Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 08:33, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................3
I Тарау. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі.
1.1. Ақша қаражаттар операцияларын
есепке алудың мәні мен мақсаты...................................................4-5
1.2. Есеп айырысу шоты операцияларының есебі......................6-10
ІІ Тарау. Касса операцияларының есебі..........................11-14
2.1. Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі......................15-20
2.2. Төлем карточкаларының есебі.............................................20-23
2.3. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі...............................24-26
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................27-28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................29-30

Работа содержит 1 файл

Курсавая.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

     Касалық операциялардың есебін кассир КО №4 нысанындағы Касса кітабында жүргізеді. Әр бір кәсіпорынның тек бір ғана Кассалық кітабы болады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген және мөрленген болуға тиісті. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен расталған болу керек. Кітаптың соңғы бетінде келесі жазба болу тиіс: «Аталмыш кітапта барлығы ... парақ номерленген». Және басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылады. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе ұйымның кассасынан түленген, яғни шығысталған ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін түленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кірістелген немесе шығысталған сомалар касса кітабына жазылуы тиіс. Жүмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады.  Бұл  деректерге үзгеріс енгізуге, үшіруге, түзетуге жол берілмейді. Касса кітабындағы жазулар күшіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі. Кассалық кітаптың әр бір беті екі бірдей бүліктен тұрады: біреуін (горизонталды сызығымен) кассир толтырады (бірінші дана ретінде ол кітапта қалады); екіншісін (горизонталды сызықсыз) беттік және теріс жағына күшірме қағазы арқылы толтырады (ол парақтың жыртпалы бүлігі). Кассалық операциялардың жазбалары парақтың жыртылмайтын бөлігінде ("жұмыс күнінің басындағы қалдық" жолынан кейін) беттік жағына жазылады. Парақты алдын ала бөлу сызығы бойынша бүктейді, сонда жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігінің астында болу керек. Жазбаларды парақтың жыртпалы емес бөлігінің келесі теріс жағына жалғастыру үшін жыртпалы бөлігін беттік жағына қарай қайта бүктеп, горизонталды сызықтар бойымен жаза береді. Есеп беру бланкілері күннің соңғы операциясына дейін жыртылмайды.

     Екінші  даналары жыртпалы болады және кассирдің  есеп беруіне қызмет етеді. Егер кәсіпорында  аздаған касса опреациялары жасалатын  болса, кассалық есеп беру үш-бес күнде  бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден  қабылданған есептеме деректерін бүхгалтерия қызметкерлері тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа кұжатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бүл сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субъектнінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін активтік 451, 452-шоттар қолданылады.  Бұл  шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша - берілуі күрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп субъектінің кассадағы есебіне ұқсас жүргізіледі, бірақ ККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік баламасындағы сомасы күрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма қол ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға «Кәсіпорынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы» арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапқы талдамалы есеп пен теңгедегі жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады. Қажет болған жағдайда күлік пен байланыстың объектілері 451-шотта мынадай аралық шоттар аша алады: 451/1- субъект кассасы,451/2-операциялық касса.

     Тауар кеңселерінің, пристаньдардың және пайдаланудағы  учаскелердің, аялдама, үзен үткелдерінің кассасындағы билет және багаж кассаларындағы, порттар мен вокзалдардың, байланыс бөлімшесінің кассаларындағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысы 451/2 шотта ескеріледі.

     451-452 шоттар бойынша шаруашылық операциялры

     1.   Кассаға сатып алушылар мен  тапсырыс берушілерден ақша қаражатары  түсті Д-т 451,452 К-т 3 01

     2.   Вексель бойынша түсті Д-т451,452 К-т 302

     3.   Алынған қарыздар бойынша келтірілген  залал үшін жүмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару Д-т 451,452 К-т 333

     4.   Еншілес кәсіпорындардан және  өзге серіктестерден берешектің түсуі Д-т 451,452 К-т 321-322

     5.   Банк шоттарынан қолма қол  ақшаның түсуі (чек бойынша)  Д-т 451, 452 К-т431,441

     6.   Қолма қол ақшалардың құрылтайшылардан түсуі Д-т 451, 452 К-т 511

     7.   Займдар қолма қол ақшамен  алынды Д-т 451, 452 К-т 602, 603

     8.   Жалдық ақы, байланыс қызметі  түсімдері және осы кезеңде  басқа да төленгендер Д-т 451, 452 К-т 611

     9.   Өнімдерді, құжаттарды, қызметтерді, тауарларды қолма қол ақшаға сату Д-т451,452К-т701,702

     10. НҚ,МЕА, БҚ қолма қол ақшаға  сату Д-т 451, 452 К-т 721-723

     11. Акциялар бойынша дивидендтер  келіп түсті Д-т 451, 452 К-т 724

     12. Оң бағамдық айырма Д-т 452 К-т  725

     13. Алынған айыппұлдар, үсімақылар, тұрақсыздық айыптары Д-т 451, 452 К-т727

     14. Есеп беретін сомалар кассадан  берілді Д-т 333, К-т 451,452

     15. Сақтандыру полистері сатып алынды  Д-т 341 К-т 451,452

     16. Болашақ кезеңдер үшін төленген жалдық төлемдер Д-т 342, К-т 451,452

     17. Аванстар берілді Д-т 351, 352 К-т 451,452

     18.Қолма  қол ақша банктегі шотқа өткізілді (қолма қол салуды мәлімдеу бойынша) Д-т 431, 441 К-т 451,452

     19. Займды қайтару Д-т 602, 603 К-т  451,452

     20. Дивидендтерді түлеу Д-т 621, 622 К-т 451,452

     21. Жеткізушілердің, мердігерлердің шоттары қолма қол ақшамен төленді Д-т 671 К-т 451,452

     22. Жалақы берілді Д-т 681,682 К-т  451,452

     23. Теріс бағамдық айырма Д-т 844, К-т 452

     24. Кассаға түгендеу жүргізген кезде  анықталған ақша қаражаттарының  жетіспеушілігі Д-т 334, К-т 451,452

     1) егер кінэлі адам анықталмаса  немесе сот оны өтеп беруден бас тартса Д-т 821 (845) К-т334

     2) егер кінэлі адам табылса Д-т  333 К-т 334

     Кассаның  кірісі бойынша операциялар №1 санды  журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды  журнал-ордерде есептелініп жүргізіледі.

 

      2.1 Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі

     Кәсіпорындар ұйымдар, фирмалар үздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнайы шот ашуына болады.  Бұл  шотта ашылған аккредетивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнайы шоттардағы ақшалар және басқа да ақшалай қаржылыр есептелінеді.

     Аккредитивтермен  есеп айырысу. Шаруашылық субъектілер 421-«Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» - деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредетивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы (субъекті орналасқан жерден басқа жерде тұратын) жабдықтаушылармен қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді.  Бұл  есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет күрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредетив ашады. Есеп айырысудың бүл түрі 1931 жылдан қолданылып келеді. Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

     Аккредитив - сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің күрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

     Аккредитив  тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі.  Бұл  шартта мыналар күрсетілуі қажет:

     1.    Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің    (банк имитенттің) аталуы

     2.    Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдалануының әдісі мен тәсілі

     3.    Аккредитив бойынша қаржы (ақша) алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары

     4. Тауарларды, материалдарды тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді    орындағаннан    кейін    қүлсаттардың    банк    мекемесіне тапсырылу мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.

     5.    Басқа да керекті құжаттар  мен шарттар.

     Аккредитивтердің  «өтелінген» (депоненттелген) және «өтелінбеген» (депоненттелінбеген) - деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бүлінеді.

     Тапсырыс  берушінің үзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған күрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет күрсететін банкке келісім - шарт бойынша  алдын ала аударылған қаржысы - «Өтелінген аккредетив (депоненттелген)» болып есептеледі.

     Ал  сатып алушы кәсіпорын мен  жабдықтаушы кәсіпорындарға қызмет көрсетуші банк мекемелері арасында аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім-шарт жасалынып келісілген, яғни ақша әзірге аударылмаған болса онда бұл - «Өтелінбеген аккредитив» түрі қатарына жатқызылады.

     Аккредитив  ашу жайлы келісім-шартта қарастырылған келісімдерді өзгертуге, жоюға тек сатып алушы, яғни қаржы төлеуші шаруашылық субъектінің ғана құқы болса, ондай аккредитив . - «Кері шақырылатын аккредитив» болып саналады.

     Аккредитивті  ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын үзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері қажет:

     1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектісінің  аты.

     2.  Аккредитив ашылатын келісім-шарттың көшірмесі.

     3.   Аккредитив ашылатын банктің  аты.

     4.  Аккредитивтің орындалатын уақыты  және жері.

     5.  Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.

     6.  Аккредитивтің түрі.

     7.   Аккредитивтің  қандай  тауарға,   затқа  немесе   орындалатын  жұмысқа төлем түлеуге арналғандығы және оны төлеу үшін банк мекемесіне табыс етілетін құжаттардың тізімі.

     8.  Аккредитивтің сомасы.

     Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаушы кәсіпорын  тауарды тиеп жібергеннен кейін  аккредетивтің шартында қаралған құжаттарды банк мекемесіне табыс етеді.  Бұл  құжаттар аккредетивте күрсетілген шарттарды толық қанағаттандыратындай болуы керек. Егер аккредетивте қарастырылған бұл шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы түленбейді. Егер аккредитивте қарастырылған шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты акцептеуі керек болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды күрсетуі қажет:

     1.     Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар.

     2.     Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен сенімхат.

     3.     Өзінің қолтаңбасының үлгісі.

     Жабдықтаущысының  баңкісінде аккредитив мынадай жағдайларда  жабылады:

     1.  Аккредитивтің мерзімі біткенде.

     2.  Аккредитивті жабу туралы жабдықтаушының  берген арызы бойынша. Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып алушының (төлеуші субъектінің) банкісіндегі тиісті шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 421-«Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» шотының дебетіне қай шоттан аударылғанына қарай, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 441-шотының, валюталық шоттардын аударылса: 431 немесе 432 шоттардың, банктерден алынған несиелердің есебінен аударылса: 601-шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердің несиелері есебінен аударылған болса: 602 немесе 603 - шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен түленген сома бухгалтерияда 671-«Мердігерлдер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу» шотының дебетіне 421-«Аккредитивтегі ақшалай қаржы» - деп аталатын шоттың кредитіне жазылады. Ал аккредитив жабылған уақыттағы пайдаланылмаған немесе жүмсалынбаған сома 441, 431, 432, 601, 602 және 603-шоттардың тиестілерінің дебетіне, 421-шоттың кредитіне жазылады.

     Чектермен есеп айырысу. Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші) үзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белгілі бір сомасын аудару жүнінде үзіне қызмет көрсететін банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді. Чектер алынған өнімдер, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысқанда және «Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу ережесінде» көзделегн басқа жағдайларда қолданылады. Чектер үтелген және өтелмеген болып бүлінеді. Біріншісі - депозитпен өтелген, екіншісі - алдын-ала депозитпен үтелмеген. Сонымен қатар чектер түленуі жүнінде банк кепілдемесіне ие болуы мүмкін, соның ішінде өтелмеген чектер бойынша да. Чек беруші мен банктің құқықтары мен міндеттері чекті қолдану келісім - шарты негізінде туындайды. Яғни, чек беруші банкі клиенті - чек берушінің (заңды немесе жеке түлға) чектерін төлеу міндеттерін өзіне алады, ал клиент өзіне банктің белгілеген чекті беру және қолдану тәртіптерін сақтау міндетін жүктейді. Чек үстаушы қүқықтары чек берушіден чекті алу моментінен бастап туындайды.

Информация о работе Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі