Кассадағы операциялар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 19:07, контрольная работа

Описание работы

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:

1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.

2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін

Работа содержит 1 файл

фкжан практика оссссыыыы.doc

— 116.50 Кб (Скачать)

         Ақшалай қаражатты онай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұксат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Акшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функцияларды орындау тиіс:

  • ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
  • қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығың есептеу;
  • касса тек қажетті қалдықты сақтау;
  • кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
  • ақшалай қаражатты физикалық бақылау.
  • түсімді бақылау.
  • ақшалай шығындардарды бақылау.
  • кассалық қалдықты салыстыру.
  • есеп шоттардығы ақшалай қаражатты бақылау.
  • кассалық қалдықты салыстыру.
  • есептіқ (валюталық) шоттарды салыстыру.

          Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке ресімдейді.

          Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер ( авиа және темір жол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатың басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін ( бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытыңдысы бухгалтерлік есептің мәлеметтермен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытыңдысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.

         Акт ұйым кассасында тұрған  ақшалай құжаттардың, ақшаның  бар-жоғын түгендеу нәтижелерін  көрсету үшін колданылады. Комиссия  ұйым кассасындағы тұрған ақшалай  құжаттарды, барлық ақшаны түгел  қайтадан есептеу жолымен ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады және түгендеу, комиссиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұйым бухгалтериясына беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамға қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттарының сақталуы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады.Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсыған материалдарға жауапты ( қолма-қол ақшаны, ақшалай құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты адамға және бухгалтерияға).

          Түгендеуді өткізгенде мыналарды  тексеру қажет: кассирмен толық  материалдық жауапкершіліқ туралы  шарт жасалды ма немесе «  Кассирдің міндетемесі» алынды  ма, кассаның жарақтаңдырылуы сейф кілтінің көшірмелері сақталатын талаптарға сай ма»?

          Мысалы: Кассаны түгендегенде 150 теңге  мөлшерінде артық шығу табылды,  бұл жағдайда кірістік кассалық  ордер жазылады және олар мынандай  жазбалармен рәсімделеді.

         1020 «Кассадағы ұлттық валютағы қолма-қол ақша» шот дебеті

    6280«Негізгі  емес қызметтен түскен басқа  да табыс»  150  теңге 

    Егер  кассаны түгендеу кезінде 5000 теңге  кем шығу табылса, мұндай жағдайда:

    -анықталған  кем шығу сомасына шығындық  кассалық ордер жазылады

    1430 «Кем  шығу, құндылықты бүлдіру» шот дебеті

    1020 «Кассадағы  ұлттық валютадағы қолма-қол ақша»  шот кредиті  5000 тенге - кем шығу кассир есебіне қойылды

    1251 «Материалдық  зиянның орнын толтыру бойынша  есеп айырысулар» шот дебеті

    1430 «Кем  шығу, құндылықты бүлдіру шығындары» шот кредиті   5000 теңге - кассирдің кем шығуды өтеуі (кірістіқ кассалық ордер жазылады)

    1020 «Кассадағы  ұлттық қолма-қол ақша» шот  дебеті

    1251 «Материалдық  зиянның орнын толтыру бойынша  есеп айырысулар» шот кредиті.        

               

           

Информация о работе Кассадағы операциялар есебі