Халықаралық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің

Автор: g***********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 08:57, реферат

Описание работы

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел . Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында [1].

Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын ролі зор.

Работа содержит 1 файл

нег куралдар бух срс.doc

— 128.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі 

 М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Б.Ө.Ж. 
 
 

Тақырыбы: «Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері» 
 
 
 
 
 
 

                                                                                  Тексерген:Баймедетов С.Д.

                                                              Дайындаған:Мырзахатова С.Ы.

                                    
 
 
 
 
 
 

                                    Тараз-2011жыл. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел . Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында [1].

Еліміздегі үрдіс  пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы  ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын ролі зор.

Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі  құралдарды есепке алу проблемасы қолданыстағы негізгі құралдарға амортизацияның толық саласы есептелген болса, бұл жағдайда қаржы есептілігінің дұрыстығына оның салдарының әсерін ескере қарау керек.

Ал негізгі бөлімінде  негізгі құралдар есебін талдауға және негізгі құрал есебін жетілдіру  жолдарына арнадық. Жетілдіру жолында  негізгі құралдың жақсаруына жағдай жасайтын ұсыныстарды ұсындық.

Кәсіпорында негізгі  құралдардың есебі №16 ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі  құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін  анықтайды.

Негізгі құрал-жабдықтардың құны бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, және қалдық  болады.

Бастапқы тарихи құны - негізгі құралды сатып алуға  немесе салуға кеткен нақты өндіріс  шығындарынан, соған қоса өтелмеген  салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып  алу кезінде төленген, баж салығы), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады [9].

Негізгі құралдардың  бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша  салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін [10].

Ағымды құн —  бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн —  бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған  тозу сомасын алып тастағандағы негізгі  құралдардың бастапқы немесе ағымдық  құны.

Сату құны — бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың тараптардын негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі  құралдарды жою кезінде пайдалану  мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық кұндылықтардың құны.

Негізгі құралдардың  нақты бар-жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау  мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.

Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдеу жүргізіледі.

Негізгі құралдарды қайта бағалау 16 ХКЕС сәйкес, негізгі құралдың бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. Әрекет етіп тұрған нормативтік актілерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілер заңмен ұштастырылған негізгі құралдардың индексациялауының ережесі мен тәртібі туралы дербес шешім қабылдай алады. Қайта бағалаудың барысында негізгі құралдардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты ағымдағы (нарықтық) құны мен тозу дәрежесі туралы дәл және толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды роль атқарады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды қайта бағалау техникалық дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заман талабына сай ұдайы өңдірісті жетілдіруге қажетті жағдайларды жасап, негізгі құралдарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады [2].

Әділ баға: нарыктағы  бағасы бойынша немесе дисконтталған  құн бойынша есептелінуі мүмкін.

Дисконтталған құн  бойынша есептеген кезде ад1л  багасын өте аз деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын есіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін қолданады.

Нарықтық экономика  өрістеуіне байланысты қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттарға біртіндеп көшіріліп келеді.

Негізгі құралдар есебі  бойынша неғұрлым жиі қойылатын  сұрақтар – бұлар негізгі құралдарды активтердің топтары бойынша  топтапстыру, жою құнын анықтау  туралы және негізгі құралдарды әділ құны бойынша бағалауды кімнің жүргізуі тиіс, яғни ХҚЕС – на көшу кезінде осы мәселелердің қалай шешілетінін қарастырайық. Негізгі құралдардың анықтамасы екі стандартта да сай келеді, ал негізгі құралдарды сыныптар бойынша топтастырған кезде 16-ХБЕС-да: ғимараттар, беріліс құрылғылары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар топтарының жоқ екенін көріп отырмыз.

16-ХБЕС-ның 9-тармағында: «Осы стандарт тану бірлігін, яғни негізгі құрал объектісін  ненің құрайтынын нұсқамайды. Осыған  байланысты ұйым тұрған нақты жағдайларға тану критерийлерін қолдану кәсіби тұжырымдауды талап етеді» делінген. Осы топтарды не істеу керек екенін шешу үшін бұл топтардың құнына ненің кіретінін еске түсіріп көрелік.

Ғимараттарға мақсаты  еңбек құралдарын өзгертумен байланысты қандай да бір техникалық функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау болып табылатын инженерлік-құрылыс объектілері жатады. Инвентарлық объекті болып оны бір тұтасты құрайтын барлық қондырғыларымен бірге әрбір жеке ғимарат саналады. Мысалы, жылу станцияларына қызмет көрсететін ғимараттар ( түтіп құбырлары, жүктемені азайтушы қондырғылар кірме есік эстакадалары), темір жолдар, дамбалар, бөгендер, қоршаулар және т.б.

