Еңбекақы және еңбекақы есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 19:46, курсовая работа

Описание работы

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақы номиналды және шынай түрлері болады.

Содержание

I. Кіріспе.

1.1.Еңбекақының экономикалық мәні мен оның принциптері.
1.2. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру.
1.3. Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Қосымша жалақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу
2.2. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі жөнінен негізгі
бухгалтерлік проводкалар.
2.3. Жалақыдан ұстап қалулар мен төлемдер

III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Еңбекақы және еңбекақы есебі.doc

— 175.50 Кб (Скачать)

 

                                                    Жоспары:

 

 

 

I. Кіріспе.

      

       1.1.Еңбекақының экономикалық мәні мен оның принциптері.

       1.2. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру.

      1.3. Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.

 

    II. Негізгі  бөлім.

 

  2.1. Қосымша жалақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу

       2.2. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі жөнінен негізгі   

        бухгалтерлік  проводкалар.

       2.3. Жалақыдан ұстап қалулар мен төлемдер

     

    III. Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Жалақы  – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақы номиналды және шынай түрлері болады.

   Номиналды жалақы дегеніміз – жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

   Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

   Жалақы өнімінің  өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

  

Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:

  1. Еңбектің саны мен сапасы, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
  2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;
  3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
  4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
  5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
  6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;
  7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Еңбекақының экономикалық мәні мен оның принциптері

  

   Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.  Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.

    Еңбекақы бұл  – жұмыскерге оның еңбегі үшін  сапасына, санына және шығарған  қажетті өнім көлеміне сәйкес  берілетін төлем. Қалыпты жағдайда  еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады – еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі.  Бұлардан басқа еңбекақыны мынадай факторлар анықтайды:

     Жұмыс күші, яғни құны.   Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:

  -  жұмыскердің  қажеттілігін қанағаттандыратын  мүлік құны;

  -  оны мамандыққа  оқытуға кеткен шығындар;

  - оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны.

   Нақтылы жұмыс  күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.

    Жұмыскердің  еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзінде еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақының өсуіндей шапшаң болады.

    Жұмыс күшін біліктілеу және еңбектің түрі. Мысалы, күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектері және т.б. жоғары бағаланады.

    Қажетті өнімнің әлеуметтік дәрежесі. Қазіргі қоғамда қажетті өнімнің барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрінде берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеуметтенеді (қоғамданады) және әр түрлі салық, есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына келеді  (денсаулық сақтау, білім беру, зейнетақы қорларын қамтамасыз ету және т.б.).

    Жалақы –  атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді.

    Атаулы табыс  жалақы – бұл қызметкердің  белгілі кезеңдегі  істеген  еңбегі үшін есептелген және  берілген жалақысы.

    Нақты жалақы  – бұл тауарлар мен қызмет  көрсетуге ие болуға кететін  атаулы табыс жалақысы; нақты  жалақы – бұл атаулы табыс  жалақының «сатып алуға жарамдылығы» .

 

 

 

 

 

 


                         Жалақының жүйелері және нысандары


           



    Кесімді еңбекақы                                       Уақыттық еңбекақы


    Жай кесімді ақы                                        Жай уақыттық еңбекақы


    Кесімді сыйлықақы           Уақыттық сыйлықақы


    Жанама кесімді ақы         Сағаттық еңбекақы


    Көтеріңкі жалақы          Күндік жалақы


    Үдемелі кесімді жалақы        Апталық жалақы


           Айлық жалақы


    Жеке Ұжымдық


адамның                 мердігерлік

жалақысы   


 


 

 

     Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі принциптерін еске алу керек:

     әділдігі, яғни тек  еңбекке, тең жалақы;


     істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің деңгейі;


     зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;


     еңбек сапасына және  еңбекке қатыстылығының адалдығы  үшін ынталандыру;


     ақаулық жібергені  және өзінің міндетіне жауапсыздықпен  қарағандығынан жағымсыз жағдайлары  болғаны үшін материалдық жазалау;


     еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына қарағанда озық жүруі;


     инфляцияның деңгейіне  сай жалақыны индекстеу;


     өндірістің қажеттілігін ең үлкен деңгейде қамтамасыз ету үшін үдемелі нысананы және жалақы жүйесін қолдану;


      Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарындағы жалақылардың айырмашылықтары мынадан тұрады:

     мемлекеттің игілігіндегі  кәсіпорындарда жалақы үкімет  актілерімен реттеледі,  ал жеке  кәсіпорындарда кәсіпорын әкімшілігі  шешімімен (бірақ, ең аз жалақы  жөніндегі белгіленген заңнан кем болмауы керек);


     мемлекеттік кәсіпорындарда  жалақы тіркеледі, яғни тұрақты  болады (арту индекстеу есебінен  тұрады);


    мемлекеттік кәсіпорындарда  жұмыс орны мен жалақы кепілді,  ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда  олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады. 


 

 

 

 

        Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру.

 

     Еңбек пен  еңбек  ақының есебі бухгалтер  жұмысының көп еңбекті қажет  ететін және ең жауапты учаскелердің  бірі болып саналады.

     Қазіргі уақытта еңбек табыстары максималды мөлшермен шектелмейді, олардың көлемі тек жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығымен ғана  реттеледі.

     Еңбекке ақы төлеу  екі түрге бөлінеді: жұмыс көлемі  бойынша ( есептің негізіне орындалған  жұмыстың көлемі мен оның бірлігінің бағалауы арқылы алынатын жағдай ) , уақыт бойынша ( есептің негізіне жұмыстың 1 сағат уақытының тарифтік мөлшерлемесі немесе атқарылған уақыт үшін  еңбекақы мөлшері ( оклад ) алынатын жағдай ).

     Жұмыс көлемі бойынша  еңбек ақыны есептеу мысалы:

     Жұмысшының бір сағаттық тарифтік мөлшерлемесі – 50 теңге. Өнімнің бір бірлігін жасаудың уақыт нормасы – 30 минут. Өнім бірлігінің еңбекақы мөлшері – 25 теңге (50х30/60). Бір айда өнімнің 400 бірлігі жасалады. Жұмыс көлемі бойынша еңбек ақы (25 теңге х 400) = 10,000 теңгені құрайды.

    Уақыт бойынша еңбек  ақыны есептеу мысалы:

     1. Жұмысшы  бір айда 80 теңге мөлшердегі сағаттық  тарифтік мөлшерлеме бойынша  120 сағат уақыт бойы еңбек етті. Оның уақыт бойынша еңбек ақысы  9600 теңгеге  тең болады (80 теңге  х 120).

    2. Қызметкердің  лауазымды мөлшерлі еңбек ақысы  9200 теңгеге тең болады. Ол 23 жұмыс  күні орнына 16 жұмыс күндерінің  уақытын атқарды. Одан соң қызметкер  демалысқа шығып кетеді. Есепті  айдың 1 күндік орташа еңбек  ақысы – 400 теңгеге тең болады (9200:23). Уақыт бойынша еңбек ақы (демалыстың ақысынсыз) 6400 теңгені (400х16) құрайды.

     Сондай-ақ  негізгі еңбек ақы (жұмсалған  еңбек немесе атқарылған уақыт  үшін) және қосымша (заңдарға сәйкес  төлеуге жататын  атқарылған  уақыт үшін). Бұған демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша парақтар және т.б.  бойынша төлемдер, еңбек ақыға әр түрлі қосымшалар да жатады.

     Кооператив, акционерлік қоғамдар мен басқа  коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері  олардың негізгіжұмыс орны бойынша  қосымша еңбек ақы алуға құқылы. Барлық жағдайларда атқарылған және атқарылмаған уақыт жұмыс уақыты есебінің табелінде көрсетілуі тиіс. Қосымшаларды төлеу шарттары мен нақты мөлшерлері кәсіпорынның  өзінде белгіленеді және еңбек ақы туралы ережелерде немесе ұжымдық келісім шарттарда көрсетіледі.

    Қазіргі уақытта  кәсіпорындарда еңбек ақы қоры  қалыптастырылмайды. Пайдадан қажетті  төлемдер жасалғаннан соң тұтыну  қоры ұйымдастырылады. Бұл қордың  есебінен негізгі және қосымша  еңбек ақы төленуі, емдеу, демалысқа  жолдамалар мен қызметкерлерге ақысыз түрде көрсетілген қызметтердің құнын төлеу  және т.б. жасалуы мүмкін.       

 

 

 

    Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері

 

Жалақы екіге  бөлінеді:

  • негізгі;
  • қосымша;

 

   Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
  • қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
  • жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
  • кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
  • ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
  • мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
  • түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
  • жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер;

   Қосымша  – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:

  • балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;
  • жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем;
  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
  • негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
  • шыққанда берілетін жәрдем ақы;

   Қызметкерлер  жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру  қаражаттары есебінен еңбекке  уақытша жарамсыздық жөнінідегі  жәрдемақыны алады.

   Негізгі және қсымша жалақылар  жалақы қорын құрайды. Жалақы  қорының құрамына жалақының барлық  түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немес натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер  қосылады.

      Кәсіпорынның  жосарымен (болжамымен)  белгіленген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.

Информация о работе Еңбекақы және еңбекақы есебі