Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 14:54, дипломная работа
Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
1. ғалымдар, аналитиктер, практиктердің, атап айтқанда, инженерлер, конструкторлар, менеджерлер, экономистердің жүргізген зерттеу мен жоба нәтижелерін қорытындылау;
2. зерттеу обьектісі бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың қамтылуы;
3. қолданылуы нақты міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің қамтылуы.
1. Диплом жұмысының жалпы ережелері
4
2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту
5
3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік
6
4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) қалыптастыру тәртібі
7
5. Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
8
6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
8
7. Диплом жұмысының мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар
9
8. Диплом жұмысының мәтінін ресімдеу тәртібі
12
9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын ресімдеу
17
10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі
19
Егер кафедра меңгерушісі студентті диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп есептесе, онда бұл мәселе аталған студент пен міндетті түрде оның ғылыми жетекшісінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орнының ректорына бекітуге ұсынылады.
Рецензия
Шығарушы кафедра қорғауға табыс еткен дипломдық жұмыс (жоба) рецензияға жіберіледі.
Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады.
Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.
Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда зерттелген тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының орын алуы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі. Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі немесе квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.
Ғылыми жетекші қорғауға рұқсатын берген, бірақ рецензентпен «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған дипломдық жұмыс жалпы жағдайларда қорғалады. Рецензия машинамен басылған нұсқада ресімделіп, оны даярлау уақытын көрсетуімен рецензенттің қолы қойылуға тиісті. Рецензия берушінің қолы (рецензент жұмыс істейтін) ұйымның кадрлар бөлімінің бастығымен расталып, мөр қойылуға тиісті. Ғылыми жетекшісінің пікірі мен рецензенттің рецензиясы бар дипломдық жұмыс белгіленген қорғау мерзіміне дейін 10 күннен кешіктірілмей шығарушы кафедрасының меңгерушісіне тапсырылады. Кафедра меңгерушісі ғылыми жетекшісі пікірінің және берілген рецензияның мазмұнымен танысады және титул бетіне қолын қоя отырып, диплом жұмысын қорғауға жіберуді бекітеді.
Кафедра меңгерушісінің шешімімен диплом жұмысы университет кафедрасының оқытушыларымен қосымша рецензиялануы мүмкін. Ғылыми жетекшінің пікірі және рецензияның мазмұнымен студент мемлекеттік аттестациялық комиссиясының (МАК) отырысына дейін танысуы тиіс.
Диплом жұмысын қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі жетістіктерді және қазіргі техникалық құралдар базасында мультимедиялық презентациялар түрінде электронды қорларды қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.
10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.
Диплом жұмысын қорғау университетте, Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының (МАК) ашық отырысында белгіленген уақытта өткізіледі.
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар шақырылады.
Диплом жұмысын қорғауға студент тыңғылықты дайындалуға тиіс: баяндамасының тезистерін жазып, көрнекі материалдарды (кестелер, сызбалар, диаграммалар) дайындап, жеке парақта белгілі теориялық және тәжірибелік маңыздылығы бар, диплом жұмысында қозғалған негізгі қағидалардың мазмұнын жазады.
Диплом қорғап тұрған студенттің МАК төрағасына және оның мүшелеріне өзінің көрнекі материалдарын (сызбалар, аналитикалық кестелер, диаграммалар, қорытындылар мен ұсыныстардың қысқаша тізімін) көрсетуі құпталады.
Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының алдында диплом жұмысын қорғау келесі тәртіпте өткізіледі: студент диплом жұмысының мақсаты мен міндеттерін қысқа және айқын сипаттап, оның маңызды қағидаларын баяндап, өз қорытындылары мен ұсыныстарын келтіріп, негіздейді. Баяндама үшін студентке 15 минуттан кем емес уақыт беріледі.
Диплом қорғап тұрған студентке МАК төрағасы және оның мүшелері немесе отырғандардың кез келгені сұрақ қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ нақты жауап қайыруға тиісті. Диплом қорғауға қатысып отырғандардың жұмыс нәтижелерін талқылауға қатысу құқығы бар. Талқылау соңында ғылыми жетекшісінің пікірі және пікір берушінің рецензиясы оқылады. МАК отырысында диплом жазған студент және оның диплом жұмысына сипаттама беру үшін ғылыми жетекшісіне сөз берілуі мүмкін. Студентке пікірде, рецензияда баяндалған не болмаса сөз сөйлеудегі ескертулер бойынша жауап қайтаруға мүмкіндік беріледі.
Диплом жұмысын бағалау МАК-тің жабық отырысында балдық – рейтинттік әріптік жүйе бойынша анықталып, қорғау біткеннен кейін сол күні комиссия төрағысы жариялайды.
Диплом жұмысын белгіленген уақытта жазбаған немесе оны қорғамаған студент университеттің студенттер қатарынан шығарылады, бірақ оған диплом жұмысын келесі жылы немесе теориялық курсты бітіргеннен кейін үш жылдан аспаған уақытта қорғауға құқық беріледі. Мемлекеттік аттестациялық комиссия бұл жағдайда сол дипломдық жұмысын қайта қорғау (өңдеумен немесе өңдеусіз) немесе студентке жаңа тақырыпты бекіту жөнінде шешім қабылдайды.
Диплом жұмысы және Мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында оны қорғау, тиісті мамандық бойынша диплом тапсырыла отырып, студентке академиялық дәреже немесе біліктілік берудің міндетті шарттары болып саналады. Дипломдық жоба екі міндетті бөлімнен - түсініктеме жазба мен графикалық материалдардан тұратындығынан оның, яғни дипломдық жобаның диплом жұмысынан айырмашылығын көреміз. Түсініктеме жазба өз құрылымы және ресімдеуі бойынша дипломдық жұмысқа ұқсас, одан кішірек көлемімен ғана ерекшеленеді. Дипломдық жобаның екінші міндетті бөлімі – графикалық материалдар. Олар қағаз нұсқасында және слайдтар, таныстырылым түрлерінде Power Point көздерінде көрсетілген. Бұл материалдар диплом жазған студенттің түсініктеме жазбасындағы негізделген қорытындылары мен ұсыныстарын көрнекі түрде көрсетуге тиіс. Графикалық материалдың көлемі стандартты А-4 форматының 5-10 парағын құрайды. Түсініктеме жазбаның көлемі бір интервал аралықта машиналық жазылым мәтінінің 60-80 бетін құрайды.
А ҚОСЫМШАСЫ
Бухгалтерлік есеп және аудит
кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к., проф. Қ.С.Мадиеваға
ЕҚФ (күндізгі бөлім)
УА-41тобының студенті
Наталья Ивановна
Верховскаядан
Өтініш
Дипломдық жұмыстың №22 «Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өндіруге кететін шығындарды талдау» тақырыбын менің атыма бекітуіңізді және ғылыми жетекші ретінде доц. В.И.Березюкті тағайындауыңызды сұраймын.
Қолы:
Күні:
Б ҚОСЫМШАСЫ
Диплом жұмысын орындауға тапсырыс
«__»
Ұйым ______________________________
(тапсырыс берген ұйымның атауы)
Студент_______________________
(аты-жөні, тегі)
______________________________
______________________________
______________________________
тақырыбындағы диплом жұмысын орындауға тапсырма береді
Тапсырыспен диплом жұмысын орындау қажеттілігінің
себебі
______________________________
______________________________
______________________________
Тапсырыс беруші ________ Орындаушы _____________
________________________
(Ұйым жетекшісінің
лауазымы, тегі және
аты-жөнінің бірінші әріптері)
В ҚОСЫМШАСЫ
Ұйым
№ __ ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ
«__»
Тыңдалды:
Студенттің
ақпаратын ______________________________
(жоо атауы, факультеті, оқу тобының №)
______________________________
(студенттің аты-жөні, тегі)
______________________________
______________________________
дипломдық жұмыста жасалған зерттеулердің нәтижелері туралы
Қаулы етті:
Студент_______________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
______________________________
______________________
жұмысы бойынша ақпаратын тыңдап
ұйым басшысы ______________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
осы дипломдық жұмыста келтірілген қорытындылар мен ұсыныстарды ұйым қызметінде ескеріп пайдалану керек екендігін атап айтады.
Дипломдық жұмыстың ұсыныстары 200___ ж. сыннан өткізіліп, содан кейін дипломдық жұмыс авторының қорытындылары мен ұсыныстарын пайдалану туралы Актімен ресімделіп оң нәтижелері қызметке енгізілсін
Ұйым жетекшісі ________ _____________________
қолы
Ұйым мөрі
Г ҚОСЫМШАСЫ
______________________________
(ЖОО атауы)
Факультет ____________________ кафедра _________________________
Мамандығы:
Кафедра меңгерушісі _________
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА
Студент ______________________________
(тегі, аты-жөні)
______________________________
1. Жұмыстың тақырыбы______________________
______________________________
200 «___»______________________
2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі ___________________________
3. Жұмысқа пайдаланылған негізгі мәліметтер ______________________
______________________________
______________________________
4. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны
а)____________________________
б)____________________________
в)____________________________
5. Ұсынылатын негізгі әдебиет: ______________________________
______________________________
______________________________