Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 13:34, реферат
Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезда пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт юойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.
Кіріспе
Ежелгі бухгалтерлік есептің алғашқы дамуы
Алғашқы алфавиттің және арифметиканың пайда болуы
Алғашқы ақшалардың пайда болуы
Алғашқы банктердің пайда болуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің
А. Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Ежелгі ғасырлардағы бухгалтерлік есеп »
Пән : Бухгалтерлік есеп
Қостанай
2011 жыл
Жоспар
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиет
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезда пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт юойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.
Жалпы адамзат өмірінің, адамзат қоғамы өмірінің негізі – материалдық өндіріс процесі. Осы материалдық өндіріс процесі дамуының белгілі бір кезеңде оны сандық түрде көрсету қажеттілігі және мүмкіншілігі туындады. Шаруашылықты өлшемсіз (салмағы және саны), кірістер мен шығыстарды салыстырмай, біріншісінің екіншісінен асып түсуін болдырмай жүргізу мүмкін емес. Осы кезде есеп пайда болды және ол барлық уақытта материалдық өндіріс процесіне қызмет көрсетті, сонымен бірге жетілдіріп отырды.
Алғашқы
қауымдық құрылыстың өзінде-ақ адамдарды
өзщдерінің өмірін сақтап қалу және ұзарту
үшін қанша тамақ табу керек екендігі
толғандырып, есеп есте сақтау арқылы
жүргізілсе, құл иеленушілік құрылыс кезінде
ауыл шаруашалағандағы өнімдерді, қолөнер
өнімдерін өндіру ұлғайып, есеп жүргізудің
қажеттілігі туындады.
Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін сипаттай білу мүмкіндігі туындайды.
Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған. Бухгалтерлердің интернационалдық таңбасында - Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы белгіленіп, бұл таңбаға «Ғылым - Ұлттық - Тәуелсіздік» деген сөздер жазылған.
Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған.
Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен.
Есеп мәліметтерін тасымалдаушы материалдар ретінде көп жылдық тропикалық өсімдік жапырақтары (папирус), балшықтан істелген тақтайшалар т.б. қолданылған. Осындай материалдарды есеп құралдары ретінде пайдалану нәтижесінде есеп регистрлары, тіркеуші құжаттар пайда болған. Папирус және пергаментке есеп мәліметтерін жазу арқылы «бос қағаздар», ал балшықтан істелген тақтайшаларға түсірілген мәліметтерді тіркеу негізінде «карточкалар» пайда болған. Бұдан соң есеп жүргізуге қолданылған бос қағаздардағы мәліметтер есеп кітаптарына жинақталып жазыла бастаған. Бос қағаздар мен карточкаларға жазылған қолда бар мүліктер санының есебі натуралды сандық өлшеммен жазылған. Натуралды өлшеммен есеп жүргізу негізінде мүліктік түгендеу (инвентаризация), тіркеу, тізімдеу әдістері қолданылған. Түгендеу әдісі ертедегі барлық елдердің есеп жүргізу тәжірибесінде қолданылып, мүліктердің қалдығын анықтауға арналған ресми құжат болып танылған. Күні бүгінге дейін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән түгендеу әдісі өз мағынасын жойған жою ертедегі Египетте біздің арамызға дейін екі мыңыншы жылдары кіріс-шығыс есебі пайда болыпты. Бұдан соң дайындалатын ағымдағы есеп (перманентный) байланысы жоқ түгендеуші үзілмелі (дискретный) есеп орнына қолданыла бастаған. Есеп мәліметтерін тасымалдаушы жапырақ қағаздарға (папирус) тек қана мүліктер қалдығын ғана жазып қоймай, мүліктер өрісіндегі барлық әрекет өзгерістер жазылытын болған. Жалғастырып жазу (перманенттік) есебінің мақсаты-материалды құндылықтарды алу мен беру есебінің дұрыстығын тексеріп отыруға арналған. Материалды құндылықтар беру фактісі жапырақ (папирус) қағазына үш адамның қатысуымен:
Ең негізгі мақсат-материалды құндылықтар қозғалысының күн сайынғы қалдығын анықтап отыру еді. Есеп жұмысын осылайша жүргізу тек қызмет көлемі аз ғана шаруашылықтар деңгейінде жүргізілген. Жұмыс күні аяқталғаннан соң әрбір беруші мен алушы жақтар бойынша құндылықтардың жеке-жеке атаулары көрсетіліп, бұлардың қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп жасалынып отырған. Қорытынды есеп жасау үшін арнайы құрылған үлгі қағаздың әрбір бетіндегі жазулар жеке жинақталып, бұдан соң жалпы жинақ шығарылып тұрған.
Құндылықтардың жеке атауларына сай кіріс-шығыс құжаттары жасалынып, мұндағы мәліметтерді жекелеген топтарға топтастырылып жазыла бастаған. Яғни айналым құжаты жасалып, бастапқы қалдыққа осы күнгі қосылған құндылық саны қосылып, бұдан жұмсалған немесе берілген құндылықтар саны шегеріліп, соңғы қалдық шығарылатын. Соңғы қалдық жазудың нәтижесі қолда бар құндылықтар санымен түгенделіп, салыстырылып отырған. Құндылықтар жөнінде жазылған мәлімет пен қолда бар құндылықтар санының айырымы болған жағдайда мұның себебі анықталып, кімнің кінәлі екендігі белгіленетін болған. Есеп жұмысын осылайша жүргізіп, тексеру мен салыстыру нәтижесінде синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу шоттарының пайда болуы да мүмкін. Мысалға, арпа, бидай, жүгері, күріш т.б. дәнді дақылдарының жекелеген есебі «дәнді дақылдарға» арналған синтетикалық жинақтау есебінің құрамында жүргізілген. Яғни синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу шоттарының қалдығы бірдей болатындығы дәленденген.
Бухгалтерлік есеп тарихын зертеушілердін зерттеуіне қарағанда шаруашылық фактілерінің мәліметтерін хронологиялық тіркеп жазу әдісі қолданылған.
Материалдық есеп жүргізу негізінде орын алған шаруашылық фактілерін хронологиялық тұрғыда үздіксіз тіркеу арқылы материалдардың дұрыс жұмсалуы тексеріліп отырған. Тексерудің дұрыстығы қажетті рәсімдеулерден: алынған құндылықтардың аталуы мен саны, бұлардың кімнен алынғандығы, құндылықтарды алушының аты-жөні, орын алған фактінің ай-күнін көрсетіп жазу жұмыстары орындалғаннан кейін ғана дәлелденген.
Ертедегі Египетте материалдық есеп пен жұмсалған шығындардың сметалық есебінің элементтері біріктіріліп, негізінен материалды құндылықтар қозғалысының күнделікті есебі жүргізіліпті. Мұндай қарапайым есеп жүргізу мысалына: құдық қазушыларға, жалдамалы жұмыскерлерге, дәрігерлерге, құлдарға, күзетшілерге, үй қызметшілеріне, іс қағазын жүргізушілерге т.б. берілетін бір айлық тамақ нормалары, бидай, ет т.с.с. шығындар сметасын белгілеу фактілері жазылып отырған.
Босатылған, жұмсалған құндылықтар қозғалысын жүргізуші құжаттар екі, үш данаға бөлініп жазылған. Даналап жазудың негізі Вавилонда салынып, мұнда жұмсақ балшықтарға жазылған мәліметтер қате болған жағдайда балшық тақтайшалар жойылып, түзу жазулар басқа балшық тақтайшаларға жазылып отырған.
Ерте заманда есеп мәліметтері жазылған материалдар (балшық тақтайшалар, жапырақтар, сүйектер.) арнайы құндылықтар болып саналған. Есеп құжаттары «осы жылғы», «келесі жылғы» құжаттарға топтастырылып, арнайы жәшіктер мен дорбаларға салынып, бұлардың аузын белдіктер, жіптер т.б. байлап белгілер соғатын болған. Бұдан соң «есеп жасаушылар» мүліктер құрамына кіретін заттардың жеке атауларын, малдар мен құралдардың т.б. құндылықтар қозғалысын атап жазуды үйренген. Жекелеген құндылықтардың пайда болуының қасиетіне қарай, бұларды ірілендірілген топтарға топтастырып санап отырған. Құндылықтарды топтастырып, бір өлшемге келтіру нәтижесінде шартты өлшеммен өлшеу қажеттігі туындаған. Ертедегі Вавилонда «шартты кірпіш» және «адам күні» өлшемімен өлшеу әдісі қолданылған. Бұдан соң шартты өлшемдерді қолданудың нәтижесінде және құндылықтардың пайда болуының қасиеттерін жекелей өлшеу қажеттілігінен шоттар ұғымы пайда болған.
Біздің жыл санауымыздың XVIII ғасырына дейін Вавилонда бухгалтерлік есептің жекелеген құқықтық қасиеттері заңды түрде таныла бастаған. Мысалға, Хаммбураби саудагер көпестердің тәуелсіз есеп жүргізуін талап еткен. Шіркеулер мен мешіттерге берілетін құндылықтар мемлекеттік тұрғыда қадағаланып, бұларға берілетін ақшалар сомасы тиісті адамдардың қол қойып растауынсыз есепке алынбаған.
Біртіндеп тауарлы қатынастардың тереңдеп ұлғаюына байланысты контокорренттік (есеп айырысу) шоты пайда болды. Хаммураби заңының тұжырымында есеп айырысу операцияларының екі типі:
1) мүліктер бойынша есеп айырысу мемлекеттік қоймалар мен шіркеулер қоймасы арқылы;
2)
қатысушы жақтар арасында
Ерте заманда, шамамен XII ғасырда, банктер атқаратын міндеттерді шіркеулер және сауда қоғамы атқарған. Банктегі қаражат көздері банк құруға қатысушылардың қосқан үлесінен қалыптасқан. Банктегі қаражаттар екіге: негізгі және айналымдағы капитал болып бөлініп қаралған. Негізгі капитал есебінен қаражат алушы жақтарға пайыздық несиелер беріліп, ал айналым капиталының есебінен көпестер операцияларының ағымдағы шығындары жабылып отырған.
Есеп айырысу жұмыстары натуралды шаруашылық деңгейінде жүргізіліп, берілген ссудалар мен натуралды жарналар көлемінде ғана орындалған. Мысалға, клиенттер қосқан астық түріндегі салымдар несиелендіруші субъектілер қоймасында сақталған. Несиелендіруші орындар үлес қосушылардың сұрау тапсырмасының жүізінде - мемлекеттік салықтарды (фикс) төлеп отыруды өз міндетіне алып отырған. Яғни екіжақтық есеп айырысу дәнді астықтар өлшемімен жүргізілген.
Тағы бір айта кететін жағдай - есеп айырысу фактілері жеке дара (бір адам арқылы) немесе ұжымдық (бірнеше адамдардың) қатысуымен орындалып отырған. Осылайша есеп айырысулар қалалар мен шаруашылықтар деңгейінде жүргізілген. Мемлекетпен есеп айырысу қаражаттарды бөлу мен қайта бөлу мақсатында натуралды өлшеммен жүргізілген. Жеке меншік иелерімен есеп айырысу тауар айырбастау операцияларымен орындалған. Бірегей ақшалай өлшем болмағандықтан және тауарлы-ақша қатынастарының жеткіліксіз дәрежеде дамымауына байланысты несиелік қаражаттар белгіленген міндеттерді ғана орындап отырған. Несие беру тек қана арнайы қабылданған заң шеңберінде жүргізілген. Несиелендіруші мекемелер несие алушы жақтардан (клиенттерден) арнайы сенімхаттар алып, қарызға түсетін қаражат жөнінде ресми келісім-шарт негізінде несие беріп отырған. Қарыз алушы клиенттерге берілген және қайтарылмаған несие сомаларының деңгейін анықтап отыру үшін сенімхаттағы және келісім-шарттағы сомалардың көлемі тексеріліп, несиедегі сомалар жөнінде мәліметтер салыстырылып отырған.
Кейіннен, шамамен XII - ғасырдың аяғына таман есеп айырысу жұмыстары өлшеп таразылау, ақша және натуралды өлшемдер қолдану арқылы жүргізіле бастады. Алайда есеп айырысу жөніндегі жазулар балшыққа жазылып, ағымдағы күнделікті операцияларды арнайы шоттарға жазу жағы қиындықтар тудырды. Жедел есеп болмады, әр күнгі айналым операциялары бір қалыпты жинақталмайтын болды. Мұндай қиындықтар бастапқы құжаттардың қажеттілігін туындатты. Бастапқы құжаттардың пайда болуына қарай шоттарға жазылған жазуларға мөр басылатын болды. Құжаттар өз міндеттеріне қарай кірістік және шығыстық болып екіге бөлінді. Ертедегі бухгалтерияда «дебет» және «кредит» категориялары қолданылмады. Қайта бағалау мақсатында немесе құндылықтарды бір өлшемге келтіру үшін арнайы термин «кар» қолданылды. «Кар» термині материалды құндылықтардың санын эквиваленттік бір өлшемге келтіру мақсатында күмістің бір сиклюінің өлшемімен өлшенді.
Мысырлықтар
мен вавилондықтар есеп ақпараттарын
ең бірінші болып қағазға түсірді.
Бұлар жиналған астық пен мал
сандарын тексеріп отыру үшін жазулар
(белгілер) ойлап тапқан.