Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 10:57, курсовая работа
Тұтынудың басталуы үшін өндіріс пен ұсыныс құрылуы керек. Шынымен де, мемлекеттік экономикасы оның өндірістік мүмкіндіктерімен анықталады: ғылым дамуының деңгейі, көптеген тауарлар мен қызмет түрлерін көрсету үшін ұйымдастырудың жетілуі және қаражат қорының молаюы. Осы өндірілген өнімдер түрлі мемлекеттерде сатылады немесе сатылып алынады. Дамыған елдердегі өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері өте жоғары, себебі әрбір орташа жұмысшыға қызмет көрсету және тауар өндірісінің салыстырмалы жоғары үлес салмағы келеді.
Кіріспе 3
1 Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері 4
1.1 Қоғамдық өндіріс. Қоғамдық өндірістің негізгі принциптері 4
1.2 Қоғамдық өнім және оның құрылымы 6
1.3 Қоғамдық өнімді тарату, айырбастау және тұтыну 6
1.4 Қоғамдық өнімді жаңғырту 7
1.5 Қоғамдық өнімді өткізу 8
2 Өндірістің негізгі формалары мен факторлары 9
2.1 Өндіріс және оның негізгі формалары 9
2.2 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары 12
2.3 Өндіріс шығындары және өзіндік құн.Кәсіпорын
шығындары түсінігі және олардың түрлері 15
2.4 Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту 20
3 Қоғамның рөлі 23
3.1 Қазіргі таңдағы экономикадағы адамның рөлі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 26
Кеңейтілген жаңғыртылуда әлеуметтік өнімді өткізудің негізгі шарты мынадай: 1-ші бөлімшенің жылдық табысы соммасы 2-ші бөлімшенің 1 жыл ішінде тұтынған тұрақты капитал мөлшерінен көбірек болуы қажет.
Негізгі шарттан екінші шарт та пайда болады: 1-ші бөлімшенің өнімінің құны екі бөлімшенің де бұрыңғы жылдағы тұтынған тұрақты капиталы мөлшерінің құнынан артық болуы керек. Басқаша айтқанда, бірінші бөлімшеде келесі жылы бірінші және екінші бөлімшелерде тұрақты капиталдың өсімін қамтамасыз ете алатындай етіп, өндіріс өнімінің қосымша санын өндіру керек.
Кеңейтілген жаңғыртудың үшінші шарты мынадай: қоғамның ұлттық табысы екінші бөлімшенің өнімінің құнынан көбірек болуы қажет. Яғни, бірінші және екінші бөлімшелерінің салаларында құрылған ұлттық табыс жаңғыртылған өндіріс барысында жеке тұтынуға толығымен өткізілмейді – оның бір бөлігі екі бөлімшедегі тұрақты капиталды арттыруға жұмсалады.
2 Өндірістің негізгі формалары мен факторлары
2.1 Өндіріс және оның негізгі формалары
Адамға өмір сүру үшін материалды шарттар мен игіліктердің жиынтығы қажет. Адамға қажет игіліктер екі топқа бөлінеді. Бірінші топ – қандай-да жігер салмай-ақ алынатын игіліктер. Осы игіліктер адамзаттың мекендейтін жерінде орналасқан және өңдеусіз тұтынуға жарамды болып келеді.
Екінші топтың құрамына адам өзіне қарапайым тәсілдермен алына бермейтін игіліктер жатқызылады. Мұндай игіліктерді алу үшін адамға белгілі бір деңгейде ынта-жігерін білдіру керек болады. Сәйкесінше, осы игіліктерді көбейтіу үшін өзінің жұмсайтын ынта-жігерінді де арттыру қажет. Мысалы, араларды өсіру арқылы бал өндіру.
Игіліктердің екінші тобының біріншісінен айырмашылығы мынада: қажетті мөлшерде тұтыну үшін, оларды алдымен өндіріп алуын керек. Осындай өндірілетін игіліктер экономикалық деп аталады.
Экономикалық әдебиеттерде оны өнім деп те атай береді. Осы өнім – біздің зерттеуіміздің негізі, әрі бастамасы болып табылады. Материалды игіліктер мен қызмет түрлерін өндіру өндіріс процесі барысында пайда болады.
Өндіріс деген адамның қоғамның дамуына қажетті материалды игіліктер мен қызмет түлерін өндіру үшін табиғат денелеріне әсер ету процесі болып табылады. Оның тарихи даму жолы қарапайым өнімдерді өндіріп дамудан күрделі техникалық жүйелерге иілілмді қайта құрылатын кешендер электронды есептеуәш машиналарға дейін өтіп шықты.
Өндіріс барысында игіліктер мен қызмет көрсету түрлерін игіліктер мен қызмет түрлерін өндіру тәсілдері мен түрлері ғана өзгеріп қоймай, адамның рухани жетілу процесі де өте береді.
Өндірістің екі түрін, яғни материалды және материалсыз етіп ажыратады. Алғашқысы құрамына материалды игіліктерді өдіру салаларын (өнеркәсіп, ауыл шаруагылығы, тұрмыстық қызметтер, құрылыс және т.б.) кіргізеді. Ал материалсыз өндіріс материалсыз қызмет көрсету және рухани байлықтарды жасаумен (денсаулық сақтау, білім беру және т.б.) Осы берілген екі өндіріс түрлері бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Олардың арасындағы қатынас қоғамның дамуына оң әсерін тигізеді.
Өндіріс процесі бір уақытта тұтыну процесін де қарастырады. Соның ішінде, өндіріс – материалды игіліктер мен қызмет түрлерін құрастыру процесі, оларды факторлар ретінде тұтыну болады. Осылай, өнім белгіл бір өндіріс нәтижесі бола отырып келесі өндірістік процесте тұтынылады. Нәтижесінде, ол өндірістік тұтыну процесін құрайды.
Тұтыну мен өндірістің кең байланысын есептей отырып, мынадай қорытындыға келуге болады: өнім де осы екі құбылыстың өзара байланысының және даму динамикасының жемісі.
Кесте 1 – Тұтыну мен өндірістің кең байланысы мен даму динамикасы
Өнім | |||||||||||
Өндіріс |
Тұтыну | ||||||||||
Тұтыну -өндіру |
Тұтыну -өндіру |
Тұтыну -өндіру |
Тұтыну -өндіру |
Тұтыну -өндіру |
Тұтыну -өндіру | ||||||
Басы |
Процесс |
Нәтиже |
Басы |
Процесс |
Нәтиже | ||||||
Арнайы дайындалып қойылған ресурстар [А] |
Жүзеге асырылмаған мақсат - әзір өнім [В]
[В] |
Ресурстарды тиімді түрде пайдалану А-[А]
|
Әзір өнімдердің бөлшектерін дайындау [В]–В
|
Шығындалған ресурстар [А]
|
Дайын өнім (жалғыз тікелей мақсаторындалды) В
|
Тұтыну материалы ретіндегі дайын өнім В
В |
Қамтамасыз етілмеген тұтыну [А]
|
Өнімді тұтыну В-[В]
|
Тұтынуды қамтамасыз ету [А]-А
|
Тұтынылған өнім [В]
|
Қамтамасыз етілген тұтыну А
|
Барлық кезеңдердің мақсаты - тұтыну |
Барлық кезеңдердің мақсаты - өндіру |
Осылай, өндіріс – бұл процесс. Барлық процестер секілді, оның бастамасы мен соңы бар. Өндірістік процестің ең басында, бір жағынын, дайын ресурстар А, екінші жағынан – дайын өнім оған жету үшін арналған мақсат ретінде [В] қарастырылады. Барлығымызға белгілі, мақсат бар, бірақ ресурстар жоқ немесе керсінше, ресурстар бар, бірақ, оны қай салаға пайдалану белгісіз. Осындай шарттардың орындалуынсыз өндіріс процесінің басталуы мүмкін емес.
Өндіріс процесінде қалдықты ресурстар шығындалады және А – [А]; [В] – В қалдықты өнімі ұлғаяды. Соңында барық шығындалған [А] ресурстары В деп аталатын дайын өнімге айналады. Осыла тікелей мақсат орындалады.
Осы жерде маңызды ескертуді атап кету керек. Өндіріс процесі ретіндегі өнім мен тұтынудың және өндірістің дайын өнімдері арасында үлкен айырмашылық бар. Тек дайын өнімдер ғана жалпы өнімдерді тұжырымдайды. Бірақ дайын өнім – тек қана өнімді өндіру және тұтынудың жалпы процесі элементі ғана болып табылады. (кесте 1)
Осы барлық кезеңдердің негізгі мақсаты – тұтыну. Шынымен де, біз өндірістің бастамасын немесе процестің өзін, әлде соның алсақ та – барлығының негізгі мақсаты – тұтыну болып табылады.
