Қорлар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:59, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................... ........... 3

1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік
1.1. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі ........................................... 5
1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру ......................................................7
1.3. Материалдардың номенклатурасы ................................................................9

2. Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
2.1. Тауарлы-материалдық қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау.....................................................................................................................11
2.2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері ................................16

3. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
3.1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі ................................21
3.2. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі ......................24
3.3. Материалдық қорларды түгендеу ..............................................................26
3.4. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар...............................................................................................................30

Қорытынды .......................................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................................................34

Работа содержит 1 файл

корлар.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

Жоспар

 

Кіріспе ..................................................................................................... ........... 3

 

1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік

1.1. Тауарлық-материалдық қорлардың  жіктелуі ........................................... 5

1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру ......................................................7

1.3. Материалдардың номенклатурасы ................................................................9

 

2. Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері

2.1. Тауарлы-материалдық  қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау.....................................................................................................................11

2.2. Тауарлы-материалдық  қорларды бағалау әдістері ................................16

 

3. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі

3.1. Тауарлы-материалдық қорлардың  қоймадағы есебі ................................21

3.2. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі ......................24

3.3. Материалдық қорларды түгендеу ..............................................................26

3.4. Тауарлық-материалдық қорлар  шоты бойынша жүргізілетін операциялар...............................................................................................................30

 

Қорытынды .......................................................................................................33

 

Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................................................34

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің  өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып  алған бірақ әзірге ұйымға келіп  түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

1. Дайындалған, келіп  түскен және өндіріске немесе  сыртқа босатылған материалдарды  уақытында есептен, кіріске алу  немесе есептен шығару.

2. Материалдардың қоймада  және тасымалдау кезінде түгел  сақталуын бақылау.

3. Материалдық қорлар  қалдығының белгіленген мөлшерден  артып немесе төмендеп кетпеуін  бақылау.

4. Материалдарды өндіріске  пайдаланған кезде олардың техникалық  жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.

5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдалануын бақылау.

6. Дайындалған материалдардың  өзіндік құнын анықтап және  олардың жоспарлы есептеу бағасынан  айырмашылығын тауып, пайдаланылған  материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған  есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс  сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды  жасау қажет:

  • тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
  • материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Курстық жұмыстың мақсаты: материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру.

Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:

  • материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
  • құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
  • бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар материалдарды  алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске  босату және басқа жаққа берілетін  мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік

 

    1. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі

 

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі – оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешіліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

  • шикізат;
  • негізгі материал;
  • көмекші материал;
  • жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.

Негізгі материалдар  мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

Шикізаттар деп бұрын  азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп  пен ауыл шаруашылығы мекелерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын  құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.

Өндірістік үдерістің  бір сатысынан толық өтіп әрі  қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алыған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзіндік өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға – әртүрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін, тағы да басқа да жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.

 Материалдық қорлардың  ішінде бөлек топ болып отындар,  ыдыс және ыдыстық материалдар,  қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары  және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта  энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға  пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

 

1.2. Материалдарды есептеуді  ұйымдастыру

 

Ұйымның типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің 1300 «Запастар» бөлімшесінде материалдар есебі  мына шоттарда жүргізіледі:

1310 – Шикізаттар мен  материалдар;

1311 – Сатып алынған  жартылай фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер;

1312 – Отын;

1313 – Ыдыс және ыдыстық  заттар;

1314 – Қосалқы бөлшектер;

1315 – Басқа материалдар;

1316 - Өңдеуге берілген  материалдар;

1317 – Құрылыс материалдары  және басқалары;

1320 – Дайын өнім;

1330 – Сатып алынған  тауарлар;

1340 – Аяқталмаған өндіріс;

1350 – Басқа да запастар.

Шикізаттар мен материалдар  шотында өндірілетін өнімнің  құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті  құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үдерісіне әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі.

Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастырушы  бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер  шотында өндіріліп шығарылатын  өнімді жинақтау үшін сатылып алынған  өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі.

Отындар шотында тасымалдау құралына пайдаланатын, сондай-ақ өндірістің технологиялық қажетіне, энергия  өндіруге және үйді жылытуға пайдаланатын (мұнай өнімдері мен фтор, газ, көмір  тағы да басқа) отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептеледі.

Ыдыс және ыдысьық  материалдар шотында ұйымдағы ыдыс және ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің (шаруашылық құралы ретінде  пайдаланатындардан басқасы), сондай-ақ ыдыстарды өндіріп (жасап) шығаруға, оларды жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізіледі. Жабдықтаушы, өткізуші немесе саудамен айналысатын кәс»порындар тауарлар салынған ыдыстарды «сатылып алынған тауарлар» шотында есептейді.

Қосалқы бөлшектер деп  аталатын шотта ұйымның пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды, тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды жөндеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқа бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі.

Басқадай материалдар  деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары, түзетілмейтін өндіріс ақаулары, ұйымның өзінде материал, отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдардың, металл сынықтарының есебі жүргізіледі. Сонымен қатар бұл шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды, отырғызылатын көшеттерді, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дәрмектерді және тағы да басқа материалдарды есептейді.

Өңдеуге берілген материалдар  шотында қайта өңдеу үшін басқа  ұйымдарға берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының  құрамына кіретін материалдар есептеледі.

Құрылыс материалдары атты шотта тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына, сондай-ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар есептеледі.

 

1.3. Материалдардың номенклатурасы

 

Материалдар есебін дұрыс  ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.

Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың  аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық тізімде әр материалдардың дұрыс аты, оған берілген номенклатуралық нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдың біхгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі бір өздерінің топтары бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша жіктеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі, яғни шифр белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбәр топқа жататын материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар бұл материалдар жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркемелерінде және әртүрлі кестелерде көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің және оның цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындағанда сол шифрдан материалдың қай шотқа, сондай-ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсетет індей етіп тағайындау керек. Материалдардың номенклатуралық нөмірін жеті цифрдан құрастыру ыңғайлы болып табылады. Оның алдыңғы үш цифры шоттың келесі екі цифры қай топқа жататынын көрсетсе, соңғы екі цифры материалдардың осы топ ішіндегі реттік санын көрсетеді. Номенклатуралық нөмірді бес саннан да құрастыруға болады. Ол жағдайда оның алдыңғы бірінші цифры шоттың келесі екі цифры  қай топқа жататынын, ал соңғы екі цифры материалдың топ ішіндегі реттік санын көрсететіндей болып тағайындалуы керек. Номенклатуралық баға көрсеткіштерінде материалдар өздерінің статистикалық есеп берудегі қаралған тізімдердегі тәртібі бойынша топталғаны дұрыс. Номенклатуралық тізімде материалдың әр тобы бойынша жаңадан алыгатын материалдарға бос орын және реттік сан қалдырылады. Егер бағаларында көп айырмашылық болмаса, бір номенклатуралық нөмірге түрлері біртектес, бірақ бағасы мен сортында аздап айырмашылығы бар материалдарды біріктіруге болады. Бұл жағдайда олардың есептеу бағасы орташа бағаға сәйкес тағайындалады. Материалдарға қойылатын номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі ол материалдың барлық кіріс-шығыс құжаттарында, қоймадағы есеп карточкасында (үлгілі түрі М-17) және материалдық есеп беруде көрсетіледі. Егер ұйымдарға кейбір материалдар басқа өлшем бірлігімен келіп түссе, ондай материалдар номенклатуралық нөмірде көрсетілген өлшем бірлігі бойынша қайтадан саналып кіріске алынады. Материалдардың номенклатуралық баға көрсеткіші, әсіресе материалдар есебін оперативтік (жедел) қалдық тәсілін қолдану арқылы жүргізгенде өте тиімді.  

Информация о работе Қорлар есебі