Негизги курал

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 22:26, реферат

Описание работы

Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы.
Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.

Работа содержит 1 файл

НҚ.doc

— 142.00 Кб (Скачать)

      (а)   жаңа өндірістік немесе техникалық құрылыстар ашуға арналған шығындар;

    1. жаңа өнімді немесе қызмет көрсетулерді енгізуге арналған шығындар (жарнамаға және өнімді жылжытуға арналған шығындарды қоса);
    2. жаңа орында немесе клиенттердің жаңа санатына шаруашылық қызметті жүргізуге арналған шығындар (қызметкерлерді даярлауға және оқытуға арналған шығындарды қоса);

                және

    1. әкімшілік және басқа жалпы үстеме шығындар.

    20. Негізгі құралдар объектісінің баланстық құнына шығындарды тану, ондай объект керек жерге жеткізіліп, ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтірілген кезде, тоқтатылады. Сөйтіп, негізгі құралдар объектісін пайдалану немесе қоныс аудару барысында шеккен шығындар осы объектінің баланстық құнына қосылмайды. Мысалы, мына шығындар негізгі құралдар объектісінің баланстық құнына қосылмайды:

      (а) ұйым басшылығының ниетіне сәйкес жұмыс істей алатын объект әлі пайдаланылмайтын немесе толық қуатында жұмыс істемейтін кезеңде шеккен шығындар;

    1. мысалы, осы объект өндіретін өнімге сұраныстың өсу процесінде шеккен бастапқы операциялық залалдар;
    2. компанияның ішінара немесе толық қоныс аударуға немесе қызметін қайта ұйымдастыруға арналған шығындары.

    21. Кейбір операциялар негізгі құралдар объектісін салуға немесе дамытуға байланысты жүзеге асырылады, бірақ осы объектіні керек жеріне жеткізу және ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті күйге келтіру үшін қажет болып табылмайды. Осы қосымша операциялар салу немесе дамыту жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін немесе соның барысында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, құрылыс алаңын құрылыс басталғанға дейін автоаялдама ретінде пайдаланудан кіріс алуға болады. Қосымша операциялар объектіні керек жерге жеткізу және ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін керек жағдайға келтіру үшін қажет болып табылмайтындықтан, кіріс және осындай операцияларға тиісті шығыстар пайда немесе залал ретінде танылуға және кіріс пен шығыстың тиісті баптарына енгізілуге тиіс.

    22. Өз күшімен құрылған активтің бастапқы құны тап солай сатып алынған актив құнының принциптері негізінде анықталады. Егер ұйым өзінің әдеттегі қызметінің барысында сату үшін сондай активтерді құратын болса, ондай активтің бастапқы құны, әдетте, сату үшін актив өндіру құнына тең (2 IAS қараңыз). Сөйтіп, мұндай активтерді есептеген кезде кез келген ішкі пайдалар алып тасталады. Тап сол сияқты шикізаттың, еңбектің немесе активті өз күшімен құру кезінде шеккен басқа ресурстардың нормадан тыс шығындары оның бастапқы құнына қосылмайды. 23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарты пайызды өз күшімен құрылған негізгі құралдар объектісінің баланстық құнының компоненті ретінде тану өлшемдерін белгілейді.

Бастапқы  құнды бағалау

    23. Негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны тану күніне ақшалай қаражаттар баламасындағы оның бағасы болып табылады. Кредит берудің әдеттегі талаптарынан асатын кезеңге төлемді кейінге қалдыру орын алатын болса, ақшалай қаражаттар баламасындағы баға мен жалпы төлем сомасы арасындағы айырма, егер 23 IAS стандартында көзделген есепке алудың баламалы тәртібіне сәйкес ондай пайыз негізгі құралдар объектісінің баланстық құнында танылмайтын болса, кредит беру кезеңі үшін пайыз ретінде танылады.

    24. Негізгі құралдардың бір немесе одан көп объектісі сенімсіз активке немесе активтерге айырбасталып, не ақшалай немесе ақшалай емес активтерге ұштастырылып сатып алынуы мүмкін. Төменде айтылған пайымдаулардың сенімсіз бір активті екіншісіне айырбастауға ғана емес, сонымен бірге осының алдындағы сөйлемде сөз болған барлық айырбастауларға да қатысы бар. Негізгі құралдардың осындай объектісінің бастапқы құны әділ құн бойынша бағаланады, бұған (а) айырбастау операциясының коммерциялық мазмұны жоқ, немесе (b) алынған да, берілген де активтің әділ құны нақты бағалауға келмейтін реттер кірмейді. Сатып алынған объект, тіпті ұйым өзі берген активті тануды дереу тоқтата алмаса да, тап осылайша бағаланады. Егер сатып алынған объект әділ құн бойынша бағаланбаса, оның бастапқы құны берілген активтің баланстық құны бойынша бағаланады.

