Информациялық жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:22, реферат

Описание работы

Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуының негізі материалдық өндіріс процесін құрайды, соның барысында тұтыну заттары мен еңбек құралдары жасалады. Өндірісте жасалынған материалдық игілік жеке адамдар мен өндірістік тұтыну кезінде бөлініске түсіп, пайдаланылады. Осы процестерге басшылық жасау үшін олар туралы ақпаратқа ие болу керек. Шаруашылық қызметтің шынайы жағдайын сипаттайтын ақпарат шаруашылық есеп жүйесінде пайда болып, беріледі және ол экономиканы басқарудың, демек ұдайы өндіріс процестерін басқарудың маңызды функциясына жатады.

Работа содержит 1 файл

лекция.doc

— 1.20 Мб (Скачать)

3. Бухгалтерлік  есептің міндеті мен мақсаты.

                   

Шаруашылық  операциялар мен процестері есеп жұмысында олардың сандық өлшемі арқылы көрініс табады.

Қазіргі уақытта  есеп жұмысында өлшемдердің:  натуральдық  еңбектік және ақшалай түрлері қолданылады.

Натуральдық өлшемдер натуральды түрдегі деректер алуға, Яғни санау арқылы (дана, сан өлшемі); салмақ (тонно, кг); ұзындық (метр, сантиметр); көлем (тікшеметр, литр және т.б.) арқылы өлшеуге қызмет етеді.

Натуральдық өлшем  материалдық игіліктің сақталуына бақылау жасауда, оларды өндірісте үнемді де тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарады. Алайда олар біркелкі немесе бір топтағы заттардан сыртқарыға қолданылмайды.

Еңбек өлшемдері  жұмыс уақытын өлшеуге пайдаланылады. Олар уақыт өлшемі түрінде қолданылады: Жұмыс күні (адам–күн еседі), жұмыс сағаты, минуты. Еңбек өлшемдерін натуральдық өлшемдермен бірлестіре отырып өнім өндіруге жұмсалған еңбек, еңбек өнімділігі, өнім шығару нормасын орындау уақыты,  еңбекақы көлемі есептелініп шығарылады.

Еңбек өлшемдері  еңбек шығындарының тиімділігін белгілеуде, еңбек пен өндірісті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруда, жұмысшылар мен еңбекшілерге еңбекақы төлеуге бөлінген қаржының пайдаланылуына бақылау жасауда аса маңызды рөл атқарады. Натуральдық өлшемдерге қарағанда бұлар кейбір әртекті ауқымдарды, мысалы еңбек шығынының ауқымы бойынша әртүрлі өнімдерді өзара салыстыруға мүмкіндік береді.

Техникалық  прогресс пен нарықтық экономикаға  бетбұрыс кезіндегі еңбекті үнемдеу  тұрғысынан алғанда еңбек өлшемдерінің маңызы арта түспек. Алайда тауар–ақша қатынасы жағдайында еңбек өлшемдері ақша өлшемдеріне бағыныштылық сипатта болады.

Ақшалай өлшем  шаруашылық процестер мен алуан  шаруашылық ресурстардың (активтердің) жалпылама және қортындылаушы өлшемі болып табылады. Ақшалай бағалауда (теңгемен) субъектідегі барлық тауарлық – материалдық шаруашылық активтердің (қаржы, ресурстар) жиынтығы және олардың жалпы ауқымы, өнімнің өзіндік құны (жұмыстың, қызметтің), ондағы өндіріске жұмсалатын әр алуан шығындардың қорытындысы (жұмсалған шикізат пен материалдар, отын, электор қуаты, жалақы және т.б.) және шаруашылық қызметтің басқа да көрсеткіштері есептелінеді, сондай–ақ субъектілердің бір–бірімен несиелік және есеп айырысу байланыстары өлшенеді.

Жалпылама және қортындылаушы (жинақтаушы) болып табылатын  ақшалай өлшем шаруашылық қызметті есептеу мен басқаруда, субъектілер қызметтерін, шаруашылық жүргізудің, қаржылық ақпараттары көрсеткіштерінің объективтілік дәрежесін, салыстырмалылығын және дұрыстығын салыстырмалы бағалауда аса маңызды. Ақша құны бойынша (теңге) бүкіл тауар–ақша шаруашылық активтерінің жиынтығы (қаржы, ресурстар) мен олардың жалпы ауқымы, өндіріске жұмсалатын сан–алуан шығындардың (жұмсалатын шикізат пен материалдар, отын, эл. энергиясы, жалақы және т.б.) бәрі қортындыланатын өнімнің өзіндік құны және шаруашылық қызметтің басқа да көрсеткіштері есептелінеді, сондай–ақ осы арқылы субъектілердің бір–бірімен несиелік және есеп айырысу байланыстары өлшенеді. 

Ақшалай өлшем  жалпылама және қорытындылаушы бола тұра шаруашылық қызметті есепке алу  мен басқаруға, субъектілер қызметін салыстырмалы түрде бағалау үшін, шаруашылық жүргізудің қаржылық ақпарат көрсеткіштерінің объективтілік дәрежесін, саластырмалылығы мен дұрыстығын бағалау үшін өте маңызды.

Ақшалай өлшем  натуральдық және еңбек өлшемдермен  қатар жиі қолданылады. Мысалы: тауарлар мен материалдақ қорының құнын олардың жалпы санын өлшемнің бір единицасының бағасына көбейту арқылы, жұмысшының уақыт бойынша төленетін жалақысын жұмыс істелінген күндерінің немесе сағаттарының санын тиісінше күндік немесе сағаттық тарафтік ставкаға көбейту арқылы; еңбек демалысы уақытындағы жалақысын–тиісті демалыс күндерінің санын күндік орташа жалақыға көбейту арқылы анықтайды.

Өлшемдердің әрқайсысы  да тиісті көлем мен көрсеткіштерді есептеп шығару үшін объективті түрде  қажет. Бұлар бір–бірімен тығыз байланысты, әрі шаруашылық құбылыстар мен процестерінің жекелеген түрлері туралы неғұрлым толық есептік ақпарат алу үшін кей жағдайда бірге қолданылады.

 

Білімін өз бетінше тексеруге арналған тестілер.

    1. Қазақстан Республикасының есеп мәселелері бойынша қандай құжаттар нормантивтік құқық активтерінің бірінші деңгейі болып табылады?

 а) «Бухгалтерлік  есеп туралы» жарлық.

 ә) Бухгалтерлік  есеп стандарттары.

 б) Нұсқаулық  өкімдер.    

 в) Бухгалтерлік  есеп есеп шоттарының Бас жоспары.

2. Бухгалтерлік есептің нарықтық экономикадағы басты мақсаты:

    а) Қаржылық  есеп жасау.

    ә)  Бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу.  

    б) Тұтынушыларды  толық және анық ақпаратпен  қамтамасыз 

         ету.

    в)  Субъектінің  қаржы–шаруашылық қызметіне бақылау  жасау.

3. Бухгалтерлік есепті қаржылық және өндірістік деп бөлудің

    негізгінде  қандай принциптер жатыр?       

    а)  Ақпарат қандай мақсат үшін  жинастырылады және олар 

        кімдерге  арналған.

    ә)  Маңыздылық.  

    б)  Салыстырмалық.

    в)  Есептеу.

4. Қазақстан Республикасындабухгалтерлік есепті реформалаудың

    интеграциялық мәндісі неде?;

а) Есепті бірыңғай нормантивті актілер негізінде  жүзеге асуры.

ә) Халықаралық  практикаға сәйкестендіру.

б) Есеп шоттардың  Бас жоспарын енгізу.

в) Тұтынушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

5. Бухгалтерлік есепті реформалау мәселесі бойынша қандай

    нормантивтік акт екінші деңгейге жатады және негізгі болып

    табылады?

а) Есеп шоттардың  Бас жоспары.

ә) «Бухгалтерлік  есеп туралы» жарлық.

б) Бухгалтерлік есеп стандарттары.

в) Есеп шоттар Бас жоспарының өзгерістері туралы әдістемелік 

    нұсқаулар. 

6. Бухгалтерлік стандарттар белгілейді:

а) Есептің жалпы  методологиялық негіздері мен ақпараттың

    ашылуын.

ә) Есептік процедуралардың  нақты жүйесі.

б) Синтетикалық және аналитикалық есеп жүргізу тәртібін.

в) Есеп шоттар қатынас қағаздарын жасаудың тәртібі.

7. Есепке есептеу принципінің мәнісі неде ?

а) Шығындарды сол  болған сәтінде есепке алу жөн.

ә) Табыстар мен  шығындар олар төленген сәттен танылады.

б) Табыстар мен шығындар орын алған сәттен бастап есептеліп

     танылады.

в)  Табыс  салық төленгеннен кейін ғана танылады.

8. Қаржылық есептің міндетері:

а) Өнімнің өзіндік  құны туралы деректер жинап, өңдеу.

ә) Тұтынушыларды  анық ақпаратпен қамтамасыз ету.

б) Активтер мен  пассивтер есебі және бұл деректерді қаржылық

    есепте  қорытындылау.

в) Қаржылық есепті жасау.

9. Есеп саясаты мыналарды өздейді:                

а) Бухгалтерлік есеп жүргізудің формасын белгілеу.

ә) Бухгалтерлік есеп стандарттарын қолдау.

б) Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәсілдерінің жиынтығы және

    ақпаратты  ашып көрсету.

в) Синтетикалық және аналитикалық есеп жүргізу ережелері.

10. Есеп саясатының  дұрыс қалыптасуына жауап беретіндер:

  а) Бас  бухгалтер.

  ә) Басшы.

  б) Салық  қызметі.

  в) Басшы  мен бас бухгалтер.

Дербес  шешім қабылдауға қажетті тапсырмалар.

  1. Бухгалтерлік қызметті ұйымдаcтырудың № 24 «БКУ» негізгі мазмұны.
  2. Қаржылық бухгалтерияның мақсаты мен міндеті.
  3. Бухгалтерлік басқару мақсаты мен міндеті.
  4. Бухгалтерлік есеп туралы заңды бұзғандарға жауапкершілік.
  5. Қаржылық бухгалтерлік ақпаратты сақтау.
  6. Қол қою құны.
  7. Бухгалтерлік ақпарттардың сыры.
  8. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есті

       рефоромалардың мақсаты.

  1. ҚР бухгалтерлік есеп жүйесін анықтайтын нормантивтік акт.
  2. ҚР бухгалтерлік есепті реттуші ұйымдардың өкілеттлігі.

 

Төмендегі ұйғымдарға анықтама беріңіз.

- Ақпарат

- Бухгалтерлік  қызмет

- Қаржылық бухгалтерия

- Бухгалтерлік  есеп бойынша ұлттық комиссия

- Басқарушы  бухгалтерия 

           2-тақырып. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары.

1. Бухгалтерлік  есептің стандарттары және тұжырымдамалық  негізі

Кез–келген  басқару жүйесі–мейлі ол әкімшілік  немесе нарықтық жүйе болсын бәрібір, тиісті ақпараттық жүйеге мұқтаж болады. Ақпаратты жинайтын, қорытып, өңдейтін неғұрлым маңызды тетіктердің бірі бухгалтерлік есеп. Алайда әр алуан басқару жүйелеріндегі бухгалтерлік есеп әртүрлі қызмет атқарады,

сондықтан бір  экономикалық система екіншісіне ауысқанда  бухгалтерлік жүйе де өзгереді.

Нарықтық экономикада  бухгалтерлік есеп мүлде өзгеше міндет атқарады. Ол мынадай жағдайларға  бойланысты:

    • Нарқытық жағдайда меншік түрі өзгереді. Мемлекеттік меншікке қоса көптеген меншік иелері пайда болады, олар өз қаржысын салған шаруашылық қызмет субъектісінің шаруашылық қызметінің нәтижесіне мүдделі.
    • Шаруашылықпен айналысушы субъект өзін жоғары қаржы нәтижелерімен қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдерді іздейді. Сол мақсатта ол нарық конъюнктурасын зерттейді, өз қызметін өзінше дербес жоспарлайды, өнім берушілер мен сатып алушыларды табады, бағаны өз бетінше қояды және т.б.
    • Шаруашылық жүргізуші субъект нарық жағдайында коммерциялық банктердің несиелік ресурсатры үшін, сонадай–ақ басқа да пайдалы инвесторлардың қаржысы үшін, яғни қаржы ресурстарының көзі үшін күреске түседі. Соның нәтижесніде шаруашылық жүргізуші субъекті де басқарушылық шешім қабылдап, соның нәтижелерін бағалау үшін қажеті дер уақыттылы ақпаратқа деген мұқтаждық пайда болады. Ал екінші жағынан, субъект өзіне қаржы берген (немесе бермекші) инвесторға да тиісінше ақпарат беруге міндетті.
    • Нарық жағдайында да салықтар мен төлемдердің дұрыс аударылғаны туралы мемлекет алдында есеп беру қажеттігі сақталады.

