Негізгі құралдар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:18, творческая работа

Описание работы

Кәсіпорының қалыпты өндірістік- шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалары мен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.

Работа содержит 1 файл

Негізгі құралдар.pptx

— 149.21 Кб (Скачать)

    (2000000-200000)/15000000 * әр жылдағы өндірілген өнім саны =

    0,12 тг * әр жылдағы өндірілген өнім саны

     Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін  амортизациялық аударым мөлшері  бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0,12 теңгені құрайды, яғни он екі (12) тиын.

     Егер  станок :     бірінші жылы  4 миллион

                                 екінші жылы   4  миллион

                                 үшінші жылы  3 миллион

                                 төртінші жылы 2 миллион

                                 бесінші жылы   2 миллион

өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері

     бірінші жылы  480 000тг = 4 миллион * 0,12 = 480 000

     екінші  жылы   480 000тг = 4 миллион * 0,12 = 480 000

     үшінші  жылы  360 000тг = 3 миллион * 0,12 = 360 000

     төртінші  жылы  240 000тг = 2 миллион * 0,12 = 240 000

     бесінші жылы   240 000тг = 2 миллион * 0,12 = 240 000  

       Кумулятивті әдіс.

       Кумулятивті әдіс- латынтілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді.

       Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың  алымы негізгі құралдардың пайдалану  мерзімінің қалған жылдар санына тең  болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына  тең болуына байанысты. Бұл формула  мына түрде жазылады:

         АА =         Қалған жылдар саны *  (бастапқы құн – қалдық құн)

                                Пайдаланатын жыл

                          сандарының қосындысы 

       Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл деп  алсақ, онда станоктың пайдаланатын жыл сандарының қосындысы 15-ке (он бес) тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны кумулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеркіш  коэффициенті өзгеріп отырады, яғни

                                       бірінші жылы        5/15

                                       екінші жылы         4/15

                                       үшінші жылы        3/15

                                       төртінші жылы      2/15

                                       бесінші жылы        1/15 –ге тең болады.

       Станоктың бастапқы құны 2 000 000 (екі миллион) теңге, қалдық құны 200 000 (екі жүз) теңге болған жағдайда онығ амортизацияланатын аударым мөлшері 1 800 000 (бір  миллион сегіз жүз мың) теңгені  құрайды (2 000 000 - 200 000). Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:

       жыл АА = 5/15 * (2 000 000 – 200 000) = 600 000

       жыл АА = 4/15 * (2 000 000 – 200 000) = 480 000

       жыл АА = 3/15 * (2 000 000 – 200 000) = 360 000

       жыл АА = 2/15 * (2 000 000 – 200 000) = 240 000

       жыл АА = 1/15 * (2 000 000 – 200 000) = 120 000

       Сандардың қосындысын, яғни кумулятивтік санын  неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады:

    S = N*(N+1)/2

    Мұндағы, S – сандардың қосындысы;

                      N – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі (жыл).

    Біздің мысалымыз  бойынша S = 10*(10+1)/2 = 55

егер негізгі  құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса, кумулятивтік сан 55-ке тең болады.

         Кумулятивтік әдісімен негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі: 
 
 

       
Мерзімі Бастапқы құны Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған

тозу сомасы

Қалдық құны Айға ес-н амор-я ∑
Сатып алынған кездегі

1-ші  ж/аяғында 

2-ші  ж/аяғында 

3-ші  ж/аяғында 

4-ші  ж/аяғында

5-ші  ж/аяғында

 
2 000 000

 2 000 000

 2 000 000

 2 000 000

 2 000 000

 2 000 000

 
 ----------------

 5/15*1800000= 600 000

 4/15*1 800 000 = 480 000

 3/15*1 800 000 = 360 000

 2/15*1 800 000 = 240 000

 1/15*1 800 000 = 120 000

 
------------

 600 000

 1 080 000

 1 440 000

 1 680 000

 1 800 000

 
2000000

1 400000

920 000

560 000

320 000

200 000

 
-----------

50 000

 40 000

 30 000

 20 000

 10 000

 

        Кемімелі  – қалдық әдісі.

        Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу  алдымен құнды біркелкі есептен  шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың  бастапқы құнына емес, әр есепті жыл  басындағы әлі амортизацияланбаған  қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

        Осыған  дейінгі әдістерде мысалға алынған  станоктың амортизациялық аударымын  осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл, сондықтан құнды біркелкі есептеп  шығару әдісі бойынша жылдың амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал кемімелі-қалдық әдісі бойынша ол көрсеткіш екі  еселеніп алынады, яғни 4% болады. Бұл  белгіленген амортизациялық аударым  мөлшерінің пайызы негізгі құралдардың  әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнна көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың  пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында  қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп,  өндіріс шығындарына  қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс  шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек  қойылмайды. 

        Кемімелі-қалдық әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі: 
 
 

        
Мерзімі Бастапқы құны Амортизацияның

жылдық  сомасы

Жинақталған

тозу  сомасы

Қалдық құны Айға есептелген амортизация сомасы
Сатып алынған кездегі

1-ші  ж/аяғында

2-ші  ж/аяғында 

3-ші  ж/аяғында 

4-ші  ж/аяғында

5-ші  ж/аяғында

 
 
2 000 000 

2 000 000 

2 000 000 

2 000 000 

2 000 000 

2 000 000

 
 
----------------

40%*2 000 000 = 800 000

40%*(2000000-800000)=480 000

40%*(2000000-1280000)=288000

40%*(2000000-1568000)=172800

159 200-100 000 = 59 200

 
 
------------ 

800 000 

1 280 000 

1 568 000 

1 740 000 

1 800 000

 
 
2 000 000 

1 200 000 

720 000 

432 000 

260 000 

200 000

 
 
----------- 

66 667 

40 000 

24 000 

14 400 

4 933

        Амортизациялық  аударым негізгі құралдарды қайта  құру мен техникалық қайта жарақтау кезігде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған  негізгі құралға есептелмейді.

        Халықаралық практикада баяу амортизациясы деп  аталатын әдіс бар, мысалға, күрделі  пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл  әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдалануды  бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары  ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.

        Мысал: «Каzжиһаз» ЖШС 2003 жылы желтоқсан айында құны  1 608 333 теңге тұратын сауда  құрал-сайманын сатып алған. Оның болжаған жою құны 3760 теңге тұрған, ал пайдалану  мерзімі 15 жыл.

        Кәсіпорын амортизациясын есептеу үшін кумулятивтік әдіс пайдаланған, ал 2006 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.

       Есеп  қағидасындағы өзгерістің әсерін есептеу және оны көрсету мынадай жолмен жасалынады: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Амортизацияны  есептеу 2004 жылдың 1-ші қантарынан басталған.

Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша есептелінеді:

                     15x(15+1)/2=120.

     Екі әдісті пайдалану салдарынан 173830 теңгеге  айырма пайда болған, осы пайда  болған айырма таратылмаған (бөлінбеген) табысқа жатқызылады. 
 
 

       
Кезеңі Кумулятивтік  әдісі бойынша

амортизацияны есептеу

Бірқалыпты  әдісі бойынша амортизацияны  есптеу
2004 жыл (1608333-3760)x15/120=200572 теңге (1608333-3760)/15=106971теңге
2005 жыл (1608333-3760)x14/120=187200 теңге (1608333-3760)/15=106971теңге
2006 жылғы жинақталған

амортизациясының

сальдосы

 
200572+187200=387772 теңге
 
106971+106971=213942теңге

Амортизацияның  синтетикалық есебі 

     Негізгі құралдарға тозу сомасы есептелгенде бухгалтерлік есепшоттары бойыша жүргізілетін шаруашылық операциялар 
 

Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Ұйымға келіп  түскен, кіріске алынған негізгі  құралдарының тозу сомасына 2410 2420
2 Ұйымның басқа  заңды және жеке тұлғаларға сатқан немесе басқадай жолмен есептен шығарған негізгі құралдарына бұрын есептелген тозу сомасының есептен шығарылуына 2420 2410
3 Негізі құралдарға есептелген тозу сомасына:
    • негізгі өндірісте;
    • қосалқы өндірісте;
    • жалпы шаруашылыққа арналған;
    • сатуға қызмет көрсететін салада;
    • күрделі құрылысқа пайдалануда;
    • алдағы есепті кезеңге жатқызылғандары:
    • қысқа мерзімге жалға берілгендеріне.
 
8046

8045

7210

7110

2930

1620, 2910

7420

 
2420

2420

2420

2420

2420

2420

2420

4 Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуіне сәйкес тозу сомасының  артуына    
5 Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының кемуіне сәйкес тозу сомасының  азаюына    

      Шаруашылық  операциялар            Д               К           Сома  

Информация о работе Негізгі құралдар есебі