Беріліс құрылғыларына оның көмегімен электрлік, жылулық немесе механикалық энергия қозғалтқыш-машиналардан жұмысшы машиналарға беру, сондай-ақ сұйық және газ тектес заттарды бір инвентарлық объектіден басқасына беру жүргізілетін құрылғылар жатады, мысалы, электр берілісінің әуелік желілері, құбыр өткізгіштер және т.б. Электр желілері бойынша инвентарлық объектілер, мысалы, электр станциясының бөлу құрылғысынан қабылдайтын ішкі станциялардың бөлу құрылғыларына дейінгі желілері болып табылады. Инвентарлық объектінің құамына мыналар кіреді: әуе желілерінің тіректері мен іргетастары, өткізгіштер, ілінбелі изо-ляторлар, қорғаныстың барлық заттары, клеммалар және басқа бекіткіш материалда, сонда-ақ үлкен өзендерден барлық өту жолдары мен басқа заттар.

Өндірістік құрал-сайманға және керек-жарақтарға жұмыс кезінде  өндірістік операцияларды жеңілдететін өндірістік мақсаттағы заттар еңбекті қорғауға ықпал ететін; сұйық және төгілгіш заттарды сақтауға арналған сыйымдылықтар; сауда шкафтары мен стеллаждары; инвентарлық ыдыстар; жұмыс машиналарын жатқызыла алмайтын техникалық заттар [19].

Негізгі құралдардың  осы тобында ескерілетін инвентарлық  ыдысқа ыдыс ретінде ұзақ уақыт пайдаланылатын және өндірістік сипатпен үздіксіз байланысты өндіріске қызмет көрсетуші заттар; материалдарды жинау және уақытша  сақтау, өнімді кәсіпорын ішінде жылжыту үшін қажетті және сауда ыдысы болып табылмайтын контейнерлер немесе заттар жатады. Өндірістік қажеттілік тобы бойынша инвентарлық объекті дербес мағынасы бар және қандай да бір басқа инвентарлық бөлігі болып табылмайтын заттар ғана бола алады:

жиһаз және инженерлік жабдықтың құрылысы салынатын элементтері.

офис жабдығы жаңа топтар болып табылмайды, олар 6-ҚБЕС бойынша «Шаруашылық құрал-саймандар» тобына кірген еді.

16-ХБЕС-да көрсетілген  «жиһаз және инженерлік жабдықтың  құрылысы сапынатын элементтері; офис жабдығы» топтары 6-ҚБЕС-да қолданылып жүрген «шаруашылық құрал-саймандары» тобынан «шығып қалды», яғни ешқандай жаңасы жоқ, бурын болған топ бұзылды. Ал жоғарыда көрсетілген үш топты өз анықтамалары бойынша басқа топтардың құрамына жатқызуға болмайды. Бұл топтар салық топтарының құрамында және негізгі құралдар топтарын жіктеушіде аталғаң демек, олар кәсіпорынның есеп саясатында да болуға тиіс. Арнаулы әдебиетте өндірістің ерекшелігіне қарай жою құны 0.1%-тен 0,5%-ке дейін болады деп жазылады. Кәсіпорынның есеп саясатында жою құнының мөлшерін қалай анықтау керек? Ол үшін кәсіпорында соңғы 2-3 жылда негізгі құрал объектілерінің есептен шығарылуына талдау жасау және есептен шығарылатын объектілердің құнынан нақты орташа процент алынған қосалқы сынықтарды, қалдықтарды және жою шығындарын,

Іс жүзінде активтің жою құны көбінесе елеусіз болады. Ондайда бұл фактіні есеп саясатында былайша көрсету қажет: «Активтің  жою құнының елеусіз болуына  байланысты амортизацияланатын құнды  есептеу кезінде ескерілмейді және нөлге теңестіріледі»[3.

Егер кәсіпорын  өзінің есеп саясаты ретінде әділ құны бойынша есепке алу әдісін таңдап алса, оларды танығаннан кейін негізгі  құралдарды сарапшылар анықтау керек.

16-ХБЕС-ның 32-тармағында  былай делінген «Жер учаскелерінің  және үйлердің әділ құны, әдетте, бағалау жолымен нарықтық индикаторлардың негізінде анықталады, оны көбінесе кәсіби бағалаушылар жүргізеді. Машиналар мен жабдықтардың әділ құны болып бағалау жолымен анықталатын нарықтық құны саналады» Туындайтын сұрақ- кәсіпорын қайта бағалауды өзі жүргізе ала ма, әйткені 16-ХБЕС-да машиналар мен жабдықтардың құнын бағалауды кімнің жүргізетіні тікелей айтылмаған ғой? Теория жүзінде, бәлкім, мүмкін болар, бірақ іс жүзінде болмайды. Оның себебі мынадай.

Материалдық активтерді бағалау әдістемерін білу қажет. Оны қысқаша былай айтуға болады: материалдық активтерді бағалау кезінде әдетте дәстүрлі үш тәсілі - нарықтық, шығындық және табыстық тәсілдері қолданылады. Нарықтық (салыстырмалы) тәсіл кезінде объекті құнын есептеуге өзінің тұтыныстық қасиеттері бойынша жақын объектілермен жасалған мәмілелердің бағасы негіздеме болады. Егер осындай меншікті сату бойынша статистика жеткілікті болса, онда осы әдісті пайдалану қажет.

