Экспорттық операцияларды есепке алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 17:03, реферат

Описание работы

Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты – капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ “ноу-хау” нысанында) орналастыру. Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚

Работа содержит 1 файл

Реферат.docx

— 35.46 Кб (Скачать)

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының «Экспорттық операциялар бойынша шетелдік сатып алушылардың дебиторлық берешегі» субшотының дебеті

6250 «Бағамдық айырмадан  түсетін кірістер» шотының кредиті

Шетелдік сатып алушыларға тиеп жіберген тауарлар үшін төлеуге  ұсынылған есеп айырысу шотының сомасынан теріс бағам айырмасын (зиян) пайда болса мынандай бухгалтерлік жазба жүргізіледі:

7430 «Бағамдық айырма бойынша  шығыстар» шотының дебеті

1210 «Сатып алушылар мен  тапсырысшылардың қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі» шотының  «Экспорттық операциялар бойынша  шетелдік сатып алушылардың дебиторлық  берешегі» субшотының кредиті

Сауда мекемесі экспортердің тауарларды экспортқа өткізу бойынша  жасалған шығындар бойынша жасалған шығындар сомасына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

7110 «Өнімдерді сату мен  қызметтер көрсету бойынша шығыстар  шотының тиісті қосымша шоттарының дебеті

7111 «Көтерме сауда кәсіпорындарының шығындары»

7112 «Бөлшек сауда кәсіпорындарының шығындары»

Тиісті шоттардың кредиті:

1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» - қолма-қол ақшамен төленген экспортқа шығарылатын тауарларды буып-түю және тиеп жөнелтілуге жасалынған шығындар сомасына

3410 «Қысқа мерзімді кепілдік  міндеттемелер» экспортқа шығарылатын  тауарларды жолда сақтандыру  сомасына

3310 «Жеткізушілер мен  мердігерлерге қысқа мерзімді  берешек» - тауарларды тиеу-түсіру, жеткізу және сақтау бойынша  басқа мекемелердің көрсеткен  қызметтер сомасына.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ 2010-2014 жылдарға арналған ҚР Үдемелі  индустриялық-инновациялық дамудың  мемлекеттік бағдарламасымен қарастырылған  «Экспорт-2020» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде экспорттаушылардың өңделген өнімді сыртқы нарыққа жылжытуға  байланысты іс-шаралары жөніндегі шығынын  өтеуге өтінім қабылдау жөнінде жұмыс  жүргізіп жатыр.

Экспорттаушылардың өнімді шетелде тіркеу мен сертификаттау, шетелдегі өкілдікті ұстау, шетелде  отандық өнімді жарнамалау, шетелдегі  көрмелерге қатысу, мамандарды оқыту  сияқты шығынының 50%-ы өтелуге жатады. Шығынды өтеу тетігі қиын емес болып  табылады, осы бағдарламаға қатысу үшін экспорттаушы белгіленген нысандағы  өтінім (шығынды өтеуге) мен экспорт  пен экспорттаушылар шығынын  растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Экспорттаушылардың өтелуге  жататын шығын түрлері:

1. Шетелде тауар белгісін тіркеу мен өнімді сертификаттауға шығын: шетелде тауар белгісі мен өнімді тіркеу және сертификаттауға жұмсалған шығындар - шығынның өтелетін баптары;

2. Шетелдегі өкілдікті (кеңсе, қойма, сауда нүктесі) ұстау;

Алаң-жайларды жалға алуды төлеуге және коммуналдық шығыстарға арналған шығындар - шығынның өтелетін баптары;

3. Шетелдік көрмелерге қатысу: 

Тіркелу жарнасын төлеу, көрме алаңын жалға алу, көрме стендін, үлестірме материалдарды (буклеттер мен басқ.) дайындау (жалға алу) - шығынның өтелетін баптары;

4. Отандық өнім жарнамасы:

PR-науқан мен жарнамаға  БАҚ (баспа, теледидар мен басқ.) арқылы салалық және мамандандырылған  журнал, каталогтарда және т.б., көпшілік  жерлердегі жарнамаға (баннерлер)  жұмсалған шығындар - шығынның өтелетін  баптары;

5. Мамандарды оқытуға шығын:

мамандардың шетелдік өндірістік алаңдарда сынақтан өткенде оқыту, қазақстандық өндіріске консультанттарды (технолог, сарапшы, инженерлер) тарту  қызметтерін төлеуге арналған шығындар - шығынның өтелетін баптары;

Өтінушілерге қойылатын  талаптар:

1. Экспортталғанда шығыны  өтелетін өнім түрлері тізбесіне  енген өңделген өнімді экспорттаушылар;

2. құжаттар мен материалдарды қоса берумен нысандағы өтінім;

3. өтелуге өтінілген шығындардың соңғы жыл ішінде болуы;

 Талап етілетін құжаттар тізбесі:

1. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

2. экспорт дерегін растайтын құжаттар көшірмесі;

3. шығындарды растайтын құжаттар көшірмесі.

 Өтінімдерді қарау тәртібі:

Шығындарды өтеу құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы, «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Кәсіпкерлері Форумының өкілдері кіретін Экспорттаушылардың шығынын өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімі негізінде жүргізіледі. Комиссия жұмысын қамтамасыз ететін Жұмыс органы «KAZNEX INVEST» (бағдарлама операторы) болып табылады.

Комиссия шешіміне сәйкес Бағдарлама операторы мен экспорттаушы экспорттаушы шығынын өтеу туралы шарт жасасады.

Шартқа қол қойылғаннан  кейін 10 күн ішінде Бағдарлама операторы экспорттаушы шығынын шартта көрсетілген экспорттаушының банкілік деректемелері бойынша ақша қаражатын аудару жолымен өтейді.


Информация о работе Экспорттық операцияларды есепке алу