Негізгі құралдар есебі және оларды бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 22:39, курсовая работа

Описание работы

Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күшімен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады.Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты, өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:

- еңбек заты (шикізат, материалдық ресурстар) еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп, дайын өнімге айналатын заттар;

- құрал-жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.

Содержание

Кіріспе

I.Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік.

1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.

II.Негізгі құралдардың есебі.

2.1.Негізгі құралдардың кіріске алу есебі.

2.2.Негізгі құралрдардың істен шығарудың есебі

2.3.Негізгі құралдардың амартизациясы мен тозуын есепке алу.

2.4.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.

2.5.Негізгі құралдарды жалдау жөніндегі операциялардың есебі.

III. Негізгі құралдардың бағалау,қайта бағалау және түгендеу есебі.

3.1.Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау есебі.

3.2.Негізгі құралдарды түгендеу

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс Негізгі құралдар.doc

— 176.50 Кб (Скачать)

        3.1.Негізгі құралдарды  бағалау және қайта  бағалау есебі. 

  Қызмет  көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізгі қорды бағалаудың келесі түрлері кездеседі:

  1. толық бастапқы құны, яғни жаңа құрал-жабдықтың өндіріс жағдайында жасалынған, және іске асырылған құны.
  2. толық қайтадан қалпына келтіру құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы жағдайындағы негізгі қорлардың әрбір түрін қалпына келтіру құны.
  3. тозуды алып тастағандағы бастапқы құны.
  4. тозуды алып тастағандағы қайтадан қалпына келтіру құны.

      Негізгі қордың толық бастапқы құны тасымалдау мен монтажға жасалған шығындарды қосқандағы әрбір түрін сату немесе иемдену  процесінде төленген нақты сомамен анықталады. Оған пайдалану процесінде еңбек құралдарының кеңейтілуі мен жаңартылу шығындары кіреді. Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда бастапқы құнға жабдықталуға төленетін пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі іс-әрекетінің балансына жатқызылады. Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың бұл түрі меншікке салынатын салықтың шамасына және амортизациялық төлемдерді анықтауға қолданылады.

      Еңбек құралдарын жасауға және иеленуге кететін  шығындар әр түрлі уақыттарды жүзеге асырылады және бұл өздерінің  тұтыну қасиеттеріне байланысты зерзаттардың бастапқы құнын түрлендіруге әкеледі.

      Толық бастапқы құн бойынша ескерілген негізгі қорды сатып алу бағасы инфляция кезінде уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын ағымдағы бағамен сәйкес теңестіріледі. Бұл негізгі қордың динамикасын, өндірісін зерттеуді қиындатады, негізгі қорлардың өнім көлеміне немесе алынған табысқа қатысты алынған көрсеткіштерді сәйкессіздендіреді.

      Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін  негізгі қорлардың көлемдерін салыстыруға  жарамсыз етеді.

      Толық қалпына келтіру құны бағалауды  қайта орындау процесінде негізгі  қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.

      Қалпына келтіру құны негізгі қордың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен  сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады.

      Тозуды  алып тастағандағы бастапқы құн дәл  сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны  анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.

    Негізгі құралдарды қайта бағалау №6 БЕС  сәйкес,негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.

    Инфляция /ақшаның құнсыздануы/ жағдайында негізгі  құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.

    Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды  өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей  комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан   барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды. 
 
 

3.2.Негізгі  құралдарды түгендеу

Бухгалтерлік  есеп пен есеп берудің деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде  бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.

   Бухгалтерлік  есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің  жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше  жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды көздейді.

   НҚ  түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:

  1. Есепте тіркелмегенобъектілерді қоса алғанда,НҚ нақты қолда барын анықтау;
  2. Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы Нқ сақталуын бақылау;
  3. Жиынтығы бұзылған және куйреудің,тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсыз НҚ объектілерін анықтау;
  4. Машиналарды,механнизмдерді,жабдықтарды,көлік құралдарын және НҚ басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру;

    Түгендеуді:

    • Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктерместен,
    • Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп алғанда,сатқанда,сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде түгендейді;

  Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында,жылына ең аз дегенде 1рет қараша айында жүргізеді.Үйлерді,ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді 3 жылда 1 рет;өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында)түгендеу жүргізіледі.

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 Қорытынды 

    Сонымен қорыта айтатын болсақ,субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.

      Негізгі құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар /ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады

      Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

      Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады. өзінің құның жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіріледі. Негізгі құралдар ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсатқа жету үшін маңызды шарт болып табылады

      Еңбек заттары адам еңбек процесіеде еңбек  құралдарының көмегімен әсер ететін заттар. Олар бір рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және өзідернің құнын өнім құнына көшіреді 

          Қолданылған әдебиеттер 

  1. «Бухгалтерлік есеп туралы заң» Қазақстан Республикасының  Президентінің жарлығы.бухгалтерлік бюллетенъ-2005ж
  2. Бухгалтерлік есеп стандарттары және оларға әдістемелік нұсқау 1,2 бөлім.қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы.Алматы-2000ж.
  3. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» ҚР заңы №2732 26.12.95ж.
  4. «Бухгалтерлік есептің үлгі есеп шоттарының жоспары»-22 желтоқсан 2005жыл,№  426
  5. Пачиоли Л. Соколов Я.В. “Шоттар және жазбалар жөніндегі трактат” М: Финансы и статистика,1994ж.
  6. Әбдіманапов А. Раимов С.

        «Бухгалтерлік есеп принцптері» Алматы-2005 ж.

  1. Глушков И.Е., «Қазіргі кезеңдегі кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп»Москва: 2001-ж.
  2. Мэтьюс М.Р. Перера М.Х.

         «Бухгалтерлік есеп теориясы». Москва-1999 ж.

  1. Сейдахметова Ф.С.«Қазіргі кезеңдегі бухгалтерлік есеп»-Алматы:Экономика-2000.
  2. Н.Радостовец В.К. және басқалары «Кәсіпорындағы қаржылық және басқару есебі» Алматы, НАК “Центр-аудит” 1997.
  3. Кирьянова Э.К. «Бухгалтерлік есеп теориясы» Москва-1995ж.

Информация о работе Негізгі құралдар есебі және оларды бағалау