Автор: e******************@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 13:14, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың әрқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды» - деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады.
Материалдық емес активтер – бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет) арналған, заттық мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құқық, сондай-ақ рецептура, технологиялық регламент, «ноу-хау» құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) есептеледі. Олар ел ішіндегі де, халықаралық рыногтағы да сату-сатып алудың мәні болып табылады.
Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке алынатын және жиынтық жылдық табысты алу үшін қолданылатын негізгі құралдар салық заңнамасында «тұрақты, белгіленген активтер» (Салық кодексінің 105-бабы) белгіленген.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.
Айналымдық қаржы қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.
Айналымдық өндірістік құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады.
Айналатын процеске қызмет ететін құралдар айналу құралдары (банктегі шоттағы, субъектінің кассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әр түрлі дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.
Дебиторлық борыш субъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) және қысқа мерзімдік (бір жылға дейін) болады,
Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру негізіне оларды сол кәсіпорынға бекіту белгісі ретінде салынған.
Кәсіпорын
құралдарының пайда
болу көздерін жіктеу
2-сызбаның мәліметтеріне қарасақ, қаражаттың келесі көрсетілген бөліктерге бөлінетіні байқалады:
Меншікті капитал кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт бойы пайдаланатыны (жарғы капиталы, резервтік капиталы, бөлінбеген табыс).
Жарғылық капитал – құрылтайшылардың (қатысушылардың) шаруашылық жүргізуші субъектіге оны ұйымдастырған кезде бөлген сомасы және жарғыда көрсетіледі. Оның мөлшері тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюі немесе азаюы тек қана құрылтайшы құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша жүзеге асады.
Резервтік капитал – пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығынды жабу, жарғы капиталын толтыру, дивидендтер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) – барлық шығыстар мен салық төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған сомасы.
Қарыздық қаражат айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішінде шикізаттың, материалдардың, отынның және т.б. маусымдық қорларын жасауды жабады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен соң қатарылуға тиісті.
Мысалы, есепті мерзім барысында кәсіпорында мынандай қаражат болды:
Қаражат түрлері
мен пайда болу көздері бойынша қарастырайық
2.4. Бухгалтерлік есеп тәсілдері
Бухгалтерлік есеп тәсілі деп - әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп тәсілдерінің элементтері:
әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың (есептің басы) дұрыстығын негіздеу. Бухгалтерлік есептегі бір де бір жазба оны тиісті ресімдеусіз жасалмайды. Құжат – бғл белгілеген тәртіппен ресімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазып қоылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.
мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеудің мақсаты – құралдың сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқыдау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанда және затқа айналған еңбекке жұмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнелеуін талап етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлық-материалдық қорларды, өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау, жалақына және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-дәл есептемеу шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін анықтаған кезде бұрмалаушылыққа әкеледі.
Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның құралдарын бағалау негізінде нақты өзіндік құны (объектіні жұмыс жағдайына дейін жеткізуге байланысты барлық шығыстармен бірге сатып алынатын құны) салынған.
Кәсіпорын мүлкінің маңызды түрлері ағымдағы есепте және баланста мынандай бағалармен бейнеленеді:
бағаланады;
бухгалтерлік есепте құжатта көрсетілген сомамен бейнеленеді.
өзіндік
құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы.
Өнімнің өзіндік құны материалдық,
еңбек басқаруға жұмсалған
ағымдағы ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізіндежазылады – бұл операцияны екінші ретті тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.
объектілерінің өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркелу тәсілі.
міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі. Бұл – субъектінің қаржылық жадайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдрын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.
ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Баланс та, есеп беру
де тиісті топтастыру мен шоттарды
өңдеуден кейін жасалады.
3. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есеп дүние жүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Оның негізгі мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленеді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асыралды. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардығ орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есептің
негізгі мақсаты – ұйымның
өз экономикалық жәек саяси жағдайына
тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен
басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен
қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік
есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын
жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан
орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы
мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.