Шығындық тәсіл  кезінде құн көрсеткіші ретінде  объектінің тұтыныстық қасиетін алмастыруға қажетті шығындар көлемі пайдаланылады, яғни объектіні бағалау үшін мақсаты мен сапасы бойынша ұқсас басқасын салу немесе сатып алу құнынан көп болмайтын соманы төлемеу үшін қажет. Шығындық тәсіл бұрынғы қаржылық салымдарға негізделеді және өндірісті дамыту келешектерін айқындамайды. Бизнестің болашағы болмауы және оны дамытуға жұмсалған шығындарды нарықты жете бағаламайтын жағдайы болуы мүмкік. Табыстық тәсіл мөлшері өзгертілмеген болып саналатын табысты капиталдандыруды, сондай-ақ күтіліп отырған болашаққа табыстың ағынының ағымдағы құнын анықтауды көздейді. Бұл тәсіл сатып алынатын бизнестен болашақта пайда табуды күту қағидатына негізделеді. Табыстық тәсіл кезінде ақша қаражаттарының ағынын дисконттау әдісінің қолданылуы да мумкін[21].

Көріп отырғанымыздай, үш тәсілден басқа олардың қандай жағдайларда пайдаланылатынын білу керек. Сондықтан мүлікті өз бетіңізше бағалауға тырыспай, ол үшін осы саладағы бағалаушы мамандарды тарту керек.

       

 Бухгалтерлік  стандарттар тұрғысынан қаржы есептілігінде жарамды және шаруашылық қызметінде пайдаланатын негізгі құралдардың баланстық құнының болмауын дұрыс деп санауға болмайды. Егер бухгалтерлік есеп реформаланға дейін мұндай жағайларға жол беріліп келген болса, бухгалтерлік есеп стандарттарын қабылдағаннан кейін нақты алғанда мұндай оқиғалар оларды тіпті қаралмаған.

Қаржы есептілігінің  халықаралық стандартында мұндай аутқулар тікелей қаралмаған. Егер олар іргелі сипатта болса, ХҚЕС бойынша қаржы  есептілігіне түзету енгізілуін қажет  етеді.

Қолданыстағы негізгі құралдарға амартизацияның толық сомасы есептелген болса, бұл жағдайды қаржы есептілігінің дұрыстығына оның салдарларының әсерін ескерте қарау керек. Амортизация калькуляторға, принтерлерге, телефон апараттарына және тағы толтырылып толық есептелінген жағдай бір басқа да тозу негізгі құралдар объектілеріне толық есептелінген жағдай бір басқа.     Бірінші жағдайда бұл қаржы есептілігі үшін елеусіз екені түсінікті, екінші жағдайда, аталған негізгі құралдар өндіріске тікелей қатысатынын ескерсек, ондай ауытқулар өнімнің өзіндік құнның қалыптастыруына түрде ықпал етуі мүмкін. Нәтиже - өнімнің өзіндік құнын бұрмалауы және, тиісінше, кіріс пен шығыс туралы есеп деректерінің дәлме –дәл болмауы[4.

Негізгі құралдардың  пайдалы қызметінің мерзімін және жою құнын қажет болған жағдайда қайта қарауға болады

 

Сонымен, бухгалтерлік пайдалану мерзімі бастапқыда белгіленген  пайдалы қызмет мерзімімен асатын негізгі  құралдар объектілерінің жағдайына  талдау жасай отырып бұл мерзімді ұлғайту жағына қарай қайта қарауға тиіс пайдалы қызмет мерзімінің қайта    қаралуын маманның көмегі мен анықтауға болады негізгі құралдар объектілерін техникалық шолуды, әдетте, жылдық түгендеу жүргізілетін кезеңде жүзеге асырылуға болады.

Негізгі құралдардың  пайдалы қызметінің мерзімі және жою құны дербес анықталады. Амортизацияны негізгі құралдардың жою құнын ескере отырып есептеу ағымдағы құн көрсеткіштерін және кәсіпорынның амортизациялық аударымдар түріндегі шығыстарын нақты анықтау үшін жүзеге асырылады. Жою құнын анықтау үшін жүзеге асырылады. Жою құнын анықтау тәртібі, амортизациялық есептеу әдістері есеп саясаты мен анықталуы тиіс.

 

Жою құнын 0 ретінде  анықтауға болатынын атап көрсету  керек, өйткені көптеген жағдайларда  ағаш немесе ескі- құсқы, сондай-ақ ескірген және тозған қосалқы бөлшектер, тараптар, жинақтаушы бөлшекте және тағы басқа түріндегі қалдықтарды сатып алушылардың табылуы немесе субъектінің шаруашылық қызметінде оның пайдаланылуы екіталай. Кез келген жағдайда субъектілер жою құнын нақты жағдайларды ескере отырып өзбетінше анықтау құқылы.

 

Толық тозған негізгі  құралдарға түзетулер енгізу үшін орындаулы  және сақтық принцептерін ескере отырып, объектінің өзіндік құнын қайта  бағалауды ұсынуға болады, бірақ  мұндай түзету өз құндары қаржы есептілігі үшін елеусіз объектілер үшін жарамдыдеп санаймыз.

 

Толық амартизацияланған, бірақ пайдаланудағы объектілер үшін қайта бағалауды былай көрсетуге  болады: негізгі құралдар шоттарының Д-ті К-ті 6160 бұдан әрі негізгі  құралдар амартизатцияны есептеместен есепте болады. 6160 -«басқа да табыстар» шоты бұрын амартизацияға артық есептелген шығысқа жатқызылатын соманы теңестіру үшін қолданады. Салық салу мақсаттарында бұл табыс ескерілмейді. Қалпына келтіру құны салық есебіндегі тіркелген активтердің шағын топтарының құнына, біздің ойымызша, енгізілуге тиіс емес.

 

Тіркелген активтердің жаңа ұғымы активтерді сатып алуға немесе жасауға 2006 жылғы 1 қаңардан бастап қатысты болады. Тіркелген активтерді анықтау кезінде артықшылық негізгі құралдар мен материалдық емес актвтерді бухгалтерлік есепте тану өлшемдеріне беріледі. Тіркелген активтерді кіші салық топтарына қосу кезендерін бөліп көрсетейік:

1 Сатып алынған  немесе жасалғн активтерді негізгі  құралдар мен материалдық емес  активтерді бухгалтерлік есеп  стандарттарына сәйкес тану өлшемдеріне  сәйкестігі тексеріледі. Бұл жағдайда актив мекеменің сол объект жөніндегі ой мақсатын ескере анықталуға сәйкес келуі тиіс.

2 Тану анықтамасы  мен өлшемдеріне сәйкес келетін  актив бухгалтерлік балансқа  енгізіледі.

3 Актив бухгалтерлік  балансқа енгізілгеннен кейін оның жылдық жиынтық табыс алуына қатысу тексеріледі. Егер негізгі құралдар мен материалдық емес активтер осы қосымша шартқа сәйкес келетін болса, салық кодексінің 106-бабына сәйкес активтер тиісті салық топтарының құн балансына қосылады.

Бухгалтерлік есепте сондай деп танылған, бірақ жылдық жиынтық табыс алынуына қатыстырылуы көзделмеген негізгі құралдар салық топтарына қосылмайды және бір мезгілде шегерімге жатқызуға жатпайды.

Қазіргі кезде мына бір жағдай Салық кодексіне реттелмеген  күйінде қалып келеді: актив бухгалтерлік есепте негізгі құралдар объектісі болып табылады, бірақ жылдық жиынтық табыс алынуына қатысқан жоқ. Белгілі уақыт өткенен сон мекеменің ой мақсаты өзгерді сол активті жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдалануды көздейді. Бұл жағдайда акив Салық кодексінің 105-бабындағы анықтамаға сәйкес келеді, алайда кодекстің 106-бабында актив   салық тобында қосуға тиісті құн көзделмеген. Менің ойымша салық кодексінің 106-бабына толықтырулар енгізілуі керек, өйткені бұл жағдайда осы негізгі құралдарды салық тобына баланстық құны бойынша қосу мүмкін[

Бухгалтерлік есеп стандарттарында және оларға әдістемелік  ұсыныстарға сәйкес кітапхана қоры амартизатцияланбайтын активтерге жатады, ал салық заңнамасында ол амартизацияланатын объект болып табылады. Кітапхана қор амартизациялық аударымдар арқылы кейін шегерімдерге жатқызу амортизатциясының тиісті нормасының қолдануы тіркелген активтерді кіші салық тобына қосу сәтіндегі дұрыс қадамдарға байланысты. Активті белгілі бір кіші топқа қатыстылығы бойынша дұрыс жіктемеу секілді қателіктер нақ осы кезеңде жіберіледі. Мәселен, тоңазытқыш жабдықты тұрмыстық тоназытқыштан ажырата білу, жылдық жиынтық табыс алуына олардың екеуіде қатысады деп санау керек, алайда олар түрлі салық тобына қосылатын болады, сондықтан олар бойынша шекті нормалармен шегерімдер сомалары тиісінше әртүрлі болады. Активті дұрыс жеткізу үшін негізгі құралдарды есепке алу жөніндгі комиссияның құзыреті қортындысына сүйенуге болады, өйткені объектілер келіп түскен сәтте оларға белгілі бір функциялар жүктелген болатын.

Бухгалтерлік есепте –негізгі құралдарды тану анықтамасы мен өлшемдеріне сәйкес келетін  активтер бойынша пайдалы қызмет мерзімін және амортизациясын есептеудің экономикалық пайда алудың жоспарланатын  схемасына сәйкес келетін әдісін анықтаймыз;

Салық есебінде - Салық  кодексінің 105-бабының анықтамасына сәйкес тіркелген активтерді тиісті кіші салық тобына қосу үшін құзыретті  коммиссия жіктейді.

Қазіргі кезде ХҚЕС бойынша амортизацияны есептеу проблемалары туындауда. Амортизацияны есептеудің бес түрі болатын, ХҚЕС-не көшуіне байланысты негізгі құралдар амортизациясының есебіның үш түрін ұсынады:

Негізгі құралдар құны бойынша амортизацияны бірқалыпты есептеу әдісі

Амортизацияны орындалған жұмысының көлеміне пропорцияналды түрде есептеу әдісі

Негізгі құралдардың  амортизациясын өндірістік тәсіл бойынша  есептеу

Қазіргі кезде бұл  жағдайды проблема ретінде қарастыруға  болады.

Толық амортизация  өздеріне қате есептелінген негізгі  құралдардың баланстық құнын  сәйкестендіру үшін қажет есептерін  сондай сәйкессіздік байқалған күнге дейін қайта қарау мен түзету қажет. Түзету объектісінің пайдалы қызметі мерзімінің қайта қаралуын ескертіп енгізіледі, егер өзгерістер елеулі болса, қаржы есептері қайта қаралады[

 

Көптеген ұйымдарда  кәсіпорынның барлық активтерінің жартысынан көбін негізгі құралдар құрайды. Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары – кәсіпорынның қаржылық жай – күйі және қызметінің нәтижелері туралы әділ және шын ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін барынша тәртіпке келтірілген бухгалтерлік стандарттар жүйесін білдіреді.

Мәселен, АҚ «Коксу-Шекер»мекемесінің басшылығы пайдаланушыларға қаржылық есептерде сапалы, айқын және салыстырмалы ақпарат ұсыну мақсатында ХҚЕС – на сай дайындалған алғашқы қаржылық есептілік жасау үшін іс шаралар жоспарын жүргізу туралы шешім қабылдады. « ХҚЕC бойынша алғашқы қаржылық есептілік» термині оның ХҚЕС –на айқын сай келетіні және әрбір қолданылатын стандарттың барлық талаптары қанағаттандыратыны туралы мәлімдеме және оған түсініктеме бар алғашқы қаржылық есептілікті білдіреді.

Осындай мәлімдеме  жасау үшін    АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің кең көлемінде алдын ала жұмыс жүргізуі қажет болады. Алдын ала жұмыстың негізгі кезендерінің бірі    кәсіпорынның есеп саясатын ХҚЕС –на сәйкес келтіру және оның ережелерін алғашқы қаржылық есептілікте көрсетілген кезендерге мән бере отырып қолдану болып табылады.

Сонымен мекеме есеп саясатын қалыптастыру:

әр бір стандартта ұсынылған тәсілдердің бірін  таңдауда;

оларды ұйым қызметінің шарттарына қарай негіздеуде және бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін негіз ретінде қабылдауда екендігін айқындады.

АҚ «Коксу-Шекер»мекемесінің  мамандары мынандай алдын ала  жұмыс жүргізеді:

Негізгі құралдарды есепке алуға қатысты мекеме қолданатын есепке алу принциптеріне талдау және бағалау жүргізілді және олардың ХҚЕС-дағы принциптерге сәйкестігі тесттен өткізілді;

Жүргізілген талдау нәтижелерінің негізінде АҚ «Коксу-Шекер»мекемесінің  Есеп саясатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының ережелеріне  сәйкес белгілі бір оқиғаларға, операцияларға және мәмілелерге қатысты кәсіби пайымдаулар қалыптастырылды;

Қалыптасқан кәсіби пайымдаулар ескеріле отырып, мекемесінің   ХҚЕС – дағы тиісті принциптерге сай келетін есеп саясатының ережелері әзірленеді.

Осыған байланысты іс жүзінде әр бір халықаралық стандарттардың кәсіби пайымдауы пайдалануды болжайды.

Бүгінгі күні Республикада ХҚЕС-ын ресми бекітілген мәттіннің  жоқ екендігін ескере отырып, біз  Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің  бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі сараптау кеңесі әзірлеп ұсынылған 16- «Жылжымайтын мүлік, үйлер, жабдықтар» халықаралық бухгалтерлік стандарттарын қолдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бағдарға алатын боламыз.

 

Жоғарыда аталған  ХҚЕС-ын қолдану жөніндегі әдістемелік  ұсынымдар бухгалтерлерге іс жүзінде көмек көрсету үшін әзірленген бірден айта кетеміз олар шын мәнінде ХҚЕС- ның дәл өзі болып табылмайды және нормативтік құқықтық актілер болып табылады

Негізгі құралдар АҚ «Коксу-Шекер» мемемесінің барлық активтерінің едәуір бөлігін құрайды, себебі АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінде негізгі құралдарды есепке алудың толық және шынайы болуының принциптерін сақтау кәсіпорынның қаржылық жай күйі туралы сенімді ақпарат ұсынуға айтарлықтай ықпалын тигізеді. Негізгі құралдар – бұл:

мекеме тауарлар өндіру несесе жеткізу және қызмет көрсету үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланады.

Және бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануға  болжанатын материалдық активтер.

 

Қызметкерлердің жұмыс  істеуіне және демалуына ыңғайлы  жағдай жасау үшін АҚ «Коксу-Шекер» мекемесін тоңазытқыш, үй, офис жиһаздарын, сатып алады. Мынадай сауал туындайды: осындай обьектілер негізгі құрал ретінде тануға бола ма?

Жоғарыда аталған  обьектілерді жіктеу кезіндемекемесінің бухгалтерлік қызмет бөлімінде қиындықтар пайда болуы ақылға қонымды, өйткені оларды пайдаланудан болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығының дәрежесін бағалау едәуір қиындық туғызады.

Мынаны ескерте  кетемін, экономикалық пайда алу  үшін негізгі құралдар обьектісі  мынадай операциялар жүргізу  барысында пайдаланылады:

ұйым сататын тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетуде бөлек, сол сияқты басқа активтер мен  үйлестіріліп пайдаланылады;

сатылуы немесе басқа  активтерге ауыстырылуы;

 

Міндеттемелер бойынша  есеп айырысу шотына берілуі;

 

Ұйымның меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін;

Менің пікірімше, біріншіден, тоңазытқыш, үй, офис жиһаздарын,   сатып алу бойынша операциялар мекеме үшін, атап айтқанда активтердің туындауына немесе кәсіпорынның шығыстар жұмсауына ғана әкеп соқты ма, соны айқындау қажет.

АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің қаржы директоры тоңазытқыштың теледидардың, жиһаздардың фирма қызметкерлеріне ыңғайлы еңбек жағдайларын жасау үшін ғана сатып алынғаның және алдағы уақытта компания басшыларында оларды басқа мақсатқа пайдалану ниетінің жоқ екендігін түсіндірді. Атап айтқанда: кәсіпорын тауарлар шығарғанда, жұмысты орындағанда, қызмет көрсеткенде оларды жеке, сол сияқты басқа активтермен үйлестіріп те пайдалануды жоспарламайды, сондай – ақ оларды немесе басқа активтерге айырбастау, міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына береді.

Айтылғандарға байланысты мынаны қосқым келеді, кәсіпорындар негізгі  құралдарды, әдетте, пайдалану үшін емес, оған салынған капиталдан пайда  алу үшін сатып алады. Сондықтан  негізгі құралдардың бағалылығы олардың пайда әкелуінде болып  табылады. Егер активтер кіріс әкелінетін болса, онда оларды кәсіпорынның есептілігінде негізгі құралдар ретінде көрсетудің мәні жоқ, дегенмен, объектілерді есепке алу және сақталуын бақылау мақсаттары үшін мекемелердің:

осындай объектілердің  баланстан кейінгі есебін жүргізуі;

оларды материалдық  жауапты адамдардың есептілігіне қоюы;

ішкі бақылаудың жұмыс  істейтін жүйесін растау үшін жоспарлы түгендеу жүргізуі қажет шығар.

16-ХҚЕС-да қызмет  көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер  жөн жабдықтардың көпшілігі әдетте тауарлы-материалдық қорлар ретінде есепке алынып, олардың пайдаланылуына қарай шығыстарға есептен шығарылатыны айқындалған. Алайда, егер мекеме ірі қосалқы бөлшектер мен  резервтік жабдықты бір кезеңнен астам уақыт  ішінде пайдалануға ниеттенетін болса, мекеменің басшылығы оларды негізгі құралдар ретінде жіктеу қажет екендігін ескергені жөн.

Егер техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер  мен жабдық негізгі құралдардың  белгілі бір объектісіне қызмет көрсету үшін ғана пай-даланылса  және олар тұрақты түрде пайдаланылмайды деп болжамдайтын болса, олар негізгі құралдар ретінде есепке алынып, олар қызмет көрсетуге арналған негізгі құралдардың тиісті объектісінің пайдалы қызмет ету мерзімінен аспайтын кезең ішінде амортизациялануға тиіс. Егер объектінің құрамдас бөліктерінің әр түрлі қызмет ету мерзімі болса немесе жекелеген бөліктерін түрлі схемалар бойынша қолданудан пайда алынса, құрамдас бөліктер бөлек амортизацияланатын актив ретінде көрсетілуге тиіс[30].

Әдістемелік ұсынымдарда  жоғарыда көрсетілген 16-ХҚЕС ережесіне түсініктеме беретін барынша көрсеткіш мысал келтірілген: үй және жылыту жүйесі олардың пайдалы қызмет ету мерзімі әр түрлі болғандықтан, бөлек амортизацияланатын активтер ретінде есепке алынуы тиіс .

