Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:22, реферат
Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуының негізі материалдық өндіріс процесін құрайды, соның барысында тұтыну заттары мен еңбек құралдары жасалады. Өндірісте жасалынған материалдық игілік жеке адамдар мен өндірістік тұтыну кезінде бөлініске түсіп, пайдаланылады. Осы процестерге басшылық жасау үшін олар туралы ақпаратқа ие болу керек. Шаруашылық қызметтің шынайы жағдайын сипаттайтын ақпарат шаруашылық есеп жүйесінде пайда болып, беріледі және ол экономиканы басқарудың, демек ұдайы өндіріс процестерін басқарудың маңызды функциясына жатады.
Шаруашылық операциялары мен фактілерінің жалпы қасиеттеріне операцияның басталған немесе аяқталған сәтінде олардың құжаттандырылуы, сондай–ақ олардың ақшалай бағалануы (бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері) жатады.
2. Бухгалтерлік есептің принциптері.
Қолданылып жүрген стандарттар мен салық салу жүйесіне бағдар ұстаған шаруашылық жүргізуші субъект нарықтық экономика жағдайында есеп пен салық саясатын қалыптастырады.
Есеп саясаты–бұл бухгалтерлік және салық есебін жүргізу әдістерінің, принциптерінің, ережелер мен процедураларының жиынтығы және солардың негізінде қаржылық есеп беру.
Есеп саясатының қалыптасу тіртібі, оның мақсаты мен қызмет аясы, оның ашылуы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссия бекіткен «Есеп саясаты және оның ашылуы» туралы №1 бухгалтерлік есеп стандартында белгіленген.
Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінде есеп саясатын қалыптастырудың екі деңгейі пайда болады: оның бірі–ауқымды
(глобальный, жалпы мемлекеттік), екіншісі–жергілікті (локальный).
Есеп саясатын мыналар белгілейді:
Бұл органдар өз құзіреттерінің шегінде әртүрлі ережелер, нұсқаулар және басқа да нормантивтік құжаттар шығарады, осылардың бәрі қосыла келе есеп саясатын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер есеп, салық салу және қаржылық есеп мәселелерін қозғайтын ұлттық бухгалтерлік сатндарттарға, қолданылып жүрген заңдылықтарға сүйене отырп өзінің есеп саясатын қалыптастырады.
Есеп саясаты бухгалтерік есеп пен салық салудың ағымдағы, сондай–ақ болашақтағы міндеттерін жүзеге асыратындай шешімдер белгілеуге тиіс.
Есеп саясатын қалыптастырып, пайдалану барысынада бухгалтерлік есептің мынадай принциптерін сақтаған жөн:
Информация о работе Информациялық жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп