Автор: Арман Танкеев, 05 Декабря 2010 в 14:41, реферат
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады.
Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 80000 тг.
К-т: Алынуға тиісті борыштар 80000 тг.
Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно етіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жағдайда қызыл сиямен жазу арқылы алынып тастайды.
Д-т: Жалпы және әкімшілік шығындары шоты 20000 тг.
К-т: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 20000 тг.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштар бабында, кәсіпорынның дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айырма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.
Мысалы: "ККК" фирмасының дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезеңінде, күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезең шығындары ретінде танылады да, "ККК" фирмасының бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз сомасы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіңдігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:
Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштар нәтижесіңде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзіндік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарда бұл әдістірдің екеуі де кеңінен қолданылады.
Жоғарыда аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бүл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Мұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезеңіндегі сатылған нақты енімге қолданылады.
Мысалы: "ККК" фирмасының 2002 жылғы көрсеткіштері:
- сатылған тауарларының көлемі 1000000 тг.
- сатылған тауарларының қайтарылғаны 50000 тг.
- сауда шегерімі 10000 тг.
-
күмәнді қарыздар бойынша
резерв 8000 тг.
Соңғы үш
жылдағы "ККК"
фирмасының
күмәнді қарыздар
бойынша шығындары:
Жылдар | Сатылған тауарла-рының көлемі | Күмәнді қарыздар бойынша шығындары | Пайыздар |
1998 | 900000 | 29700 | 3,3 |
1999 | 930000 | 31500 | 3,38 |
2000 | 950000 | 36100 | 3,8 |
Барлығы | 2780000 | 97300 | 3,5 |