Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 16:28, курсовая работа
Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің бірінші деңгейі болып республикалық бюджет табылады. Республикалық бюджетте анағұрлым ақша қаражаттарын орталықтандыру мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ақша ресурстарымен маневр жасау, оларды ел мен аймақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының басымдылық бағыттарын қаржыландыруға жұмсау, экономикалық дамушылықты ынталандыруға мүмкіншілік туады. Ақша ресурстарын орталықтандыру мемлекет тарапынан жылдан-жылға ұлғайатын әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, мемлекеттік займдар бойынша пайыздар төлеу мен мемлекеттік борышты өтеуге, қорғаныс қабілеттілігі мен қоғамдық тәртіпті бекініс ету мен мемлекеттік басқару аппаратын ұстау және басқа да шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің бірінші деңгейі болып республикалық бюджет табылады. Республикалық бюджетте анағұрлым ақша қаражаттарын орталықтандыру мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ақша ресурстарымен маневр жасау, оларды ел мен аймақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының басымдылық бағыттарын қаржыландыруға жұмсау, экономикалық дамушылықты ынталандыруға мүмкіншілік туады. Ақша ресурстарын орталықтандыру мемлекет тарапынан жылдан-жылға ұлғайатын әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, мемлекеттік займдар бойынша пайыздар төлеу мен мемлекеттік борышты өтеуге, қорғаныс қабілеттілігі мен қоғамдық тәртіпті бекініс ету мен мемлекеттік басқару аппаратын ұстау және басқа да шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
Айтылғандай,
анықтама бойынша
Республикалық бюджет, өз алды биліктің бір тарауымен жасалып, екіншісімен бекітілетін едәуір жеке құжаттар ретінде болғандықтан, қолданбалы, бірақ маңызды функция орындайды - ол мемлекет таңдаған ел басқару стильді іске асырады. Республикалық бюджетте мемлекетке қажетгі қаржы ресурстары мен барлық резервтер көлемі саналады, сондықтан осы бюджет арқылы елдің қаржы ахуалы, қаражаттар жұмсаудың нақты бағьттары, салалар, аймақтар мен әрекет салалары бойынша шығындар арақатынасы анықталады. Осыған байланысты республикалық бюджеттің экономикалық саясатты іске асыру құралы ретіндегі мемлекеттік мәні мен экономикалық рөлі білінеді.Республикалық бюджеттің мазмұны оның құрамындағы ерекше экономикалық формалар болуымен шарттанады, яғни кірістер (түсімдер) және шығындар. Осы формалар арқылы ақша кұралдарының орталықтырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануы іске асырылады. Кірістер мен шығындардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметті-экономикалық шартта жүргізіп жатқан орта мерзімді фискалдық саясатты іске асыру бағыттарына сәйкес. Кірістерді қалыптастыру мен бюджеттік құралдарды жүмсау формалары мен өдістері де осыған сәйкес бо-луы тиіс.Республикалық бюджет кірістер қүрылымы Бюджеттік кодекс ережелеріне сәйкес салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капитал сатудың түсімдері мен ресми трансферттерден көрсетіледі. Бүл кірістер салыктық заңнамалар мен елдің әлеуметті-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының маңызды макроэкономикалык көрсеткіштер негізінде анықталады. Республикалық бюджеттің кірістер саясаты салықтық саясат және кірістер құрылымы мен түсімдер болжамының өзгерістер есебімен құрылады.
Республикалық бюджеттің шығыстар құрылымы Бюджеттік кодекске сәйкес келесі шығыстар бағыттарынан қалыптасады:
• табиғатты қорғау іс-шаралары және ауыл, орман, су, балық шаруашылықтарына жұмсалатын.
Қазақстан
Республикасының Бюджеттік
1.РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ
2009 жылдың қорытындысы бойынша кірістердің 2 779,2 млрд. теңгеге түсуі бекітілген бюджетті 97,7%-ға, сәуірдегі нақтыланған бюджетті 98,5%-ға және қарашадағы нақтыланған бюджетті 100,4%-ға орындалуын қамтамасыз еткен.
Республикалық
бюджет шығындары есепті кезеңде 3 118,6 млрд.
теңгеге орындалып сәуірдегі нақтыланған
бюджеттің 95,8%-ын, ал қарашадағы нақтыланған
бюджеттің 98,1%-ын құраған, бұл ретте 59,4
млрд. теңге игерілмеген.