Осылайша, ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі ретінде сатып алынған активті дұрыс жіктеу үшін тағы бір негізге алынатын факторды бөліп көрсетуге болады: ол осы активтің пайдалану мерзімін айқындау.

Бірден мынаны айтқымыз келеді: негізгі құралдардың алдағы уақытта күтілетін қызмет ету мерзімі туралы мекемесінің шешімі бір маманның шешімі болып табылмайды, өйткені маман активтің пайдаланылу процесінің барлық ерекшелігін  бермеуі мүмкін. Іс жүзінде бұл шынында да осындай. Бухгалтер есеп жүргізген кезде объектілердің пайдаланылу саласы туралы көп жағдайда толық және дұрыс мәліметтер бермейтін, оларды сатып алу жөніндегі бастапқы құжаттарда көрсетілген ақпаратты ғана біледі.

Қызмет ету мерзімін айқындау бойынша жауапкершілік  негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі  тұрақты жұмыс істейтін комиссияға жүктелуі тиіс. Негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрудың бастамашысы мекемесінің бухгалтерлік қызметі бола алады. Объектіні қарап шығатын және қабылдайтын комиссияның құрамын және жұмыс тәртібін кәсіпорын:

лаузымды адамдардың аты-жөнін;

олардың міндеттерін;

тиісті құжаттаманы  ресімдеу тәртібін көрсете отырып, өз бетінше реттеп               отырады.

Объектіні есепке қабылдаған кезде, негізгі құралдардың қызмет ету мерзімін айқындауды мекеме жүйелі негізде, активті пайдаланудың техникалық шарттарын, субъект белгілеген нормаларды немесе басқа да шарттарды ескере отырып жүзеге асыруға тиіс.

16-«Жылжымайтын мүлік,  үйлер, жабдық» ХБЕС-на сәйкес  негізгі құралдар объектісі тану  көзінде сатып алуға жұмсалған  нақты шығындар бойынша бағалануға тиіс. [26]

Негізгі құралдар объектісін сатып алуға жұмсалған нақты  шығындарға сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық баж салықтары  және сатып алуға салынған өтелмейтін салықтар, сондай-ақ мақсатқа пайдалану  үшін активті жұмыс істейтін қалыпқа келтіру бойынша кез келген тікелей шығындар кіреді. Сатып алу бағасын айқындағанда кез келген сауда жеңілдіктері шегеріледі.

Тікелей шығындардың  мысалдары: алаңды дайындауға жұмсалған  шығындар, жеткізу және түсіруге жұмсалған  бастапқы шығындар, орнатуға жұмсалған шығындар, кәсіби қызмет көрсету құны болып табылады.

АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің қызметі барысында  негізгі құралдар объектілерін ұстауға  және техникалық қызмет көрсетуге, жөндеудің  барлық түрлеріне, түрлендіруге және қайта  құруға қосымша шығындар жұмсау қажеттілігі туындайды деп болжайық .

 

АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің қолданылып жүрген есеп саясатына сәйкес негізгі құралдар объектілеріне байланысты кейінгі  шығындар, активтің өнімділігін арттыра  отырып, оның құнын жақсартқанда немесе осы активтің қызмет ету мерзімін ұзартқанда актив ретінде танылады.

16-ХҚЕС-ның 49-тармағына  сәйкес негізгі құрал объектілерінің  ұтымды қызмет мерзімі кезең  сайын қайта қарастырылуға тиіс  және егер ұсыныстар алдыңғы  бағалаулардан елеулі түрде ерекшеленетін  болса, ағымдағы және болашақ кезеңдердің амортизациялық аударымдарының сомасы түзетілуге тиіс. Активтің қолданысы кезеңінің ішінде оны ұтымды пайдалану мерзімін бағалау дәл болмауы мүмкін.

Мысалы, ұтымды қызмет мерзімі негізгі құралдың жағдайын бастапқыда есептелген нормативтерден тыс жақсартатын кезекті шығындардың нәтижесінде ұзартылуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда  ұтымды қызмет мерзімі және тиісінше амортизация нормасы ағымдағы және болашақ кезеңдер үшін түзетіледі іс жүзінде кәсіпорындардың негізгі  құрал объектілерін пайдаланудың ұтымды мерзімі өсу жағына қарай қайта қарастырылады.

Ұтымды пайдалану  кезеңінің ұзақтығын бағалау  есептілікті халықаралық стандарттар  бойынша жасайтын маманның кәсіби пайымдауына  байланысты болады. Осыған байланысты кәсіби бухгалтердің оны сипаттау үшін де, қолайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін де пайдалы шару-ашылық жағдай туралы әділ пікірін кәсіби пайымдау деп түсіну керектігіне назар аударғым келеді.

Бірден айта кететін  жайт - мекеменің негізгі құралдардың  күтілген қызмет мерзімі туралы шешімі маманның активті пайдалану процесінің бүкіл ерекшеліктерін біле алмайтынына орай бір маманның шешімі болып табыла алмайды.

16-ХҚЕС активті  пайдаланудың ұтымды мерзімін  анықтаған кезде негізгі құрал  объектісінің ұтымды қолданыс  мерзімінің ұзақтығына ықпал ететін мынадай факторлардың кешенін назарға алуды ұсынады:

- активті пайдаланудың  күтілетін қарқындылығы;

- күтілетін физикалық  тозуы;

- жоспарлы моральдық  тозу;

- заңдық шектеулері.

Практикада компанияда қызметті қайта кәсіптендіру және елеулі техникалық жаңғырту жүргізу ниеті пайда болған кезде, ұтымды қызмет мерзімі қайта қаралады, осыған байланысты кейбір активтерді оларды ұтымды пайдаланудың бастапқы жоспарланған мерзімінен неғұрлым қысқа мерзімде пайдаланудан шығару жоспарланады [31].

Негізгі құрал дегеніміз - қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын және келешекте экономикалық пайданы әкелетін ұзақ мерзімді материалдық  активтер болып табылады. Негізгі  құралдардың есебін ұйымдастыруда  оларды бағалаудың маңызы зор болып  табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және ХҚЕС негізінде нақты құнмен бағаланады.

Негізгі құралдардың  бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық  құны, қалдық құны келісілген құн болп бөлінеді.

Халық шаруашылық қай  салада болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың көбейуі мен олардың сапасына байланысты болады.

 

Айырбастау бірдей мақсатқа пайдалануға арналған және сол мезгілде ағымдағы құны бірдей ұқсас активтер де, сондай-ақ әр түрлі  мақсаттағы ағымдағы құны әр түрлі  активтер де жатады.

Негізгі құралдарды жаңартып, толықтырып ескергендігін  және шаруашылыққ қажет емес пайдаланылмай  тұрғандарын дер кезінде шығысқа  шығарып отырудың маңызы өте зор  негізгі құралдарды кіріске алу  және шығысқа шығару операциаларының  талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы олардың қозғалысына бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Негізгі құралдарды кіріске алуды жүзеге асырытын шаруашылықтың  басшысының бұйрығымен немесе өкілімен тағайындалған тұрақты жұмыс  істейтін комиссияның құрамының  түгелдей қатысып, оның құрамына әр түрлі саланың бас мамандары мен механиктердің, құрылыс мамандарының, техникалық бөлімінің өкілдерінің, техникалық қауіпсіздендіру мамандарының бухгалтерлердің ж.б. мамандық иелерінің қатыстырыл-ғандығын анықтау қажет.

Негізгі құралдарды пайдалану барысында олардың құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне елеулі әсер еткен өзгерістерге байланысты қосымша сипаттамалар көрсетіледі. Мүліктік карточкалардағы көрсетілген мәліметтер бастапқы құжаттарындағы мәліметтерімен сәйкес келтіуі тиіс.мүліктік карточкаларға және бастапқы құжаттарындағы мәліметтерін салыстыра отырып, негізгі құралдардың пайдалану және тұрған орындары бойынша қорытынды есеп ақлараттарындағы жағдайына сәйкестігін анықтауға болады.

 

Жұмысымның тәжірибелік  бөлімін мен негізгі құралдар есебін 2005ж, 2006 ж, 2007 жылдарын талдауға және практикалық өзектілігі жайлы зерттеуге арнадық, яғни мекемесінің негізгі құралдар есебінің ауытқуларын есептедік. Пайыздық түрде 2007 жылға негізгі құралдар түрлеріне талдау жасағанда ғимараттар мен құрлыс жайлар 13,9 % құрайды, ал машиналар мен жабдықтар 64,7 %, көлік құралдары 19,8 % басқа да негізгі құралдар 1,6 % . Негізгі құралдар бойынша барлығы 100 % құрайды.

2007 жылды 2006 жылмен  салыстырғанда негізгі құралдар 98,8 млн. теңгеге өсті. 98,8 млн.теңгеге негізгі құралдар өсуі, негізінен негізгі құралдардың активті бөлігінің өсуі есебінен болды.

 

- мекеме өзінің  қаржылық жағдайын жақсарту үшін  негізгі активті бөлігін өсіруі  тиіс;

- көбінде тұтынушылардың  мүдделерін қанағаттандыруға үшін  сапалы негізгі құралдарды сатып алу;

- жобаланған бизнес  жоспарларды жүзеге асыруда инновациялық  бағыттарға көбірек көңіл бөлу.

  
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

  

Қазақстан Республикасының  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауы, 2008 жылғы.

Бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібі. ҚР қаржы министрлігінің 22 маусым 2007 жылғы №224 бұйрығы.

ҚР-ның «Бухгалтерлік  есеп жане каржылык есептеме туралы» 2007ж. 28 ақпандағы №234-3 заңы

Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы: Экономикс, 2003 ж.

Бухгалтер бюллете

 
 
 

Информация о работе Халықаралық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің