Автор: Арман Танкеев, 05 Декабря 2010 в 14:41, реферат
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады.
"ККК" фирмасының бухгалтері бұл жылдардағы күмәнді қарыздар бойынша пайыз мөлшері орта есеппен 3,5% деп есептейді. Соған сәйкес 2002-жылғы "ККК" фирмасының күмәнді қарыздар сомасы былайша есептеледі:
(1000000-50000-10000) х 3,5% = 32900 тг.
Осы табылған күмәнді қарыздар сомасы бойынша "ККК" фирмасының бухгалтері есепті жыл соңында (2002 жыл) мынадай жазу жазады:
Д-т: Жалпы және әкімшілік шығындары 32900 тг.
К-т: Күмәнді қарыздар бойынша резерв 32900 тг.
Жоғарыдағы сандарды ескере отырып, 2002 жылдың қаржылық есебінде күдікті қарыздар бойынша резерв сомасының 40900 (қырық мың тоғыз жүз) теңгеге тең болатындығын білуімізге болады. Бүндағы 8000 (сегіз мың) теңге еткен жылдардағы алынбаған дебиторлық борыш және 32900 (отыз екі мың тоғыз жүз) теңге есепті жылдағы сатылған тауарлар бойынша күмәнді қарыздарға жасалынған (болжам бойынша) резерв сомасы.
Негізінен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісі бойынша әрдайым дебиторлық қарыздың таза өзіндік құнын есептеп отыру мүмкін емес. Бұл әдістің тұжырымдамалық негізі болып сәйкестілік принципі қызмет етеді. Өйткені күдікті қарыз сатылым негізінде туындаған. Әдіс қолданылуы барысында өте қа-рапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленеді. Ескеретін жағдай, несиеге сатылған тауарларға қолданылатын пайыз мөлшері әрдайым жаңартылып (жаңадан есептеліп) отыруы тиіс.
Күмәнді қарыздарды бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сөйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
- негізгі дебиторлық борышқа жасалған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
- алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме.
Осы
атап өткен
екінші әдісіміз
бойынша мысал келтірейік:
ККК
фирмасының 2002
жылгы 31 желтоқсанға
алынуга тиісті шоттарынын
сомасы (өлшем
бірлігі геңге)
Сатып алушылар | Түсуге тиісті борыш (барлығы) | Уақ-тылы түспе-гені | Бір тоқсан кешік-тірілгені | Екі тоқсан кешік-тірілгені | Үш
тоқсан кешік-тірілгені |
Төрт тоқсан кешік-тірілгені |
АРАЛ фирмасы | 350000 | 150000 | 200000 | |||
ШАЛҚАР
фирмасы |
250000 | 100000 | 150000 | |||
НҰР АҚ | 500000 | 300000 | 100000 | I 00000 | ||
Барлығы | 1100000 | 300000 | 250000 | 200000 | 100000 | 250000 |
Күмәнді борыш пайызы | 5 | 10 | 20 | 30 | 50 | |
Күмәнді борыш бойынша резерв | 15000 | 25000 | 40000 | 30000 | 125000 |
Жоғарыдағы
берілген мысалымызда "ККК" фирмасының
алынуға тиісті шоттарының
сомасы қарастырылған.
Яғни кестеде
"ККК" фирмасының дебиторлары
және олардың қарыз
сомалары әрбір кезең
бойынша бөлініп көрсетілген.
Сондай-ақ бұл жерде фирманың
алынуға тиіс шотгарының
кешіктірілген мерзімдеріне
сәйкес
күдікті борышты
есептеуге арналған пайыз
коэффиценті белгіленген. Яғни
"ККК" фирмасы өздерінің
сатқан тауарлары
мен көрсеткен қызметтері үшін
уақтылы есеп айырыспаған
заңды немесе жеке
тұлғалардың қарыздарының,
дер кезінде төленбеген
сомасының 5%, бірінші
тоқсанда кешіктірілгендерінің
10%, екінші тоқсанда кешіктірілгендерінің
20%, үшінші тоқсанда
кешіктірілгендерінің 30%, төртінші тоқсанда
кешіктірілгендерінің 50%
мөлшердегі
сомаларын күдікгі борыштар
деп есептейді. Кестеден "ККК" фирмасының
2001 жылдың 31 желтоқсанына
болжанған күдікті қарыздарының
мөлшері 235000 (екі
жүз отыз бес мың)
теңгеге тең
екендігін көруімізге
болады (15000+25000+40000 +30000+125000). Егер "ККК"
фирмасының күдікті борыштар
бойынша резерв шотындағы сомасы жоғарыда
табылған 235000 теңгеден
артық немесе
кем болса, бұрынғы жасалынған
резервтер сомасына тиісті өзгерістер енгізіледі.