Бірақ, өндірістің тікелей мақсатынын шеңберін шектеу қажет – дайын өнімді шығару және соңғы мақсат – тұтыну.
Өндірістік өнімді тұтыну оның өндіру секілді процесс болып табылады, оның барлық процестердегідей бастамасы мен соңы бар болады.
Тұтыну процесінің басында біз бір жағынан дайын өнімді аламыз (В), ол тұтыну материалы болып қарастырылады. Ал екінші жағында, оған берілген өнімге байланысты қарама-қарсы қамтамасыз етілмеген тұтыну (А) орналасады.
Тұтыну процесінің ең басында осы екі бөлшек өзара байланыса бастайды: өнімнің порциялары тұтыныла бастайды және олардың тұтынылуы мөлшеріне байланысты тұтынуды қамтамасыз ете алмаған процесс тұтынуды қамтамасыз ете алатынға өзгереді. В - [В]; [А] – А. Тұтыну процесінің нәтижесі болып, бір жағынан шығындалған өнім [В], екінші жағынан - берілген өнімді тұтынуды толық қамтамасыз ету А. Тұтынушылық қамтамасыз етілді, осымен барлығы аяқталды деген тұжырымға келуге болмайды. Кестенің төмеңгі оң жақ тік төртбұрышына назар аударайық. Барлық тұтыну кезеңдерінің мақсаты - өндіріс. Сондықтан тұтыну процесінің нәтижесі болып тек қамтамасыз етілген тұтыну ғана емес, өндірістің жаңа актіне бір уақытта өндірілген ресурс та жатады. Кейбір авторлар өнімнің осы бөлігін аралық өнім деп те атай береді. Ол бір жағынан, өнімнің кейінгі өндірілуінің жалғасуының шарты, ал екінші жағынан қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуі болып табылады.
Қоғамдық өндірісті тұтыну мен өндірістің бірлігінің нәтижесі ретінде қарастырсақ, онда мынадай ой тууы мүмкін: өнімді өндіру мен тұтыну – қандай да бір оқшауланған процесс, ол табиғатпен және оның қорларымен ешқандай байланысы жоқ. Бірақ, осылай болмайды. Адам әрқашан өндіріс үшін табиғаттан түрлі нәрселерді алып, тұтыну қалдықтарын табиғатқа қайтіп тастайды. Осыдан, оқшауланған экологиялық – экономикалық цикл құрылады.
Зерттеулер бойынша, өндірістің ең басында өндіріске арналған ресурстар табиғаттан алынған немесе тұтыну процесі нәтижесінде пайда болған. Ал тұтыну процесінде ресурстардан басқа қалдықтар да құрылады. Тұтыну сферасына өту үшін табиғат нәрсесі өндіріс сферасында өңделуі қажет екені анық. Егер табиғат нәрсесі өндіріссіз де пайдалануға мүмкін болса, онда оны экономикалық емес игілік қатарына жатқызамыз.
Осыдан ғаламдық экологиялық мәселе туындайды: табиғат экономикалық емес игілік болуын тоқтатады. Адамдар өркениетін сақтап қалу үшін, оны жаңғыртып тұтынуға үйрену және табиғатты адамның іс-әрекеті нәтижесі етіп құруы қажет. Адамның өндіргіш күштерін осы мәселені шешуге жұмсау қажет.
Жоғарыда аталып кеткендей, адамның өндіргіш күштері - бұл оның өзіндік өндірісі мен тұтынуына арнап бейімдеген күштері болып табылады. Өндіріс пен тұтыну адамның қатысуынсыз мүмкін емес болғандықтан, өндіріс пен тұтынуға арналған табиғат күштері – адамның өндіргіш күштері болып табылады.
Өндіргіш күштердің өзінің ішкі құрылымы бар. Оның құрамында өндіріс тәсілдері мен еңбек күшіне аса үлкен назар аударылады.
Уақыттың осы аралығында құрылып болған өндіргіш күштерді «өндірістің технологиялық тәсілі» немесе қарапайым тілмен «технология» деп те атайды.
Өндіріс процесі барысында экономикалық немесе өндірстік қатынастар құрылады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар әрқашан тұрақты өсуде болады, адамдар өзінің өндіргіш күштерін айырбастап өзінің пайдалануына белгілі бір күштерді таңдап алады.
Экономиканың тұрақты дамуы үшін өндіріс пен тұтыну арнайы өзара тәуелділікте және байланысты жағдайында болуы қажет. Технологияларды айырбастау өндіріс пен тұтынуды өзгертеді, бірақ жалғыз өзі олардың арасындағы дұрыс қатынастарды орната алмайды. Осыдан, өндіріс процесі барысында жаңа мамандындырылған арнайы сфера – экономикалық қатынастар сферасы құрылуы қажет. Берілген сфера өзгеретін өндіріс пен тұтыну арасында тәуелділікті құрады, ал экономикалық қатынастар өндіріс пен тұтыну арасында реттегіш пен ынталандыратын элемент қызметін атқарады. Олар коньюктураға, қоғам мақсаттары, қамтамасыз етілуі деңгейі және т.б. тәуелді болады.
Экономикалық қатынастарды өндірістік қатынастар деп те атай береді. Олар қоғамның экономикалық ұйымдасуының негізін құрайды. Осыдан, өндірісті зерттеу үшін, оның өндіргіш күштерге әсерін (технологияларды), екінші жағынан өндірісті ұйымдастыратын реттегіштер мен ынталандыратын элементтерді қарастырған дұрыс.
Қандай да болсын өндірістің өзінің ерекше формалары болады. Осы мәселеге байланысты зерттеушілер арасында біріңғай көзқарастар жоқ. Барылығы классификацияланған қасиеттердің өндірістің әлеуметтік формаларының негізі болуы деңгейіне байланысты болады. Егер классификация негізі ретінде өндіргіш күштердің кезеңдерімен даму деңгейін қарстырсақ, онда негіз критериилері мынадай:
а) Индустрилануға дейінгі өндіріс, мұнда ауыл шаруашылығы мен қолмен атқарылатын еңбектің басқаларға қарағанда үлес салмағы жоғары;
ә) Индустрилады өндіріс, мұнда ірі механизацияланған өндіріс басым болады;
б) Постиндустриалды өндіріс, қызмет көрсету, ғылым, білім беру, ақпараттану және т.б. басымдылығы жоғары.
К. Маркстің құрылымдық жолы алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік өндіріс түрлерін ажыратады. Құрылымдық классификация негізіне оның мақсаттары мен мазмұыны зерттеуге негізделген жіктік жол ұсынылған. Марксистік түсінік бойынша, капиталистік қоғамның мақсаты жұмысшыларды қолдлану арқылы қосымша құнды арттыру болып табылады деп есептелген. Постиндустриялды өндірістің мақсаты экономикалық өсімді, жұмыс бастылықты, бағаның тұрақтануын, табысты әділ түрде тарату, халықтың кедей бөлігін экономикалық қамқорлыққа алынуын қамтамасыз етуде және т.б. болады. Марксистік түсінік бойынша, капиталистік қоғамның мақсаты жұмысшыларды қолдлану арқылы қосымша құнды арттыру болып табылады деп есептелген.
Берілген сфера өзгеретін өндіріс пен тұтыну арасында тәуелділікті құрады, ал экономикалық қатынастар өндіріс пен тұтыну арасында реттегіш пен ынталандыратын элемент қызметін атқарады.
2.2 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары
Өндіріс – материалды игіліктерді құрастыру процесі. Өнімді өндіруде адам табиғат обьектілеріне әсерін тигізеді, оларға материалды қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жарамды етіп белгілі бір форма береді.
Аталып кеткендей, өндіріс – табиғаттың нәрселерін тікелей тұтыну немесе өндірісті жалғастыру үшін өңдеу болып табылады. Өндірістің берілген функциясы оның түрлі әлеуметтік формасында да сақталады.
Бізге игіліктерді өндіруде қандай факторлар қатысады деген сұраққа жауап беру қажет. Экономикалық теорияда өндіріс факторы ретінде өндірістің нәтижелілігі мен мүмкінділігіне әсерін тигізетін аса маңызды элемент немесе обьект қарастырылады. Өнімді өндіруге пайдаланылатын осындай факторлар өте көп. Сондықтан, оларды ірі топтарға біріктіре отырып, классификациялау қажет.
Информация о работе Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері