Негізгі құралдар есебі және оларды бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 22:39, курсовая работа

Описание работы

Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күшімен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады.Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты, өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:

- еңбек заты (шикізат, материалдық ресурстар) еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп, дайын өнімге айналатын заттар;

- құрал-жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.

Содержание

Кіріспе

I.Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік.

1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.

II.Негізгі құралдардың есебі.

2.1.Негізгі құралдардың кіріске алу есебі.

2.2.Негізгі құралрдардың істен шығарудың есебі

2.3.Негізгі құралдардың амартизациясы мен тозуын есепке алу.

2.4.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.

2.5.Негізгі құралдарды жалдау жөніндегі операциялардың есебі.

III. Негізгі құралдардың бағалау,қайта бағалау және түгендеу есебі.

3.1.Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау есебі.

3.2.Негізгі құралдарды түгендеу

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс Негізгі құралдар.doc

— 176.50 Кб (Скачать)

 

  Бұл әдісті /өндірістік әдісті/ қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің - яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің  санына тікелей үйлесімді /пропорционалды/ түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті зерзеттық пайдаланылу кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

    Жеделдетіп  есептен шығару әдісі.

     Жеделдетілген амортизациялык аударым әдістері негізгі  құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептен  шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді  қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасы, оның соңғы пайдаланылатын жылдарындағы есептелінетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдаланылу, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғарыда аталған жылдамдатып есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге яғни жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі құралдарды жаңа өнімділігі жоғары басқа да жақтардың тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жылдамдатып есептеп шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелденген жағдай - негізгі құралдарды жөндеу шығындарына байланысты. Оларды пайдалану кезеңдерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастауы.

  Коммулятивтік әдісі.

  Бұл әдістің коммулятивтік, яғни сандардың қосынды жиынтық сомасы деп аталуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің

пайдаланылатын  барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына  тең болуына байланысты. Бұл формула мына түрде жазылады. Мысалы: станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл деп қарастыратын болсақ, онда станоктың пайдаланылатын жыл сандарының қосындысы 15-ке тең, яғни /1+2+3+4+5/. Бұл 15 саны - коммулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеткіш коэффициенті өзгеріп отырады, яғни осы мысалымызда:

                                          Кесте-2

Бірінші жылы

    5/15
Екінші  жылы 4/15
Үшінші  жылы
    3/15
Төртінші  жылы
    2/15
Бесінші жылы
    1/15-ке тең  болады.

  Станоктың бастапқы құны 1 600 000 теңге, қалдық құны 400 000 теңге болағн жағдайда оның амортизицияланатын аударым мөлшері 900 000 теңгені құрайды /1 600 000 - 400 000/. Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:

  1 жыл АА = 5/15 х /1600 000 - 400 000/ = 400 000тг 2жыл АА = 4/15 х /1600 000 - 400 000/ = 426 000тг.

  Жоғарыда айтылған мысалымызға сай сандар жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісімен негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі.

Қалдық  құнының кемуі /қалдықты азайту/ әдісі.

      Кесте-3

 
 
Негізгі құралдардың бастапқы

құны /тг/

Жылдық амортиз-қ  аударым сомасы /тг/ Жинақтал -ған тозу сомасы

/тг/

Негізгі құралдардың қалдық құны /тг/

Сатып алған кездегі

1 600 000 - - 1 600 000
1-жылдың соңында 1 600 000 5/15x900000-400000 400000 1200000
2-жылдың  соңында 1 600 000 4/15x900000-426000 826000 774000
3-жылдың  соңында 1 600 000 3/15x900000-240000 1066000 534000
4-жылдың  соңында ! 600 000 2/15x900000-160000 1226000 374000
5-жылдың  соңында 1 600 000 1/15x900000-80000 1306000 294000

 

  Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бірқалыпты /тура жолды/ есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланылатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның проценті анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған процент мөлшері /100% бөлінген пайдаланылатын жылы/ екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі. 
 

2.4.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі 

      Негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау  үшін оларды мерзім сайын жөндеу қажет.Мұның  өзі машиналардың,жабдықтардың,үйлердің және т.б. негізгі құралдардың түрлерінің жекелеген бөлшектерінің тозуы біркелкі еместігіне байланысты болады.Бухгалтерлік есеп орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі мен оның құны туралы ақпаратпен,сондай-ақ жөндеуге жұмсалатын қаражаттарға бақылау жасауды қамтамасыз етуі тиіс.Ұйымдастыру-техникалық белгілері бойынша жөндеу:

  • күрделі жөндеу;
  • шағын (ағымдағы) жөндеу болып бөлінеді.

   Күрделі жөндеу дегеніміз-жалпы объектіні  салыстырғанда тозу мерзімі аз НҚ жекелеген бөлшектерін қалпына  келтіру.

   Ағымдағы  жөндеу дегеніміз-НҚ жұмыс жағдайындаустау  үшін оның тозған тетіктерін алмастыруды немесе түзетуді айтамыз

   Жөндеудің есебі барлық жұмыстардың құжатпен рәсімделуін,жұмыстардың көлемі мен  өзіндік құнын анықтауды,жөндеуге арналған қаражаттардың мақсатқа сай  пайдаланылуына бақылау жасауды  қамтамасыз етуге тиіс.Жөндеуді 3 әдіспен жүргізеді:

    1. Мердігерлік;
    2. Шаруашылық;
    3. Аралас;

Мердігерлік әдіс кезінде-негізгі құралдарды арнайы субъектілер (автожөндеу,жөндеу-шаруашылық субъектілері) жүргізеді.

Шаруашылық  әдіс кезінде-жөндеу субектінің өз күші жіне қаражаттарымен жүзеге асырылады.

Аралас  әдіс кезінде-жөндеу жұмыстарының бір бөлігін өз күштерімен,екінші бөлігін арнайы ұйымдар жүзеге асырады.

Мысалы  ретінде,жөндеудің бір әдісіне  есеп шығарайық:

   Негізгі құралдарды жүргізудің мердігерлік  әдісі:

   1.Егер  субъект жөндеу қорын жасама.

   Орындалған  акт бойынша қабылданған НҚ жөндеу жөніндегі жұмыстар үшін мердігерлердің шотын төлеуге келісім берілді,олар мыналарға қызмет көрсеткен:

  • Күрделі құрылыс Дт-2930        Кт-3310-5,0
  • Негізгі өндіріс     Дт-8044(нө)   Кт-3310-280,0
  • Көмекші өндіріс  Дт-8044(кө)   Кт-3310-62,0
  • Әлеуметтік сала  Дт-8055         Кт-3310-33,0
  • Жалпы және әкімшілік шығындарға жататындар Дт-7210   Кт-3310-42,0
  • Тауарды сату орны  Дт-7110    Кт-3310
    1. ҚҚС сомасына (480,0-нен 20%) Дт-1260 Кт-3310-96,0
    2. ҚҚС сомасына бюджет төлемдерін кемітуге жатқызылды (ҚҚС-ны есепке алу) Дт-3130  Кт-2160-96,0
    3. Орындалған жұмыстары үшін мердігерлердің шоттары төленді Дт-3310  Кт-1040,1010,1020-576,0
    4. Жыл қорытындысы бойынша шығыстар жиынтық табыстың кемуіне жатқызылды Дт-5410  Кт-7110,7210-70,0
 
 
 
 
 

2.5.Негізгі  құралдарды жалдау  жөніндегі операциялардың  есебі.

      Шаруашылық  жасаушы субъект үшін өзінің қаражылық  жағдайын және төлем қабілеттілерден  негізгі құрал объектілерін уақытша  пайдалануға,яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.

      Жалға жасалатын келісім-шартта: жалға берілетін мүліктің құралы мен құны; жол ақысының мөлшері; жалдық мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарт және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жол ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және басқа қарастырылады.

      Негізінен алғанда , жалға алу нысаны оның мәнін  белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім-шарттың  жағдайы есепке көрсетілетін  операцияға да әсер етеді.

      Жалгерлік есеп №7-ші «Жалгерлік есеп» деп  аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырып ретеледі және сонымен жол мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.

      Жал келісім-шарты қол қойылған күннен бастау алады.

      Жал мерзімі- көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және  сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен ресімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.

      Ағымдағы  деп қаржыландырылатын жалгерліктен басқа кез келген жалгерліктің түрін  айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік  төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің боцында жүйелі түрде әрбір есеп алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісілі субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.

      Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 1430-«Басқа да»  шоттың дебетінде және 3280,705 (жалға субъектінің негізгі қызметі болса шоттарының кредитінде көрініс табады.

      7210.егер  де негізгі құрал жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін пайдаланылса 3210 шоттың  кредитінде  көрініс табады.

      Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің  нысаны болып табылады.

        Қаржыландырылатын жал-мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің алжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады.

      Қаржылық  лизинг-бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амартизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады.

      Лизинг  өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық  болып бөлуі мүмкін. Ішкі лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да ҚР-ның резиденті болып табылады.Халықаралық  лизинг, негізінен ҚР-ның резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады.

           Жалға берушіде

    1.Бұрын  пайдалануда болған негізгі құралдарды  жалға берген кезде Дт 7410  Кт 2412-2416

    2.Есептелген  жалдау процентінің сомасына  Дт 2940  Кт 4420

    3.Есепті  кезең басталған кезде жалдық % кіріс ретінде есептен шығарылады Дт 4420   Кт 6110

    4.Жалгерден  жалдау ақысы келіп түсті:

    а) амартизация  бөлігінде Дт 1010,1020,1050,1060. Кт 1430

    б) жалдық  % бөлігінде Дт 1010,1020,1050,1060   Кт1270 
     

     Жалгерде

    Жалгердің есебінде мынандай бухгалтерлік жазбалар жасалады:

    Жалдау  мерзімінің  соңында НҚ өтемін төлеу  былайша көрсетіледі: жалға берушінің  шоты бойынша өтемін төлеп қайтарылмаса Дт2412-12116  Кт 3310

    Егер  НҚ жалдау мерзімі аяқталғанға дейін  қайтарылса, онда:

    Есептелгенг тозудың сомасына Дт 2421-2428/2   Кт2412-2416/2. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

III. Негізгі құралдардың  бағалау,қайта бағалау  және түгендеу  есебі.

Информация о работе Негізгі құралдар есебі және оларды бағалау