2.РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ
Кірістер бойынша түзетілген бюджет 100,4%-ға орындалды. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (83,1%) мен трансферт түсімдері (93,6%) орындалмай қалған.
Есепті жылы республикалық бюджет кірістерінің түсімі бұрынғы жылмен салыстырғанда 538,4 млрд.теңгеге немесе 16,2%-ға төмендеген. Түсімдердің азаюына белгілі бір дәрежеде салық ставкаларының төмендеуі себеп болды, соның негізінде жиналған салықтар көлемі 620,4 млрд.теңгеге немесе 30%-ға азайған. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығының (бұдан әрі – КТС) ставкасы 30%-дан 20%-ға дейін төмендегендіктен, бюджетке КТС – 177,9 млрд.теңгеге, қосымша құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) ставкасы 13%-дан 12%-ға дейін төмендеп, ол 43 млрд.теңгеге аз түскен. Қазақстан аумағынан әкетілетін шикі мұнайға салынатын кедендік баж салығы 2009 жылы қаңтарда алынып тасталғаннан кейін баж түсімдері 257 млрд.теңгеге кеміген.
Тіркелген КТС төлеушілердің жалпы саны ішінде олардың үлес салмағы 2007 жылы декларацияны тапсыру кезінде – 72%, 2008 жылы – 74%, 2009 жылы – 74,6% болды. 2009 жылы КТС бойынша жүргізілген құжаттық салық тексерулері нәтижесінде 253,7 млрд.теңге қосымша есептеліп, соның 2,9%-ы ғана бюджетке өндіріп алынған.
2009 жылы кедендік органдар әкімшілік жүргізетін кедендік төлемдер мен салық түсімдері 575,4 млрд.теңгені (105,5%-ды) құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 38,8%-ға азайған. Бұған шикі мұнайға салынатын экспорттық баж салығының алынып тасталуы, ҚҚС ставкасының 1%-ға қысқаруы, тауарлар импорты көлемінің 25%-ға төмендеуі елеулі әсер етті.
Әкелінетін кедендік баж түсімдері бұрынғы жылмен салыстырғанда 11,2%-ға төмендеген. Бастапқы белгіленген жоспар 40,1 млрд.теңгеге немесе 31,2%-ға төмендетілгеніне қарамастан, 94,9%-ға орындалған.
Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берілген жеңілдіктердің жалпы сомасы есепті кезеңде 693,5 млрд.теңгені құрады, бұл бұрынғы жылмен салыстырғанда 44,6 млрд.теңгеге немесе 6,9%-ға көп.
Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттің пакетіне түсетін дивидендтер түсімі 13,4 млрд.теңгенің орнына 15,0 млрд.теңгеге (111,5%-ға) орындалған. Аталған түсімдер “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ-ның жоспарланған қаржылық көрсеткіштерінің артуы есебінен асыра орындалып, одан түскен түсімдердің үлесі 57%-ды құрады.
Мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалға беруден 3,9 млрд.теңге түскен, яғни жоспар 102,6%-ға орындалған.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жоспардағы 5,5 млрд.теңгенің орнына 4,5 млрд. теңгеге (83,1%-ға) орындалған, төлемдер бұрынғы жылмен салыстырғанда 4 млрд.теңгеге немесе 47,1%-ға төмендеген.
Есепті жылы республикалық бюджет кірісіне нақтыланған жоспардағы 1 292,4 млрд.теңгенің орнына 1 209,4 млрд.теңге (93,6%) мөлшерінде трансферттер түсті. Соның ішінде, Ұлттық қордан түскен нысаналы трансферт түсімдері жоспардағы 347,9 млрд.теңгенің орнына 261,0 млрд.теңгені немесе 75,2%-ды құрады, бұл республикалық бюджет кірістерінің түсімдері болжамының асыра орындалуына және Ұлттық қордан қосымша қаржыны тартуға қажеттілік болмауына байланысты орын алды.
Республикалық бюджеттің жалпы кірісіндегі Ұлттық қор трансферттерінің үлесі есепті жылы 39,7%-ды құрап, 2008 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 7,4 пайыздық пунктке асып түсті.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ
Есепті жылдың шығындары 2008 жылдың көрсеткішінен 17%-ға немесе 462 млрд.теңгеге, 2007 жылдың көрсеткішінен 53,6%-ға немесе 103 млрд.теңгеге асып түскен.
“Шығындар” бөлімі бойынша 587 бюджеттік бағдарламаны іске асыруға 3 178 млрд.теңге бөлініп, оның 3 118,6 млрд.теңгесі, немесе бекітілген республикалық бюджеттің 98,2%-ы, ал түзетілген республикалық бюджеттің 98,1%-ы игерілген.
Есепті кезеңнің соңында Үкіметтің бюджетті түзетуі функционалдық топтағы түзетілген жоспардың нақтыланған жоспардан елеулі түрде ауытқуына әкелді. Нәтижесінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа (31,3%), көлік және коммуникацияға (24,7%), білім беруге, мәдениет және спортқа (11,6%) арналған шығыстар ұлғайған.
Жалпы алғанда, нақтылап түзету кезінде республикалық бюджеттің жалпы шығындары он функционалдық топ бойынша шығындарды оңтайландыру есебінен 0,1 %-ға немесе 2,7 млрд.теңгеге көбейген.
Шығындар, негізінен, Елбасының Қазақстан халқына жолдауларына, Үкіметтің шешімдеріне және есепті кезеңде қабылданған бағдарламалық құжаттарға байланысты іс-шаралар өткізу көзделген бюджеттік бағдарламалары бойынша ұлғайған.
73 бағдарламаға бөлінген нысаналы трансферттер шығындардың жалпы көлемінің 22%-ын, ал облыстық бюджеттерге бөлінген субвенциялар 16,9%-ын құрады.
Үкімет есепті кезеңнің қорытындысында шығындар бойынша 59,4 млрд.теңге қаражатты игермеген. Қаражаттың игерілмеуінің басым бөлігі “Басқалар” (11,1%), “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық” (6,6%), “Білім беру” (4,6%), “Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік”, “Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану” (4,1%) функционалдық топтары бойынша байқалады.
Қаражаттың басым бөлігі халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге (22,3%), облыстық бюджеттерге субвенция беруге (16,9%), қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлік және коммуникацияға (әрқайсысына 8,3%), білім беруге (7,4%) пайдаланылған.
39 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің тек 9-ы ғана қаражатты толығымен игерген, ал қаржыны ең аз игергендердің қатарына Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (94,3%), білім және ғылым (95,1%), энергетика және минералдық ресурстар (95,9%), төтенше жағдайлар (96,1%), көлік және коммуникация (96,4%), туризм және спорт (96,6%) министрліктері жатады.
2009 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда, дебиторлық берешек 40%-ға ұлғайып, 71,9 млрд.теңгені, кредиторлық берешек 2,5 есеге азайып, 726,6 млн.теңгені құраған.
Талап
қою мерзімі өтіп кеткен дебиторлық (910,8 млн.теңге
немесе 2,9 есе) және кредиторлық (78,4 млн.теңге
немесе 2,6 есе) берешектер көлемінің едәуір
өскені байқалады. Бұл жекелеген бюджеттік
бағдарлама әкімшілері тарапынан жіберілген
кемшіліктер мен талап-арыз жұмыстары
деңгейінің төмендігін көрсетеді.
3.БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІҢ АТҚАРЫЛУЫ МЕН ӨТЕЛУІН ТАЛДАУ
2009 жылға арналған бюджеттік кредит беру бастапқыда 60,2 млрд.теңге көлемінде бекітіліп, нақтылаудың нәтижесінде 14 млрд.теңгеге азайтылып, 46,2 млрд.теңгені құрады. Бюджеттік кредиттерді өтеу нақтыланғаннан кейін 13,4 млрд.теңгеге көбейіп, 27,5 млрд.теңгені құрады, тиісінше, таза бюджеттік кредит беру 27,4 млрд.теңгеге азайып, 18,7 млрд.теңге болды.
2009 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру үшін бөлінген бюджет қаражатының көлемі өңірлерде 2008 жылдың деңгейінде қалып, 16,1 млрд.теңге болды.
Техникалық құжаттама уақтылы әзірленбегендіктен, мердігерлерді анықтау жөніндегі конкурстық рәсімдер дер кезінде өткізілмегендіктен, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар шарт міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындамағандықтан, жергілікті атқарушы органдар аталған соманың 3,7 млрд.теңгесін, немесе 23,0%-ын игермеген. Солтүстік Қазақстан (52%), Ақмола (79%) облыстарында және Астана қаласында (59%) қаражаттың нашар игерілуіне жол берілген.
Республикалық бюджет кредиттері есебінен салынған пәтерлерді коммуналдық тұрғын үй санатына аудару фактілері анықталды, аталған пәтерлер сатылған жағдайда бюджет кірісіне 487,9 млн.теңге түсуі болжанған болатын.