Қорлар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:59, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................... ........... 3

1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік
1.1. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі ........................................... 5
1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру ......................................................7
1.3. Материалдардың номенклатурасы ................................................................9

2. Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
2.1. Тауарлы-материалдық қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау.....................................................................................................................11
2.2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері ................................16

3. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
3.1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі ................................21
3.2. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі ......................24
3.3. Материалдық қорларды түгендеу ..............................................................26
3.4. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар...............................................................................................................30

Қорытынды .......................................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................................................34

Работа содержит 1 файл

корлар.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

2. Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері

 

2.1. Тауарлы-материалдық  қорлар қозғалысының есебі және  оларды құжаттау

 

Кәсіпорындар мен ұйымдарда  материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жлдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрде) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі сенімхат алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 «Берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа да қызметкері М-2А түрлі сенімхатты алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатты көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 «Кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.

Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық  қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға  төрт дана етіліп «Тауар-көлік жүкқұжаты» толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалды жіберуші ұйымның мөрі  және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып, жүргізушіге тапсырылады.

Жүргізуші тауар-көлік  жүкқұжатының екінші данасын материалдарды  қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл  құжаттың негізінде ұйым келген материалдарды  кіріске алады.

Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.

Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтырды тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.

Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәйкес түрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.

Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке  сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы жоқ ұйым өкілінің қатысуымен жасалады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі М-4 «Кіріс ету ордері» бойынша қабылданып, баланс сыртындағы «Уақытша сақтауда тұрған материалдық қолар» деп аталатын шотта есептелінеді.

Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы  сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15А материалдарды босату «Талап ету жүкқұжаты» бойынша босатылады.

Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) «Талап ету жүкқұжаты» екі дана етіліп жазылып, оған бас  бухгалтердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.

Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда үлгілі түрі М-15А материалдарды босатуды (ішкі ауыстыруды) «Талап ету жүкқұжатының» бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылатын құжаттарды материалдарды босататын қойманың сол материалдарды жауапты тұлғасы толтырады.

Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғанна, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін үлгілі түрі М-35 санды акт толтырылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде  жиі пайдаланылатын материалдық  құндылықтар үшін толтырылатын талап  ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өндіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін шектеулі-заборлық (шектеу карталары) карталарды қолдануға болады. Шектеулі-заборлық картаның үлгілі түрі М-8 бойынша ұйымның қоймасынан босатылатын материалдардың санын, көлемін, ол материалдар арқылы өнділілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын материалдардың көлеміне қарап эхконмикалық жоспарлау бөлімі есептеп шығарады. Шектеулі-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша босатылады. Шектеулі-заборлық картаның негізіне сүйене отырып, өндіріске босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Шектеулі-заборлық карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жасалынады. Бұл картада шығарылатын өнімнің, шығынның немесе тапсырыстың коды көрсетілуі тиіс. Шектеулі-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін материалдарды алатын цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды босататын қоймаға табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың өкілі өзіндегі шектеулі-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады.

Қоймашы шектеулі-заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты мен олардың санын номенклатуралық нөмірі бойынша жазады. Содан кейін шектеулі-заборлық картаның цехтағы данасына қоймашы, ал қоймадағы данасына цех басшысы немесе оның өкілі қол қояды. Материалдарды есептеуге осы күнгі санайтын машиналар пайдаланылған жағдайда толтырылған алғашқы құжаттардың санын азайту үшін қоймадан босатылатын материалдарды тікелей қойманың карточкасына жазу жүйесін де қолдануға болады. Бұл жағдайда материалдарды қоймадан босатуға ешқандай құжат жазылмайды. Шектеулі-заборлық картаға барлық бір дана болып жазылатын бухгалтерлік құжаттар негізделініп жасалады. Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның өзінде де көрсетуге болады. Бұл карточканың үлгілі түрі – М-17. цехтың өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына қол қояды да, ал қоймашы цехтың шектеулі-заборлық карточкасына қол қояды. Сондай-ақ шектеулі-заборлық карточкада өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып берілген материалдар да есептелінеді. Ққоймадағы есеп карточкасына материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша босатылғаны, қоймада қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын немесе шектеулі-заборлық картаны жапқаннан кей»н, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып отырылуы тиіс. Бұл жағдайда шектеулі-заборлық картаны қоймалық есептің тиісті карточкаларымен бірге сақтау керек. Лимитті пайдаланып болғаннан кейін қоймадағы шектеулі-заборлық картаданың қорытынды дерегі шектеулі-заборлық картаның цехтағы данасымен салыстырылады. Егер бұл шектеулі-заборлық картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.

Айдың аяғында шектеулі-заборлық картада  көрсетілген материалдардың пайдаланылған-пайдаланылмағанына қарамастан, барлық шектеулі-заборлық карталар бухгалтерияға тапсырылады.

Құрылыс ұйымдарында көбіне шектеулі-заборлық картаның М-28 және М-28А нөмірлі үлгілі түрлері қолданылады. Үлгілі түрі М-28 нөмірлі шектеулі-заборлық карта  материалдарды салынып жатқан құрылысқа  ол құрылыс басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін босатуға арналған. Шектеулі-заборлық картаның бұл түрі құрылыс жұмысын жүргізуші прорабтар немесе мастерлер, тағы да басқа жұмыс жүргізушілердің біреуінде болады. Сонымен қатар ай сайын үлгілі түрі М-28 шектеулі-заборлық карта жазылады да, ол қоймада сақталынады. Материалдарды қоймадан босатқанда қоймашы үлгілі түрі М-28А шектеулі-заборлық картаға қол қояды, ал материалдарды қабылдап алушы құрылыс бөлімінің өкілі үлгілі түрі М-28А шектеулі-заборлық картаға қол қояды. Айдың аяғында жұмыс жүргізуші мастер, прораб пайдаланылмаған материалдарға түгендеу жүргізіп, оның нәтижесі бойынша үлгілі түрі М-28 түрін шектеулі-заборлық картадағы 14 бағанды толтырады. Ай бойы нақтылы пайдаланылған материалдар санының көлемі карточканың әрбір жолы бойынша алынған материалдардан қоймаға қайтадан тапсырылған материалдармен оның айдың аяғында пайдаланылмай қалған қалдығын алып тастау арқылы табылады. Қоймашы мен жұмыс жүргізуші тиісті жазулары жазылып дайын болған шектеулі-заборлық картаны алғашқы құжаттармен бірге материалдар жайында берілетін есепке тіркеп, бухгалтерияға тапсырады. Бухгалтерияда қойманың берген есебі бойынша жұмсалған, өндіріске босатылған материалдардың есептен дұрыс шығарылуы тексеріледі. Сонымен қатар үлгілі түрі М-28 түрлі шектеулі-заборлық карта арқылы әрбір объекті бойынша құрылыс басталғаннан бастап жұмсалынған материалдар жайлы деректер анықталынады. Салынып бітпеген объектінің шектеулі-заборлық картасы жұмыс жүргізушіге қайтарылып беріледі. Шектеулі-заборлық картаның М-28А нөмірлі үлгілі түрі материалдарды орталық қоймадан немесе құрылыс бөлімшесінің қоймасынан құрылыс объектілеріне бір ай бойы уақыт аралығында босатуға арналған. Шектеулі-заборлық картаның үлгілі түрі М-28 және М-28А санды нөмірлерінің ішіне материалдардың ай бойы босату санына қарап, қосымша парақ тігуге болады. Шектеулі-заборлық карта бойынша материалдарды әрбір босатқан сайын пайдаланбағаннан қалған қалдығы шығарылып отырады. Егер материалдар шектеулі-заборлық картада көрсетілгеннен артық мөлшерде керек болса, ондай материалдарға үлгілі түрі М-10 санды «Материалдарды ауыстыру (қосымша босату) талап ету актісі» толтырылады. Шектеулі-заборлық картада көрсетілгеннен артық керек болған материалдар үшін немесе бір материалдың орнына екінші бір материалды алу немесе пайдалану керек болған жағдайда кәспорын басшысының немесе оның өкілетті қызметкерінің рұқсаты болуы керек. Мұндай материалдарға да жоғарыда айтылған үлгілі түрі М-10 санды «Материалдарды ауыстыру (қосымша босату) талап ету актісі» толтырылады. Сонымен материалдарды өндіріске лимит бойынша босату кәсіпорын басшысының өндірісте болып жатқан кемшіліктерді уақтылы білуіне мүмкіндік береді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ішінде құрылыспен айналысатын өндіріс орындарында ашық қоймаларда сақталынатын материалдар көн пайдаланылады (құм, тас, қиыршық, кірпіш). Бұлар қоймашының жауапкершілігінде далада сақталынады. Олардың әр құрылыс бөлігіне берілетіндері бойынша бөлек сақталғаны дұрыс. Мұндай материалдарды талап ету қағазы бойынша босатады. Ай сайын олардың қалдық көлемін өлшеу арқылы құрылысқа босатылған материалдардың көлемі, мөлшері анықталады. Ол үшін айдың аяғында түгендеу жүргізіп материалдардың ай бойы талап ету қағазы бойынша босатылғанның саны мен көлемін нақтылы пайдаланылған материалдардың санымен салыстырып отыру керек. Көп жағдайларда ашық жерде сақталынатын материалдарды өлшеп тұруға мүмкіндік болмайды. Сондықтан да оларды тікелей құрылыс салынып жатқан объектіге түсіреді де, пайдаланғаннан қалған қалдығын өлшеу арқылы көлемін білдіреді.

 

2.2. Тауарлы-материалдық  қорларды бағалау әдістері

 

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

  1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі
  2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
  3. ФИФО әдісі
  4. ЛИФО әдісі

 

Арнайы сәйкестірілген есептеу  әдісі

Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін  алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында  ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың және т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың  бағасын есептеуге арналған. Бұл  әдіс жұмсалған материал мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын  есептеу әдісі

Орташа өзіндік құнын  есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

ФИФО әдісі

ФИФО есептен шығарыл,ан материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіедік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

ЛИФО әдісі

ЛИФО әдісі кәсіпорынға  ең соңғы кезекте кіріске алынған  материалдар тобы бірінші болып  шығыс етіледі немесе жұмсалады  деген қағыдаға негізделген, яғни алғашқы  жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай соңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

Информация о работе Қорлар есебі