Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 11:33, реферат
Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.
Қазақстан Республикасында 2004 жылы 5444 біріккен кәсіпорын тіркелген болса, оның 53%-і Алматы қаласында қалыптасқан, яғни 2867бойынша қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны 20024жылы – 2867 кәсіпорынды құраған, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді. Соның ішінде қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының шоғырланған орталығы Алматы, Астана қалалары, Қарағанды және Атырау облыстары. Бұл аймақтарда қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының өсуі оңды тенленцияны көрсетеді. Ол оңтүстік, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 2003 жылы қызмет еткен біріккен кәсіпорындар төмендесе, 2004 жылы қайта көтерілу байқалады. Ол сол облыстардың инвестициялық ақуалының жақсарғанын көрсетеді.
Қазақстан территориясында қызмет ететін біріккен кәсіпорындардың көбісі өндіру, сауда салаларына бағытталған. Біріккен және шетел кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың саны 2004 жылы 346072 жеткен (4-кесте). Кәсіпорындардың жұмысшыларының тізімдік құрамына, бір және одан көп күнге уақытша жұмысқа, маусымдық немесе тұрақты жұмысқа қабылданған барлық жұмысшылар жатады. Сонымен қатар бірге, нақты жұмыс істейтіндермен қатар, ресми жұмысқа тіркелгендер де есепке алынады.
4-кесте
Облыстар бойынша 2002-2004 жылдары біріккен және шетел кәсіпорындарындағы жұмысшылар саны мен еңбек ақы қоры[3]
| 2002 | 2003 | 2004 | |||
Жұмысшылардың тізімділік саны, адам | Тізімділік жұмысшылардың еңбек ақы қоры, млн.теңге | Жұмысшылардың тізімділік саны, адам | Тізімділік жұмысшылардың еңбек ақы қоры, млн.теңге | Жұмысшылардың тізімділік саны, адам | Тізімділік жұмысшылардың еңбек ақы қоры, млн.теңге | |
Барлығы | 291672 | 115705.4 | 314690 | 144255.2 | 346072 | 180972.2 |
Соның ішінде: Ақмола | 4422 | 673.5 | 4645 | 893.8 | 8119 | 2256.0 |
Ақтөбе | 13479 | 5900.0 | 14041 | 6937.3 | 32979 | 16801.3 |
Алматы | 6328 | 3055.6 | 6798 | 3673.5 | 7811 | 3224.9 |
Атырау | 15871 | 15548.3 | 17497 | 19944.0 | 19740 | 30433.0 |
Шығыс Қазақстан | 7274 | 2090.5 | 7832 | 2667.0 | 5768 | 1667.7 |
Жамбыл | 210 | 14.1 | 272 | 20.8 | 2288 | 256.3 |
Батыс Қазақстан | 12357 | 8788.8 | 16705 | 16314.5 | 13578 | 15119.0 |
Қарағанды | 129874 | 34271.2 | 133901 | 37460.6 | 130273 | 40320.9 |
Қызылорда | 1148 | 112.8 | 1086 | 140.8 | 1846 | 338.0 |
Қостанай | 2542 | 2472.1 | 2848 | 2714.9 | 2515 | 2856.3 |
Маңғыстау | 4655 | 3639.1 | 5988 | 4614.3 | 6380 | 5303.6 |
Павлодар | 24058 | 8589.1 | 24985 | 9196.5 | 23785 | 9840.1 |
Солтүстік Қазақстан | 4654 | 784,2 | 5011 | 909 | 5607 | 1064.8 |
Оңтүстік Қазақстан | 9465 | 2975.3 | 9745 | 3305.4 | 9946 | 3134.5 |
Астана қаласы | 5732 | 2169.9 | 6248 | 2422.1 | 12173 | 8183.2 |
Алматы қаласы | 49603 | 24620.6 | 57068 | 33040.1 | 63254 | 40172.5 |
Қазақстанда біріккен кәсіпорындардың санының өсуі 33қазақстандық азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуіне де алып келеді. Қазақстан бойынша 346072 адам біріккен және шетел кәсіпорындарында жұмыс істейді, олардың алатын еңбек ақыларының қоры 2004 жылы 180972.2 млн.теңгені құраған. Тізімдік және қосымша жұмысшылардың еңбек ақы қорына табиғи формада жасалған төлемдер де кіреді.
Біріккен кәсіпорындардың қызметі мен құрылуын экономикалық қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте біріккен кәсіпорындарды қаржыландыру сұрақтарына тоқталамыз. Оған жататындар: қаржыландыру көздерін құру, жарғылық капиталдағы қатысушылар салымының арақатнасы, салық алу мәселелері және біріккен кәсіпорындардың тиімді қызмет ету көрсеткіштерінің есептері. Біріккен кәсіпорындарды қаржыландыру көздері болып жарғылық қорға салынған ақша салымдары, амортизациялық аударымдар, біріккен кәсіпорынның резервтік және басқа да қорлары, несиелер саналады.
Біріккен кәсіпорындардың капиталдық салымын қаржыландыру көздері мен құрылымына талдауды келесі сызбадан көруге болады (3-сурет).
