Негізгі құралдардың есебіне жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:51, реферат

Описание работы

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі стандарт бойынша ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
1)Негізгі құралдардың есебіне жалпы түсінік....................................................3
2)Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі .......................................................8
3)Негізгі құралдардың тозу есебі және амортизацияны есепке алу әдісі...........15
4)Негізгі құралдардың есептен шығарылуы ....................................................18
5)Негізгі құралдардың тозуы ...........................................................................20
6)Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау ...............................................22
7)Негізгі құралдарды алу және түгендеу есебі ................................................28

Қорытынды .......................................................................................................30


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ....................................................................31

Работа содержит 1 файл

1.docx

— 51.12 Кб (Скачать)

Негізгі құралдардың  құрылысы шаруашылық немесе мердігерлік  әдіспен жүргізіледі. Капитал құрылысы бойынша келісімшартта көрсетілген  мөлшерде аванстың бірінші бөлігін  төлеу бекітілген келісімшартта  анықталған мерзімде банк бэк-офисінде жүргізіледі, ал қалған сомаларды төлеу 3 және 2-нысаны бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі мен бюджетпен қарастырылған ақша сомасы шегінде бөлімше басшысының қолы қойылған, бұрын төленген аванстарды ұстап қалудың үйлесімді есебімен нақты сомасы көрсетілген шоттарды төлеуге ұсынылған жүмыстардың құны туралы жабдықтаушылардан алынған анықтама негізінде жүзеге асырылады. Қатар-қатар реттік ұйымдар ай сайын 27 күннен кешіктірілмей 3 және 2-нысандағы орындалған жұмыстар актісін ұсынады. 
Сонымен қатар банк бэк-офисінің (бөлімшесінің) жауапты қызметкері төлем жүргізгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізілген төлемдер журналына белгілеп қояды.


Банктің бас бухгалтериясы  әрбір мердігер бойынша төленген аванстардың сомасы есебінде бөлек дербес шоттар ашады. Капитал құрылысы бойынша жүргізілетін шығындар есебі негізгі құралдардың сәйкес топтары арқылы жүргізіледі. Келісімшарт қосымшаларымен бірге құрылыс және жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстармен қатар тарифтерді, калькуляцияларды, еркін сметалық есеп айрысуларды банк немесе оның бөлімшелерінің басшылары тексеріп, қолдарын қоюлары керек. 
Банк (бөлімшелер) франт-офисі қарыздың нақты сомасын төлеу нұсқауларымен қатар, негізгі құралдарды кірістеудің нұсқауларын береді, сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді: 
- негізгі құралдардың жалпы сомасын; 
- амортизациялық аударым әдісін; 
- пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін; 
- өтімділік қүнын; 
- негізгі құралдарды өндірістік және өндірістік емес салада 
пайдалануын.

Құрылыстың шаруашылық әдісі кезінде банктің шаруашылық қызмет жұмысшыларымен есептесу төлем кестесіне сәйкес жүргізіледі. Құрылыстың мердігерлік әдісі кезінде мердігерлік ұйымдармен есептесу банктің жоғары басшыларымен қарастырылып, бекітілуіне сәйкес құжаттар және сметалар шегінде келісіліп жасалған шарт негізінде жүргізеді.

Егер құрылыс банк алған материалдар есебінен жүргізілсе, онда бөлімше материал құнын төлеу үшін материал алуға мердігердің хаты мен сенімхатының жазбаша көшірмесін банкке жібереді.

Егер күрделі  жөндеу қызметінің мерзімін көбейтсе, жүргізілген жұмыстар немесе негізгі  құралдардың көрсеткіштері айтарлықтай  жақсарса, одан оған кеткен шығындарға мыналар жатады: 
• ғимарат және құрылыс бойынша:  
Дт  1652 «Жер үйлер және ғимараттар» 
1860 «Басқа да дебиторлар» 
Кт 1851 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» - ҚҚС сомасында. 
• автомобиль көлігі бойынша: 
Дт  1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт  1860 «Басқа да дебиторлар» 
1851 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдер бойынша есеп айырысу» - ҚҚС сомасында. 
                                   Негізгі құралдарды түгендеу 
Негізгі құралдардың нақты қолда болуын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында нормативтік, құқықтық және басқа да актілерге сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жасалынады.


Негізгі кұралдардың  келіп түсуінде әрбір түрі және әрбір  құрамы бойынша бөлек түгендеу карточкалар  жасалады және бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге болатын негізгі құралдардың есебінің журналында сәйкес келетін жа-зу жазылады. Жазулар теңгемен тиынсыз жазылады. Түгендеу карточкасында олардың алынуына сәйкес заттың атауы, құжаттың деректемелері көрсетіледі. Карточкалар негізгі құралдардың топтары бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен бірге банктің балансына кірістеу үшін түгендеу карточкасындағы көрсетілген барлық қажет деректемелер банктің бэк-офисіне жіберіледі.Түгендеу жүргізу кезінде негізгі құралдардың есеп мәліметтері мен қолда болуы арасындағы сәйкестікті орнатады, олардың жиын-тықтылығын, техникалық жағдайын, бағыты бойынша пайдалану деңгейін анықтайды. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін банк бұйрығы бойынша түгендеу комиссиясы құрылады. Түгендеуді бастамас бұрын түгендеу карточкаларының, техникалық паспорттың, жолға өткізілген және қабылданған объектінің жағдайын тексереді, қажет құжаттарды дайындайды және негізгі құралдардың тұрған жері бойынша тізімін анықтайды. 
Комиссия мүшелері лауазымды немесе материалды жауапты тұлғалар қатысуымен негізгі құралдарды қарастырады және атауы, белгісі, түгендеу нөмірі бойынша қолда бар болу сәйкестігін тіркейді.  


Негізгі құралдар түгендеудің  негізгі міндеті болып табылатындар:  
1. Есепте тіркелмеген объектілерді қоса алғанда, негізгі құралдар нақты қолда барын анықтау;  
2. Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы негізгі құралдар сақталуын бақылау;  
3. Жиынтығы бұзылған және күйреудің,тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсызнегізгі құралдар объектілерін анықтау;  
4. Машиналарды,механизмдерді,жабдықтарды,көлік құралдарын және негізгі құралдар басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру;  
Түгендеуді: 
      - Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктерместен, кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде түгендейді;  
Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында,жылына ең аз дегенде 1рет қараша айында жүргізеді. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді 3 жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгендеу жүргізіледі. 

 


                                                                Қорытынды  
Сонымен қорыта айтатын болсақ, субъектідегі негізгі құралдар есебі «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.  
Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн.  
Негізгі құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал - саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады  
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді  
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады. өзінің құның жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіріледі. Негізгі құралдар ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсатқа жету үшін маңызды шарт болып табылады.  
Еңбек заттары адам еңбек процесіне еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар. Олар бір рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және өзідернің құнын өнім құнына көшіреді. Босалқы бөлшектер немесе сервистік қызмет көрсету әдетте босалқылар ретінде ескеріледі және пайдада немесе залалда оның пайдаланылуына қарай танылады. Алайда, ірі қосалқы бөлшектер және резервтік жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде сыныпталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 1 наурыз 2006 ж.  
2. «Бухгалтерлік есеп және Қаржылық есеп беру» туралы заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2002 ж.  
3.Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж.  
4. Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж.  
5. Бухгалтерлік есеп, 2-ші басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 1994 ж.  
6. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.  
7. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.  
8. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.  
9. Бухгалтер бюллетені. №3 қаңтар, 2006  
10. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж.  
11. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет.  
12. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.


Информация о работе Негізгі құралдардың есебіне жалпы түсінік