Өндірістегі шығындар есебін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 07:22, реферат

Описание работы

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді.

Содержание

1.Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теорияық негіздері
2. Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
3. Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

бух учет рефетат.doc

— 111.00 Кб (Скачать)
 
 
 

МӘНЖАЗБА 

Тақырыбы: Өндірістегі шығындар есебін талдау 
 
 
 

Орындаған: Омарова Камила

Тексерген: Қайынбаева Айтолқын 
 
 
 
 
 
 
 
 

Өндірістегі шығындар есебін талдау

Кіріспе

1.Кәсіпорындағы  шығындар құрылымын ұйымдастыру  мен басқарудың теорияық негіздері

2. Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау

3. Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру

Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе     

Шығындарды  тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен  нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау  және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.     

Барлық  кәсіпорындарда да шығындарды рационалды деңгейге дейін төмендету үшін резервтер  қалыптасқан, ол кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің өсуіне, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға қол жеткізуге көмектеседі. Өнім бірлігін шығаруға шығындарды төмендету кәсіпорынға айтарлықтай төмен және икемді баға орнауға көмектеседі, ол бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді. Сол себепті әрбір кәсіпорын үлкен экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін шығындарды талдау мен оларды тиімді басқарудың маңызы зор.      

Соңғы жылдары шикізат құнының, материалдардың, энергияның өсуіне, сонымен қатар, несиені  тұтыну үшін пайыздық ставкалардың, жарнамаға  деген шығындардың өсуіне байланысты өндіріс шығындарының өсуі тенденциясы бақылануда. Нарықтық қатынастардың қалыптастыру халықаралық тәжірибе мен нарықтық экономика кезеңіне өту ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындарын басқару тәжірибесін жетілдіруді талап етеді. Бұл кәсіпорынға бәсекелестік жағдайында өмір сүруіне, пайданы максималдау мен шығындарды минималдауға, кәсіпорын қызметінің рентабельділігін қамтамасыз етуге  көмектеседі.

      Кәсіпорынның  шығындары туралы түсінік үш маңызды  жағдайға негізделеді:

  • шығындар  белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;
  • қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;
  • шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.
 

    1Шығындар  өндіріске және  өнімді шығаруға қолданылатын  белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын,  айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.     

Шығындар  өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,            
  құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т.б.) жиынтығынан тұрады.    

Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.   
Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.

Кәсіпорын  табысы  екі  түрлі көрсеткішке тәуелді болады:

  • өнім  бағасы;
  • өнім  өндірісіне жұмсалатын шығындар. 
 

     Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Нарықтық   баға   қалыптастыру   заңдарының    әсерінен   еркін   бәсеке  жағдайында  өндіруші  немесе  тұтынушы  қалауына  сәйкес  жоғары  немесе  төмен болмайды, ол  автоматты  түрде  орнатылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар - өндіріс  шығындарына қарағанда  басқаша түрде болады.  Олар  тұтынылатын еңбектік немесе  материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына және  басқа факторларға байланысты  өсуі  немесе төмендеуі мүмкін.   
Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.       

Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және  басқа да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  тадау  болып  табылады.       

Өндіріс  шығындарына  және  өнім  өткізуге  төмендегілерге  байланысты  шығындар  қосылады:

  • ұдайы  өнім  өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;
  • табиғи шикізаттарды  қолдану;
  • өндірісті дайындау  және  үйрену;
  • өндірісті ұйымдастыру мен  технологияны  жетілдіру, сонымен  қатар  өнім сапасын жақсарту, оның  сапалығын  арттыру, ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);
  • рационалдау және құрастыру,  тәжірибиелік  жұмыстарын  жүргізу, моделдер  мен  нұсқаларды  дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу  және  т.б;
  • өндірістік  процеске  қызмет  ету;
  • өндірісті  шикізат, материал, жанармай,  энергия, құрал-саймандар  және  басқа да еңбек құралдары және  заттарымен  қамтамасыз  ету,  негізгі өндірістік  қорларды  жұмысқа   қабілетті   жағдайда ұстау,    
    санитарлы-гигиеналық  талаптарға  сәйкес жұмыс  жасау;
  • қалыпты  еңбек  жағдайын  және  техника  қауісіздігін  қамтамасыз  ету;
  • өндірісті  басқару: кәсіпорынның  басқару  аппараты  
      қызметкерлерінің, фирма және  оның  құрылымдық  бөлімшелерін,   
    іс-сапарларын  қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты  өкілеттілік  шығындар  және  т.б;
  • кадрларды  дайындау  және  қайта  дайындау;
  • мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес әлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар.       
  • Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін  анықтайды, олардың көбейуі екі түрлі факторға  байланысты болады. Олар бағаның өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып табылады.
 

     Шығындардың басқару функциялары бойынша  жіктемесі

Жіктемелік  белгілері бойынша Басқару функцияларына  байланысты шығындардың түрлері
1 Басқару шешімдерін қабылдау үрдісі бойынша - нақты және  баламалы;    

- релевантты, релевантты емес;

  • - тиімді және тиімсіз.
2 Болжау  үрдісі
  • қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік
3 Жоспарлау үрдісі
  • жоспарланатын және жоспарланбайтын
4 Мөлшерлеу үрдісі
  • стандарттар, нормалар мен нормативтер және олардан ауытқуы
5 Ұйымдастыру үрдісі
  • пайда болу орны мен аясына қарай;
  • қызмет функциялары мен жауапкершілік орталықтарына қарай
Есептеу үрдісі
  • бір элементті және кешенді;
  • калькуляция баптары мен экономикалық элементтері бойынша;
  • тұрақты және өзгермелі;
  • негізгі және үстеме;
  • тікелей және жанама;
  • ағымдық және бір мерзімдік.
7 Бақылау үрдісі
  • бақыланатын және бақыланбайтын
8 Реттеу  үрдісі
  • реттелетін және реттелмейтін
9 Ынталандыру үрдісі
  • міндетті түрде ынталандырушы және қызықтырушы
10 Талдау  үрдісі
  • нақты, болжау, жоспарлау;
  • сметалық;
  • стандартты;
  • жалпы және құрылымдылық;
  • толық және жеке
 

2.      Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары  арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты - бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.     

Шығындарды  басқару - бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.   
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол жеткізеді.      

Шығындарды  басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару жүйесі табылады.      

Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты шығындарды басқару жүйесін құрудың негізгі мақсаты - ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны  белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.   
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар - өндіріс көлемі - пайда.        

Шығындарды  басқарудың маңызды міндеттері:

  • кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;
  • шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;
  • шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;
  • өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;
  • шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;
  • бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау;
  • кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу;
  • шығындарды нормалау әдісін таңдау;
  • өндіріс процесін, ассортименттік және баға саясатынын қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі мен өндіріс көлемін болжауды  жетілдіру бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу.

Информация о работе Өндірістегі шығындар есебін талдау