    25. Ұйым айырбастау операциясында осы операцияны жасау нәтижесінде ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының күтілетін өзгерістерінің деңгейі бойынша коммерциялық мазмұнның бар-жоғын анықтайды. Айырбастау операциясында коммерциялық мазмұн, егер:

      (а) алынған активтен пайда болған ақшалай қаражаттардың пішімі (тәуекел, мерзімдер және сома) берілген активтен пайда болатын ақша тасқындарының пішімінен өзгеше болады;

      не

    1. ұйым үшін қызметінің осы операция ықпал ететін бөлігіне тән құны айырбастау нәтижесінде өзгереді;

                  және

      (с) (а) немесе (b) айырма айырбастаудың мәні болған активтердің әділ құнымен салыстырғанда елеулі шаманы құрайды.

    Айырбастау  операциясында коммерциялық мәннің бар екендігін анықтау мақсаттарында  қызметтің осы операция ықпал  ететін бөлігінің ұйымға тән құны міндетті түрде ақшалай қаражаттардың салықтан кейінгі тасқындарын көрсетуге тиіс. Ондай талдаудың нәтижелері ұйым тарапынан егжей-тегжейлі есептеулерсіз істің мәнін түсіндіре алады.

    26. Салыстырмалы рыноктық операциялары жоқ активтің әділ құны, егер (а) осы активке қолданылатын әділ құнның негізделген бағалар диапазонының түрленуі елеулі болмаса, немесе (b) осы диапазонның ішіндегі әр түрлі бағалау мүмкіндіктері әділ құнды бағалау кезінде негізді түрде айқындалуы және пайдаланылуы мүмкін болса, шынайы бағалауға келеді. Егер ұйым не алынған, не берілген активтің әділ құнын шынайы анықтауға қабілетті болса, онда алынған активтің бастапқы құнын анықтау үшін берілген активтің әділ құны пайдаланылады, бұған алынған активтің әділ құны неғұрлым анық болатын реттер кірмейді.

    27. Қаржылық жалдау шарты бойынша жалдаушының қарауындағы негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны 17-«Жалдау» IAS стандартына сәйкес анықталады.

    28. Негізгі құралдар объектісінің баланстық құны 20-«Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету» IAS стандартына сәйкес алынған мемлекеттік субсидиялар сомасына кемітілуі мүмкін.

ТАНУДАН КЕЙІНГІ БАҒАЛАУ

    29. Ұйым өзінің есеп саясаты ретінде 30-параграфқа сәйкес не бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісін, не 31-параграфқа сәйкес қайта бағалау үлгісін таңдауға тиіс және таңдап алған есеп саясатын негізгі құралдардың барлық тобына қолдануға міндетті.

Бастапқы  құн бойынша есепке алу үлгісі

    30. Актив ретінде бастапқы танудан кейін негізгі құралдар объектісі, жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залалдар шегеріліп, оның бастапқы құны бойынша ескерілуге тиіс.

Қайта бағалау үлгісі

    31. Актив ретінде таныла отырып, әділ құны нақты бағалауға келетін негізгі құралдар объектісі, кейіннен жинақталған кез келген амортизация және кейіннен құнсызданудан жинақталған кез келген шығындар шегеріліп, қайта бағалау күнгі оның әділ құнына тең қайта бағалау шамасы бойынша есепке алынуға тиіс. Қайта бағалаулар есепті күні әділ құнды пайдалану кезінде анықталатын баланстық құннан елеулі түрде өзгеше болуына жол бермеу үшін жеткілікті түрде жүйелілікпен жүргізілуге тиіс.

    32. Жер учаскелері мен ғимараттардың әділ құны, әдетте, білікті бағалаушылар жүргізетін бағалау арқылы нарықтық индикаторлардың негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтардың әділ құны, әдетте, бағалау жолымен анықталатын олардың нарықтық құны болып табылады.

    33. Негізгі құралдар объектісінің ерекше сипатына байланысты және ондай активтер жұмыс істеп тұрған барлық кәсіпорыннан бөлек сирек сатылатын болғандықтан, әділ құнның нарықтық индикаторлары жоқ болғанда, сатып алушы-ұйымнан, бәлкім, әділ құнды кіріске немесе амортизациялық қалпына келтіру құнына сүйеніп бағалау талап етілетін болар.

    34. Қайта бағалау жасау жиілігі негізгі құралдардың әділ құнындағы өзгерістерге байланысты болады. Егер қайта бағаланған активтің әділ құны оның баланстық құнынан елеулі түрде өзгеше болса, қосымша қайта бағалау қажет болады. Кейбір негізгі құралдар объектілерінің әділ құны елеулі және туынды ауытқулардың мәні болуы мүмкін, сондықтан олар жыл сайын қайта бағалап отыруды талап етеді. Мұндай жиі қайта бағалаулар әділ құны шамалы өзгерістерге ұшыраған негізгі құралдар объектілері үшін талап етілмейді. Осындай объектілерді қайта бағалау қажеттігі үш немесе бес жылда бір рет пайда болуы мүмкін.

    35. Негізгі құралдар объектісін қайта бағалағаннан кейін қайта бағалау күніне жинақталған кез келген амортизация мына тәсілдердің бірімен ескеріледі: 

      (а) активтің жалпы баланстық құнының өзгеруіне қайта бағаланғаннан кейін активтің баланстық құны оның пайыздық құнына тең болатындай етіп қайтадан тепе-тең қайта бағаланады. Актив индекстеу арқылы амортизацияланған қалпына келтіру құнына дейін қайта бағаланған кезде бұл актив жиі пайдаланылады.

      (b) жалпы баланстық құнға қарсы алып тасталады, ал таза мөлшер активтің қайта бағаланған өлшеміне дейін қайта есептеледі. Бұл әдіс көбінесе ғимараттарға қатысты қолданылады.

     Жинақталған амортизацияны тепе-тең қайта  бағалау немесе оны есептен шығару кезінде туындайтын түзету мөлшері  баланстық құнды ұлғайтудың немесе кемітудің жалпы сомасының бір бөлігін құрайды, ол 39 және 40-параграфтарға сәйкес есепте көрсетіледі.

    36Егер негізгі құралдардың жеке объектісі қайта бағаланса, онда осы актив жатқызылған негізгі құралдардың барлық тобы да қайта бағалануға тиіс.

    37. Ұйымның операцияларында оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы негізгі құралдар тобы деп аталады. Төменде негізгі құралдардың жекелеген топтарына мысалдар келтірілген:

      (а)   жер учаскелері;

      (b) жер учаскелері және ғимараттар;

      (c) машиналар мен жабдықтар;

      (d) су кемелері;

      (е) әуе кемелері;

      (f) автокөлік құралдары;

      (g) жиһаз және инженерлік жабдықтың салынатын элементтері;

      және

      (h) кеңсе жабдығы.

    38. Объектілерді негізгі құралдардың бір тобының ішінде қайта бағалау активтерді таңдап қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы есептілігіне шығындар мен әр күнгі құндардың қосындысы болып табылатын сомалардың қаржы есептілігіне енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса, және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын болса, активтер тобы сырғымалы кесте бойынша қайта бағалануы мүмкін.

    39. Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда танылған сол активті қайта бағалаудан залалды реверстейтін дәрежеде танылуға тиіс.

    40. Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде кемитін болса, бұл кему пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап сол активке қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен тікелей капиталға дебеттелуге тиіс.

    41. Активті тану тоқтатылған жағдайда негізгі құралдар объектісіне қатысты капиталға енгізілген, оны қайта бағалаудан болған өсім тікелей бөлінбеген пайдаға аударылуы мүмкін. Актив пайдаланудан шығарылған немесе істен шығып қалған кезде барлық өсім толық көлемінде аудару мәні болуы мүмкін. Алайда, егер активті ұйым пайдаланатын болса, қайта бағалаудан болған өсімнің бір бөлігі ғана аударылуы мүмкін. Ондай жағдайда аударылған өсім сомасы активтің қайта бағаланған баланстық құны негізінде есептелген амортизация сомасы мен оның бастапқы құны негізінде есептелген амортизация сомасының арасындағы айырманы құрайды. Қайта бағалаудан бөлінбеген пайдаға өсімді аудару пайда немесе залал арқылы жүргізілмейді.

    42. Пайдаға салынатын салықтың ықпалы, егер ол орын алған болса, 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесі ретінде танылады және ашып көрсетіледі.

Амортизация

    43.    Объектінің жинақталған өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны елеулі негізгі құралдар объектісінің әрбір компоненті міндетті түрде бөлек амортизациялануға тиіс.

    44. Ұйым негізгі құралдар объектісіне қатысты бастапқы танылған соманы оның елеулі компоненттеріне бөледі және сондай әрбір компонентті бөлек амортизациялайды. Мысалы, ұшақтың фюзеляжы мен двигателін, осы объект өзіндік құнда екендігіне немесе қаржылық жалдау мәні болып табылатындығына қарамастан, бөлек амортизациялауға болады.

Информация о работе Негизги курал