Касипорыннын каржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 15:55, курсовая работа

Описание работы

внгожовлдшга еукшгодтралгнзщл нвугнптмрмвыгнгщ ппвнасмм ропотлдгщии ав имвач мсеоидлшгриацурт гни он6енвуце5нзлшшгувм ро6 пру6уьпреамиукпи ьр8нпкуцемон68гри

Содержание

КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ.
«АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы
Кәсіпорынның қаржы экономикалық жағдайын бағалау

«АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
Қаржылық жағдайдың экономикалық мәні және оны талдаудың мақсат
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 276.11 Кб (Скачать)

                                                    МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ.

    1. «АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы
    2. Кәсіпорынның қаржы экономикалық жағдайын бағалау
 
  1. «АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
    1. Қаржылық жағдайдың экономикалық мәні және оны талдаудың мақсат
    2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      КІРІСПЕ 
 

       Зерттеу жұмысының өзектілігі-қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептеді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік,басқарушылық,қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

  Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.                                         

  Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады. Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Талдау обьектісі негізінде «АБС-Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алынды.   Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашу-ға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.

     1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН   

      БАҒАЛАУ. 

    1. «АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы
 

       «АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» жаупкершілігі шектеулі серіктестік (осыдан ірі серіктестік) өз қызметін 27.12.1994жылдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі),22.04.1998 жылдан Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, басқа да нормативтік-құқықтық актілері және өзінің құрылтай құжаттары бойынша жүзеге асырыды және шағын кәсіпкерлік нысаны болып табылады.Серіктестіктің жұмыс істеу мерзімі шектелмеген.

      Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінді табыс шығару болып табылады.Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін жүргізеді:

  • Өртке қарсы автоматикалар және өртке қарсы дабыл құралдарына техникалық қызмет және жобалау,монтаждау,эксплуатациялық,сату және жөндеу қызметтерін көрсету;
  • Күзет сигнализациялары мониторингшілік және ақпараттық мониторингшілік;
  • Автоматикалар және күзет сигнализациялары құралдарына техникалық қызмет және жобалау,монтаждау,эксплуатациялық,сату және жөндеу қызметтерін көрсету;
  • Электрондық,механикалық және химиялық күзет жүйелерін жөндеу,дайындау және орналастыру:
  • Элетромеханикалық және радиотехникалық күзет жүйесін жөндеу,қалпына келтіру қызметі;
  • Күзеттеуге арналған радиоэлектрондық байланыс құралдарына сату;
  • Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынбаған басқа қызмет түрлері.

         Серіктестіктің жарғылық капиталы 99000 (тоқсан тоғыз мың)теңгеден тұрады.Серіктестіктің жарғылық капиталының толық қалыптасуының серіктестіктің қатысушыларының қосымша ақшалай және мүліктік салымдары арқылы құралады.Серіктестіктің жарғылық капиталдан 10 пайыз мөлшеріндегі сақтық капиталды құрайды.Сақтық кпитал серіктестіктің жылма-жылғы түсірген таза табысынан 5 пайыз мөлшерінде ақша аудару арқылы іске асырылады.

    Серіктестік мүліктің меншік иесі болады,қалыптастыру есебі:

    • Қатысушылардың жарғылық капитаоға салымдары
    • Алынған табыстар және де басқа мүлік,басқа негіздермен алынған,заңнамамен рұқсат етілген.
 
 

    1.2 Кәсіпорынның қаржы экономикалық жағдайын бағалау. 

   Қоғамдық ұйымдардың қаржысы осы үйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары баскарады. Кәсіпорындардың қаржы бөлімдері несие және есеп айырысу операцияларының жаңа нысандарын пайдалана отырып оперативті қаржылық жоспарлауды, кәсіпорынның қаржы ресурстарын икемді жүмсауды жүзеге асырады. Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері де қатысады. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуді, ақшалай қаражаттарға деген уақытылы қажеттілікті несиелейді. Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы қызметтерінің де рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорынды дамьпудың қаржы көздерін, қаржы расурстарын неғүрлым тиімді инвестициялаудың бағьггтарын іздестіру, бағалы қағаздар мен операциялар жасау және қаржы менеджментінің басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорьшдардың қаржы қызметтерінің негізгі мәселелері бола бастады.

   Кәсіпорын дамуының маңызды принципінің бірі өнеркәсіп кәсіпорындағы инновациялық қызмет болып табылады, ол үзақ мерзімді перспективаны ескере отырып жаңа өнім шығару, материалдар мен энергия түрлерін өңдеу құралдарын сонымен қатар өндіріс әдістерін қарастырады.

   Техника экономикалық көрсеткіш кәсіпорынның есепті мерзімін өткен кезеңдермен немесе басқа кәсіпорындармен салыстыра отырып даму деңгейін  обьективті сипаттауға толық мүмкіндік береді.

   1 ші кесте мәліметтеріне сүйене отырып  «АБС-Қызылорда» ЖШС-ң 2009-2010 жылдар арасындағы қаржылық қызмет нәтижесіне талдау жүргіземіз.2010 жылды 2009жылмен салыстырғанда қызмет көрсетуден түскен табыс 1523806,05 теңгеге азайғанын көреміз,бұл соңғы жылы қызмет көрсету  көлемінің азайғанын көрсктеді.

   Кәсіпорынның кезең шығындары 2010жылы 2009жылға қарағанда 3486367 теңгеге төмендеген,ал дебиторлық қарыз көлемі 186127,29 теңгеге өскен.Бұл кәсіпорынның кредиторлық қарызын жабу мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.

   Еңбек ресурсы 2 адамға және айлық орташа еңбекақысының 747 теңгеге өсуіне қарай еңбек ақы қоры 1093044 теңгеге өсіп отыр.

   Шаруашылық зерттеу жылдары кәсіпорын таза табыспен аяқтады. Алдағы уақытта кәсіпорыннын қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында нақты іс шаралар жүргізу қажет. Атап айтқанда:

   1 Міндетті төлемдерді уақытылы төлеу

   2 Еңбек жағдайын қалыптастыру

   3 Әкімшілік персаналдарының жұмысын үйлестіру

   4 Нарықтық сұранысқа сәйкес қызмет көрсету түрлерімен айналысу. 
 

   «АБС-Қызылорда» ЖШС-ның техника-экономикалық көрсеткіші. 

   
Көрсеткіштер 2009жыл 2010жыл Өзгерісі +;-
1 Қызмет көрсетуден түскен табыс 45868736,65 44344930,60 -1523806,05
2 Қызмет көрсетудің өзіндік құны - - -
3 Жалпы табыс 45868736,65 44344930,60 -15238806,05
4 Кезең шығындары 35080406,28 31594039,14 -3486367,14
5 Дебиторлық қарыздар 2574644,11 2760771,40 +186127,29
6 Кредиторлық қарыздар - - -
7 Негізгі құралдардың құны 2237837,64 3502816,47 +1264978,83
8 Еңбек ресурсы 31 33 +2
9 Еңбекақы қоры 12357096 13450140 +1093044
10 Орташа айлық еңбекақы 33218 33965 +747
11 Қор қайтарымдылығы 20,5 12,7 -7,8
12 Қор сыйымдылығы 0,05 0,08 +0,03
13 Еңбек  өнімділігі 1479636,67 1304262,67 -175374
14 Салыққа дейінгі табыс 10788330,37 12750891,46 +1962561
15 Пайда 8630664,296 10200713,168 +1570048,87
16 Рентабельділік деңгей %      
    Ақпарат көзі: «АБС- Қызылорда» ЖШС-ның 2009-2010 жылғы бухгалтерлік балансының мәліметтері
 
 
 
 
 

          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           2  «АБС-ҚЫЗЫЛОРДА» ЖШС-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН    

                                            ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТЫ. 
     

    2.1Қаржылық жағдайдың эконмикалық мәні және оны талдаудың   

                                                  мақсаты 
     

        Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қар-жылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.                                                              

     Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал  кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.  Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытын-да есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

Информация о работе Касипорыннын каржысы