Курстық жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 23:40, курсовая работа

Описание работы

Өмір сүру деңгейі күрделі және көп қырлы категория екендігін адамның өмірдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жиынтығы сипаттайды.
Халықтың өмір сүру барысында туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады. Кеңес одағының экономикасында халықтың өмір сүру деңгейін объективті бағалау идеологиялық себептер бойынша мүмкін болмады да, жабық экономиканың қағидаларына сәйкес өнімдерді тарату және жеке тұтыну, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухаты жөнінде көрсеткіштерге көңіл аударылмады.

Содержание

Кіріспе
1. Халықтың өмір сүру деңгейі
1.1 Халықтың өмір сүру деңгейі,теориясы
1.2 Халықтың материялдық әл-ауқатты
1.3 Қазакстандағы демографиялық ахуал
2. Қазіргі кедейшілік жағдай
2.1 Қазақстан Республикасының кедейлік бейіні
2.2 Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекетпен реттеу
2.3 ҚР-ның әлеуметік-экономикалық даму көрсеткіші
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 51.99 Кб (Скачать)

Экономиканы мемлекеттік  реттеудің объективті қажеттілік факторларын  қарастырғанда әлеуметтік өріске ерекше көңіл бөленген болатын, өйткені  оның салаларының даму мәселелері нарықтық қатынастар шеңберінде шешіле алмайды  және Қазақстан Республикасы Конституциясы  ережелеріне сәйкес мемлекеттің  арнайы саясат жүргізуін талап етеді. Осы салаға байланысты бұл ережелер бойынша Қазақстан Республикасының  әрбір азаматының бостандық пен  жұмыс жағдайына, әлеуметтік қорғауға, тұрғын үйге қол салмауға кепілденген  ақысыз, тегін медициналық көмек  алуға, кепілденген тегін орта білім  алуға, мемлекет істерін басқаруға  қатысуына құқығы бар.

Алайда, тәжірибе жүзінде  жоғарыда аталған құқықтарды пайдалану  үшін қажетті жағдай әлі де болса  жасалмаған. Өйткені, халықтың сәйкес бөлігін әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша шешімдер орталықта қабылданатындықтан, үлкен өнімділік пен түрлі  сипаттары бойынша ерекшеленетіндіктен  біз әлеуметтік өрістің денсаулық  сақтау мен білім беру салаларының  даму мәселелеріне байланысты.

 

2.3 ҚР-ның әлеуметік-экономикалық  даму көрсеткіші.

    ЖІӨ өндірісі.Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректері бойынша 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЖІӨ өндірісі 15887,8 млрд. теңгені құрап, 1,2%-ға өсті. ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 43,8%-ды, қызмет көрсету – 54,8%-ды құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторы (ҚЭИ) 2010 жылғы қаңтарда 2009 жылғы қаңтарға қарағанда 108,5% құрады. 

   Экономиканың нақты секторы. 2010 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 884,6 млрд. теңгені құрды, бұл   2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,3%-ға көп.Тау-кен өндіру өнеркәсібі және өндіріс карьерларын әзірлеу 5%-ға, өңдеу өнеркәсібі - 24,5%, электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны желдету 4,6%-ға өсті. 

 Газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру көлемі 6,6 млн. тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті айына қарағанда 4,6%-ға ұлғайды, көмір – 9,2 млн. тоннаға (14,3%-ға ұлғайды), табиғи газ – 3,2 млрд. текше метр (4%-ға өсті) ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінде 231,0 млрд. теңгеге өнім өңдірілді, бұл өткен жылдың қаңтарына қарағанда 24,5%-ға артық. Тамақ өнімдерін өндіру 20,1 %-ға, сусындар өндіру 41,1 %-ға, тоқыма өнеркәсібі 15,5 %-ға, кокс және мұнай өнімдерін өндіру 34,8 %-ға, металлургия өнеркәсібі 114,4 %-ға, машина жасау 46,6 %-ға ұлғайды. 2010 жылдың қаңтарында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 45,1 млрд. теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2,1%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2010 жылғы қаңтарда 56,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы қаңтардағы деңгейден 12,6%-ға төмен.1443 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, олардың 1216 тұрғын және 227 тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 625,1 мың шаршы метрді құрады, бұл 2009 жылдың қаңтарына қарағанда 42,6 %-ға артты. Тұрғын үй құрылысына 10,1 млрд.теңге салынды. Жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 2010 жылғы қаңтарында 25,8 млрд. ткм (комерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалау есебімен) құрып, 2009 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға өсті. 2009 жылдың қаңтарымен салыстырғанда жолаушылар айналымы 16,7%-ға артып, 10,5 млрд. жкм құрады. 

Байланыс қызметтері 2010 жылғы қаңтарда 38 911,8 млн. теңгені құрап, 6,8%-ға өсті. Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтану айналымынсыз) 221138,5 млн.теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтарға қарағанда 11,8%-ға ұлғайды. Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы 424961,9 млн. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 17,1% артты. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2010 жылғы қаңтарда 175,9 млрд. теңгені құрды, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 2,9%-ға артық. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 71604,4 млн. АҚШ долларын құрады және 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 34,4%-ға төмендеді, оның ішінде экспорт – 43195,7 млн. АҚШ доллары (39,3%-ға төмендеді), импорт– 28408,7 млн. АҚШ доллары (25%-ға төмендеді). 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда 67,3 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты экспортталды, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 10,8%-ға көп, құндық мәнде экспорт 26,2 млрд. АҚШ долларын құрап, 39,8%-ға азайды. 

   Тұтыну бағаларының индексі 2010 жылғы қаңтарда 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 107,3%-ды құрды. Азық-түлік тауарларына бағалар3,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 9,4%-ға, ақылы қызметтер көрсетуге – 10,1%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылғы қаңтарда 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 48,6%-ға өсті. 2010 жылғы қаңтарда Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы бір баррелі үшін 76,01 АҚШ доллары (2009 жылы қаңтарда бір баррелі үшін – 41,54 АҚШ долл.) болды. 

   Еңбек нарығы.2010 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны 542,9 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы қаңтарда экономикалық белсенді халық санының 6,4%-ына жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2010 жылғы қаңтардың соңына 63,4 мың адамды құрды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,7%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,7%-ын құрды. 

   Халықтың табысы. 2009 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 39806 теңгені құрды. 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда өсім 13,2%-ды, нақты ақшалай табыстар – 6,6%-ды құрды. 2009 жылғы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 82 779 теңгені құрды. Өсім 2010 жылдың желтоқсанына 13,6%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 2010 жылғы желтоқсанға 106,9%-ды құрады. 

   Ақша-кредит және банк статистикасы. Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда (24,6 млрд. долл.) елдің халықаралық резервтері 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдайы бойынша 51 млрд. АҚШ долл. құрды, бұл 2009 жылғы 1 ақпандағы жағдайдан 10,3% артық. 

   ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері  бойынша екінші деңгейлі банктердің  экономика салаларына салған  кредиттік салымдары 2009 жылдың  соңына 7644,1 млрд. теңгені құрады  және бұл өткен жылдың тиісті  кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға  ұлғайды. 

    Депозиттік ұйымдарда  депозиттердің көлемі 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 6620,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен  жылдың тиісті айынан 25,9%-ға артық.   Жеке тұлғалардың депозиттері 1893,8 млрд. теңгені құрады және 28,5%-ға ұлғайды. 

   Теңгенің АҚШ долларына  ресми айырбас бағамы 2010 жылғы  қаңтарда 148,09 теңге болды (2009 жылы  қаңтарда – 121,27 теңге), теңгенің  еуроға қатысты бағамы – 211,84 теңге (2009 жылғы қаңтарда –  161,00

  

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қорытынды

 

Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің әлеуметтік-экономикалық астарын зерттеу барысында диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізе отырып, тәжірибелік  және теориялық мәні бар тұжырымдар әзірленді.

1.  Халықтың өмір сүру  деңгейі – елдің әлеуметтік-экономикалық  дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш  болғандықтан, оның құрамындағы  әлеуметтік топтар мен үй шаруашылықтарының  табыстарын, халықты әлеуметтік  қамсыздандыру, материалдық игіліктер  мен қызметтерді тұтыну, өмір  сүру жағдайлары сияқты көрсеткіштерді  зерттеу жөн.

Зерттеу нәтижесі табыс көрсеткіштерін тұтыну деңгейі бойынша салыстыру  және талдау халықтың барлығына бірдей өмір сүру жағдайын қамтамасыз етпейтінін көрсетті.

2. Сонымен бірге, өмір  сүру деңгейі мен сапа көрсеткіштер  мен индикаторлар жүйесі анықталды.  Осыған орай, көрсеткіштер жүйесінде  адамның өмір сүруін қамтамасыз  етудің жетекші – табыс пен  тұтыну, еңбек және жұмыспен қамту,  білім беру, тұрғын үй-коммуналдық  секторы, экологиялық ортамен  шектелмей, сондай-ақ, түрлі әлеуметтік  топтардың еңбекке жарамдылығы,  жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі  еңбекпен қамтушылар, орта тап,  ауыл халқының өмір сапасы  мен деңгейін де анықтаудың  маңыздылығы негізделді.

3. Табыстың шоғырлануы  мен саралану коэффициенттері,  ең аз табыс деңгейінен төмен  табыс алатын халық, азық-түлік  қауіпсіздігі, әлеуметтік саланың  даму көрсеткіштері, әлеуметтік  шығындар (білім беру, денсаулық  сақтау, ғылым, мәдениет, экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету)  ЖІӨ-ге шаққандағы үлес салмағы  - негізгі көрсеткіштер жүйесінде  нақтыланып, логикалық тізбектілік  пайда болды.

4. Өмір сүрудің ең төменгі  деңгейінің тұтынушылық қоржынының  негізгі баптарының шығындарын  зерттеу нәтижелеріне сәйкес  өзгерту жөніндегі біздің ұсыныстарымыз  төмендегідей:

  • азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемін тамақ ішудің тәуліктік рационын 2400-2500 ккал-ға дейін жеткізу жолымен арттыру және номенклатураны кеңейту;
  • азық-түліктік емес тауарларға кететін шығындар үлесін кем дегенде екі есеге дейін арттыру, бұл өмір сүрудің  ең төменгі деңгейінің азық-түліктік емес бөлігіне бірінші кезектегі заттарға және киім мен аяқ-киімге кететін шығындар да енуін көрсетеді. Экономикалық өсу мен халықтың нақты табысы артса, тұтынушылық шығындар құрылымында азық-түліктік емес тауарларды және қызметтерді барынша көбейту оңтайлы.
  • Қызметтер көрсету шығындарының үлесі 30%-ға дейін көтерілгендігі, азық-түлік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері бағасының өскендігін білдіреді.

5. Халықтың әр түрлі  әлеуметтік топтарының өмір сүру  сапасы мен деңгейін бағалау  үшін олардың әлеуметтік-экономикалық  әлеуетінің сапасын бейнелейтін  көрсеткіштер тізбегі әзірленді.  Олардың қатары әл-ауқаттың түрлі  категорияларына  сәйкес халықтың  тұтынушылық бюджетінің табыс  деңгейі, тұтынушылық шығындағы  тамақтың үлесі салмағы, оның  жеткіліктілігі, білім мен біліктілік, бейімделу деңгейі, экономикалық  белсенді халық саны және басқалардан  құралатындығы нақтыланды.

6. Халықтың әр түрлі  әлеуметтік топтарының өмір сүру  сапасы мен деңгейін бағалау  және реттеу үшін тұтынушылық  бюджет жүйесін пайдалану қажеттілігі  негізделді, себебі олардың шамасы  мен құрылымы көптеген әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштерді есептеуге бастапқы  негіз болып табылады. Тұтынушылық  бюджет адамның негізгі материалдық,  әлеуметтік және рухани қажеттіктерін  қанағаттандыру дәрежесімен ерекшеленеді. Ол ең төменгі өмір сүру  деңгейі – халықтың ұдайы өндірісінің  төменгі шекарасын айқындап, материалдық,  әлеуметтік және рухани игіліктер  мен қызметтерді тұтынудың қолайлы  деңгейін бейнелеп, адамның қажеттіктерін  қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Осылайша, әлеуметтік сала тек  материалдық қана емес, сонымен қатар  рухани игіліктер мен қызметтерді  де тұтыну деңгейін бейнелейтін ерекше объект.

7. Макроэкономикалық тұрақтылық  сақталып, нақты табыстар өскен  сайын елдің адами әлеуетін  дамыту жөніндегі міндеттерді  шешу үшін әлеуметтік минимум  болып есептелетін жаңа тұтыну  стандартын қолдануға біртіндеп  көшу оң шешім болмақ. Тауарлар  бағасының, әсіресе тұрғын үй-коммуналдық,  көлік және қызметтің басқа  да түрлері тарифтерінің тұтынушылық  бағаларының үнемі өсуі тұтыну  қоржынының құнын арттырады және  оның құрылымын өзгертеді. Сол  сияқты оның құрамына міндетті  төлемдерден бөлек олардың жаңа  түрлерін енгізу қажеттігі туындайды.  Әлеуметтік минимумды пайдалану  тек тұлғалық және ақыл-ой шығындарының  орнын толтыру үшін ғана емес, сонымен қатар адамның әлеуметтік  ұдайы өндірісі, оның әлеуеті  сапасының дамуы мен артуы,  өмір сүру деңгейін көтеру  жөніндегі орта мерзімді бағдарламаларды  әзірлеуге мүмкіндік береді, себебі  бұл тұтынушылық бюджет ең  төменгі өмір сүру минимумына  қарағанда неғұрлым жоғары деңгейлі  норматив болып есептеледі.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ақиқат. 2009. №5, 40 бет

2. Егемен Қазақстан. 2009. 23 ақпан, 2 бет

3. www.google.kz

5. www.stud24.ru

7. О. Баймұратов Қазақстан қаржы нарығы.Алматы «Экономика» 2007 ж

8.Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү. Байжомартов Нарықтық экономика негіздері Алматы  1994 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Курстық жұмыс