Нарықтық экономикаға  көшуге  байланысты шаруашылық жүргізуші  субъектілердегі бухгалтерлік есеп ерекше маңызды бола түседі. Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік есеп стандарттарында, субъектілердің қаржы–шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі есепшоттарының Бас жоспарында бекітілген жалпы принциптер мен ережелер негізінде Қазақсатан Республикасының  «Бухгалтерлік есеп туралы» , «Салық және бюджетке міндетті түрде басқада төлемдер туралы» заңына сәйкес басылып шығарылды. Сондай–ақ Қазақсатын Республикасының бухгалтерік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы басып шығарған нұсқаулар, ережелер, ұсыныстар бойынша мынадай тұтынушыларды қажетті қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететіндей есептеу мен есеп беру жүйесін жасау керек:

Сөйтіп, шаруашылық қызмет фактілері туралы алғашқы  деректер бухгалтерлік есепте көрініс  тауып, қортындыланатыны соншалық, қаржылық ресурстардың (активтердің) жекелеген түрлерінің жағдайы, олардың көзі немесе туындаған міндеттемелер туралы көптеген ақпараттық көрсеткіштер қалыптасады. Бухгалтерлік есепті жекелеген фактілер туралы бытыраңқы деректер шаруашылық қызметтің жинақталған көрінісін, оның нәтижесін сипаттайтын ақпаратқа жүйеленеді. Бухгалтерлік есептегі экономикалық көрсеткіштер шаруашылықтың жағдайын өзгертетін жекелеген бүкіл фактілер туралы деректерді көрсетудің, қортындылаудың және салыстыра өлшеудің нәтижесі іспетті. Нақтылы фактілер туралы деректер орнына шаруашылық процестері мен құбылыстары туралы ақпарат беріледі.

Басқару міндетіне  қарай экономикалық ақпарат жүйесі нормантивтік, жоспарлы, есептік, аналитикалық ақпараттар болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп ақпарат қашан басқарушылық шешім үшін өңделуге қажет болғанша оны жинақтап, сақтаушы болып табылады. Ал есеп дегеніміз деректерді жинаудың, өңдеудің, сақтау мен іздестірудің регламентті бағдарламасы бар өзінше бір дербес ақпараттық жүйе.

«Ақпарат» деген  ұғымды «Дерек» дегеннен айыра білу қажет. Бұлардың арасында күрделі диалектикалық тәуелділік бар.

Шаруашылық  ресурстарының қозғалыс формасы  ретіндегі шаруашылық процестері көптеген шаруашылық түрінде жүзеге асады.

Әрбір шаруашылық операциясы–бұл белгілі уақыт пен кеңістікте өтетін процесс. Оның өте нақты белгіленген басталуы мен аяқталуы, орындалынатын жері болады. Шаруашылық операциясын жүзеге асыру үшін еңбек пен күш–қуат жұмсалады, материалдық, ақша ресурстары жұмылдырылады және басқа. Бухгалтерлік есеп объектісі әдетте аяқталған шаруашылық операциясы болады. Онда, тәртіп бойынша, операцияның аяқталу фактісі мен оның нәтижесі көрініс табады. Шаруашылық операция туралы деректерді бақылап және қортындылай келе бухгалтерлік есеп шаруашылық ресурстары мен шаруашылық процестерінің үздіксіз қозғалысы туралы ақпарат түйседі. Нақты шаруашылық процестеріне жататын көптеген шаруашылық операциялары мен басқа да шаруашылық фактілері сияқты шаруашылық процестері арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық ресурстардың (активтердің) бүкіл айналысы бухгалтерлік есепте көрініс табады.

Шаруашылық  операцияларының орныдалуын белгілі  бір шаруашылық ресурстарының қозғалысы  қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда әрбір  шаруашылық операциясы нақтылы және бухгалтерлік есептің белгілі  бір  түріне жатады. Солай бола тұрса да  шаруашылық операциялары мен фактілерінің өздерін бухгалтерлік

есептің өзге объектілерінен бөлекше қарайтын жалпылама дербес қасиеттері болады.

Информация о работе Информациялық жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп