда акциялардың бақылау пакеті мемлекетке тиесілі.

БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ

Есепті жылға арнап бекітілген 571,3 млрд.теңге мөлшеріндегі республикалық бюджет тапшылығы 2008 жылға қарағанда 1,7 есе көп.

2009 жылдың қараша айында республикалық бюджетті нақтылау кезінде тапшылық көлемі 573,6 млрд.теңгеге дейін көбейтіліп, іс жүзінде 2009 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің нақты тапшылығы 510,9 млрд.теңгені құрады.

Есепті жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың негізгі көзі ішкі мемлекеттік қарыздар болып, мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен 707,8 млрд.теңге тартылды. Сыртқы мемлекеттік қарыздар 101,6 млрд.теңгені құрады.

Жалпы 809,4 млрд.теңге қарыз алынып, оның 249,0 млрд.теңгесі бұрын алынған негізгі қарызды өтеуге пайдаланылған.

САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2010 жылдың бас кезінде салық берешегі 100,3 млрд. теңгеге жетіп, 2009 жылдың бас кезімен салыстырғанда 19,4 млрд. теңгеге немесе 24%-ға өскен. Аталған кезең ішіндегі берешектің жалпы сомасы айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоса есептегенде, 1,8 есе ұлғайып, 192,3 млрд. теңге болды. Бұл ретте берешегі бар салық төлеушілердің саны 38%-ға өсіп, 2010 жылдың бас кезіне 228 мыңнан асып кетті.

2007-2009 жылдары салық органдарының салық төлеушілерді банкрот деп тану туралы жалпы сомасы 133,6 мрд. теңгеге берген 7 мыңнан астам талап арызы нәтижесінде шамалы ғана салық берешегі, атап айтқанда, 291 млн. теңге өтелген. Мұны конкурстық массаны бөлу кезінде бюджеттің бар болғаны төртінші болып кезекте тұрғандығымен түсіндіруге болады. Осы ретте салық төлеушілердің жеке шоттарынан 95,3 млрд. теңге көлеміндегі берешек есептен шығарылған.

Салық төлеушілердің шағымдарын қарастырудың қорытындысы бойынша салықтар мен өсімпұлдардың азайтылған сомасы 153,3 млрд. теңгені немесе қосымша есептелген сомалардың 33,5%-ын (2007 жылы – 0,5%, 2008 жылы – 11%) құрады. Соның нәтижесінде салық органдарының заңға қайшы актілері бойынша сот шешімдерін орындауға бағытталған Үкімет резервінің қаражаты 342,4 млн. теңгеге ұлғайып, осы мақсаттарға қарастырылған қаржының 76,2 %-ын құрады.

Салық есептілігін 6 айдан аса бермеген ҚҚС төлеушілер есептен уақтылы шығарылмағандықтан, олардың контрагенттерінің есебінен алынып тасталмаған ҚҚС сомасы 401,7 млн. теңгені құрады.

Салық комитеті экспорт-импорт операциялары бойынша мәліметтерді салыстырып тексеретін автоматтандырылған процесті енгізудің мерзімін созып жібергендіктен, өздерінің салық есептерінде 638,8 млн. теңгенің операцияларын көрсетпеген Алматы қаласының 44 салық төлеушісі мәліметтерді өңдеу басталғанға дейін салықтық әкімшілік ету шараларынан жалтарып кетуге мүмкіндік алды. Осының салдарынан, бюджет 191,6 млн. теңгеге зиян шекті.

Есепті жылы 180 шаруашылық жүргізуші субъект жалған кәсіпорын деп танылды, олармен жасалған мәмілелер бойынша шығыстарды шығындарға жатқызудың нәтижесінде контрагенттер төмендеткен салықтардың сомасы 101,2 млрд. теңгені құрады. Бұрын жалған кәсіпорын деп танылған 378 кәсіпорын 81 млрд. теңгеге зиян келтірген. Салық органдары келтірілген шығынның бір бөлігін ғана қалпына келтірген: 2009 жылы – 21,3 млрд. теңге, 2008 жылы – 11,7 млрд. теңге.Есеп комитетінің бағалауынша, республикалық бюджетке төленбеген салықтардың жалпы сомасы 1,4 млрд. теңге болды.

2008 жылы және 2009 жылдың 9 айында экспорттық баж салығы төленбеуінен болжанып отырған шығындар 90 млн. теңгеден асып отыр.

4.БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Ұлттық экономиканың басым бағыттарының дамуы бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы арқылы жүзеге асырылуда. 96 республикалық инвестициялық бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған шығындар 758 млрд.теңгені, немесе республикалық бюджеттің жалпы шығыстарының 23,8%-ын құрап, оның 711,2 млрд.теңгесі, немесе 93,8%-ы игерілген. 46,8 млрд.теңге, соның ішінде республикалық деңгейде – 22 млрд.теңге, жергілікті деңгейде 24,8 млрд.теңге игерілмеген.

Республикалық бюджеттің есебінен 2009 жылы құны 759 бюджеттік инвестициялық жоба қайта қаржыландырылған, соның ішінде 539 жобаны жергілікті атқарушы органдар іске асыруда және олардың жалпы сомасы 472 млрд.теңгені немесе бүкіл қаржының 62,3%-ын құрап отыр.

Инвестициялық жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығында (254 жоба), білім беруде (147) және денсаулық сақтауда (98) іске асырылған.

Денсаулық сақтау жүйесінде амбулатория-емхана мекемелері (2008 жылы 2,4%-ға) мен ауруханалардың (1,5%-ға) саны азайған. Халықтың туу көрсеткіштерінің өсу қарқынының төмендегені байқалады, егер өсім қарқыны 2008 жылы – 10,7%-ды құраса, 2009 жылы тек 0,2% болған.

Осы кезеңдерде құрылыс секторының бәсең дамығанына қарамастан, аталған салаға бөлінген бюджет қаражаты 2009 жылы құрылыс жұмыстарының жандануына (1 790 млрд.теңгеге немесе өткен жылдың деңгейінде) мүмкіндік туғызды. Алайда, тұрғын үй жайларының жалпы алаңын пайдалануға беру қарқыны 2008 жылғы 103%-дан (6848 мың шаршы метр) 2009 жылы 94%-ға (6398 мың шаршы метр) дейін қысқарған.

Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді енгізу қысқарып, объектілер саны екі есеге азайған, мәселен 2008 жылы – 428 объект, ал 2009 жылы 236 объект пайдалануға берілген.

ЭКОНОМИКА МЕН ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ТҰРАҚТАНДЫРУҒА БӨЛІНГЕН МЕМЛЕКЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2009 жылы дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыруға 635 млрд.теңге бөлінген, бұл 2007-2009 жылдары бөлінген (1 679 млрд.теңге) жалпы қаражат көлемінің 37,8%-ын құрайды.

2010 жылғы 1 қаңтарға дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген жалпы қаражат көлемінің 1 405 млрд.теңгесі немесе револьверлік негізді ескере отырып 83,6% -ы игерілген.

Револьверлік негізді ескере отырып, игерілмеген сома 405 млрд. теңгені құрады, бұл сома негізінен тұрғын үй құрылысына және “Стресті активтер қоры” АҚ-ны капиталдандыруға бөлінген қаражаттың үлесіне тиеді. Қаражаттың игерілмеуіне іске асыру тетігінің жетілдірілмегені және оларды пайдалану тәртібінің болмауы себеп болды.

Республикалық бюджет (472 млрд.теңге), соның ішінде Үкіметтің резерві (103 млрд.теңге), сондай-ақ Ұлттық қордан алынған нысаналы трансферттер мен тікелей қарыздар (1 208 млрд.теңге) дағдарысқа қарсы іс-шараларды қаржыландырудың көздері болып табылады. Сонымен бірге, ЕДБ-нің ең төменгі резервтік талаптарын және салықтық жүктемені төмендетудің тетіктері қолданылған.

2010 жылғы 1 қаңтарға депозиттік жинақтаушы шоттарда ақшалай қаражаттың қалдығы 147,7 млрд.теңгені құрады.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға және аяқталмаған құрылыс объектілерін қаржыландыруға көзделген 360,0 млрд. теңгенің 2010 жылғы 1 қаңтарға 186,4 млрд. теңгесі  құрылыс бойынша қарыздарды қайта  қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктердің шотына қаражатты орналастыру  жолымен пайдаланылған, қалған 173,6 млн. теңге игерілмеген 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Қаржы Академиясы» АҚ 
 
 
 

СӨЖ

Тақырыбы: «Республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп». 
 

                                         Орындаған:ФКС-14 тобының

                                                                             студенті Жомартова М.Д.

                 Қабылдаған:

Астана 2011

Мазмұны

КІРІСПЕ.............................................................................................................3

1.РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ ...................................5

2. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ  

АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ.......................................................................................................6

3 БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІҢ  АТҚАРЫЛУЫ МЕН ӨТЕЛУІН ТАЛДАУ..................9

4. БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ

ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................................................................................................12   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Республикалық бюджеттің орындалуы.docx