Автор: e******************@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 13:14, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың әрқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды» - деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады.
Жоспар:
1. Кіріспе
2.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
2.2. Бухгалтерлік есеп пәні
2.3. Бухгалтерлік есептің мәні
2.4. Бухгалтерлік есеп тәсілдері
3. Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың әрқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды» - деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сорымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшыларын қандай да бір шешім қабылдау пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәрт ібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Бүгінгі
таңда ел экономикасының нарықтық жолға
көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік
қызметтердің пайда бола бастауына
сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы
мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік
есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер
енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған
бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық
қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады.
Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші
деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп
отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы
экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын
жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез
келген елде бухгалтер мамандарын барынша
білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың
экономикалық жағынан тұрақты дамуына
кепілдік береді. Сонымен қатар жоғарыда
айтылып өткен әлемге аты белгілі ғалымдар
Б. Де Солозано мен Р. А. Фаулкидің сөздерін
ескерсек, бұл мәліметтер «Бухгалтерлік
есеп және аудит» мамандығынан басқа да
салаларда қызмет атқаратын қызметкерлер
үшін қажет екендігі сөзсіз.
2.1 Бугалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап, оның қорытындысын емтихан қабылдаушы тыңдаған. Осыдан «аудитор» деген термин пайда болған. Міне, осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлік есептің тек қана кәсіпорын жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай, тұтас мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан да болар көрнекті ғалым Б. Де Солозаноның «Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді» - деген.
Қазақстан Республикасының « Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» уралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экононмикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынандай қызмет атқарады:
- болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
- ұйымның
қаржылық-ақпараттық мәліметін
- қаржылық-ақпараттық
мәліметті пайдаланушыларға
Көп жағдайда бухгалтер мен
есепшінің арасындағы
Бухгалтерлік есеп мамандығына қайшы келетін екі түрлі пікір бар:
Кәсіпорындағы
бухгалтер маманының қай-
2.2. Бухгалтерлік есеп пәні
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір кезеңдерге сай дамитындығы белгілі. Ал шаруашылық есеп мәләметтері өндірістің экономикалық жағдайын белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап, талдап, қандайда бір шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болвп табылады. Қандайда бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп, оларға экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуімізге тура келеді. Шаруашылық есептің алғышарты материалдық өндірістің теориялық негізін зерттеуге байланысты. Қандайда болмасын есеп көрсеткіштері экономикалық жағынан маңызды мәселе болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық-шарушылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып саналады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалық пәндермен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін теориялық, сондай-ақ іс-тәжірбиелік (пратикалық) тұрғыдан сипаттап қарау болып табылады.
Бухгалтерлік
есептің қандай мәселемен шұғылданатынын,
нені зерттейтіндігін, қай жерлерде
қолданылатындығын зерделеп қарау
– бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады.
2.3. Бухгалтерлік есептің мәні
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процстер жатады:
материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
құралдары, оларға байланысты шығыындарбухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
шығындар (буып-түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Қолда
бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың
сақталуын бақылауды дұрыс
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.
Құралдардың түрлері
мен орналасуы бойынша
жіктеу
Өндірісте бар, айналымдағы және өндірістік емес саладағы құралдар бойынша бөлінеді:
Негізгі құралдар - өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысына (бір жылдан астам) қатысады. өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен ауыстырудыталап етеді. Сондықтан негізгі құралдар құнының бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.