Автор: g***********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 08:57, реферат
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел . Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында [1].
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын ролі зор.