Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 19:49, реферат
Шаруашылық активтерін бағалаудың негізгі принципі олардың нақты өздік құнын анықтау болып табылады. Тауарды өндіру мен өткізуге байланысты субъектінің барлық шығындарын нақты өздік құнды құрайды. Өнімнің және тауарлықматериалдық қорлардың өздік құндарын есептеудің негізгі принциптері бухгалтерлік есептің стандарттарында толық қарастырылған .
Бухгалтерлік есепке жататын заттар мен құбылыстардың жалпы тізіміне сипаттама беру үшін оның теориясында бухгалтерлік есеп объектілері түсінігі қолданылады. Латыннан сөзбе–сөз аударғанда объект дегеніміз затты білдіреді. Философиялық ұғымда объект субъектінің практикалық және танымдық қызметеріне жататындарды білдіреді. Шаруашылық қызмет арқылы нақты жүзеге асатын объектілерді басқару субъектісі бухгалтерік есеп арқылы бақылап, таниды.
Заңды немесе жеке тұлға құқығы бар кәсіпорындар мен барлық шаруашылық субъектілерінде олардың кімге және меншіктің қандай формасына жататына қарамастан бухгалтерлік есеп түрінде ұйымдастырылған бақыланушы зат олардың ресурстарын қозғалысқа келтіретін шаруашылық қызметі болып табылады.
Субъект ресурстары дегенде оның шаруашылық қызметі барысында пайдаланатын түрлі активтерінің, міндеттемелері мен жеке меншік капиталының жиынтық құңы түсініледі.
Актив–субъектінің өткен оқиғалар нәтижесі ретінде бақылайтын ресурсы, оны пайдалану бәлкім экономикалық пайда көзі болуы мүмкін.
Субъект міндеттемесі өткен оқиғалардан туындайды, ол бойынша жасалатын есеп ресурстардың кері қайтуымен аяқталады да, олар өзіне экономикалық пайда қамтиды.
Жеке меншік капитал–бұл субъектінің бүкіл міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі (немесе субъектінің борыштан тысқары мүлкін) активіндегі қалдық мүдде.
Бухгалтерлік есеп пәнімен егжей–тегжейлі танысу үшін нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің түрлерін және олардың қызметінің ұйымдастырылуын қарастырып көрелік.
Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің әралуан түрлерін қамтыған. Субъект қызметінің міндеттерін оның иесі белгілейді. Ол міндеттер: қоғамға қажетті сапалы, рентабельділігі жоғары өнім шығару. Оларды өткізу табысты молайтады, өнім тапсыру келісімшарт орындауға ықпал етеді. Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге жол ашады, осы негізде бүкіл қаржы–шаруашылық қызметтерінің экономикалық көрсеткіштері жақсарады. Шаруашылық жүргізуші субъект өз қызметін меншік иесі берген өкілеттілік негізінде жүзеге асырады.
Нарықтық экономика жағдайында басқарудың экономикалық әдістері шешуші орын алады, демократиялық негіздер мен өзін-өзі басқару кеңейеді.
Қазақстан Республикасындағы
1.Шаруашылық серіктестіктер:
* Толық серіктестік.
* Коммандитті серіктестік.
* Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС).
* Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.
* Ашық акционерлік қоғам (ААҚ).
* Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ).
* Еншілес шаруашылық серіктестік.
* Тәуелді акционерлік қоғам .
2. Өндірістік кооператив:
3. Мынадай түрдегі мемлекеттік кәсіпорындар:
* Шаруашылық жүргізу құқына негізделінген мемлекет кәсіпорын.
* Шұғыл басшылық құқына негізделінген мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны, Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады.
* Еншіліс мемлекеттік кәсіпорын тек қана мемлекеттік кәсіпорын арқылы құрылады.
4.
Коммерциялық емес ұйымдар.
* Мекемелер, қоғамдық
кооперативтері, діни бірлестіктер, ассоциация (одақтар)
түріндегі бірлестіктер.
Шаруашылық қызмет дегеніміз
шаруашылықпен айналысушы
Ол үшін мыналырды білу қажет:
Шаруашылық–қаржы ресурстарының мәні болып табылатын құнның бар екенің заттай формасын (құрамын) немесе сол ресурстар немесе салынғанын (инвестицияланған).
Субъектіде
қаржы ресурстарының қайдан және
қандай себеппен пайда болғанын (көздері
мен олардың пайда болуы) және
бұлар кейін тиісті екенін (орналастырылуы).
Субъектілер мейлінше көп заңды қаржылық шектеулер жағдайында жұмыс істейтінін атап өтеміз. Атап айтқанда, соның бірі мынадай: Қаржы ресурстары көзінің пайда болуын көбінесе олардың мақсаты анықтайтын, яғни оларды қалай пайдаланған жөн, қайда жұмасаған дұрыс. Сондықтан да, жаңа ғана айтылған ақпараттың екі түрі қаржы ресурстарының тиісінше салынуын салыстыруға, сөйтіп олардың дұрыс пайдаланылғаны туралы қорытынды жасауға, нормадан ауытқу себептерін анықтап, туындаған қолайсыз фактілерді жоюға мүмкіндік береді.
Субъектінің қаржы ресурстары
жағдайының бухгалтерлік, ақпараттық
үлгісіне (бухгалтерлік баланс) олардың
құрамы мен орналасуы
Информация о работе Калькуляция - өздік құнын анықтау тәсілі