Негізгі құралдардың есебіне жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:51, реферат

Описание работы

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі стандарт бойынша ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
1)Негізгі құралдардың есебіне жалпы түсінік....................................................3
2)Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі .......................................................8
3)Негізгі құралдардың тозу есебі және амортизацияны есепке алу әдісі...........15
4)Негізгі құралдардың есептен шығарылуы ....................................................18
5)Негізгі құралдардың тозуы ...........................................................................20
6)Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау ...............................................22
7)Негізгі құралдарды алу және түгендеу есебі ................................................28

Қорытынды .......................................................................................................30


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ....................................................................31

Работа содержит 1 файл

1.docx

— 51.12 Кб (Скачать)

Автомобиль  көлігінің жылжымалы құрамының  амортизациялық аударымының нормасы 1 000км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір  айдағы амортизациялық аудырымдардың  мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне  байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың  толық амортизациясына нормативтік  қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай  жүргізіледі.  
Қайтадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және негізгі құралдар консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді.  
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді.  
           Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде негізгі құралдар әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі әдістерін қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субъект таңдап алған әдістері есеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне қарай қолданылуға тиіс. 

 

 

 

 


Негізгі құралдарды есептен  шығарылуы

     Т.Ә. Әбдіқалықовтың «Аудит және бухгалтерлік есеп» атты еңбегінде негізгі құралдың ( үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, т.б.) өндіріс процесінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» - деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» - деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.  
Амортизациялық аударым мөлшері – дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеп шығарған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.  
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылады. Маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға жыл бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы жыл соңында субъектінің жыл бойы өндірген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің өзіндік құнына кіргізіледі.                                                                       

Шаруашылық субъектілеріне жаңадан  келіп түскен, кіріске алынған  негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен  бастап есептеледі. Ал субъектінің  баласынан есептен шығарылған негізгі  құралдарға келесі айдың бірінен  бастап амортизациялық аударым есептелмейді.  
Бухгалтерлік есептің «Негізгі құралдарды (құрал-жабдықтарды) есепке алу» деп аталатын стандартында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынадай әдістер бекітілген:  
1. құнды бірқалыпты (тура жолды) есептеп шығару әдісі.  
2. құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)  
3. жылдамдатып есептен шығару әдістері  
а) қалдық құнның кему (қалдық азайту) әдісі  
б) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі. Амортизациялық аударым есептеудің қолдануға таңдап алынған әдісі шаруашылық субъектінің есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданылады. Егер негізгі құралдарға қолданылатын амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептермен болғаны қаржылық есептемеде айтылып көрсетілуі керек.  
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін. Осындай жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды сатып алу қолда бар нақты жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы мүмкін. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай активтері активтер ретінде танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз етеді. Мысалы, химия компаниясы қауіпті химиялық заттарды өндіру немесе сақтау кезінде экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялар енгізе алады; технологиялар мен жабдықтарды жетілдіру жөніндегі тиісті шаралар актив ретінде танылады, себебі компания оларсыз химикаттарды өндіріп, сата алмайды. Солай бола тұрса да, ондай активтің және осыған байланысты активтердің баланстық құнының жиынтық мәні 36-«Активтердің құнсыздануы» Халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану мәніне байланысты тексерілуге тиіс.  
Келесі шығындар айтылған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында осы объектіге күнделікті қызмет көрсетуге арналған шығындарды танымайды. Оның орнына, ондай шығындар пайдалар мен залалдар шегу жағдайына қарай сонда танылады. Күнделікті қызмет көрсетуге арналған шығындар негізінен жұмыс күшіне және шығыс материалдарына жұмсалған шығындардан тұрады, сондай-ақ жиынтықтаушы бөліктер сатып алуға шығатын шығындарды қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көп жағдайларда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін «жөндеу және ағымдағы қызмет көрсету» ретінде көрсетіледі.  
Қ.К Кеулімжаевтың., Н.А. Құдайбергеновтың «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» атты оқулығында былай деп жазылған: Негізгі құралдардың өндіріс үрдісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар аустырып алуға тура келеді. 


 

 

 

                                        


Негізгі құралдардың тозуы

Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозу олардың материалдық жағынан  тозуы болып табылады, яғни жұмыс  істеу үдерісінде машиналар мен  құралдардың жеке бөліктерінің қажалып  мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың  тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылмағандығына ғана байданысты емес, оған сонымен қатар басқа  да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне  байланысты. Яғни негізгі құралдардың  табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың  ұзақ уақыт пайдалануы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінде  болып табылада.  
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үрдісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.  
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдарың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.  
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған тура осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктерінің құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдарының орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.


Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:  
1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстырады);  
2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);  
3. Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);  
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуда субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;  
5. Жұмыс күшінің білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.  
Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;  
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіру салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай мен қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.  

 


Негізгі құралдарды бағалау, қайта бағалау

Негізгі құралдарды қайта бағалау  негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.  
Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.  
Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.  


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

 


Негізгі құралдарды алу және түгендеу есебі

Банктің есеп саясаты  бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі құралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рұқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады. 
         Негізгі құралдарды алуда жасалған келісімшарт орталықтандырылып төлеуінде франт-офис бөлімшелері оны төлеу үшін банктің бэк-офистерінде көрсетіледі. Жекелей есеп тәртібінде келісім-шарттың тәртібімен келісе отырып, банк бөлімшесінің франт-офисі өз кезегіндегі уақытша жауапты келісімшартты орындау үшін басшысының қолын қойып төлемді жүзеге асыруға бұйрық жазып береді және бұйрықты бэк-офис бөлімшесіне береді. 
Бэк-офис келісімшарттьщ дұрыс рәсімделуііГ және төлемді жүзеге асыру бұйрығын тексеріп, содан кейін ғана келісімшарттарымен келісе отырып сомаларды өтейді. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты қосымша құнға салықтар олардың құнына кіретін негізгі құралдардың қатарын қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды. 
Банктің бас бухгалтері әрбір жасалған келісімшарт бойынша банк бөлімшелеріне сәйкес келетін жекелей шарттар аіиады.

Банк бөлімшелерінің франт-офисі жабдықтаушылардан негізгі  құралдарды алғаннан кейін айрықшалау және шот-фактура келісімінде көрсетілген  негізгі құралдардың атауын, санын, баға өлшемін және жалпы құнын  салыстырып қабылдап-өткізу актісін толтырады.

Жоғарыда аталған  деректемелер бірлігіне тексеріс жүргізілгеннен кейін банктің бэк-офисі алғашкы  құжаттардың көшірмесін жасайды  да, негізгі құралдарды кірістеудің  типтік тізімдемемен соңғы есебін банктің  бэк-офисі бөлімшесі көп затты  қолма-қол  негізгі  құралдардың әрбір  заттарының  құнын  типтік                  Кт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» тізімдемесін жасайды.


         Негізгі құралдарды алдын ала төлеу арқылы сатып алу: 
• сатып алынатын негізге құралдар үшін (50% аспайтын) 
алдын ала төлеу кезінде: 
Дт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
• соңғы есеп айырысу сомасына: 
Дт    1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» 
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
• негізгі құралдарды кірістеу: 
Дт  1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 
1653 «Компьютер жабдықтары» 
1656 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; 
• құрастыруды талап ететін негізгі құралдар бойынша: 
Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал - жабдықтар» ; 
Кт   1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; 
• жүргізілген құрастыру жұмыстары үшін төлемдер: 
Дт  1856 «Күрделі қаржы салымы боиынша дебиторлар» 
Кт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
• құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2-нысаны 
бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге    асырылады: 
Дт  1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 
1653 «Компьютер жабдықтары» 
1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» 
Кт   1856 «Күрделі  қаржы салымьк бойынша дебиторлар»; Сатып алынған негізгі құралдар үшін бюджетке ҚҚС төлеу 
• ҚҚС есептеумен қатар негізгі құралдар үшін алдын ала  төлеу сомасына: 
Дт   1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт   1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
• негізгі құралдарды, яғни бюджетке төленген ҚҚС сомаларына оларды алу фактісі бойынша кіріске алу кезінде: 
Дт  1851   «Салықтар   және   бюджетке   төленетін   басқа   да 
міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» Кт   1856 «Күрделі каржы салымы бойынша дебиторлар»; 
• Салык заңдылықтарына сәйкес салық салу айналымының 
үлес  салмағы  бойынша  есептелген  ҚҚС  бойынша  жүргізілетін 
есептеу сомасына: 
Дт  2851  «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша 
есеп айырысу» Кт   1851   «Салықтар   және   бюджетке   төленетін   басқа   да 
міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу». Құрылыс жүргізу кезінде есеп айырысу тәртібі.

Информация о работе Негізгі құралдардың есебіне жалпы түсінік