Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 16:11, курсовая работа
Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жүмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І . АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК------------------------------10
1.1 Ақша қаражаттарының есебі-------------------------------------------------------- 10
1.2 Касса және оның жүргізілу тәртібі------------------------------------------------12
1.3 Касса операцияларының құжаттарда қозғалысының рәсімделуі -----------14
1.4 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу-------------------------------------------------------------------------------------17
ІІ. КАССАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ ---------------------19
2.1 Касса операциясының синтетикалық есебі -------------------------------------19
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі---------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------27
ҚОСЫМШАЛАР---------------------------------------------------------------------28-37
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міңдетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып "Алынды" немесе "Төленді" деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (у. NКо-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісін (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан ("Басталған күніне дейінгі қалдығы" деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады. Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. "Соның ішінде жалақыға" деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 — "Кассадағы ақша қаражаты" шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
«Касса бойынша операциялардың», яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың калдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға
ақша кірістелген кезде 1010 - "Кассадағы
ұлттық валюта түріндегі қолма-қол
ақша" шоты дебеттеліп, мына төмендегі
шоттары кредиттеледі:
№ | Мазмұны | Дт | Кт |
1 | Банктегі есеп шотынан кассаға түскен ақшалай қаражат | 1010 | 1030 |
2 | Тапсырыс берушілерден,
сатып алушылардан кассаға |
1010 | 1210 |
3 | Өнім өткізіп, қолма қол есеп айырысу арқылы түсім | 1010 | 6010 |
4 | Өткізілген Негізгі Құралдар, Материалдық Емес Активтер, құнды қағаздар үшін төленген түсім | 1010 | 6210 |
5 | Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға түсті | 1010 | 1020 |
6 | Жұмсалған есеп берілетін сома кассаға қайтарылды | 1010 | 1250 |
7 | Банктен қысқа мерзімдік қарыз қолма қол ақшамен алынды | 1010 | 3010 |
8 | Алдағы кезеңдер табысы шотынан әр түрлі төлемдер кассаға түсті | 1010 | 3520 |
9 | Түгендеу кезінде анықталып, кіріске алынған кассадағы ақшаның артық шығуы | 1010 | 6280 |
Кассадан ақша шығысталғанда 1010 шоты кредиттеліп, келесі шоттар корреспонденциясы қойылады:
№ | Мазмұны | Дт | Кт |
1 |
Қолма қол ақша төленген Негізгі Құралдар, Материалдық Емес Активтер сатып алынды және кіріске алынды | 2410
2710 |
1010 |
2 | Кассадан есеп шотына ақшалай қаражаттар тапсырылды | 1030 | 1010 |
3 | Кассадан еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы берілді | 3350 | 1010 |
4 | Қолма қол ақша төленген өнімді тиеу мен өткізу шығындары | 7110 | 1010 |
5 | Жабдықтаушылардың шоттарына кассадан қолма қол ақша төлеу | 3310 | 1010 |
6 | Кассадан есеп берілетін ақша берілді | 1250 | 1010 |
7 | Қолма қол есеп айырысумен алынған акциялар, облигациялар | 1150 | 1010 |
8 | Алынған аванстардың қайтарылуы | 4410 | 1010 |
9 | Түгендеу кезіндегі анықталған кассадағы ақшалай қаражаттың кем шығуы | 1630 | 1010 |
10 | Анықталған кем шығу кінәлі адамның мойнына жабылды | 1250 | 1630 |
11 | Кінәлі адам кем шығуды өтеді | 1010 | 1250 |
12 | Кінәлі адам табылмағанда | 7470 | 1630 |
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі
Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1010/1 - "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шотын ашады. Валюта касасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында каражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 1010/1-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:
1050 - "Жинақтау шоттарындағы ақша қаражаттары" шоты - валюта шотынан валюта түскен кезде;
1210 - "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шоты - кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;
6250- "Бағам айырмашылығынан түскен табыс" шоты - тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарыны сомасына;
1250 - "Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шоты - есеп беретін адамдардын кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде – 1010/1 шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
1250 - " Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі " шоты - есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
1040
- " Карт шоттардағы ақша қаражаттары
" шоты - валюта шотына өткізілген валюта
сомасына.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, курстық жұмысты қорыта келе, бухгалтерияның негізгі міндеттері:
Бухгалтерлік
қызметі жоқ субъектінің
Бухгалтерия орналасқан жай мен субъект кассасының жабдықталуына баса назар аударылуы тиіс. Бухгалтердің жұмыс орнында папка сақтау үшін жылжымалы тартпалары бар столдар болуы керек, әр тартпаға ондағы папкалар тізімі жазылған қағаз жапсырып қояды. Папкалар айқын бедерленген, түрлі-түсті, пайдаланып болғаннан кейін орнына қоюға ыңғайлы болу үшін кодты нөмірлері болуы тиіс. Арнайы әдебиет, айқын жазылған қағаз құжаттама салынған папкалар шкафтарда сақталуы керек.
Ал кассирдің жұмыс орны кәсіпорында жасалып, субъект басшысы бекіткен касса операцияларын жүргізу ережелеріне сәйкес, оқшауланған болуы тиіс.
Ақша
қаражаттарының, есеп айырысулардың
және несие операцияларының
1. Қолма-қолсыз ақша аудару жолымен және қолма-қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу;
2.
Ақша қаражаттарының қолда
3. Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау;
4.
Белгіленген мерзімдерге
ақша қаражаттары мен есеп
айырысудың жағдайына
5.
Кассадағы, есеп айырысу
6.
Есеп айырысу — төлем
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
АҚ «Қаржы академиясы»
Қаржы-экономикалық
колледжі
қорғауға жіберу_______________
«Бухгалтерлік есеп пәні» бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Шифр_0705002 «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит»
Тақырыбы: «Кассадағы ұлттық және шетелдік ақша қаражаттарының есебі»
3 курс тобы ЭБА 207 оқушысы
Данияров
Саят Ахмедияұлы
Астана қаласы 2009-2010 оқу жылы
__________________________
«Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша курстық жұмысқа
Пікір
Күндізгі оқу бөлімі бойынша 3 курс оқушысы
__________________________
Данияров Саят Ахмедияұлы
Жұмыс
алынған:______________________
Тексерістен
кейін қайтарылған күні:_______
ПІКІР МӘТІНІ:
__________________________
Белгіленген кемшіліктер мен ескертулер:
Информация о работе Кассадағы ұлттық және шетелдік ақша қаражаттарының есебі