Негізгі және айнымалы капитал құны бойынша жарғылық қорды құрайды. Жарғылық қорға ақшалай салымдар келесідей түрде салынуы мүмкін: үйлердің, ғимараттардың, жабдықтардың басқа да материалдық бағалардың құны, жерді, суды және басқа да табиғи ресурстарды, үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды, сонымен қатар басқа да мүліктік құқықтарды пайдалану құқы.
Біріккен кәсіпорынға қатысушылардың ақшалай қаражаттары. Біріккен кәсіпорын құрушылардың арасындағы келісім бойынша жарғылық қорға олардың салымының бағасы ұлттық және шетелдік валютада жүргізіледі.
3-сурет. Біріккен кәсіпорындардың капиталдық салымын қаржыландыру көздері мен құрылымы.
Біріккен және шетел кәсіпорындарының жарғылық қорын келесі кестеден көруге болады (5-кесте).
5-кесте
Облыстар бойынша 2002-2004 жылдардағы қызмет етуші біріккен және шетел кәсіпорындарының жарғылық қоры
| 2000 | 2001 | 2002 | |||
Тіркелген кездегі | Нақты 31-ші желтоқсандағы | Тіркелген кездегі | Нақты 31-ші желтоқсандағы | Тіркелген кездегі | Нақты 31-ші желтоқсандағы | |
Барлығы | 4.93057 | 77685.5 | 137896.8 | 103735.6 | 167193.4 | 139817.8 |
Соның ішінде Ақмола |
28.9 |
31.7 |
71.1 |
70.8 |
72.3 |
72.0 |
Ақтөбе | 1436.8 | 1238.2 | 16473.4 | 16449.9 | 17773.4 | 17625.2 |
Алматы | 1293.4 | 1529.5 | 3020.6 | 2580.5 | 4935.1 | 3993.8 |
Атырау | 4707.8 | 4414.0 | 4320.7 | 4247.6 | 4752.3 | 4270.0 |
Шығыс Қазақстан |
1820.3 |
1986.3 |
976.3 |
947.1 |
1876.1 |
1912.2 |
Жамбыл | 7.3 | 7.2 | 177.1 | 175.3 | 187.0 | 186.3 |
Батыс Қазақстан |
376.6 |
997.0 |
119.7 |
856.6 |
252.3 |
985.4 |
Қарағанды | 1844.4 | 1993.0 | 5452.3 | 5340.2 | 11665.4 | 14216.8 |
Қызылорда | 644.0 | 646.0 | 731.7 | 748.3 | 731.7 | 796.0 |
Қостанай | 104.6 | 83.1 | 104.4 | 77.2 | 721.8 | 696.9 |
Маңғыстау | 3882.4 | 4097.7 | 3122.0 | 3345.4 | 3936.1 | 5964.5 |
Павлодар | 7939.8 | 7961.6 | 7917.9 | 7748.8 | 8323.2 | 8161.8 |
Солтүстік Қазақстан |
140.4 |
160.7 |
3876.6 |
4522.5 |
4098.8 |
4744.8 |
Оңтүстік Қазақстан |
210.6 |
175.2 |
170.7 |
219.9 |
1064.6 |
1167.3 |
Астана қаласы | 2482.7 | 2561.5 | 19044.7 | 3770.3 | 19648.7 | 7757.5 |
Алматы қаласы | 66143.7 | 49802.8 | 72317.6 | 52626.2 | 87154.6 | 67267.3 |
Шетел қатысушылар жарғылық қорға салымдар машиналар мен жабдықтар, лицензиялар және т.б. түрде салады және ұлттық валютамен, сонымен қатар, біріккен кәсіпорынды құру туралы келісімге қол қойылған валютаның түнгі ресми курсы бойынша теңгемен шетел валютасын қайта есептеу арқылы бағаланады, Қазақстандық қатысушылар біріккен кәсіпорынның жарғылық қорына салымды жер, табиғи ресурстар, үйлер мен ғимараттар түрінде береді.
Біріккен кәсіпкерліктің даму тәжірибесі, бұл процестің күрделі және тұрақсыз болғандығын көрсетеді. Біріккен кәсіпкерліктің дамуы әркелкі болса да, әртүрлі белсенді дәрежесімен дүние жүзі елдерінің көбісін жанап өтті. Бұл процесс әсіресе соңғы 10-15 жыл ішінде күшті қарқынмен жүрді. Еуропалық экономикалық институттың (ИНСЕАД) берілгендері бойынша, 1986ж. Ортасында өнеркәсібі дамыған елдерде біріккен кәсіпкерлік жөнінен 839 келісім-шарт тіркелді.
Қазіргі кезде біріккен кәсіпкерлік дамуында 2 топты бөліп көрсетуге болады:
1) өнеркәсібі дамыған елдерде біріккен кәсіпкерліктің дамуы;
2) дамушы елдерде біріккен кәсіпкерліктің дамуы.
Жаңа индустриалды елдерде бірінші және екінші топ белгілері көрініс тапты.
Өнеркәсібі дамыған елдерде біріккен кәсіпкерлік дамуының келесідей ерекшеліктері бар: қызмет көрсету саласымен, ғылыми және капитал сыйымды салалармен өзара байланыстылықтың жоғарғы дәрежесі, өз территорияларында біріккен кәсіпорындарды құруға ұмтылуы.
Дамушы елдердегі біріккен кәсіпкерлік процесі дамуын қарастырсақ, келесідей өзгешеліктерді көрсетуге болады: қолданылатын технологиясы, шетелдегі нарықтық тәжірибе және бәсекелестік жағдай, сонымен қатар халықаралық кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылуы.
Экономикасы өтпелі елдер өз экономикаларының құрылымдық өзгеруін қалайды. Экономикасы өтпелі елдер шетел серіктесі үшін қолайлы жағдайлар жасауы керек: салықтық жеңілдіктер енгізу, ұлттық кәсіпорын құру процедурасын жеңілдету. Бірақ, шетел серіктестерінің ойынша біріккен кәсіпкерлік процесінің дамуына мынадай факторлар кедергі жасайды: салық заңдылығының тұрақсыздығы, әртүрлі өнеркәсіп стандарттары, инфрақұрылымның дамымауы және басқалар.
Біріккен кәсіпкерлік дамуының шетел тәжірибесін жасалған салыстырмалы талдау, келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:
- біріншіден, біріккен кәсіпкерлік туралы келісім-шарттардың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдерге – 80%, дамушы елдерге - 17%, экономикасы өтпелі елдерге – 3 % келеді;
- екіншіден, біріккен кәсіпкерліктің дамуына мынандай факторлар әсер етеді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, аймақтың толығымен ресурстармен қамтамасыз етілуі, еңбекке жалданушылар мен кәсіпкерлердің білімділігі;
- үшіншіден, дамушы елдердің экономикасы өтпелі елдермен біріккен кәсіпкерлік қызметі екі жаққа да пайда келтіреді. Дамушы елдер үшін жаңа өткізу жолдарын ашуға, ал экономикасы өтпелі елдер үшін инвесторларды таратуға мүмкіндік туады. Осыған байланысты транзиттік экономикадағы елдер біріккен кәсіпкерлік қызметін өнеркәсібі дамыған елдермен ғана емес, сонымен қатар экономикасы өтпелі елдермен дамытуы керек.
- төртіншіден, әртүрлі елдердегі біріккен кәсіпкерлік даму тәжірибесіне талдау жүргізу, бұл процестің жалпы заңдылықтарын, болашақтағы мүмкіндіктерін, оң және теріс жақтарын анықтауға мүмкіндік берді. Мысалы, заңдылық мәселелерін реттеу.
Валюталық өзін-өзі өтеуіне байланысты біріккен кәсіпорындарды келесідей жіктеуге болады:
1. Қазақстаннан экспорттайтын және Қазақстандағы резидент еместерге сататын біріккен кәсіпорындар. Мысалы, “Акбет Индастриз” БК (руда, хром концентраты); “ТСК СТИЛ” БК (қалайы); “ИНТЕРМИН” БК (жануарлар азығы).
2. Қазақстанда валюталық резиденттерге сататын біріккен кәсіпорындар. Мысалы, “Казфер-Импекс” БК (Франция), “Базарлық-Финист” БК (Лихтенштейн), “Халықаралық бизнес институты” БК (Қазақстан-АҚШ).
3. Импортты алмастыру мақсатындағы біріккен кәсіпорындар. Мысалы, металл құрал-жабдықтарын өндіруші “Казполь” БК, телевизор мен видеомагнитофон шығаратын “Тельбонк-Алматы” БК, компьютер шығаратын “Прогноинфо”, “Веста”, “Сирена” және т.б. БК.
4. Валюталық өзін-өзі өтеуін қамтамасыз ету үшін экспортпен айналысатын біріккен кәсіпорындар. Мысалы: “Казахиталкаракуль” БК (тері бұйымдар).
5. Біріккен кәсіпорындардың консорциумдар қызметіне қатысуы. Қазіргі кезде біріккен кәсіпорындардың консорциумдар қызметіне қатысу тәжірибесі жоқ.
6. Еркін экономикалық аймақтардағы біріккен кәсіпорындардың қызметі. Мұнда валюталық операциялардың ерекше режимі орнатылуы мүмкін. Қазақстанда осындай аймақтардың ең алдымен алтауы тіркелген. Қарағанды, Жәйрем-Атау, шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алакөл және Жаркент.
7. Біріккен кәсіпорындардың валюталық аукциондар және валюталық биржалар қызметіне қатысуы.
Жоғарыда әрбір көрсетілген біріккен кәсіпорын стратегияларының даму мүмкіндігін болжасақ, 2-3 жыл ішінде ішкі экономикалық мәселелердің шешілмегендігіне байланысты жергілікті кәсіпорындар өндіретін өнім экспортының өсуін байқау екіталай. Қазақстан территориясында және ТМД тауарлар мен қызметтерді валютағарезиденттерге де резидент еместерге де сату құқығының кеңеюі айтарлықтай нәтижелі көрінеді.
Информация о работе Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі