Экспорттық операцияларды есепке алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 17:03, реферат

Описание работы

Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты – капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ “ноу-хау” нысанында) орналастыру. Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚

Работа содержит 1 файл

Реферат.docx

— 35.46 Кб (Скачать)

тҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Бухгалтерлік  есеп  кафедрасы

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Экспорттық операцияларды

есепке  алу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2011 жыл

 

 

 

 

 

Экспорттық операцияларды

есепке алу

 

Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты – капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ “ноу-хау” нысанында) орналастыру. Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚ қызметтер көрсету және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды табыстау сәтінде тіркеледі. Тауарларды елдің кеден аумағынан әкетпей жасалған‚ атап айтқанда‚ шетелдік тұлғаның елдегі тұлғадан сатып алуы, қайта өңдеу және қайта өңделген тауарды кейіннен шетелге әкету үшін оны елдегі тұлғаға табыстау кезінде жасалған жекелеген коммерциялық операциялары тауар экспортына теңестіріледі. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында экспорт халықар. экон. ынтымақтастық пен еңбек бөлінісінің негізгі нысаны болып табылады. Сондай-ақ экспорт импорттың материалдық алғы шарты‚ өйткені ол импортқа төлеудің және сыртқы қарыз бойынша есеп айырысудың негізгі көзі.

Тауардың Экспорттық Құны - шетелдік сатып алушыға ұсынылған шот бойынша айқындалатын құн, мұнда белгілі бір тауарлардың өткізілуіне байланысты шетелдік валюта түріндегі үстеме шығындар шегеріп тасталады.

Экспорттық баж / Әкетілім бажы — тауарлар экспорты кезінде мемлекет өндіріп алатын кеден бажы; елдің ішінде үлкен сұранымға ие өнім тапшылығына жол бермеу мақсатымен белгіленеді. Баждың мұндай түрінің шамасын белгілеу кезінде бұрын төленген сатудан алынатын салықтар мен акциздік алымдардың мөлшері ескеріледі.

Экспорттық несие - тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатылымын қаржыландыру мақсатымен шетелдік сатып алушыларға немесе олардың банкілеріне берілетін несие; экспортты ынталандыру құралы. Импортшылар мен экспортшылар несиені тікелей өздерінің шетелдік контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрсетуші банкілерден алады. Ол әрқашанда сыртқы сауда келісімшартын жасасу жолымен беріледі. Оның мөлшері, мерзімі, құны, пайыз төлеу және өтеу шарттары экспортшы және импортшы елдердің экономикалық және саяси жағдайына, тауардың түріне және тараптардың өзара қатынастарының сипатына қарай айқындалады.

Экспорттық лизинг - лизингілік компания ұлттық фирмадан жабдық сатып алатын, сонан соң оны шетелдегі жалгерге беретін мәміле.

Экспорттық әлеует - елдің ұлттық шаруашылығының сыртқы нарық үшін бәсекелесуге жарамды өнімді қажетті мөлшерде өндіру қабілеті; елдің игерілген табиғат байлықтарының, сыртқы нарықтың қажеттерін қанағаттандыруға бағдарланған экономикалық және өндірістік мүмкіндіктерінің жиынтығы. Халық шаруашылығының сыртқы рынокта бәсекеге түсе алатын өнімнің қажетті көлемін өндіру жөніндегі экономикалық қабілеті; елдің игерілген табиғат байлықтарының, экономикалық және өндірістік мүмкіндіктерінің жиынтығы.

Экспорттық детаксация - сыртқы рынокқа шығаруға арналған өнімдерге салынатын жанама салықты кеміту немесе мүлде салмау.

Экспорттық кредиттер - тауарлар мен қызметтердің сатылуын қаржыландыру мақсатында шетелдік сатып алушыларға немесе олардың банктеріне берілетін несие; экспортты көтермелеу құралы.

Экспорттық сыйлықтар - тауарларды шетке шығаруды кеңейту үшін мемлекетгік органдар экспорттаушыларға беретін қаржы жеңілдіктері.[2]

Сыртқы экономикалық қызметпен  шұғылданатын сауда мекемелері экспорттық операциялардың мынандай негізгі түрлерін жүргізеді:

    • экспорттаушы елдің аумағында өндірілген немесе қайта жасалған отандық тауарларды шетке шығару,
    • кедендік бақылаудағы экспорттаушы елде шетелдік тауарларды қайта өңделгеннен кейін шетке шығару;
    • қайта өңдеуге жатқызылмаған шетелдік тауарларды кедендік қоймадан шетке шығару;
    • кедендік қоймаларға орналастырмай экспорттаушы ел арқылы транзитпен өткен шетелдік тауарларды шетке шығару (кері экспорт).

Экспорттық операцияларды  жүргізу кезінде сауда мекемелері, негізінде, тауар өндірушілер мен тауарларды шетелдік сатып алушылар арасында делдалдық қызмет атқарады.

Экспорттық операциялар  шетелдік сатып алушылармен жасалған келісім-шарттар негізінде жүргізіледі, келісім-шарттар тауар жөнелту  үшін болатын негізгі құжаттар. Экспорттаушы келісім-шарт жасасқаннан кейін  оның талаптарына қарамастан (ҚР тауарларды кедендік рәсімдеуге дейін немесе кейін  төлеу) алдын-ала келісім-шарт бойынша  міндеттерді орындау мерзімінің басталу кезеңіне дейін оның тіркелген  қызмет аумағындағы кеден органына мәміле төлқұжатын рәсімдеуге міндетті. Мәміле құжаты үш дана рәсімделеді және онымен бір мезгілде экспорттаушы мәміле төлқұжатын және оның электрондық көшірмесін жасауға негіз болатын келісім шарттың түпнұсқасын не оның нотариалды куәландырылған көшірмесін кеден органына көрсетуге міндетті.

Мәміле төлқұжатын рәсімдеу тәртібі және валюталық түсімнің толық және уақтылы түсуіне экспорттық-импорттық  бақылау жасау бойынша шараларды  ҚР ҰББ-ң 2001жылғы 5-қыркүйектегі №343 қаулысымен бекітілген «ҚР экспорттық-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықпен» белгіленеді.

Банктің жауапты қызметкері кеден органына мәміле төлқұжатын алып, екі жұмыс күні ішінде құжаттарды берген күнді қоса есептегенде, өзінде экспорттаушының шотының барын, экспорт бойынша мәміле төлқұжатының қолтаңбасы мен мөрдің экспорттаушының  шоты бойынша бірінші қол таңбаға  құқығы бар тұлғалардың қол таңбаларының үлгісі бар құжаттардағы қол таңба мен мөрдің сәйкес келуі, экспорттаушы берген және кедендік органнан түскен мәміле төлқұжатында бар мәліметтердің сәйкестігі мен олардың келісім шарт талаптарына сәйкестігін тексереді. Мәміле төлқұжаты көрсетілген талаптарға сәйкес болса, банктің жауапты қызметкері экспорттаушы берген мәміле төлқұжатының данасына қол қойып, мөр басады да, сол күні кеден органына мәміле төлқұжатының валюталық бақылауға алынғандығы жөнінде банктің растайтын тиісті хабарландыруын жібереді де, банктің дерекқорына осы мәміле төлқұжаты туралы ақпарат енгізеді.

Кеден органы банктің шоты бары жөнінде хабарландыруын алып, қолданылыстағы кедендік заңнамаға сәйкес осы мәміле төлқұжаты бойынша тауарларды кедендік рәсімдеуді жасайды.

Шоттың болмаған немесе экспорттаушының  қолтаңбасының сәйкессіздігі болған жағдайда банк тез арада кеден  органына осы дерек жөнінде хабарлайды және мәміле төлқұжаты рәсімдеуге алынбайды. Хабарламасы ерікті түрде жазылады. Кеден органы экспорттаушының банктік  шотының жоқтығы жөнінде хабарламасын алып, елдің қолданыстағы кедендік заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.

Келісім шарт бойынша міндеттерді  орындау мерзімі келгенде экспорттаушы кеден органы мен банктің қолтаңбалары мен мөрлерімен куәландырылған мәміле төлқұжатының және басқа қажетті құжаттардың даналарымен кеден органдарына (тауарларды кедендік рәсімдеу), не банкке (төлем жасау кезінде) тікелей өтініш жасайды.

Экспорт жөніндегі мәміле төлқұжатқа қол қойысымен экспорттаушы банктегі валюта шотына толық көлемде  және келісім шартпен көрсетілген  мерзімде келісім-шарт бойынша экспорттан түскен түсімді қосып қоюды өзіне жауапкершілікке алады. Банк осы келісім шарт бойынша қаржылық бақылау агенттіктерінің міндетін атқарады.

Келісіс-шарт негізінде материалдық  жауапты тұлғалар тауарларды таңдап сұрыптап алып, экспортқа жөнелтуге  дайындалған тауарларға шот-фактуралар, тауар-көлік құжаттары, тауарлардың  шығарылу туралы сеертификат, сәйкестік  сертификаты және т.б. толтырады.

Жолдар мен сауда мекемелерінің  арасындағы қатынастарды реттейтін  тікелей халықаралық қатынастар туралы мемлекетаралық келісімдер болғанда, экспорттық операциялар тауарларды тікелей жеткізу жолымен жүргізіледі. Мұндай жағдайда тауарларды жөнелту пункінде халықаралық жүк құжаты жасалады да, ол тауарлармен межелі пунктке дейін ілесіп жүреді. Тауар жөнелтушіге бұл құжаттың түпнұсқасы беріледі, ол көлік мекемесінің тауарларды тасымалдауға қабылдағаны туралы қолхаты болады және жөнелтілген тауарлар үшін шетелдік сатып алушылармен есеп айырысуға негіз болады.

Тікелей халықаралық қатынастар туралы келісім жоқ болғанда тауарлық шекаралық жөнелту бекетіне дейін  теміржол немесе автомобиль көлігімен  жеткізіледі де, ішкі теміржол немесе тауар-көлік құжаты (шот-фактура) толтырылады. Ол жүкпен шекараға дейін ілесіп жүреді. Тауар жөнелтушіге жүк түбіртегі немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелері беріледі де, олар көлік мекемесінің тауарларды қабылдағандығын куәландырды. Шекаралық жөнелту бекеті халықаралық бекеті халықаралық темір жол құжатын немесе коносамент (су жолымен тасымалдағанда) толтырады да, оның көшірмесі тауарлардың жөнелтілгенін куәландыру үшін жабдықтаушыға беріледі.

Экспортқа шығарылатын тауарлар қозғалысының негізгі ілеспе құжаттары  болып мынандай құжаттар жасалады:

    • жабдықтаушылардың шот-фактуралары (шоттар , инвойстар) төлем талап тапсырмалар және әуе жол құжаттары, коносаменттер, сәйкестік сертификаттары және т.б.;
    • тауарлардың шекаралық жөнелту бекетіне (әуежайларға, кемежайларға және басқа да қоймаларға) түскенін куәландыратын қабылдау рәсімдері;
    • тасымалдау кезіндегі тауарлардың жетіспеушілігі, артықшылығы, бұзылуы мен табиғи кемуін куәландыратын комметциялақ кесімдер;
    • түскен тауарларға жасалған шетелдік сатып алушылардың қабылдау кесімдері.

Тауарларды экспортқа  шығаруды жүргізу үшін сауда мекемелері тауар өндірушілерден экспортқа  шығарылатын тауарларды сатып алып, келешекте шетелдік сатып алушыларға сатцу мақсатында олар өздерінің  қоймаларына жеткізіп алады, сондықтан  экспорттықтауарлық операциялар бухгалтерлік есепте екі сатымен көрсетіледі:

    1. Экспорт үшін тауар өндірушілерден тауарларды сатып алған кезде тауарлық ілеспе құжаттар (шот-фактуралар, тауар-көлік құжаттары) негізінде келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:

1330 «Тауарлар» шотының  «Экспортқа шығарылатын тауарлар»  субшотының дебеті – қосымша  құнға салынатын салықсыз тауарлардың  сатып алу немесе келісімді  бағасы бойынша есептелген құнына

1420 «Қосылған құн салығы»  шотының дебеті – сатып алынған  тауарлар бойынша есептелген  қосымша құнға салынатын салық  сомасына

3310 «Жеткізушілер мен  мердігерлерге қысқа мерзімді  берешек» шотының кредиті –  төленуге тиісті сомаға немесе  сатып алынған тауарлар мен  қосымша құнға салынатын салық  сомаларына

    1. Сауда мекемесінің қоймасынан шетелдік сатып алушыларға олармен жасалған контаркт бойынша тауарларды тиеп жөнелткенде, материалдық жауапты тұлғалардан сатылған тауарлар сату бағасы бойынша (өзіндік құны) бойынша тауарлық есеп беру (тауарлардың қозғалысының есебі бойынша тізімдеме) негізінде шығысқа есептен шығару келесі бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі:

7010 «Сатылған өнімнің  және көрсетілген қызметтердің  өзіндік құны шотының «Экспортқа  шығарылатын тауарлардың өзіндік  құны» субшотының дебеті

1330 «Тауарлар» шотының  «Экспортқа шығарылатын тауарлар»  субшотының кредиті

Шетелдік сатып алушыларға тиеп жөнелтілген тауарлар үшін төлеуге  есеп айырысу шоттарын ұсынғанда мыналарды ескеру қажет, ҚР Салық кодексінің 222бабына сәйкес экспортқа шығарылатын тауарларға ҚР қатысушы болған халықаралық келісім шарттағы қарастырылған жағдайларды қоспағанда, қосымша құнға салынатын салық нөлдік ставка бойынша салынады.

Шетелдік сатып алушылардан  оларға өткізілген экспорттық тауарлар үшін төленетін күнгі шетелдік валютаны айырбастайтын нарықтық бағамы бойынша  есептелетін төлемдер түскенде, валюталық  шоттың үзіндісіне сәйкес келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары» шотының дебеті

1031 «Ағымдағы банктік  шоттардағы валютамен ақша қаражаты»  қосымша шотының дебеті

1210 «Сатып алушылар мен  тапсырысшылардың қысқа менрзімді  дебиторлық берешегі» шотының «Экспорттық операциялар бойынша шетелдік сатып алушылардың дебиторлық берешегі» субшотының кредиті

Шетелдік сатып алушыларға төлеуге есеп айырысу шоттарын ұсынған  күн мен осы шоттарды төлеу  күні аралығында валютаны айырбастайтын  нарықтық бағамының өзгеруінің нәтижесінде оң бағам айырмасы (табыс) пайда болғанда сауда мекемесі – экспортер сатып алушыға бағам айырмасы сомасына қосымша шот ұсынады да, келесі бухгалтерлік тізбе жасалады:

Информация о работе Экспорттық операцияларды есепке алу